Әдеби KZ
қиюға дайын Батыр Баян, жақсы көрген інісінің көңілі үшін, өзін-өзі қиянат
жолынан ұстай білді. Жүрегі оттай өртенсе де, Ноянға Құралай сұлуға үйленуге
рұқсат етті.
Ағасының мұндай жомарттық еткенін естіген Ноян сол күні кештің батуын,
аяғымен шоқ басып тұрғандай шыдамсыздана күтті. Көшпелі елдің қыз бен
жігітінің бірін-бірі жақсы көруі таза, риясыз түсінікті келеді... Қой қораланып, сүт
пісіріліп, қыз-қырқын алтыбақанға шығатын мезгіл де жетті. Лақтырған ақ сүйекті
іздеген боп өзгелерден бөлініп кеткен Ноян мен Құралай сай жағасында оңаша
кездесті. Жігіт жүрегі алабұртып, ағасының Құралайды өзіне сауғаға қиғанын
айтып берді. Қыз бұл сөзді естігенде жігіттің құшағына кіре солқылдап жылап
жіберді. Бірақ сол сәтте кенет оның көз алдына баяғы бір сурет тағы елестеп кетті.
Батыр Баян сүңгіте салған көк найзадан өліп бара жатқан әке, су жағасында жер
құшақтап боздаған ана... Соның бәрін кешіп, енді міне ата жауының інісінің
құшағында тұр! Неткен опасыздық!
Құралай бойын жинап алды.
— Ноян, — деді ол ыстық жасы бетін жуып, — дүниедегі жалғыз арманым өзің
болдың. Сенші... Мен мәңгі сендікпін... Бірақ жалғыз ғана тілегім бар. Бер соны.
— Бердім. Айт.
— Көкең Батыр Баян шапқан елде жалғыз анам қалған еді. Мені әкетіп бара
жатқанда, жер бауырлап жатып: «Құлыным, менің ақ батамды алмай ерге
шықпа!» деп еңіреп қалып еді. Ана тілегін ақтауға ант беріп едім. Сол антымды
орындауға мұрша бер, содан кейін мен мәңгі сендікпін.
Жігіттің жүрегі дір ете қалды, қолындағы ақ құсының енді мәңгі ғайып болғалы
тұрғанын сезгендей:
— Сонда мен не істеуім керек? — деді абыржып.
— Жоқ, сен ештеңе де істеме. Сені мұнда тастап өзім де кете алмаймын.
Кішкентай жүрегімді білегіңе шынжырлап байлап қойғандайсың. Ол шынжырды
үзетін менде құдірет жоқ. Бар тілегім біреу-ақ: екі жүйрік ат әкел. Таңды күтпей
біздің елге қашайық. Тірі болса кәрі анамның батасын алайық, өлі болса басына
244
Әдеби KZ
барып әйбатмия қызыл гүл қояйық. Содан кейін мен мәңгі сенікімін. Жарың етпей
күңің етсең де өмір-бақи ризамын. Тек жүзіңді көріп, маңайыңда жүрсем болғаны.
Құшағында тұрған жас сұлудың көзінен аққан ыстық жасы жігіттің албырт
жүрегін қорғасындай балқытып жіберді. Ерлікті, әділеттікті арман еткен бала
жігітке дәл осы сәтте қыздың қиыла айтқан бір сөзі дүниедегі ең әділетті, ең
қасиетті сөз боп естілді. Құралайдың ана тілегін орындауға рұқсат ет деген
өтінішінен оның қаншалық пәк, адал, қасиетті жан екенін бұрынғысынан да артық
сезіне түсті. Дәл осы сәтте қызға еріп, туған елін тастап жау жағына қашу — ел-
жұрты кешпейтін қылмыс саналатыны есіне де келмеді. Тек сүйген жарының
адамгершілікке жататын күнәсіз тілегін тезірек орындауды борыш санады. Ол өзін
енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай
сезінді.
— Тілегіңді тегіс қабылдадым, — деді құлшынып. — Темірқазық туа мені осы
арада күт. Ел жатқанша жылқыға барып қос күреңді ұстап әкелем.
Ноян уәдесінде тұрды. Батыр Баянның Тұлпаркөгінен осал соқпас қос күреңге
мініп, бұлар Темірқазық туа: «Уә, алла, жолымызды оң ете көр», — деп оңтүстікке
қарай «шу!» деп жөнеп берді.
Қос күреңді түнде Ноянның алып кеткенін, ауыл адамдары сәскеде көлге
жылқы келгенде бір-ақ білді. Ауылда Ноян да, Құралай да болмай шықты. Қос
күреңге арналған шоландағы күміс ер-тоқым да жоқ екені анықталды. Қарсаққа
бүркіт салуға шыққан құсбегі таң атып бара жатқанда, Іле жақтағы Жоңғар еліне
қарай шауып бара жатқан екі салт аттыны көріпті, Ноянның Құралайдың
азғыруына еріп, Жоңғар еліне қашқанына енді ешкім шек келтірмеді. Қанша
қиналса да амалы жоқ, ауыл ақсақалы, бұл хабарды Батыр Баянға барып жеткізді.
— Ер Көкше, Ер Қосай, Батыр Баян, Уақтың аруағын көкке көтеріп едіңдер, —
деді қария, — сендер көкке көтерген жалауды Ноян бала жерге түсіріп тұр. Үкімін
өзің айт, амалын өзің тап!
Жоңғар қызының бір күле қарағанынан періште де жолынан таятынына шек
келтірмеген Батыр Баян қайтарып ештеңе сұраған жоқ. Кесел болып іште жатқан
245
Әдеби KZ
күйігі, елінің намысы, жалғыз інісінен айрылу қаупі — бәрі-бәрі жан-жағынан
қабаған иттей қамалап жан сезімін астан-кестең етті... Батыр Баян енді бір-ақ
шешімге тоқтады. Бір қыз үшін елін сатқан қара бетті қалайда қолға түсіріп, өзі
жазаламақ болды. Сауыт-сайман киместен, керегеде ілулі тұрған қыпшақ садағы
мен сауыт бұзар қос жебе салынған қорамсақты жалпақ күміс белдігіне байлай
сап үйден атып шықты. Үнемі белдеуде тұратын Тұлпаркөгіне міне сала, бұ да
оңтүстікке қарай шаба жөнелді.
Ешкім тоқта деген жоқ.
Батыр Баян ұзақ шапты. Оқтаудай боп жаралған Тұлпаркөк тер шыққан сайын
қарыштай түсті. Түс ауа Жолдыөзек деген жерге таяғанда, алдындағы екі қараны
көрді. Бұл — Ноян мен Құралай еді. Қос күрең қанша жүйрік болғанмен, тоқ
күйінде ұзақ шабысқа шыдамай, оптығып, болдыра бастаған. Қыз бен жігіт
арттарынан құйғытып келе жатқан жалғызды байқады. Батыр Баян екенін айтпай
таныды. Атының шапқан екпініне қарап, батырдың қатты ашулы екенін де ұқты.
— А, құдай, құтқара көр! — деп, Құралай тебіне түсті.
Екеуі жарыса шауып, Жолдыөзекке таяп қалды. Бұл бір бақытсыз жер еді.
Құнарсыз, сортаң. Бұл арада бұрынды-соңды талай адамның қаны төгілген. Сол
себептен де бұл өзекті Асан Қайғы «Жолдыөзек» демей, «Қандыөзек» деп атаған.
Осы жаман атынан шошып Атығай руы соңғы кезде бұл араны жайламайтын
болған.
Осы Қандыөзекке келіп қалғанын көрген жас Ноян бір сұмдыққа душар
боларын сезді. Қашқанмен құтылмасын байқады да, атының басын тежеп, тоқтай
қалды.
— Құралай, ең болмаса сен құтыл! — деді ол Жоңғар қызына. — Тоқтама, шаба
бер, не болса да өзім көрейін...
Ноян атынан секіріп түсіп, ағасына қарсы жүрді. Садағын кезене ананың шауып
келе жатқан түрінен шошынып, жас жігіт қалтырап кетті.
— Көке, кешір! — деді көзі жаутаңдап, ағасы арқан бойы таяғанда.
246
Әдеби KZ
Бірақ дәл осы сәтте атының басын тартпастан құйғытып жетіп келген ашулы
Баян ызаға шыдай алмай, қыпшақ садағын тартып қалды. Башқұрт тәсілімен
істелген сүйір ұшты сауыт бұзар қайың жебе жас Ноянның дәл жүрек тұсынан кеп
қадалды, жас жігіт тіл қатуға да шамасы келмей ұшып түсті.
— Көкежан, не істедің? — деп, Құралай атының басын бұрып қайта шапты.
Екі көзі қанталап кеткен Батыр Баян үзеңгісіне шірене беріп, садағын екінші рет
тартты. Ноянның тұсына жетіп қалған қыз ат үстінен қалпақтай ұшып сүйген
жігітінің жанына сылқ етті. Қызып алған Тұлпаркөкпен орағыта шауып әзер
дегенде тоқтатып, Батыр Баян да кейін бұрылды.
Күлімсіреген ишаратын жоғалтпай, боп-боз боп өліп кеткен інісін көргенде,
ашумен не істегенін енді түсініп, өкіре жылап Ноянның үстіне құлады. Екі бетінен
аймалап сүйіп, әлден уақытта барып басын көтерді. Екі көзден жасы сорғалап,
інісінің басында тізерлеп ұзақ отырды. Тек бір заматта ғана жанында ыңырсыған
дауысқа бұрылды. Бұл Құралай еді. Батыр Баянның өзіне қарағанын сезді ме, қыз
ақырғы рет көзін ашты. Бір кезде берген анты есіне түсті ме, Батыр Баянның егіліп
жылап отырғанын көріп, қыздың көзінде бір ұшқын жалт етті де сөне қалды. Ол
енді ешбір кексіз, ашусыз, Баянға жалбарына қарады.
— Көкежан, — деді үнін әзер-әзер шығарып, — жалғыз тілегім, Ноян екеуміздің
арамызға топырақ салмай, бірге көміп кетіңіз...
Осылай деді де, сонау талмаусырап батып бара жатқан күн көзімен
таласқандай, қара жерге көмуге қимайтын қайран сұлу Құралай көзін жұмып, о
дүниеге жүре берді.
Өз қолымен өлтірген қос аяулысының басында солқылдай жылап Батыр Баян
ұзақ отырды. Тек таң сыз берген кезде ғана, беліндегі болат қанжарымен терең
етіп көр қазып, араларына бір уыс топырақ салмай, қос бағланын жер құшағына
беріп атына қонды.
Батыр Баян аулына қайтып келіп, ешкімге ләм-мим деп тіл қатпай, аһ ұрып, үш
күн бойы жер бауырлап жатып алды. Тек төртінші күн дегенде орнынан тұрып, Уақ
руының біраз батыр жігіттерін ертіп, Абылай шақырған Телікөлге беттеді.
247
Әдеби KZ
... Сағынып күткен батыры келгенде, Телікөл маңайында жатқан қалың қол
мәз-мейрам боп қуанды. Тек оның сүзектен тұрғандай сарғайып кеткен жүзін
көріп таң қалды.
— Неге кешіктің? — деп сұраған Абылайға ғана қанды оқиғаны бастан-аяқ
баяндай кеп:
— Ел намысы бір кешірмес ағаттық іс істетті, — деді.
Аяушылықты білмейтін Абылай:
— Жоғалтқаның көп болса да үкімің адал екен. Халық намысы ер құнынан
артық деді, — қайғың тек өзіңдікі... Ал ата жолы бәріміздікі. Одан таймағаның —
бұл бәріміздің абыройымыз.
Абылай батырдың бетіне қарамай, алыстағы көкжиекке тесіле көз жіберіп,
әлденеге ойланып қалды.
— Иә, Абылай сұлтан, сіз әділетін айтып тұрсыз, — деді Баян күрсініп, — бірақ
менің жүрегімде жазылмас жара қалды ғой. Оның емі — тек қан төгу ғана... Қанға
— қан!
— Ондай ерлікке күн ертең-ақ туады, — деді Абылай. — Ер жігіт өз жарасын
әрқашан да жау қанымен жазар болар.
Абылай сол күні Әбілмәмбет ханмен ақылдасып алды да, Кіші жүз әскерлерінің
келуін күтпестен, Қалден Церен қолындағы Түркістан уәлиеті мен Сырдың сонау
Аралға дейін баратын төменгі жағындағы қалаларды Жоңғардан қайтып алу
жорығына аттануға бұйрық берді. Бұл үшінші жыл тоқсанның екінші айының бас
шенінде, сәрсенбінің сәтті күні болды. Қазақтың сол кездегі атақты батырлары
мен Абылай бастаған қырық мыңға таяу қалың қол теріскейден күнгейге лап
қойды.
Бұл жолғы жорық үш жүздің басының бір мол қосылған жорығы еді. Осы сапар
Абылайға да үлкен абырой әперді. Қол үш салаға бөлініп, бір саласын жасы келіп
қалса да әскери істе қолбасшылық тәжірибесі мол Қанжығалы Бөгенбай батыр
басқарды. Бұл атақты Үмбетай жырау:
248
Әдеби KZ
Баян аула, Қызыл Тау
Абыралы, Шыңғыс тау.
Қозы — Маңырақ, қой — Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ.
Қалмақты қуып қашырдың.
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ауыр қол жиып алдырдың,
Ақ Шәуліге қос тиіп,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бөгенбай
Арғын менен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың, —
деп жырлаған Бөгенбай мен Қабанбайдың ерлігі ерекше көрінген жорық еді.
Бөгенбай он мыңға жуық қолды басқарып, Түркістан уәлиетінің солтүстік жағына,
Қалден Цереннің Ұлытауға аттанбақ болған Созақ бекінісі тұсына қарай беттеді.
Қолмен бірге атақты жырау Үмбетай аттанды.
Екінші қолды Жәнібек тархан басқарды. Бұлар Сыр бойының төменгі саласына
қарай сапар шекті. Жәнібек әскеріне тек қана Торғай, Ырғыз бойын жайлаған Орта
жүздің жігіттері ғана емес, бұған Сырдария жағасындағы өздерінің атамекен
қоныстарын қайтарып алмақ болған Кіші жүздің Шекті, Табын, Тама, Адай секілді
біраз руларының өжет жігіттері қосылды. Бұл қолда сол Торғаймен шектес
Сарыкеш маңындағы Уаққа жататын Тәтіқара жырау бар.
Үшінші қолды (негізгі қолды) Абылайдың өзі басқарды. Бұл сап Шиелі,
Жаңақорған бойларымен кеп Түркістанның өзіне күнбатыс бүйірінен тимек болды.
Бұнда қазақтың аты шулы батырларынан: Баян, Сырымбет, Жанұзақ, Малайсары,
Жәпек, сәл кейінірек келіп қосылған Қабанбай болды.
249
Әдеби KZ
Абылай қолының ас-суын дайындап, жауынгерлерінің кір-қоңын жуатын бір
топ қатын-қалаш, қыз-қырқынмен бірге, Қабанбайдың Гауһардан туған қызы
Назым жорыққа шықты.
Бұл жолы Баянаулада Бұқар жырау сырқаттанып қалып қойды. Оның орнына
жазда Абылайдан Ботақан мен Жанайдың құнын өлеңмен сұраған он жеті жасар
Көтеш ақын ерді.
Жазғытұрымғы сай-саланы қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары
тарамданып, жан-жаққа қарай аттана бастады. Қазақ жауынгерлерінің жұмған
жұдырықтай боп бір майдан ашудың орнына үш тарам боп бөлінуінің де себебі
бар еді. Қазақ қолдары қазір едәуір күшейіп қалғанмен де, соғыс өнеріне
келгенде, Жоңғар хандығының тұрақты әскерінен әлі де болса төмен жатқан. Құр
ерлік, жанқиярлық, өжеттік жеткіліксіз қасиет. Әбден машықтанған өнер, әдет
еткен соғыс тәсілдері керек-ті. Шиті мылтықтан басқа қаруы жоқ қазақ жігіттерін
топырлатып, аз да болса зеңбірегі бар, соғыста әбден шыныққан Қалден Цереннің
тәртіпті әскерлеріне қарсы қоюға Абылайдың көңілі дауаламады. Өз әскерін үшке
бөліп, Қалден Цереннің әскерін де үшке бөлшектеп, жеке-жеке құртпақ болды...
Бірақ қазақ тәрізді көшпелі елдің қонтайшысы Қалден Церен Абылай қулығын
бірден ұқты. Қазақтың бас күші Созақ тұсынан шығатын Бөгенбай бастаған, не
болмаса Аралдың жоғарғы сағасынан, — қарақалпақтың өкпе тұсынан кеп тиісетін
Жәнібек сарбаздары емес екенін айтпай түсінді. Бас күш Абылай маңайында деп
ойлады ол. Бұны Түркістанның күншығыс жағына жіберген ертөлелері де анықтап
қайтты. Бұл кездегі жоңғар әскер басшысы Қалден Цереннің ортаншы ұлы Цеван-
Доржи Созақ пен Қазалыға көмекші әскерлер жіберді де, өзі он бес мың қолымен
Абылайға қарсы аттанды.
Абылай әскерінен бұрын келіп, ол Жаңақорған бекінісін қоршай шебін құрды.
Ортада жаяу жасағы. Екі бүйірінде жоңғардың жал құйрығын өріп тастаған тапал
жылқысын мінген атақты атты әскері. Цеван-Доржи бұ жолы түйе үстіне
орнатылған он бес жеңіл зеңбірегін, Абылайдың мың төлеңгітінен құрылған кілең
ер жүрек атты әскері жүреді-ау деген жерге орналастырды.
250
Әдеби KZ
Алдында жау шебі барын білген Абылай, енді өз әскерін жая түсті. Жаңақорған
бекінісін алуды бес мергені бар Қабанбайға жүктеді, Сырымбетті оң жақ қанаты,
Баянды әскерінің сол жақ қанаты етті. Әрқайсысында үш мыңнан атты әскер.
Олардың соңынан сойылды, шиті мылтықты үш мыңнан сарбаздары бар
Малайсары, Оразымбет батырлар. Өзі Сағымбай, Қанан, Жанұзақ секілді
ерлерімен, жорыққа алғашқы аттанған он жеті жасар Жанай деген баласымен
шептің дәл ортасында болды. Қарамағында аты шулы, ер жүрек төлеңгіттерден
құралған мың салт атты жауынгерлері бар. Бұны басқаратын «Алтайдың ақбасы»
аталған ер Сеңгірбай.
Жансыз жіберілген ертөлелері арқылы Абылай өзіне қарсы тұрған қайын ағасы
Қалден Церен өліп, енді Жоңғар қонтайшысы болған Цеван-Доржи екенін білді.
Абылайдың бұл әміршіге ерекше өштігі бар. Қалден Цереннен қазақ жеріне Ертіс
жағынан тиюді талап еткен де — осы Чорас руымен көңілдес Цеван-Доржи.
Абылай Қалден Цереннің қолына түскенде, оған өлім жазасын сұраған да — осы
Цеван-Доржи. Барақ пен Әбілқайырдың өштесуіне себепкердің бірі болған да —
осы Цеван-Доржи. Ал кейін Әбілқайырды өлтірген Барақты қазақтарға бермей
қалып, бірақ түбі өз елі жағына шығып кетуі ықтимал деген қауіппен өткен жылы,
яғни бір мың жеті жүз елу екінші жылы, у беріп өлтірткен де осы Цеван-Доржи.
Рас, Барақтың өлуімен байланысты, Абылайдың алдында бақ таластырып кесе-
көлденең тұрар ешкім қалмады. Сол күннен бастап Абылай Орта жүздің бірден-
бір билеушісі деп саналды. Ұлы жүздің біраз рулары да бұның жағына шықты.
Бірақ соған қарамастан Цеван-Доржи Абылайдың тісі көптен қайраулы еді. Ана бір
жылы Әбілмәмбет хан Қалден Церен бітімге келіп, баласы әбілфейізді аманатқа
Ташкенттегі қонтайшы Ордасына қалдырғанда, уәде бойынша қазақ еліне
қайтаратын Түркістан мен Сыр маңындағы отыз қаланы бергізбегендердің бірі —
осы Цеван-Доржи. Егер сондағы бітім іске асқан болса, бүгінгі қан төгілмес пе еді,
қайтер еді. Цеван-Доржидің күткенінің өзі осы майдан болса, сол майданды бүгін
Абылай ашпақ!
251
Әдеби KZ
Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер
арқылы уәделескен мезгілдерінде өз әскерлеріне «аттан» деп бұйрық берді.
Көлденеңі он шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті.
Жер дүбірлете шапқан аттар, таңғы мөлдір ауаны қақ жара ысылдай атылған
садақ оғы, шиті мылтық шаңқылы, гүрсілдеген зеңбіректер. Біріне бірі қарама-
қарсы сермелген қисық қылыш, бүкір алдаспандар, соғылған сойыл, батырлардың
болат денесіне қырш-қырш кірген көк найзалар. Оқ тиіп, жан ұшыра кісінеген
жылқы, жан тапсыра алмай ыңыранған жаралы жауынгерлер. Түс болмай-ақ
майдан даласы қан сасыды. Аяғыңды басқан сайын аттан құлап жатқан адам
денелері көрінеді.
Алып майданның екі жақ шетіндегі Сырымбет пен Батыр Баян бастаған қазақ
әскері қиын да болса алға қарай жылжып бара жатқаны сезіледі. Тек екі жақтың
екі бас қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы:
— Аттан! Аттан! — деген ұран шықты.
Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаған сұлтанның мың жігіті
зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-Доржидың
тұрған төбесіне қарай лап қойған. Бірақ бір шақырымдай шапқан кезде кенет
гүрсілдей жөнелген зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарының маңдай
алдынан кеп гүрс-гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер
ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында келе жатқан жауынгерлерге
бөгет болды. Көп салт аттылар алдындағы аттар мен адамдардың өліктерінің
үстіне кеп құлады. Осы кезде зеңбіректер қайта гүрсілдеген. Амал жоқ, лапылдап
келе жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы
шапқан. Бұл жолы да жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны кейін серпілді. Зеңбіректі
Цеван-Доржиды бұлай ала алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін
басқаша құрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-
жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып, ең батыр деген үш
жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін білмей, тағы дағдарып
қалды.
252
Әдеби KZ
Бұған Абылай:
— Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? —
деді қатты дауыстап. — Қайсың барсың?
Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты.
Бұл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап,
зеңбіректерге қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын гүрсілдеген тажалдардан
әбден үркіп қалған астындағы басы қатты кертөбел, бала жігітті жау шебіне емес,
бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды.
Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ тұсынан
Цеван-Доржи тұрған төбеге қарай, басында үкілі камшат бөркі бар, ақбоз атты бір
қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шыға берді. Ақбоз ат
көсіле сермеп келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны
тобылғы сапты қамшы. Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ,
енді шыдай алмады, лап қойды.
— Абылай!
— Атығай!
— Ақжол!
— Қарақожа!
— Қабанбай!
— Абылай! Абылай!
«Қабанбай» аты аталған тұста Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың
алдарында келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын
жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар
жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-
мүйесімен таптап кетті.
Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де
шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше
болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне
берді...
253
Әдеби KZ
Қазақ әскерлерінің тегеурініне шыдай алмай, жоңғарлардың тұтас құрған шебі
бұзылып, енді майдан үзілген жеке-жеке топтардың, қолдардың айқасына
айналды. Осы кезде онсыз да қызыл қанға боялған әлем бетін бұрынғысынан да
қызарта түсіп, күн де батты. Екі жақ өліктерін жинап көмуге ұрыстарын тоқтатты.
Бүгінгі күнгі ұрыста Жоңғар жағынан қырылған адам қазақтардан анағұрлым көп
боп шықты. Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа
белесі ашылды. Бұл қазақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен
жерінен қуудың ең алғашқы айқасы еді.
Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне
жападан-жалғыз қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл
Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен.
Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болған Абылай,
беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді.
Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. Қазақ әскері Жаңақорғанды,
Шымкентті алып Түркістанға таяды. Солтүстіктегі Бөгенбайдан да Сайрам мен
Созақты алдық деген хабар келді. Батыр Баян қолы да Талас өзеніне таяй түсті.
Жәнібек батырдың да қолы Қарақалпақ жерінен жоңғарларды Сырдың жоғарғы
сағасына қарай сырғыта бастады. Енді амал жоқ, Цеван-Доржи Абылайдан бітім
сұрауға мәжбүр болды. Абылайдың да бұл бітімге көнбестік лажы жоқ-ты. Үш ай
бойы, Арқадағы үйлерінен алыс жерде ұрысқан қазақ жауынгерлері де әбден
қажыған-ды. Жорыққа аттанған жауынгерлердің бестен екі бөлегі қаза тапты. Бұл
жаңадан басын қосып, ел болып келе жатқан қазақ жұртшылығына осал соққы
емес-ті. Оның үстіне Абылай бұл жолғы жеңістерін Жоңғар хандығын шын
күйретудің басы деп санамаған. Қазақ хандары түгіл, Қытай боғдыханымен
алысуға жарап келген жоңғар қонтайшыларының әлі де күші мол екенін ол жақсы
білетін. Қысылып бара жатса Цеван-Доржи Қытай боғдыханына бас иіп, сол
шекарадағы көп әскерін кейін шақырып, қазақ еліне төгеді. Тіпті єытайдан да
жәрдем алады. Сонда Абылай оған ұрыстан әбден қажыған жігіттерімен қалай
254
Достарыңызбен бөлісу: |