Оқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда?
Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бірақ сөйлем құруларын ұсынады.
Температураныөлшеу
Бұл əдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін
оқушылардың іс-əрекеттері тоқтатылады жəне ұстаз «Біз не істеп
жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не
істеу керегі жайлы түсінік алады.
Қысқатест
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін жəне дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
Берілген дұрыс немесе қате жауаптардың ішінен таңдау арқылы орындайды.
Элективтіктест (таңдаулы)
Мұғалім əрбір оқушыға «А, В,С, Д» əріптері бар карточкаларды таратып шығады да олардан дұрыс жауаптарын карточкаларын көтерулері арқылы білдірсін дейді. Ұстаз міндетті түрде оқушыларға ойлануға 20 секунд беруі қажет. Ұстаз қатысушылармен жауаптардың əр түрлі нұсқаларын талқылап, оларға өздерінің таңдауларын түсіндіріп берулерін ұсынады.
Олардың жауаптары оқушылардың оқытылған тақырыптың түсінгендіктері жəне деңгейлерін байқатады. Соған орай мұғалім тақырыпты тағы бір түсіндіру керек пе, əлде жалғастыра беру керек пе соны анықтайды.