Күнделікті өзін- өзі бағалау журналы
Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы мұғалім оқушылардың сабақ барысында қабылдаған білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалауға жəне оларды қандай əдіспен жүзеге асырғандарын қадағалау үшін құрылады. Күнделік ұстазға оқушылардың алға жылжу деңгейлерін жəне соған сəйкес білімдерін əрі карай
жетілдіруі үшін жəрдемдеседі.
|
Формативті сұрау
|
Бұл əдіс презентациядан кейін бірден немесе қандайда бір сабақтағы тексеруге арналған. Мұғалім «Неге? Қалай? Қайтіп?» деген қосымша нақтылау сұрақтарын қояды.
Олар несімен ұқсас əлде айырмашылығы қандай? Мінездемесі қандай ?
Ондағы негізгі идеясы, тұжырымдамасы қандай?
Сіз қандай идея немесе қосымша мағлұмат қоса аласыз? Сіз қандай қорытынды жасай аласыз?
Сіз не істеуді ұсынасыз?
Қандай əдістер мен тəсілдерді қолдануға болады?
|
Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар
|
Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім əрбір оқушыға бұл əдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды. Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап
шық» деген тапсырма береді.
|
Жазбаша
түсініктеме
|
Бағалаудың міндетті бір элементі – кері байланысты ұсыну.
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім
|