2.2. Үстеудің мағыналық түрлерін оқытуда тілдік дағдыларды қолдану жолдары
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда «Морфология» тарауы бірнеше сөз таптарын оқытудан тұрады. Әр сөз табын оқытудың өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығы бар. Сондықтан да қазақ тілінің мұғалімдері әр сөз табын меңгертуде Жаңартылған білім беру мазмұнына енген тілдік дағдыларды дамыту негізінде сөз таптарын меңгертетін болса нәтижелі болады. атап айтар болсақ, біздің қарастырып отырған сөз табымыз үстеуді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. [11]
Үстеуді оқытудың жолдары: [15]
Үстеу және оның мағыналық түрлері.
Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
Үстеудің тұлғалық түрлері.
Үстеудің жасалу жолдары.
Өзге сөз таптарының үстеуге айналуы, адбервализация құбылысы.
Үстеудің жазылу емлесі.
Баспасөз құралдарын пайдалана отырып, әлемдегі ең маңызды мәселе – ауыз су мәселесіне тоқталу.
Мәтіннен үстеулерді мағыналық топтарына қарай теріп жазу.
Пейзаж. Бейнематериалмен, көркем суретпен жұмыс.
Үстеулерді қолданып, суретке қарап пейзаждық көріністі суреттеу.
Үстеуді меңгертуге арналған жазбаша, ауызша жаттығулар және шығармашылық жұмыстар
«Үстеу» табына қатысты қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілдік дағдыларды меңгерутде қолданылатын әдіс-тәсілдер. [4]
1. Тыңдалым. «Үстеу» тақырыбына қатысты мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Тақырыпқа қатысты берілген мәтінді талдау, сөйлемдерді түсіну және қолдану. Әртүрлі жанрдағы шағын және орта көлемді мәтіндердегі басты ақпаратты табу, мәнмәтіндегі тілдік құралдардың рөлін талдау; тыңдалған мәтіндегі ақпаратты әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық мәселелермен байланыстыра білу; мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды негізгі идеясын айқындау; мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру білу.
2. Оқылым. Оқылым стратегияларын дұрыс қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. Ұсынылған мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсіну. Тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстыру; көркемдік тілдік құралдар мен арнайы лексика арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін тану; мақала, аннотация, реферат секілді жазба жұмыстардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; ғылыми және публицистикалық, көркем әдеби стильде жазылған мәтіндерді талдау. Оқыған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
3. Айтылым. «Үстеу» тақырыбына қатысты өзіне таныс жағдайлар бойынша тілдік конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту. Тілдік жағдаятқа сай экспрессивті-эмоциональды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, сөйлесім әрекеттерінде, диалог, монолог, полилог секілді тілдік қатысымда: өз ойын дәлелді, жүйелі түрде жеткізу. Мақсатқа сәйкес көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, өз пікірін нақты мысалмен дәлелдеп, ойын тұжырымдап, қорытындылап айту.
4. Жазылым. Ұсынылған «Үстеу» тақырыбына қатысты жоспар құру; әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; коммуникативтік жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу; аннотация, тезис, резюме, аргументативті эссе жазу, перифраз тәсілдері арқылы жинақы шағын мәтін жазу; тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, суреттер мен фотосуреттердегі) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу, толықтыру.
Тезистік жоспар құру; мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу; бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын пайдалана отырып, мәтіндердегі стильдік ауытқуды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, өңдеу, редакциялау. [7]
Енді, үстеуді тереңірек меңгертуде қолдану жолдары.
АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |