Курс жұмысының тақырыбы



бет15/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырып №1.
Лексикалық тақырып: Ең алғашқы кітапхана.
Грамматикалық тақырып: Үстеудің емлесі.
«Бір қадам алға...» әдісі
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
1.Үстеу дегеніміз қандай сөз табы?
2.Үстеудің қанша мағыналық түрлері бар?
3.»Қандай» сұрағы үстеудің қайсысына тән?
4.Мезгіл үстедің сұрақтары қандай?
5.Қимыл-сын үстеуінің ерекшелігі қандай?
6.Жанында,жайлауда сөздері үстеудің қай мағыналық түріне жатады?
Топқа бөлу. «1,2,3 деп санау» әдісі арқылы «Жаздыгүні», «Күздігүні»,«Қыстыгүні» үстеулері бойынша шағын топтарға топтастыру.
3.Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.

Қазақстанның көрікті жері

К

ө

к

ш

е

т

а

у




Балқашқа құятын өзен

І

л

е































Ақыл-ой ойыны

Т

о

ғ

ы

з

қ

ұ

м

а

л

а

қ







Елорда

А

с

т

а

н

а













Әлемнің жеті кереметі

П

и

р

а

м

и

д

а

























Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы

Х

и

у

а

з




























Атын атамау дәстүрі

А

т

-

т

е

р

г

е

у







Ұлттық мейрам

Н

а

у

р

ы

з































Суы тартылып бара жатқан теңіз

А

р

а

л


















































Тақырып №2.
Лексикалық тақырып: Ең алғашқы кітапхана.
Грамматикалық тақырып:Үстеудің емлесі. Оқу мақсатымен,бағалау критерийімен таныстырамын.
3-тапсырма. Үстеудің емлесі. Осы берілген сөздер қалай жазылады? «Барлық оқушымен жұмыс» әдісі

Тез
тез



Күні

Бойы

Жоғары

Үстеулердің емлесі



Бірге жазылатын үстеулер

Бөлек жазылатын үстеулер

Дефис арқылы жазылатын үстеулер

1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуы бойынша жазылады:Бірқыдыру,
Таңертең,кешке,жоғары-төмен,әрі,бері.

Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулердің әр сыңары бөлек жазылады:күні бойы,ала жаздай,кей күндері.

Сөздердің қайталануынан
қосарлануынан жасалған үстеулер дефис арқылы жазылады: тез-тез,әрі-бері,жоғары-төмен,күні-түні.

2.Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеулер көбінесе сыңарларының дыбысталуы бойынша жазылады:ендігәрі,бүгін,
қыстыгүні.



І.Жеке жұмыс. 5-тапсырма. Берілген үстеулердің жасалу жолын көрсету. «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы беріледі.





Мысалдар

Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Бірігу арқылы жасалған үстеу

Қосарлану арқылы жасалған үстеу

Қайталану арқылы жасалған үстеу

Тіркесу арқылы жасалған үстеу

Жата-жастана



















Күні кеше



















Енді-енді



















Ақырын



















Құстай



















Биыл



















жанында



















Дескриптор:


1.Үстеулердің жасалу жолына қарай ажырата алады.
2.Үстеу туралы білетін мәліметтері негізінде кестені толтырады.
ҚБ. Балдық жүйемен өзін-өзі бағалау
ІІІ.Топтық жұмыс.6-тапсырма. Үш топқа мәтін беріледі. Мәтінді оқиды. «Талда-қолдан» әдісі
Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасау. Тақуа-діндар, діншіл адам. Шіркеу-христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат.
Тапсырма: Тірек сөздерді дәптерге «Түртіп алу» жазу.
«3 сұрақ» әдісі бойынша параққа «Қайда? Қалай? Қандай? сұрақтарын негізге ала отырып сұрақтар жаздырып, ұшақ жасатып І топ ІІ топқа,ІІ топ ІІІ топқа, ІІІ топ І топқа жібереді. Әр топ жауап жазып,айтып қайта өздеріне ұшырады.
«Талда,қолдан» әдісі бойынша сұраймын.
Дескриптор:
-Мәтін бойынша негізгі ойды анықтайтын тірек сөздерді таба алады.
- Тірек сөздерді пайдалана отырып жетекші сұрақтар құрастыра алады.
-Мәтін мазмұнын негізге ала отырып сұрақтарға жауап бере алады.
ҚБ. Дескриптор парақшалары арқылы бағаланады.
ІY.Жұптық жұмыс. «Көршіңмен талқыла». Колесо фортуны арқылы берілген үстеулердің жасалу жолын түсіндіру.


Кесте 8 – Талқылау тапсырмасы

Үстеу

Жасалуы

Сөйлем

Жаздыгүні

Жаздың және күні сөздерінің бірігуі арқылы жасалған күрделі мезгіл үстеуі

Қазақ халқы жаздыгүні жайлауға көшетін болған.

Емін-еркін







Бәрқыдыру







Таңсәріде







Жаз бойы







Дескриптор:1. Сөйлемнен үстеуді таба алады.


2. Үстеудің жасалу жолын түсіндіреді.
3.Үстеуді қатыстыра отырып сөйлем құрайды.
ҚБ. Бағдаршам арқылы бағалау.
Кері байланыс: Не себепті сары? Не себепті қызыл?
«Үстеу» тақырыбы бойынша жұмыс түрлері:
І. Ұжымдық жұмыс. Оқулықта 194-беттегі 218-жаттығуды орындатады. Оқушылардың жаттығуды орындау барысындағы іс-әрекетін қадағалайды, көмектеседі.

  • Мәтінді оқып, мезгіл үстеуді табу

ІІ. Жұптық жұмыс. Әр жұпқа үлестірмелі қағаздар таратып, тапсырмаларды орындатады.

  • Көп нүктенің орнына керекті үстеуді тауып жазу

1.Жоғары-төмен қаз-үйрек (Жоғары-төмен) күрделі үстеу
Ұшып тұрса сымпылдап. (Абай «Жаз»)
2. Жарамайды бекер алдау, (бекер) негізгі үстеу
Теңің емес мен сенің . (Абай «Онегиннің Татьянаға жауабы»)
3.Жүрегімнің түбіне терең бойла , (терең ) негізгі үстеу
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла . (Абай «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»)
4. Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (кеш) негізгі үстеу (Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»)
5.Ақырын жүріп, анық бас , (ақырын ) негізгі үстеу
Еңбегің кетпес далаға. (Абай «Әсемпаз болма әрнеге»)
6. Мен боламын демеңдер, (алшаң ) негізгі үстеу
Аяқты алшаң басқанға. (Абай «мен боламын демеңдер»)
7. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға (далаға) негізгі үстеу (Абай «Әсемпаз болма әрнеге»)
8. Тағы сене бастаймын Күнде алдағыш қуларға (күнде) негізгі үстеу (Абай «Құлақтан кіріп бойды алар»)
9. Жаздыгүн шілде болғанда, (жаздыгүні) күрделі үстеу
Көкорай шалғын, бәйшешек (Абай «Жаз»)
10. Мен шықтым кешке қарай самалдарға
 Сөз айтпа қадір бiлмес жамандарға (кешке қарай) күрделі үстеу (Халық әні «Жас дәурен»)
11. Бүгін менің туған күнім, ой, бәле –ай!
Мына халық неге жатыр тойламай?! (бүгін) күрделі үстеу
(М.Мақатаев «Туған күн»)
12. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесiп анда-санда саяқ некен (анда-санда) күрделі үстеу
(С.Сейфуллин «Ақсақ киік»)
ІІІ. Топтық жұмыс: Әр топқа әр түрлі тапсырма береді.
Оқушылардың жұмысты орындауын қадағалап тұрады.
1-топ Мезгіл үстеуі бар мақал-мәтел
2-топ Мезгіл үстеуі бар жаңылтпаштар
3-топ Мезгіл үстеуі бар жұмбақтар
4-топ Мезгіл үстеуі бар өлең жазу
Оқушылардың жұмысты орындауын қадағалап тұрады.
ҮІ. Топтық жұмыс: Әр топқа бір сөйлемнен береді. Өздеріне берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасатады.
І топ: Оның денесі иіліп, бүгілгенде сымдай бұратылады.
ІІ топ: Ана өзі үш жыл кестелеген орамалын далаға алып шықты.
ІІІ топ: Жаңа жерге қоныстанған бай екі кедей жігітке құдық қаздырады.
ҮІ топ: Жұрт далаға шығып қараса, есіктің топса темірі омырылып кеткен екен.
ІҮ. Топтық жұмыс: Оқушыларға тест тапсырмаларын kahoot платформасы арқылы орындайды.
1. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз.
А) жолжөнекей В) ала-жаздай С) тасыр-тұсыр Д) ендігәрі
2. Үстеу дегеніміз не?
А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. Д) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді.
3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады
4. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е)
5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады. Д) Қыруар жұмыс істедік.
Біз эксперимент барысында түрлі тиімді әдістер мен платформаларды қолдану арқылы граматикалық тақырыпты меңгерте отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік



Сурет 3- Эксперимент жұмысының көрсеткіштері

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. [9]


Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. [18]
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат.
Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану:
— мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
— оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
— оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
— оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады. [14]
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.
ҰСЫНЫС

Қазақ тілі сабағында тілдік дағдыларды дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер жинағын ұсынғым келеді.


Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеті, ойлау дағдыларын дамыту; Өзіндік көзқарасы бар функционалды сауатты, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;





Сурет 4. Тілдік дағдыларға негізделген әдістер жинағы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Аманбаева С.Н. Сөз таптарын тілдік дағдылар арқылы оқыту жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2017. -№5. -19-21б.

  2. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. - Астана, 2013. – 250б.

  3. Дәулетбекова Ж.Т. Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. – Пед.ғыл.докт.дисс. автореф. –2008. – 50б.

  4. Ермекова З.К. Үстеу сөз табын оқытудың рекшеліктері // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2018. №10. -15-17б.

  5. Жүсіпова А.А. Үстеу табының мағыналық жолдарын меңгерутің тиімді әдіс-тәсілдері //Қазақ тілі мен әдебиеті, 2019. №3. – 12-14б.

  6. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі (талапкерлерге арналған оқу құралы). Алматы -2015.

  7. Исаев С.М. Қазақ тілі, Алматы – 2007. – 320б.

  8. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы.: Мұрагер, 2005. -176 б.

  9. Құлмағамбетова А. Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары, оқу-әдістемелік құрал. – 2014. - 54 б.

  10. Мешімбаева Б.Ш. Диалог арқылы жүргізілетін жаттығулар жүйесі. - Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана, 2012. – 300 б..

  11. Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003. – 146б.

  12. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: Теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000

  13. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова С.Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А.: Print – S, 2005.

  14. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова С.Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А.: Print – S, 2005.

  15. Оралбай Н. Қазақ тілінің морфологиясы. Алматы – 2006; 15.Ғабитханұлы Қ. Қазақ тілі (оқу құралы). - Алматы, 2005. – 320б.

  16. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. – Алматы, 2000. – 300 б.

  17. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2003. – 280 б.

  18. Сүлейменова Ж. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын жоғары мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: Пед.ғыл.докт.дисс. ...автореф. – Алматы, 2005. - 50б.

  19. Сүлейменова Ж. Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі.-А., 2006

  20. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2000. – 220 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет