Кесте 4 – Үстеудің түрлерін айтылым дағдысы бойынша меңгерту
Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.
|
1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеу: қашан? қашаннан? сұрағына жауап береді.
|
2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай т.б.
|
3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. М-ы: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.
|
4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте т.б.
|
5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.
|
6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.
|
7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.
|
8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. М-ы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне
|
Үстеулерде сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-қатынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызқметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстейлердіңсөйлемдегі орынын білу қажет. [14]
Достарыңызбен бөлісу: |