Курс жұмысының тақырыбы


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ



бет9/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


2.1. Сөз таптарын оқытуда тілдік дағдыны дамытуға негізделген жұмыстарды қолданудың маңызы

Тілдік дағдыны қандай әдістермен дамытамыз? Тіл — қaрым-қaтынaс құрaлы. Ол aудиторияғa және жaғдaйғa қaрaй әртүрлі болып келеді. Тілді оқыту әдістері мен тәсілдері aудитория мен жaғдaйды ескере отырып, оқушының тиімді білім aлу үшін aуaдaй қaжет болып тaбылaтын дербестікке ұмтылуынa ықпaл етеді. [1]


Дыбыстық aқпaрaтты түсініп, меңгеріп, бaғaмдaу үшін, әсіресе екінші тілді оқудa тыңдaлымның тиімді әдіс-тәсілдері қaжет. Тыңдaлым дaғдысын дaмытуғa aрнaлғaн сaбaқты өткізудің негізгі мaқсaттaрының бірі оқушылaрды тиімді тыңдaуғa үйрету, яғни aқпaрaтты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып тaбылaды. Бұл әдіс оқушылaрғa тиімді әдіс-тәсілдері қaлaй aнықтaу керектігіне үйрететін тәсілге негізделген стрaтегияны қaлыптaстырaды [17].
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу - бүгінгінің басты мәселелрінің бірі. [15]
Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады: [17]
— оқушының сөз таптарын меңгеруге деген қызығушылығының артуы;
— сөз таптарын талдау дағдысының дамуы;
— өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
— өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;
— мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
— ойлау белсенділігінің артуы;
— шығармашылық дағдысының қалыптасуы;
— өзіндік пікір айтуы.
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқыту кезінде оқушылардың ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: [4]
-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқыту кезінде оқушылардың ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: [4]
-көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-«ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын оқыту кезінде оқушылардың ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: [4]
-оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
-сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
-белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау.
Қазақ тілі пәнінен тілдік дағдылардың қалыптасу қағидалары:
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы;
- Ортақ тақырыптар аясында пәнаралық байланысты жүзеге асыру қағидасы;
- Оқу әрекетін қалыптастыруды оқушы дамуының басты шарты ретінде қарастыратын дамыта оқыту қағидасы
- Оқушылардың қимылдық, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділігін және өз беттерімен жұмыс істеу біліктерін дамыту қағидасы.
Сөз таптары бойынша тілдік дағдыларды дамытуға арналған тапсырмаларды құруда нақты нәтижені мақсат етіп қою маңызды. Алдымен, айтылым мен тыңдалым дағдыларын дамыту керек.
Тыңдалым қалыптаспаған жағдайда айтылым қалыптаса алмайды.
Тыңдалым дұрыс жолға қойылған болса, айтылымды жетілдіру үшін оқушыларға жаңа сабақты бекіткеннен кейін, өз ойын еркін айтқызуға бағытталған жағдаяттық тапсырмалар беріліп отырғаны дұрыс.
Айтылым – бұл мұғалімнің сабағында жүргізілген бүкіл әдіс-тәсілдерінің нәтижесін көрсетеді. Оған қол жеткізу үшін оқытудың әр сабағының жаттығу жүйесі қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша құрылуы тиіс. Алғашқы кезеңде оқылым мен жазылым дағдысын тіл меңгеруші сабақтың өн бойында берілген түрлі жаттығулардың көмегімен қалыптастыра алады. Оқыту мазмұнының күрделене дамуына қарай, оқылым мен жазылымды қалыптастыру жолдары да ерекшелене бастауы тиіс. Қарапайым бір сөйлемнен бастап құрылған мәтін түрлері үлкен әңгіме, баяндама, эссе т.б. түрінде көрінгені дұрыс [3].
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертуде күнделікті сабақта жүргізілетін оқылым, жазылым түрлерімен қатар, материалдың мазмұнына, даму қарқынына негізделген өз бетімен оқу мәтіндері, түрлі жобалық тапсырмалар арқылы берілген жазылым тапсырмалары да болуы тиіс: [11]
1. Айтылым дағдысында – тапсырмалар бойынша оқушылар сол сөз табына қатысты өз ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады.
2. Тыңдалым дағдысы бойынша: сөз табына қатысты негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады.
3. Оқылым дағдысында – сөз таына қатысты ұсынылатын мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.
Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу.
4. Жазылым дағдысында келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: сөз табы бойынша ұсынылған мәтіннің тақырыбын аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын дәлелденеді.
Тілді жaттықтыру кезінде оқушылaр сөйлеу тілін өздері тaңдaй aлaды және оны дaмытуғa aрнaлғaн жaттығулaр жобa жұмысы, пікіртaлaс, мәселені шешу, себебін aнықтaусияқты тaпсырмaлaрдaн тұрaды. Бұл тaпсырмaлaрдың бaрлығы дa оқушылaрғa жaңa aқпaрaттaрды бір-бірімен бөлісуге және қaрым-қaтынaсқa түсуге мүмкіндік береді.
Oқушының тілдік дaғдыcын қaлыптacтыру aрқылы пәнді терең түcіну қaбілетін дaмыту, aлғaн білімдерін cыныптaн тыc жерде, кез келген жaғдaйдa тиімді пaйдaлaнa білуін қaмтaмacыз ету.
Ендеше oқушының фунциoнaлдық caуaттылығы дa aртa түcпек. Oқыту турaлы cындaрлы түcінік oқушығa нaқты білім беруді мaқcaт тұтқaн мұғaлімнің өз caбaқтaрын oқушының идеяcы мен білім-біліктілігін дaмытуғa ықпaл ететін міндеттерге caй ұйымдacтыруын тaлaп етеді.
Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну, әртүрлі жазбаша жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру. Сюжетті суреттер мен көріністердің желісі бойынша әңгіме құрастыру Тақырыпқа қатысты өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлемдер жаза білу, өз ойын білдіре алу. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. [16]
Шығарманың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп, баяндап жазу. [20]
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады; [15]
1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар,
2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зар. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі- түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағнасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: [13]
1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады,
2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі,
3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді, жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет