Курс жұмысының тақырыбы


Кесте 5 – Үстеулердің сөйлемдегі қызметі



бет12/15
Дата19.09.2023
өлшемі244,06 Kb.
#108824
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Курсавой бүгін

Кесте 5 – Үстеулердің сөйлемдегі қызметі



Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пысықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мыс:Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амалсыздан тоқтады деген сөйлемдердегі ерте, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыштардыпысықтап тұр.



Үстеулер осы жоғарыдағы сияқты етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мыс: оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтыап тұр.

Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды. Мыс: Бозбаламын мен де енді (т) Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты деген сөйлемдерде енді үстеу, бозбаламын деген баяндауышы, шетінен үстеуі, сауатты деген баяндауышы пысықтап тұр.



Сөйлемде үстеулер қанша да болсын өздерінің пысықтайтын не айқындайтын сөздерінен бұрын тұрады. Бірақ үстеулердің ішінен орын толғамайтыны – мезгіл үстеулер.егер олар баяндауыштан басқа мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтайтын мүшенің алдынан бұрын тұрады. Ал баяндауышты пысықтаса, онда (баяндауыштан) алшақ та тұра береді.

Үстеулердің басқа топтары өздерінің пысықтайтын мүшелерінің тікелей қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу қоса-қабаттаса қолданылса, ең әуелі орында – мезгіл, одан кейін – мекен үстеуі, одан кейін –мақсат, себеп, сын үұстеулері тұрады. [5]


ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ. Оқулықпен жұмыс.
А. Болжау стратегиясы. Оқушылар оқи отырып, болжам жасайды және мезгіл үстеулерін атайды. 
Мәтін бойынша сұрақтар қою. 
1) Керім қандай бала? 
2) Бұл мәтіннен сендер не алдыңдар? 
Ә. Жазбаша жұмыс. Мәтіннен сөйлемдерді оқып, мезгіл үстеулерді тауып жазу. 
ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫ.
I деңгей тапсырмасы. 1.Қайсысы дұрыс? Көшіріп жазып, дұрысының астын сыз. Бүгін – бүгүн, таң ертең – таңертең, күні бойы – күнібойы, алажаздай – ала жаздай, ендігәрі – енді гәрі, ылғи – лғи, жазды гүні – жаздыгүні. 
IІ деңгей тапсырмасы. 1.Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар. 
1) Еріншекке (қашанғыдай? қашанғы?) оңай? 
2) (қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық?  (қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық. 
2. Ымырт, түнде, қызыл іңірде,іңір, жарым түнде. Әр оқушы ішінен екі сөзді таңдап, мезгіл үстеуге сөйлем құрау. 
IІI деңгей тапсырмасы. Жұмбақтың жауабын тауып, мезгіл үстеуді дәптерге көшіріп жазу.  Талдау жасау.  Күндіз-түні жүреді Сырғымайды бір елі. Қыста сұйықты аузына алмайды, Жазда қанша ішсе суға шөлі қанбайды 
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады 
Аңғал-саңғал қайықпен, Қыста ғана жүземін. 
Қыста тамаққа тоймайды, Жазда ұйқыға тоймайды. 
Ерте тұрдым, Алып ұрдым. 
Күндіз қалғып мызғиды, Түнде зарлап ызғиды. 
Ертең ерте тігемін 
Кешке қарай сөгемін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет