ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ: Иррационал сан.
ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
НАҚТЫ САНДАР ЖИЫНЫ
1.2 НАТУРАЛ САНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Натурал сандардың жазылуы. Заттарды санау үшін немесе қандай да бір заттың біртекті заттар арасындағы реттік номерін көрсету үшін пайдаланылатын 1, 2, 3, 4, 5 . . . сандары натурал сандар деп аталады. Ондық санау системасында кез келген натурал сан 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларының көмегімен жазылады. Мысалы, 2457 жазылуы 2 – мыңдықтар цифры, 4 – жүздіктер цифры, 5 – ондықтар цифры және 7 – бірліктер цифры екенін білдіреді.
Натурал сандарға қолданылатын амалдар.
Екі натурал санды қосудың немесе көбейтудің нәтижесі әрқашан натурал сан болады: егер m, n натурал сандар болса, онда p = m +n де натурал сан, m мен n – қосылғыштар, p – қосынды; p = mn де натурал сан, m, n – көбейткіштер, p – көбейтінді. Натурал сандарды қосу мен көбейтудің келесі қасиеттері орынды:
1°. a + b = b + a (қосудың орын ауыстырымдылық қасиеті).
2°. (a + b) + c = a + (b + c) (қосудың терімділік қасиеті).
3°. ab = ba (көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиеті).
4°. (ab)c = a(bc) (көбейтудің терімділік қасиеті).
5°. a (b + c) = ab + ac (көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті).
Мысал. 36 421 санын 25 санына бөлгендегі бөлінді мен қалдықты табу керек.
Шешуі. «Бұрыштап» бөлуді орындайық:
Сонымен, бөлінді 1456, ал қалдық 21 болды. (1) теңдігін пайдаланып, 36421 = 25 ∙ 1456 + 21 деп жаза аламыз.
БҮТІН САНДАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Жоғарыда бвйқағанымыздай натурал сан қатары, ноль саны, бірлік ұғымдары адамдардың практикалық қажеттіліктерінен пайда болған. Сондай-ақ сандарға қолданылатын амалдар жөніндегі бастапқы білімімізді көзі де айналамыздағы нәрселердің арасындағы қатынастар болады.
Теріс емес бүтін сандарға амалдар қолдану нәтежиесінде жаңа сан шығады. Бұл амалдар – қосу, азайту, көбейту және бөлу.
Қосу. Сандарға қолданылатын арифметикалық амалдардың ең оңайы ол сандарды қосу амалы болып табылады. Бұл амал жиындарға қолданылатын операциялардан шыққан. Расында да, ортақ элементтері жоқ әрн түрлі М1 және М2 екі жиынға тиісті элеметтерді бір жиын етіп біріктіргенде, біз жаңа М жиынын шығарып аламыз, ал бұл жиын М1 және М2 жиындарының, тек солардың ғана барлық элементтерінен тұрады.
Қосудың заңдары. Қосудың заңдары деп қосындының мынадай қасиеттері аталады: ауыстырымдылық (коммутативтік), терімділік (ассоциативтік) және монотондылық.
Азайту. Екі санның және бірнеше сандардың қосындысы жөніндегі ұғымды біз жиындардың бірігуін және сол сандарды қосуды қарастырудан тікелей шығардық. Азайту және басқа да арифметикалық амалдардың мағынасын анықтағанда, жиындарға қолданатын сәйкес операцияларды қарастырмай-ақ, 2 санның қосындысы жөніндегі ұғымға сүйенуімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |