Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет12/17
Дата28.05.2022
өлшемі0,49 Mb.
#35821
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
курс адик дурсы-1 (копия)

Тыңдалым. Айтылым
Оқушылар мұғалімқойған сұрақтарға жауап беред.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Топтық тапсырма
1-топ. Мәтіннен эпитет, теңеуді тауып жазыңдар.
Эпитет - заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер. (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару)

2-топ.Мәтіннен мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін тауып жазыңдар.


Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана»)
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
3-топ Тортайға мінездеме беру. Топтастыру.
Венн диаграммасы

1-топ.Дескриптор:

  • Мәтінді толық түсінеді;

  • Әңгіметед эпитет пен теңеуді тауып жазады.

2-топ. Дескриптор:

  • Мәтінді толық түсінеді;

  • Әңгімеден мақал –мәтелдерді және тұрақты сөз тіркестерін теріп жазады.

3-топ. Дескриптор:

  • Мәтінді толық түсінеді;

  • Тортайға мінездеме беріп, оны «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянмен салыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет