III ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта келе, Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын жасап үйрендім. Жасап қана оймай сол жоспар бойынша сабақ өткізіп практика жүзінде жоспарды іске асырдым.
Сонымен қатар,Қазақстандық білім беру дәстүрлері мен мектеп түлектерін халықаралық квалификациялық талаптарға сай даярлау ісі бұрынғысынша маңызды стратегиялық міндет болып қала береді.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес,білімді өз бетіменалу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай,әдебиет пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезеккүттірмейтінмаңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім беру көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Осыған орай, тілдік қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта жасау болса, сол тілдік орта оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық,шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен айқындалуы
оқу тапсырмаларында жан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиеленуі бүгінгі таңдаөзекті мәселе болып отыр.
Оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі ана тілі жәнетуған әдебиетіміздің рухани байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек.
Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерініңшыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын әзірлеу қажеттігі туындайды.
Осыған орай, заманауи талаптарға сай Еуропалық біліктілік жүйесіндегі «Ана тілінде сөйлесе алу» құзыреттілігіне негізделген оқу тапсырмаларын әзірлеудің әдіс-амалдарын қарастыру көзделеді. Әдебиетті оқытуда көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақтыталдау жасаумен ерекшеленеді.
Бүгінде көркем мәтінді табиғатына сай талдаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып,Блум таксономиясына негізделіп құрылған тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын дайындаудың теориялық амал-тәсілдері мен практикалық бөлімдегі оқу тапсырмалары арқылы оқыту әдістемесіне білім сапасын арттыратын инновациялық өнімді әдістер енгізу өзекті болуда.
Оқушының өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағы мәселелерге байланысты құрылған.
Осы орайда төмендегідей әдістемелік нұсқау ұсынамын:
Б. Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз екенін ескеру қажет;
Оқушылар алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады;
Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамитынын ескеру қажет;
Тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігі арттыру қажет;
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретіп, талабын ұштап, қиялын дамыту керек;
Бір – бірінің, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, бағалатуға дағдыландыру қажет;
Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай білуге дағдыландыру тиіс;
Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;
Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұрғанын ескеру қажет;
Б.Таксономиясының белгілі критериялар мен ұстанымдарын түсіну және қолдану керек;
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін ескерген жөн;
Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет ететінін ескеру;
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағыттау қажет.