1-тапсырма. ТЖ Берілген әдеби шығарманың жанры мен фабуласын талқылап, сюжетін анықтаңдар.
«Stop-кадр» әдісі . Топтағы оқушылар шығарманы оқып отырғанда кез-келген уақытта тоқтатам.
Сол үзінді бойынша фабуласы мен жанрын
ажыратып, сюжетте нақтылау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топ бір-бірін бағалайды.
2-тапсырма. ЖЖ. Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, Аян мен Тортайдың сырт келбеті мен мінезін салыстырыңдар. Қызығушылықтары мен ерекше қасиеттерін табыңдар.
«Қос диаграммаға» толтырыңдар.
Дескриптор: - кейіпкерлер жүйесін талдайды;
- Аян мен Тортайдың сырт келбеті мен мінезін салыстырады;
- қызығушылықтары мен ерекше қасиеттерін табады;.
- диаграммамен жұмыс жасайды.
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Екі мадақ, бір сын» әдісімен бағалайды.
3-тапсырма. ЖЖ Әңгімеден дәйексөздерді тауып, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып, баға беріңдер.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.
Дескриптор: - дәйек сөздерді табады;
- кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын қарастырады;
- өзара салыстырып, баға береді.
Дескриптордың нәтижесінде ҚБ жүреді.
«Ауызша бағалау» арқылы бағалаймын.
4-тапсырма. Ж.ж Әңгіменің «Тортай мінер ақ боз ат» аталуының себебін өз ойларыңмен еркін жеткізіңдер.
«3+2+1» әдісі.3 факті, 2 көзқарас,
1 тұжырым