Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Топтық тапсырма
1-топ. Мәтіннен эпитет, теңеуді тауып жазыңдар.
Эпитет - заттың айрықша белгілерін, қасиеттерін білдіретін сөздер. (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Теңеу – заттың, не құбылыстың қасиет-сапасын ашу үшін екінші бір затпен, құбылыспен салыстыру. (табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, ой-етек алақандағыдай көрінеді, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма, ай мен күндей қос ару)
2-топ.Мәтіннен мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін тауып жазыңдар.
Мақал-мәтелдер – Мақалда ой ашық, нақты, тура айтылады, мәтелде – ой тұспалдап, астарлап меңзеп жеткізеді. (Тоқ бала аш баламен ойнамайды, «Ораза-намаз тоқтықта ғана»)
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір мағына беретін сөз тіркесі. (қой аузынан шөп алмас – момын, жуас, ит басына іркіт төгілу- молшылық, қыздың жиған жүгіндей – сәнді, жинақы, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
3-топ Тортайға мінездеме беру. Топтастыру.
Венн диаграммасы
1-топ.Дескриптор:
Мәтінді толық түсінеді;
Әңгіметед эпитет пен теңеуді тауып жазады.
2-топ. Дескриптор:
Мәтінді толық түсінеді;
Әңгімеден мақал –мәтелдерді және тұрақты сөз тіркестерін теріп жазады.
3-топ. Дескриптор:
Мәтінді толық түсінеді;
Тортайға мінездеме беріп, оны «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянмен салыстырады.
|
|