Курстық жоба тақырыбы: Жер қойынауы геометриясында қолданылатын проекциялар


Тік сызық пен нүктенің өзара жағдайлары



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата19.06.2023
өлшемі1,14 Mb.
#102359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
2.1 Тік сызық пен нүктенің өзара жағдайлары 
1. Нүкте тік сызықтың үстінде жатыр, егер нүктенің проекциясы тік 
сызықтың проекциясына сәйкес келсе және тік сызықтың нүктесімен жалпы 
бір белгіге ие болса.


12 
2. Нүкте тік сызықтың үстінде жатпайды, егер: 
а) нүетенің проекциясы тік сызықтың проекциясымен бір-біріне сәйкес 
келмейді; 
б) нүктенің проекциясы мен тік сызықтың проекциясы бір-біріне сәйкес 
келмейді, бірақ берілген нүкте мен тік сызықтың нүктесі әр түрлі белгілерге 
ие болады.
Тік сызықпен нүктенің өзара жағдайларымен байланысты есептер 
градуирлау әдісімен шығарылады.
Екі тік сызықтардың өзара жағдайлары
Тік сызықтар кеністікте бір-біріне қатысты келесі жағдайларға ие 
болулары мүмкін: 
а) параллель; 
б) қиылысады; 
в) айқасады. 
Бүл есептердің бәрі градуирлау арқылы шешіледі. 
Параллель тік сызықтардың проекциялары параллель болады, 
интервалдары тең және белгілердің өсу бағыттары бір жаққа қарай 
бағыттады. Сондықтан, егер градуирлаудан кейін тік сызықтардың параллель 
проекциялар кезінде олардың интервалдары бірдей болады, ал белгілер өсуін 
бағыттары бір жаққа қарай болса, онда бүл тік сызықтар параллель болады. 
Кеністікте қиылысатын тік сызықтар қиылысқан проекциялар болып 
бейнеленеді, ал қиылысу нүктелері бірдей белгіге ие болады.
Тік сызық және жазықтықтың өзара жағдайлары
Кеністікте тік сызықтың және жазықтықтың өзара жағдайлары келесі 
болулары мүмкін: 
- тік сызық жазықтықта жатыр; 
- тік сызық жазықтықпен қиылысады, 
- тік сызық жазықтыққа параллель жатады; 
- тік сызық жазықтыққа перпендикуляр болып келеді. 
Тік сызық жазықтықта жатады, егер оның екі нүктесі жазықтықпен сәйкес 
келеді. 
Тік сызық жазықтықпен қиылысады, егер оның проекциясы жазықтықтың 
ең үлкен сырғама сызығының қандай бір проекциясымен қиылысып өтсе. 
Тік сызық жазықтыққа параллель , егер берілген жазықтықта басқа тік 
сызықты жүргізгенде ол берілген тік сызыққа параллель болады, бүл 
жағдайда екі тік сызықтардың параллельдігін шартты орныдалуы қажет. 
Тік сызық жазықтыққа перпндикуляр, егер оның проекциясы 
жазықтықтың горизонтальдарына перпендикуляр, құлама бағыты жазықтың 
құлама бағытына қарама-қарсы болса, ал тік сызықтың салындысының 
шамасы d
л
келесіге тең болады
d
л 
= h
2
/d
n ,
(1.5) 


13 
мұндағы d

– жазықтықтың салындысы; h – қима биіктігі. 
Кеністікте айқасатың тік сызықтар сандық белгілер проекциясында екі 
түрлі бейнелеулері мүмкін: 
а)айқасатың тік сызықтардың прекциялары қиылысады, бірақ қиылысу 
нүктесі екі әр түрлі белгілерге ие болады; 
б)айқасатың тік сызықтардың проекциялары параллель болады, бірақ 
егер олардың көлбеу бұрыштары бірдей болмайды немесе бірдей көлбеу 
бұрыштар кезінде тік сызықтар әр түрлі жақтарға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет