Курстың мақсаты


Топтастыру (классификация) –нысандарды мәнді белгілері бойынша бір топқа келтіріп, басын қосу. Нақтылау



бет47/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Топтастыру (классификация) –нысандарды мәнді белгілері бойынша бір топқа келтіріп, басын қосу.
Нақтылау (конкретизация) – біртұтас нысанды оның мәнді өзара байланыстары бірігімінде танумен оны теориялық қалыпқа келтіру.


2. Ойлау формасы мен түрлері, ерекшеліктері


Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:

  • тәжірибе – әрекетті ойлау – нақты заттармен тікелей байланыса, ой қызметін орындау түрі;

  • көрнекі-бейнелі ойлау – елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;

  • сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлауабстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.

Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі түрлерге бөлінеді:
Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау.
Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі: теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.
Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар бөліне көрінеді.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орындалады.
Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет