Курстың мақсаты


Ойлау формасы мен түрлері, ерекшеліктері



бет45/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

2. Ойлау формасы мен түрлері, ерекшеліктері




1. Ойлау туралы түсінік
Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.
Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:

  1. ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен операцияларының жүйесі.

  2. ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, жүйелестіру және нақтылау;

  3. ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;

  4. ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық –бейнақты;

Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс-әрекеттері ажыралады.
Операциялық құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ережелер бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық болып бөлінеді.
Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау түрлері ажыралады.
Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.
Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерекшеліктері.
Психологияда танылған ойлау формалары – пікір, ұғым және түсінік.
Пікір – зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, байланыс не қатынастарын мақұлдау немесе терістеу. Бейнеленуші зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар – жеке және жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет