Мизамхан Ба лан,
ф. .к., Абылай хан атында ы
азХ жӘТУ
БАСПАСӨЗДЕГІ
ГРАММАТИКА
ЖӘНЕ
КӨПТІК КАТЕГОРИ-
ЯСЫ
В статье рассматриваются проблемы функцио-
нальной грамматики и категории множествен-
ности.
The article deals with the problems of functional
grammar and the category of plurality.
Т
ілдік жүйе функционалды жүйе. Ол
өзінің қызметтерінің ішіндегі ең
маңыздысы коммуникативті қызметін
орындауда белгілі бір иерархиалық
қағидаға негізделген болуы керек. Тілдік
құбылыстарды зерттеудің функционалды аспектісі
тек тілдік бірліктердің сөйлеу барысындағы белгілі
мəтіндегі қызметтерін зерттеумен шектелмей,
əрбір тіл деңгейіндегі бірліктердің құрылымдық
қызметтерін де қарастыруды міндет тұтады.
Тілдік бірліктердің қызметі, олардың сөйлемде
орын алу қағидасы мен заңдылықтары жəне тілдік
жүйенің əр түрлі элементтерінің өзара қарым-
қатынасы – функционалды грамматиканың негізгі
жəне ең басты зерттеу нысаны болып табыла-
ды. Демек, «белгілі бір семантикалық категория
негізінде тілдің барлық бірліктерінің өзара тығыз
байланыста бірін-бірі ауыстыра, толықтыра оты-
рып, жалпы тілдік категорияларды қалыптастыру
заңдылықтарын ашуды функционалды грамматика
өзіне мақсат етеді» [1,45б].
Мұнда айта кетер бір жайт, қандай да болма-
сын семантикалық категория семантикалық өріс
деңгейін құрастыра алады. Мұнда семантикалық
өріс – тілдік элементтердің бар белгілерінің жан-
жақты көрінуін қамтамасыз ететін тəсілдердің бірі
157
ретінде танылады. Кез келген тілдік құбылысқа
тəн функционалды-семантикалық өріс аясын Е.В.
Гулыга, Е.И. Шендельстер мынандай белгілер
бірлігімен анықтайды:
- тілдің түрлі деңгейлеріне жататын өзара
жүйелі қарым-қатынастағы тілдік инвентарлардың
болуы;
- конституенттердің бəріне тікелей-жанама
түрде қатысты ортақ мағынаның болуы;
- семантикалық өріске тəн жалпы мағынаның
кем дегенде екі нұсқасының болуы;
- өріс құрамының бірыңғай болмай, күрделі
болып келуі [2,9б?].
Ал функционалды-семантика мəселесіне келер
болсақ, бұл жөнінде А.В. Бондарко былай дейді:
«Функционально-смантическим мы называем ка-
тегории, у которых план содержания образуют
понятия, анологичные понятиям, выражаемым ка-
тегориями грамматичисескими, а план выражения
представлен языковыми средствами, относящимся
к разным уровням языка» [3,5б.]. Ғалымның бұл
түсініктемесі бойынша тілдік көрсеткіштердің
ортақ категориялық семантикасын анықтайтын
функционалдық, семантикалық мəртебесі бірінші
орынға шығады. Мəселені осындай бағытпен зерт-
теу, тілдік категория мазмұнын ашу – қазақ жəне
ағылшын тілдерінің көптік категориясының сипа-
тын, қызметін ашуда басты рөл атқарады.
Грамматикалық талдауға келер болсақ, функ-
ционалды грамматика үшін талдаудың мазмұннан
формаға қарай болуы ең басты қағида. Деген-
мен де, мұндай сипат функционалды грамматика
үшін тұрақты жəне шартты түрде болады десек
қателескен болар едік. Грамматикалық сипаттау
тек формадан мазмұнға бағытталған кезде ғана
талдауға негізделуі мүмкін. Қалай дегенмен де,
ол тілдегі грамматикалық бірліктердің қызмет ету
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған жағдайда
да функционалды болып табылады. Сондықтан да,
функционалды грамматика «сөйлем мағынасын
білдіруге ат салысатын əр түрлі тілдік элемент-
термен қатар грамматикалық бірліктердің қызмет
жасау заңдылықтарын сипаттауға жəне зерт-
теуге негізделген, талдауды тек форма-мағына
деңгейінде емес, мағына-форма деңгейінде алып
қарайтын грамматика» ретінде танылады [4,5б.].
Олай болса, функционалды грамматиканың
зерттеу нысаны грамматикалық бірліктердің
қызметі болған жағдайда, егер грамматикалық
тəсілдердің жəне олармен іс-əрекетке түсуші
басқадай тілдік элементтердің қызметіне белгілі
бір деңгейде талдау жасалса, сондай-ақ, контекст
пен тілдік жағдайға жəне олардың грамматикалық
бірліктермен өзара қатынасына кең көңіл бөлінсе,
грамматикалық категорияны тілдік жүйе деңгейінде
ғана зерттеп қоймай, коммуникация кезінде
қойылатын талаптарға да талдау барысында көңіл
бөлген жағдайда функционалды грамматиканың
ерекшелігі айқын көрінеді.
Демек, грамматиканың негізгі салаларының
бірі ретінде функционалды грамматиканың
мақсаты – сөйлем мағынасын білдіруші əр түрлі
тілдік деңгейдегі элементтер мен грамматикалық
бірліктердің қызмет ету құбылысын анықтап,
саралау. Ал тілдің функционалдылығын зерт-
теу дегеніміз – салғастырылушы тілдердегі
грамматикалық тəсілдерді зерттеумен ғана
шектелмейді, ол тілдік бірліктердің тілдік қатынас
кезіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
айқындаумен қатар, олардың қандай əдіс-тəсілдер
арқылы қызмет ететіндігін де қарастырады.
Функционалды қағида – ұйымдасқан тілдік
негізде жатыр. Тіл – жүйелі, өзіндік құрылымы бар
құрал ғана емес, тілдің функциялық процессіндегі
тіл дамуының нəтижесі. Олай болса, салғастырмалы
функционалды грамматика төмендегі қағидаларға
сүйенеді: семантикалық мағына генетикалық
жағынан алыс болып келетін жəне типологиялық
тұрғыда бір-біріне қайшы тілдерге тəн
ерекшеліктерін анықтауға жол ашып, тілдік кате-
гория жүйесінде кездесетін айырмашылықтарды
салыстырудың ең тиімді жолы болып табылады.
Отандық ізденушілер А.Б. Салқынбай [5], Б.
Қапалбековтар [6] функционалды грамматикада
зерттелетін семантикалық белгілер талдаудың: 1)
контекстің ең аз деген көлемінде грамматикалық
форманың жеткізіп тұрған негізгі мағынасын
анықтау; 2) ұқсас мағынаны жеткізу үшін
белгілі формадан басқа қолданыла алатын тілдік
тəсілдерді анықтау. Бұл сатыда талдау семанти-
кадан оның берілу формасына қарай жүріледі;
3) тілдік тəсілдердің көмегімен айқындалатын
мағыналық бөліктердің өзгеруін яғни нұсқаларын
анықтау сияқты сатыларынан өту қажет деген
пікірді ұстанады.
Ал, көптік категориясы теориясына ке-
лер болсақ, аталмыш теорияның Аристотель
ілімдерінен бастау алатындығы белгілі. Бұл
теория көп жағдайда математикалық ұғыммен
сабақтасып
жатады.
Осыған
байланысты
математикалық мəселелерді шешу мақсатымен əр
түрлі құрылымдар пайда болды, «сан», «мөлшер»,
«көптік» сияқты ұғымдар қалыптасты. Ал
объективті дүниеден орын алған шындық яғни зат,
құбылыс, қимыл жəне оның түрлі сапа белгілері
жеке жəне көптік түрде кездесетіні белгілі. Белгілі
кеңістікте, мезгілде танылған, орын алған құбылыс,
зат, қимыл əрекет бірде жекелік мағынада танылса,
бірде көптік мағынада орын алатындығы белгілі.
Осыдан жекелік, көптік ұғымдары қалыптасты.
Таным процессіне қатысты бұл ұғымдар ойлау,
пайымдау əрекеттерімен тығыз байланысты бо-
158
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
лып келеді. Сол себептен де, тіл мен танымның,
грамматика мен логиканың арақатынасын ашу
мақсатымен лингвистердің қызыға көңіл бөлетін
категорияларының бірі болып табылатын көптік
категориясының тілдегі көрінісі математикалық
ұғыммен астасып жатады.
Аталмыш категория көптеген ғылымдардың
басты зерттеу нысаны болып табылады. Өйткені
көптік категориясы салыстыруға негізделген, ал
қандай-да бір нəрсенің мөлшері, көлемі, салмағы,
саны т.б. сипаттары басқа затпен салыстыру арқылы
анықталатыны белгілі. Сонымен қатар, көптік ка-
тегориясы жекелік-көптік, белгілілік-белгісіздік
функционалды-семантикалық
категориялармен
өзара сабақтас келеді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, көптік катего-
риясы лингвистика саласының да негізгі зерттеу
мəселелерінің бірі болып саналады. Н.И. Кондаков
өзінің «Логикалық сөздігінде» көптік ұғымына бы-
лайша анықтама береді: «Множество – это самое
широкое по объему понятие математики и мате-
матической логики, т.е. категория, а для категории
нельзя найти более широкое, т.е. родовое понятие, в
которое «множество» входило бы в качестве вида»
[7,58б.].
Дегенмен,
математикадағы
немесе
философиядағы сандық ұғым тілдегі сандық
ұғыммен бірдей емес. Себебі, «тілдегі сандық
ұғым - өзіндік грамматикалық формасы бар, белгілі
бір грамматикалық тəсіл арқылы берілген, тілдік
құрылымға негізделген таза грамматикалық кате-
гория» [3].
Жалпы алғанда математикадағы көптік
ұғымын лингвистикада сол қалпымен қолдану
мүмкін емес. Себебі, тілде заттар үнемі дерлік
бір мағынада беріле бермейді, кей жағдайда олар
деректі болса, ал басқа жағдайда дерексіз болып
келеді, яғни сөздер өз мағыналарын өзгертуге
қабілетті. Олай болса, лингвистикалық көптік
категориясының математикалық көптік категория-
сынан айырмашылығы – ол адамдардың қоршаған
ортаны, ондағы құбылысты, объективті шындықты
өздерінің санасына, ұғымына, тəжірибесіне,
көзқарасына қарай қабылдауына байланысты.
А.В. Бондарко сандық категориясын біріншіден,
сандық категориясының тілдегі көрінісін білдіретін
семантикалық категория ретінде, екіншіден,
осы семантикалық категорияға негізделетін
квантативтік деңгейі тілдік құралдардың топтама-
сынан айқындалатын функционалды-семантикалық
өріс ретінде қарастыра отырып, оның негізіне зат
есімнен болған сандық мағынаны, шет аймағына
сан есімдік тіркестерге, адъективті адвербиалды
сандық қатынастарды жатқызады [8, 161б.].
Е.В. Гулыга, Е.И. Шендельстер көптік
өрісін білдіруші тəсілдерді лексикалық жəне
грамматикалық өрістер деп сипаттай отырып,
көптік шағын өрісін а) жекелік (нөлдік) формадағы
жəне ə) көптік формадағы көптік шағын өрісі деп
бөліп көрсетеді. Олардың көрсетуінше, көптік
шағын өрісінің негізгі доминанты яғни негізі –
айқын түрде берілетін көптік жалғаулар. Ал шет
аймағы – сын есімдер, үстеу, есімдік жəне т.б.
көптік ұғымды білдіретін сөз таптары [2,15б.].
Сонымен,
көптік
категориясының
функционалды-семантикалық өрісі бірде белгілі
бір доминант арқылы беріліп, эксплецитті жағдайда
берілсе, бірде партитивтік, кеңістіктік жəне тағы
басқа жағдайлар арқылы имплицитті түрде беріледі
екен.
Функционалды-семантикалық талдауда қашан
да тірек етіп белгілі бір грамматикалық категория
алынады, барлық түйін соған негізделеді, оның
семантикасы мен қызметіне сүйенеді. Көптік
категориясының негіз болар осындай көрсеткіші
– көптік мағынасы. Сондықтан, жұмысымызда
осы айтылған ой-пікірлерді басшылыққа ала
отырып, көптік шағын өрісінің негізі ретінде
морфологиялық тəсілдерді қарастырамыз. Көптік
мағынаның эксплицитті айқын көрсеткіштерінің
қолданылу аясы имплицитті көрсеткіштерден кең.
Дегенмен, көптік категориясының функционалды-
семантикалық өрісі тек эксплицитті көрсеткіштердің
қызметі, мағынасы аясында шектелмейтіндігі
белгілі. Сол себептен, көптік шағын өрісінің шет
аймағы ретінде имплицитті түрде, іс-əрекеттің
қайталануы, партитивті тəсілдер арқылы берілетін
көптік мағынасын білдірудің лексикалық жəне
синтаксистік тəсілдері қарастырылмақ.
1. Ахметжанова З.К. Принцип сопоставительного и функционального исследования казахского и русского языков.
Дисс. д.фил.н. Алматы, 1990
2. Гулыга Е.В., Шендельс Е.И. Грамматико-лексические поля в современном немецком языке. М., 1969
3. Бондарко А.В. Система времен русского глагола. Автореф. дисс. д.фил. н. Л., 1968
4. Бондарко А.В. Теория функциональной грамматики: персональность. Залоговость. Л., 1991
5. Салқынбай А.Б. Функционалды грамматика очерктері. Алматы, 2003
6. Қапалбеков Б. Грамматикалық жəне семантикалық категориялардың тілдегі көрінісі // ҚРБжҒМинистрлігі ҒА Ха-
барлары. Алматы, №1 2004
7. Кондаков Н.И. Логический словарь справочник. М., 1975
8. Бондарко А.В. Количественность. Вступительные замечания//
Теория функциональной грамматики. Качественность. Количественность. СПб., 1996
159
Айжан Шамсуидин,
журналист
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН
БАСПАЛАРЫНЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ҮРДІСІ
В статье рассматриваются виды полиграфи-
ческих технологий, а также роль выполнения
государственных заказов издательствами.
The article is about the development periods of
Kazakhstan's publishing industry. The author touch
upon the issue of technological processes on its
different stages. He analyze today's condition of
Kazakhstani printing industry.
Т
арихта адамзат өркениетін дамыту-
да бірнеше ақпараттық серпілістер
болғаны мəлім. Олардың біріншісі
– жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-
ұрпаққа жетуі. Екінші серпіліс – баспалардың пай-
да болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу
нəтижесінде қалыптасқан телеграф, телефон, теледи-
дар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының
адамзат өмірінен кеңінен орын алуымен
ерекшеленеді. Ақпараттың даму эволюциясындағы
бұл серпілістер күллі əлем халықтары іспетті қазақ
халқы үшін өз мемлекетінде жоғары мəдениеті бар
өркениетті қоғам құруына орасан зор ықпалы болды.
Біздің елдегі баспа ісінің дамуы 1920 жылдан
басталады, сол жылы Қырғызстанның бірінші аста-
насы – Оренбургте мемлекеттік баспа ісі – Кирго-
сиздат туралы ереже қабылданды, кейіннен ол Каз-
госиздат болып өзгертілді. Қазақстанның кітап басу
ісі 70-жылдары мен өткен жүзжылдықтың 80-жыл-
дары алға басты. 60-жылдармен салыстырғанда
баспа атаулары бойынша кітап шығару таралы-
мы мен айналымы бойынша екі есеге өскен. Ал
баспахананың материалдық-техникалық базасы
үш есеге өскені байқалды. Қазақстан тəуелсіздік
алғаннан кейін кітап басудың жаңа кезеңін бастан
кешірді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында
екі мемлекеттік 300 астам жекеменшік баспа-
160
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
лар пайда болды. «Қазақстанда 300 астам баспа
ісі жəне 800 астам баспаханалар жұмыс жасайды,
олардың 1 % - мемлекеттік, 44 % - жекеменшік, 22%
жоғары оқу орындарына тиесілі жəне 27 % баспа
өнімдерін өндіретін басқа ұйымдар» [1]. Мəдениет
жəне ақпарат министрлігінің ақпарат жəне мұрағат
Комитеті баспалар арасында мемлекеттік тапсы-
рыспен кітап шығару жөнінде мемлекеттік саясат-
ты жасайды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге
асыру барысындағы бюджеттік тапсырыстар мен
тематикалық жоспарларды қалыптастырудың басты
күші халықтың сұранысындағы қажетті əдебиеттерді
жоғары сапалы өнімдер өндірісіне жүктейді. Кітап
басудың ең даңқты бағыты көпұлтты қазақстандық
мəдениетті, ұлттық жəне əлемдік мəдени мұраны на-
сихаттайтын əсем безендірілген балалар əдебиеті,
əлемдік балалар классикасы, Қазақстанның белгілі
тұлғаларының мемуарлары, музыкалық əдебиеттер
мен басқа да басылымдар болып табылады.
Баспа-полиграфия саласының қазіргі даму
бағыты мен негiзгi қозғаушы күштеріне – заман
талаптарына сəйкес жаңадан шығып жатқан тех-
никалар мен технологиялаp жатады. Санды техно-
логиялар негізінде жұмыс істейтін жабдықтардың
тиімділіктері,
жылдамдықтары,
өнімділіктері,
қуаттылықтары мен икемдiліктерi аpта түсуде.
Сəулелi-талшықты кабельдеpдiң пайда болуы,
интеpнет пен санды байланыстардың дамуы жоғаpы
технологиялық бəсекелестiктiң күшеюiне байланы-
сты қалыптасуда. «Полиграфия - гректің роlуgrарһіа
(роlys - көп, grарһо - жазамын) деген сөзінен шыққан»
[2].
«Полиграфия өндірісінде орындалатын
технологиялық үдерістер негізгі үш: басуға дейінгі,
басу жəне кітапшалау-түптеу (өңдеу) кезеңдерінен
тұрады»[3]. Əрбір полиграфиялық кəсіпорынның
ерекшелігіне қарай басуға дейінгі үдерістерде
болашақ басылымның дайын электронды көшірмесі
қабылданады, не тапсырыс қабылданып, мəтіндерді
теру, бейнелерді өңдеу, дайын мəтін-бейне матери-
алдарын беттеу жəне т.с.с. кітаптың беттерін басуға
дейінгі орындалатын жұмыстар, осы полиграфиялық
кəсіпорынның басуға дейінгі өндірістерінде орында-
лады.
Басуға дейінгі кезеңде – мəтіндік жəне бейнелік
ақпараттарды өңдеу, оларды беттеу, фотоқалыптардан
формалық пластиналарда монтаж дайындау, бұл
пластиналарды көшіру рамаларында экспонерлеу
(жарық сəулесінің əсерімен өңдеу), формалық пла-
стинада пайда болған жасырын мəтін-бейне матери-
алдарын айқындау, айқындалып шыққан формалық
пластинаны жуу арқылы дəстүрлі басу қалыптарын
жасау немесе жаңа Ctp санды технологиялары
негізінде басу қалыптарын, тікелей басу машинасын-
да даярлау үдерістері орындалады.
Басу өндірісіндегі баспагерлердің міндетіне
– дайын болған басу қалыбын жабдықтап бекіту,
қалыптың дəл бекітілуін жəне осы қалыптың оң жақ
бетінде орналасқан мəтін-бейне материалдардың,
келесі кері беттері орналасқан басу қалыбындағы
мəтін-бейнелерге сəйкестігінің дəл келуін жəне түрлі-
түсті өнімдердегі түстердің дəл түсуін қадағалап,
қамтамасыз ету – сəйкестіру (приводка) жатады.
Дəстүрлі шығыңқы басу əдісінде басу
қалыбы мен қағаздың арасындағы қысымды
біркелкілендіріп, басу сапасын арттыру мақсатында
приправка (қысымды біркелкілендіру) жасала-
тын. Мұнда бірнеше қабатты əртүрлі қағаздардан
тұратын декель материалы қолданылатын. Басу
қалыбындағы қысымды қажет ететін мəтіннің
тұсына қағаз желімденіп, қысымды азайтуды талап
ететін тұстан қағазды ойып алып тастайтын (қазір
қолданылмайды, ескірген технология).
Қазіргі офсеттік басу машиналарындағы
қысымды
біркелкілендіру
операциясы
ар-
найы офсеттік резинаматалық материалдар
арқылы орындалады. Полиграфия саласындағы
технологиялық үдерістер, полиграфиялық материал-
дар мен жабдықтар жылдан-жылға жаңару үстінде.
Басылымдардың бояулылығы мен безендірілуіне
қойылатын тапсырыс талаптары күннен күнге арта
түсуде. Сонымен қатар заман талабына қарай баспа-
полиграфия саласында түсіп жатқан тапсырыстардың
таралымдары төмендеп кетті. Мамандардың
пікірлері бойынша бояулылығы түрлі-түсті, жоғары
сапалы, таралымы аз, алуан түрлі безендірілуді жəне
полиграфиялық дайындау-өңдеу үдерістерінің қысқа
мерзімде орындалуын талап ететін тапсырыстардың
саны артуда.
«Полиграфиялық басу үрдісінің үш түрі бар
шығыңқы басу əдісі, жазық басу əдісі,ойыңқы басу
əдісі.
1) Ежелден қолданылып келген басу əдісінің
бір түріне – шығыңқы басу əдісі жатады. Шығыңқы
басу əдісін – адамдардың ең алғашқы ойлап
тапқан əдісі деп айтады. Ертеректе адамдар ағаш
тақтада мəтіннің немесе бейненің сұлбасын ойып
дайындаған. Бедерленіп шығыңқы орналасқан
басу элементтеріне бояу жағылып, үстіне қойылған
қағазға қысым беру арқылы мəтін-бейне материал-
дары алынған. Бұл əдіс полиграфиялық терминмен -
ксилография əдісі деп аталады. Бұл көп еңбекті талап
ететін, өнімділігі төмен жұмыс болатын.
2) Жазық басу əдісі (плоская печать) – негізгі
басу əдістерінің бірі. Мұнда басу жəне ашық жол
элементтері бір жазықтықта орналасқан. Ар-
найы химиялық – гидрофильдеу жəне гидрофоб-
тау қасиеттерін қалыптастыратын үдерістерімен
өңделген қалыптағы басу элементтері бояуды
қабылдап алады, ал ашық жол элементтеріне бояу
жұқпайды. Жазық басу əдістеріне литография,
офсеттік басу əдісі, фототипия жатады.
Мысалы, кеңінен қолданылып жүрген офсеттік
басу қалыптарындағы басу элементтері арнайы
офсеттік майлы бояуларды қабылдайды да, ылғалды
қабылдамайды. Сондықтан осы əдіспен басатын
офсеттік жабдықтарда алдымен басу қалыбына
ылғал жағылады. Сонда офсеттік қалыптың басу
элементтеріне бояу жағылып мəтін-бейне матери-
161
алдары пайда болады, ал ылғалданған ашық жол
элементтеріне бояу жағылмай, оттискідегі ашық
жерлерді қалыптастырады. Офсеттік басу қалыбын
дайындау қарапайым жəне арзан түсетіндіктен,
полиграфиялық кəсіпорындарда ең кеңінен
қолданылатын басу əдісіне, осы офсеттік басу əдісі
жатады. Офсеттік басу əдісімен басатын жабдықтар
мен осы əдіске арналған қосалқы материалдардың
түрлері де көптеп шығарылады.
3) Ойыңқы басу əдісінің (глубокая печать) басу
қалыбы ойыңқы басу машинасында бекітілетін, осы
машинаның формалық цилиндрі болып табылады.
Формалық цилиндрдегі басу элементтері əртүрлі
тереңдікте лазермен оймаланып ойыңқы орнала-
сады да, өзара жіңішке ашық жол элементтерімен
бөлінеді. Ашық жол элементтері цилиндрдің үстіңгі
бетінде бір жазықтықта орналасады. Басу үдерісінде
формалық цилиндрдегі ойыңқы басу əдісінің қалыбы
толығымен бояуға батырылады да, бояудан шыққан
соң осы қалыптағы ашық жол элементтеріндегі
жағылған бояу, машинадағы арнайы ракель пышағы
арқылы тазартылады. Басу элементтерінің тереңдігі
əртүрлі болғандықтан басылып шыққан оттискідегі
бояу қабатының қалыңдығы мен қанықтығы да
əртүрлі болады. Ойыңқы басу əдісінің қалыптары
да əртүрлі болады. Мысалы, басу қалыбындағы басу
элементтерінің тереңдіктері бірдей болып та келуі
мүмкін. Оларды дайындау да əртүрлі технологиялар-
мен орындалады» [4].
Ойыңқы басу əдісімен басылған өнімдердің
сапасы жоғары, бояудың ақшыл жерден қаралау
тұстарына берілу сапасы мен қанықтығы да сапалы
шығады. Бірақ басу қалыптарын даярлау əрі қымбат,
əрі күрделі болғандықтан, таралымы үлкен, жоғары
сапалылықты қажет ететін өнімдерді басуда ғана
қолданылады. Осы себептен де қазіргі кезде нарық
талабына қарай ойыңқы басу əдісімен дайындайтын
кəсіпорындар сирек кездеседі. Арнайы басу əдістері:
Полиграфияда басу əдістерінің көптеген түрлері
қолданылады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ар-
найы басу əдістері жайлы қысқаша түсініктеме бере
кетейін.
Трафареттік басу əдісі.
Трафареттік басу əдісінде мəтін-бейне материал-
дарына берілетін бояу, үстіңгі беті тор материалмен
қапталған басу қалыбындағы тор саңылауларының
ұяшықтарынан арнайы ракель пышағының
көмегімен баяуды сығып шығаралыды. Осы бояу
арқылы мəтін-бейне материалдарының бейнесі
қалыптасады.
«Дəстүрлі трафареттік басу əдісін кейде шел-
кография немесе тормен басу əдісі деп те атайды.
Трафареттік басу əдісімен басылған оттискілердегі
бояу қабатының қалыңдығы басқа əдіспен басылған
оттискілердегі бояу қабатына қарағанда əлдеқайда
қалың болады. Сондықтан трафареттік басу əдісін
қолдана отырып бояуды қатты сіңіретін немесе
кедір-бұдыр материалдарда қанықтығы жоғары
жəне қалың бояу қабаты бедерлі болып айшықталып,
ерекше безендірілген мəтін-бейнелерді алуға бола-
ды.
Басу формасының торы (сеткасы) - əртүрлі
геометриялық формадағы материалдарда –
цилиндрлі, шар типтес жəне т.б. əртүрлі – матери-
алдарда басуға мүмкіндік береді. Трафареттік басу
əдісін қолданып, өнімнің үстіңгі бетіне тұтастай
емес, ерекшелеп көрсететін жерге немесе тек қажетті
жерге ғана лак жағып безендіру мүмкіншіліктері
бар»[5].
Бұл əдіспен картонмен түптелген мұқабалардың
сырты, открыткалар, визиткалар, сыйлық орай-
тын қорапшалар, пакеттер, шыны банкілер, шыны
флакондар, этикеткалар, фирма логотиптері мен
сувенирлерді дайындайды. Төменде трафареттік
басу əдісімен даярланған өнімдердің түрлері берілді.
Санды басу əдісі (цифровая печать) – қазіргі кез-
де барынша кеңінен қолданылып жəне дамып жатқан
басу əдісі. Бұл басу əдісінде басылатын материалдар
жайлы компьютерден жіберілетін ақпараттар тікелей
басу машинасында басыла береді. Басуға дейінгі басу
қалыбын жасау технологиясын қажет етпейтін, яғни,
бұл жұмыстарды жасайтын жабдықтарды (көшіру
рамасы, айқындағыш процессор, жуу, құрғату
құрылғылары, монтаждау столы), материалдарды
(үлбір, калька, формалық пластина, айқындағыш
ерітінділер, түзеткіш қаламсаптар, т.б.), адам күші
мен жабдықтарды қоятын үлкен жұмыс аудандарын
да қажет етпейтін экономикалық жағынан ұтымды
технология. Санды басу əдісінің үдерісі кезінде ба-
сылатын материалдың əр бетіне, баспа жүйесінің
компьютерінен əртүрлі өзгерістер енгізіп, өзгертіп
баса беруге болады.
Санды басу əдісімен таралымы тым аз өнімдерді
баса береді. Себебі басу қалыбын даярлайтын
қымбат операциялардың қажеті жоқ болғандықтан,
аз таралымды өнімдерді басу дəстүрлі əдістермен
салыстырғанда экономикалық тұрғыдан өте ұтымды
келеді. Мұнда даярланатын өнімдердің бағасы та-
ралым санына тəуелді емес. Полиграфия мен биз-
нес саласы дамыған елдерде талап бойынша, жедел
басатын санды технология кеңінен дамыған. Сан-
ды басу əдісімен визиткалар, буклеттер, бірнеше
қағазда бірден көшірмеленетін құжаттар, флаерлер,
жарнамалық өнімдер жəне тағы да басқа əртүрлі
өнімдер басыла береді. Сатылып жатқан санды басу
машиналарының алуан түрлері бар. Оларға санды басу
машиналары, үлкен баспахана кəсіпорындарында
орнатылатын басу жүйелері, көшірме аппараттары,
принтерлер, ризографтар мен дупликаторлар жəне
т.б. жабдықтар жатады. Осы жабдықтарды DUPLO,
EPSON, INDIGO, VUTEK, RISO, XEROX, HP
сияқты фирмалар шығарады. Санды басу əдістерінің
артықшылықтарына жоғарыда айтылып кеткендей,
қалып жасау өндірісінің жабдықтары, материал-
дары, адам күші мен үлкен жұмыс аудандарының
қажетсіздігі, өзгерістер мен ақауларды бірден түзетіп
жіберу ғана емес, компьютер түрлі түстерді басу
кезінде тонер порцияларының қажетті мөлшерін
162
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
көрсете отырып, жоғары сапалы өнім баса алады.
Санды басу технологиясының кемшіліктеріне басу
үдерісі өнімділігінің төмендігі, тонерлер мен баса-
тын материалдардың қымбаттылығы жатады.
Флексографиялық басу əдісі.
Қазіргі кезде кеңінен қолданысқа еніп, үлкен
даму үстіндегі шығыңқы басу əдісінің бір түрі
флексографиялық басу əдісі. «Флексографиялық
басу əдісінің басу қалыптары (лат. fl exus - майысқақ)
майысқақ бедерленген материалдардан (резина,
фотополимерлі) дайындалады.
Мұндағы басу элементтері де дəстүрлі шығыңқы
басу əдісінің қалыптарындағыдай бедерленіп
шығыңқы орналасқан. Флексогра фиялық басу əдісін
қазіргі кезде көбіне бояуды сіңірмейтін орап-буу мате-
риалдарын, этикеткаларды, пластикалық пакеттерді,
азық-түлік саласында тамақ өнімдерінің қораптарын,
дəрі-дəрмек қораптарын, жарнамалық материалдар-
ды жəне тағы да басқа көптеген өнімдерді басуда
кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары осы əдіспен
басуға арналған жаңа техника мен технологиялар по-
лиграфия саласында кеңінен қолданылуда» [6].
Флексографиялық басу əдісінде қолданы латын
фотополимерлік басу қалыптары – металды не-
месе металсыз негізде болады. Қатты майысқақ
немесе сұйық композициялы фотополимерлік
материалдарға жарық сəулесінің əсерін беру арқылы
олардың химиялық жəне физикалық қасиеттерін
өзгертіп, басу элементтерін қалыптастырады. По-
лимерленбей қалған бөліктері жуылып кетеді де,
бедерлі басу қалыбы дайын болады. Фотополимерлік
басу қалыптарының артық-шылықтарына басу
қалыптарын дайындау технологиясының тез жəне
қарапайым дайындалуы, басу элементтерінің анық
түсуі, үлкен нүктелендіру қабілеті, бояуды қабылдау
жəне жағу сапалылығы, бояу байланыстырғыштары
мен ерітінділеріне төзімділігі, мəтін-бейне сапасының
дəлдігі, жоғары деформациялық қабілеттері, жоғары
тұрақтылық, үлкен таралымдарға төзімділіктері мен
дайындау үдерістерінің зиянсыздығы жатады.
Тампонды басу əдісі – арнайы басу əдістерінің
ерекше бір түріне жатады. Тампонды басу
əдісінің арнайы тығыз жəне майысқақ материал-
дан (силикон т.б.) жасалған басу қалыбы, осын-
дай ерекшеліктерінің арқасында, геометриялық
формалары əртүрлі, үстіңгі беттері кедір-бұдыр,
дөңгеленген, пішімдері де əртүрлі – қаламсап,
қарындаш, значок, кесе, ыдыс, мата, кепка, майка
жəне тағы да басқа көптеген өнімдерге мəтін неме-
се бейнесуреттер басып шығарады. Тасмпонды басу
əдістерінің жабдықтары бір, екі жəне көп бояулы бо-
лып шығарылады.
«Арнайы басу əдістерінің тағы бір түріне
иристік басу əдісі жатады. Иристік басу əдісінде –
бояу қағазға немесе басылатын материалға ерекше
тəсілдермен беріледі. Бояу аппаратындағы бір бояу
жəшігінен əр түсті басу бояуы бірден қағазға немесе
басылатын материалға беріледі.
Оның осылай берілу нəтижесінде бояу түстерінің
бір түстен екінші түске ауысуы кемпірқосақ түстері
сияқты көркемдікпен біртіндеп өзгеріп отырады.
Иристік басу əдісі жоғары сапалы арнайы өнімдерді,
плакаттар мен афишаларды, жарнамалық буклеттерді
басуда жəне бағалы қағаздар мен банкноттардың
жалған көшірмесін жасаудан қорғау мақсатында
қолданылады» [7].
Орлов басу əдісі. Ол - аса құнды өнімдерді,
ақшаны жəне осы сияқты қағаздарды, басу үшін
арнайы қорғау қабілеттерін қамтамасыз ететін
басу əдісі. «Оны 1891 жылы онертапқыш И.И.
Орлов ойлап тапқан. Орлов басу əдісінде – тұтас
түпнұсқа суреті, əртүрлі əдісті қолданып басатын
күрделі құрылымды басу қалыбынан дайындала-
ды. Əртүрлі бояулы сурет шаблондарынан бейне
бояуы ортақ білікке беріледі де, күрделі құрылымды
басу қалыбында жиналған тұтас түпнұсқа суреті
бір табақтық айналымда басылып шығады. Бұл көп
бояулы күрделі бейнелердің ақаусыз, дəл түсуін
қамтамасыз етеді. Бұл əдісте бояулардың бір түстен
екінші түске ауысу сапасы өте жоғары келеді» [8].
Қазақ тiлiнде жазылған баспа-полиграфия
саласының қыры мен сыры кеңінен қарастырылған
– қолжазбаны өңдеу, болашақ басылымға сəйкес
келетін стандартты пішімдер мен терілген беттің
өлшемдерін таңдау, түпнұсқа макетін жасау,
полиграфиялық материалдардың шығындары мен
мұқаба, форзац өлшемдерін есептеу тəсілдері жайлы
мəліметтер өте аз.
Сондықтан, осы мəліметтермен қатар, баспа-
полиграфия саласында орындалатын – басу əдістері,
бүктемелеу, жинақтау, бекіту, безендіру сияқты
технологиялық үдерістер мен осы үдерістер орын-
далатын жабдықтар жайлы жазылған оқулықтар мен
оқу құралдары қажет. Болашақта осы олқылықтар
ескеріліп, баспахана технологиялары жайында тың
еңбектер жарық көреді деген сенімдемін.
1. К.Е.Петров. Справочник по полиграфии. – М.: КРОУ 1998.
2. Джон Пикок. Издательское дело. Книга от замысла до упаковки. –М.: ЭКОМ, 2002.
3. Елеукенов Ш., Кітаптану негіздері. Алматы «Санат», 1997.
4. Омарова Б., Қазіргі полиграфилықтехнологиялар. Алматы «Қазақ университеті», 2010
5. Бұл да сонда
6. http://www.abai.kz
7. Воробьев Д., Дубасов А., Лебедев Ю. Технология брошюровочно-переплетных процессов. -М.:«Книга», 1989.
8. Глумаков В.Н., Егорова Е.Б. Подготовка рукописи к изданию. – М.: Вузовский учебник, 2009.
163
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫС
164
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Достарыңызбен бөлісу: |