Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтауы



бет10/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

8-дәріс Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтауы.
Естің түрлері. Дамуында ауытқуы бар балалардың есте сақтау ерекшелігі. Бейнені есте сақтау. Ерікті және еріксіз есте сақтау. Материалды есте сақтау кезіндегі вербализацияның және ойлаудың ролі. Дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың есте сақтау ұзақтығының сипаттамасы.Сөзді есте сақтауы. Сөзді, сөйлемді, мәтінді балалардың оқу процесі кезінде сөзді еске саққтаудың даму кезеңі.
Бала есте сақтау арқылы бұрынғы жиған білгендерін жалпылайды және тежелейді, бұрынғы білімдерін пайдаланады. Егер ес жоқ болса, адамның тұлғалық қалыптасуы мүмкін емес. Зерттеулер көрсеткендей( Х.С. Замский), зиятында бұзылысы бар балалар жаңа білімді өте баяу меңгереді, тек ұзақ қайталаулардан кейін ғана қабылданған ақпараттар жойылады. Тәжірибеде жинаған білімдері мен әрекеттерін өз уақытында пайдалана алмайды. Зияты дамымаған балалардың есте сақтау процесі баяу және берік болмағандықтан, олар жалпы мектептің төрт сыныптық бағдарламасын 7 – 8 жыл оқып меңгереді.Зияты дамымаған балалардың жаңа білімді баяу және нашар меңгеру себебі, олардың жүйке процестерімен тығыз байланысты. Ішкі белсенділіктің төмендігі, қозғыштық тудыратын аймақтың жеткіліксіздігі зиятында бұзылысы бар балалардың материалдық өзінше меңгеруіне алып келеді. Мысалы: Балаларға айтылған ертегі әңгімесі, олардың елестеушілігімен, басқа да әңгіме ертегілерінің үзіндісімен алмасуы.

Зиятында бұзылысы бар балалардың тексті қабылдау ерекшеліктерін көптеген психологтармен зерттелген (Л.В. Занков, И.М. Соловьев, М.М. Нудельман, Б.И. Пинский, А.И. Липкина, Г.М. Дульнев және тағыда басқалары).


Есте сақтау қабілетінің төмендігіне бас миы зақымдалған балалар шағым жасайды. Бұл басқаша ұмытшақтық деп аталады. Кейбір көмекші мектептегі оқушылар қойылған сұрақ мәселесі бірнеше рет қайталаулардан өтсе де, қойылған сұраққа жауап бере алмайды. Ал ақыл ойы кем баланың орнына ұмытшақ баланы отырғызып қойсақ, бірнеше минут өткен соң ешқандай қайталауларсыз және еске түсірушіліксіз керекті жауапты еске түсіреді. Кейбір балаларда бұл ұмытшақтық жоғары деңгейде болады, оларға қойылған сұраққа керекті жағдайда еске түсіре алмайды. Тек айтарлықтай уақыт өткеннен соң ғана еске түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет