Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ



бет13/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

11-дәріс ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Зияты зақымдалған балаларға арналған көмекші мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар қарқынды түрде ашылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқытуға ауысуына байланысты және бүкіл білім беру жүйесінің осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған. Оқу бағдарламасымен қамтамасыздандырылмағандықтан қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін, мысалы сөйлеу тілінің дамымауы, байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы т.с.с. Екіншілік ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады.
Нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үрдісінің басты назарында негізгі міндетті жүзеге асыру тұру керек [3].
Ғылыми әдебиетті талдай келе, олигофренопедагогикада зияты зақымдалған балалардың ерекшелігін Ресей авторлардан В.В. Воронкова, А.К. Аксенова, В.Г. Петрова, ал Қазақстандық ғалымдардан Р.К. Луцкина, Қ.Қ. Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зерттегенін анықтадық. Тифлопедагогика саласының белгілі маманы Ғ.Ә. Абаева көру кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қазақ фольклорын кең қолдануды қарастырады. Ал арнайы білім беру саласының ірі ғалымдары Қ.Қ.Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айтуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеу тілінің компонеттерін қарастырған, осы мәселеге байланысты әдістемелік ұсыныстар берді [4, 5, 6, 7, 8, 9].
Дегенмен, қазақ тілінде оқитын зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесі жүйелеуді, толықтыруды және жаңа тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Сөйлеу тілінің дамуы, ана тілінің байлығын меңгеру үрдісі қазіргі психологиялық зерттеулермен тығыз байланыста қарастырылады, себебі психология тұлға дамуының түрлі аспектілерін, психикалық процестердің дамуындағы сөйлеу тілінің ролін анықтап көрсетеді. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді талдау барысында барлық зерттеушілер С.Л. Рубинштейн берген сипаттамасына сүйенетінін білдік. Оның пікірі бойынша барлық сөйлеушілер үшін, кез-келген сөйлеу тілі оның ойын, қалауын білдіріп тұрады, сондықтан байланыстырып сөйлеу тілі болып табылады екен, бірақ байланыс формасы даму барысында өзгеріп отырады. Л.С. Рубинштейн байланыстырып сөйлеу тілі туралы былай деп жазған: — Бұл оның өзінің мазмұны негізінде түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу тілі. Баланың сөйлеу тілі алдымен жағдаяттық сипатта болады, кейін даму барысында сөйлеу тілінің мазмұны мен қызметі өзгереді, бала оқыту кезінде байланыстырып сөйлеу тілін меңгереді [10].
Ана тілі сабағында меңгерілетін әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, тақырыпқа сай сюжеттік ойын түрлері баланың нақтылыққа, логикалық ойлауға, сөздік қорын және грамматикалық құрылымын жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан, зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында тақырыпқа сай түрлі ойындар арқылы дамыту тақырыбы қазіргі таңда өзекті деп білеміз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған ойын түрлерін ұсынып отырмыз.
Оқушылар өзінің ойын немесе айтуға қажетті ақпаратты бөліктерге шартты түрде бөліп, мазмұнына сәйкес бейнелерді елестетіп, сол бойынша сөйлеу тілін жүйелеуге, бір-бірімен байланыстыруға дағдыландыру. Бұл жерде оқушыларға түрлі әрекеттерді орындау кезінде қалыптасқан біліктілігі мен дағдыларын қолдануға жаттықтыру қарастырылды. Яғни, жұмыстың соңғы кезеңінде оқушыларда қалыптасқан біліктілік пен дағдылары бекітілді. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылары практикалық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындай отыра, түрлі жағдаятта (түлі мәтінге байланысты) жоспар құруға, оны схема-сурет ретінде бейнелеуге және сол бойынша әңгімелеуге жаттығады. Оқушылардың іс-әрекеті іскерлік және сюжеттік-рольдік ойын түрінде жүзеге асты. Яғни, берілген тақырыпқа сәйкес оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөліне еніп, сол тұрғыдан пікір-таласқа немесе әңгімелесуге қатысады. Ана тілі сабағында қолданған іскерлік ойындардың негізгі мақсаты – оқушының өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру; өзіндік көзқарас қалыптастыра білуге және өз пікірін қорғауға дағдыландыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет