Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен



бет18/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50

Н.А.Бернштейн [5] өзінің қимыл-әрекеттік теориясында қимыл-қозғалыстың онтогенездегі дамуын қадағалап, бір уақытта оның психиканық дамуындағы маңызды ролін сипаттады. Баланың жоғары нерв әрекетін балалар мен жасөспірімдер физиологиясы институтының лабораториядағы арнайы зерттеулері «адам ми функциясының прогресі көп жағдайда қимыл-әрекет анализаторының дұрыс дамуымен анықталады.» деген қорытындыға келді. Анықталғандай, қол саусақтарының қозғалысы баланың жазу дағдыларын игеруіне, үйренуіне қажет, әрі бас ми шарының жұмыс істеу қабілетін арттыратын күшті құрал екендігі нақтыланды.

Морфологиялық зерттеулер кезінде баланың маңдай жүйесінің ұзақ уақыттық постнатальді; периодында қалыптасуы жағдайын ескеруде, жоғарыдағы мәліметтер біз үшін қажет, әрі маңызды. Маңдай қыртысы аумағының үлкеюі көбіне 2-7-13 жас аралықтарында қарқынды жүреді. Олардың функциясымен адамның жоғарғы мінез-құлқы мен іс-әрекетінің спецификалық формалары тығыз байланысты.

А.Р. Лурия [46] көрсеткендей, жоғары психикалық функциялар элементарлы, моторлы және сенсорлы процестер негізінде пайда болады. Жоғары психикалық функциялардың материалды субстракты – бұл баланың туылғанында көрініс бермейтін, тек қарым

Бала психологиясы саласындағы бірқатар зерттеулер көрсеткендей, дамудың алғашқы этабындағы жоғары психикалық процестердің сезімталдылық процесі анық көрінеді. Кейінірек осы сезімдік компоненттер бірте-бірте алыстаса да, олардың құрамына компонент ретінде енуі жалғаса береді.

А.Н. Леонтьев [42] психикалық дамудың байланыстылығын сипаттады. Ол былай деп жазды: «Психика қимыл-әрекетте өздігінше пайда болмайды», мұнда қимыл-әрекет психиканы қалыптастырады.

Н.И. Озерецкий балалардағы қозғалыс дамуы мәселесімен айналысқан алғашқы ғалым. Ол моториканың кішкентай ғана бөлігінң бұзылуы бала дамуына, оның үлгеріміне теріс әсер ету мүмкіндігін көрсетіп берді.

Ал, Л.В. Фомина зерттеулері көрсеткендей, балалардың артикуляциялық дыбысының дамуы жеңілдейді, егер оның қол саусақтары қимылын жаттықтыру керек. Баланың сөздік қоры қаншалықты дәрежеде екенін анықтамай-ақ мынадай өтінішті қолдануға болады: балаға бір саусағын, екі, үш, т.б. көрсетуді талап ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет