Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


-дәріс- ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН САЛ АУРУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет11/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

9-дәріс- ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН САЛ АУРУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық және клиникалық мәселелерін талдау нәтижесі аталмыш ауытқушылықтың дамуында естіп қабылдаудың бұзылыстарының жиі кездесетінін көрсетті (К.А. Семенованың зерттеуінде бұндай балалар саны 50% құрайды [9] ). Есту қабілеті біріншілік кемістік ретінде зақымдалған сал ауруы бар балалардың сандық көрсеткіші көптеген зерттеушілердің жұмыстарында көрсетілген. Мысалы, И.Ю. Левченко мен О.Г. Приходьконың мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 20-25% есту қабілетінің төмендеуі кездессе [8], М.В. Ипполитова, Р.Д. Бабенкова, Е.М. Мастюкованың мәліметтері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 10-15% есту функциясының зақымдалуы анықталған екен [6]. Г.П. Бертынь, Т.В. Розанова [2, 3] күрделі кемістігі бар естімейтін балалардың психикалық даму мәселесін зерттей отырып, олардың 3 - 4,5 %-ында тірек қимыл аппараты зақымдалған балалар екенін анықтаған. М.В. Жигорева [5] 4,3 - 4,8% балаларда есту мен тірек қимыл аппаратының күрделі кемістігі бар екенін анықтаған. Сонымен қатар, көптеген авторлар есту қабілетінің зақымдалуы, яғни нейросенсорлы естімеушілік сал ауруының гиперкинетикалық формасында жиі кездеседі деген ойға келді. Өкінішке орай, әдебиеттерде аталмыш ауытқушылықтың сипаты шектелініп көрсетілген. Л.М. Шипицина, И.И. Мамайчук [10]; И.Ю. Левченко, О.Г. Приходько [8] сияқты бірқатар авторлар есту қабілеті зақымдалған сал ауруы бар балалар үшін жоғарғы жиіліктегі тонды қабылдаудың төмендігі мен төменгі жиіліктегі дыбыстарды қабылдаудың сақталуы тән екенін көрсеткен. З.С. Алиева [1] нейрофизиологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, сал ауруы және қимыл-қозғалыс бұзылысының синдромы бар балаларда есту қабілеті бұзылысының кездесетінін көрсеткен. Тірек қимыл аппараты зақымдалған балаларда естудің ауытқушылығын диагностикалау мерзімі олардың айқындылық дәрежесіне байланысты. Әдетте басты назар тірек қимыл аппаратының зақымдалуын түзетуге арналып, ал есту қабілетінің жеңіл ауытқушылықтары назарға ілінбейді. Бұндай балалар көбінесе тірек қимыл апппараты зақымдалған балаларға арналған мекемеге барады, ал есту қабілетін диагностикалау мәселесі тек логопедиялық жұмыс нәтижесі төмен болған жағдайда анықталып жатады. Қазіргі кезде есту қабілетінің 3-4-інші дәрежедегі бұзылысы мен естімеушілік уақытылы анықталса, балалар қимыл - қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған орынбасушылық түріндегі мекеменің ішіндегі дамуында күрделі кемістігі бар тобына барады немесе үй жағдайында білім алады. Мектеп жасына дейінгі балаларда барлық жағдайда психикалық дизонтогенез көрініс табады. Сондықтан да есту қабілеті зақымдалған сал ауруы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе бола отырып әлі күнге дейін өзінің ғылыми – зерттеу елегін тапқан жоқ. Аталмыш мақалада ата – аналармен, педагогтармен әңгімелесу, психологиялық – педагогикалық зерттеулер мен анамнестикалық мәліметтер көрсетілген. Зерттеу жұмысына 3 жас 10 ай мен 6 жас 6 ай арасындағы 14мектеп жасына дейінгі балалар қатысты. Балалардың бойындағы «сал ауруы» деген диагноз алғашқы жылы – ақ анықталды. Бірақ бір жағдайда ғана және бүгінгі күнге дейін бір клиникалық диагноз («статистикалық – моторлық жетіспеушілік») анықталған жоқ. Есту бұзылысына ие сал ауруы бара балалардың формаларын сәйкестендіру келесі сипатта берілген: 2 адам - қосарланған гемиплегия; 4 адам – спастикалық диплегия; 4 адам – атоникалық – астатикалық форма; 3 адам – гиперкинетикалық форма. Ауытқушылықтар 2 айдан 3 жас аралығында анықталды және ауыр сипатқа ие болды: 6 адамда 3-інші дәрежелі нейросенсорлы естімеушілік, 2 адамда – 3-інші, 4- інші дәрежелі естімеушілік, 4 адамда - 4-інші дәрежелі естімеушілік, ал 2 адамда – кереңдік анықталған. Қатысушылардың барлығында орталық жүйке жүйесінің жетіспеушілігі байқалған. Есту мен моторика бұзылыстарын дәл уақытында анықтамай, кешенді педагогикалық – түзету жұмысының мазмұнын дұрыс таңдаумен байланысты деп білеміз. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған күрделі кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу жан – жақты қарастырылды. Олар келесі көрсеткіштерді бағалауға бағытталады: қимыл – қозғалысты, көңіл – күй мен тұлғалық, қарым – қатынастың дамуы, түрлі іс - әрекеттерінің дамуы, таным процесі мен сөйлеу тілінің дамуы. Моторлық дағдыларын талдау балаларды 3 топқа бөлуге көмектесті. Бірінші топқа арнайы көмек құралдарымен де қозғалып жүре алмайтын балалар кірді. Оларда басын ұстау, бұру, отыру (кей жағдайда өзін күштеп) кейбіреулерінде еңбектеу дағдылары қалыптасқан. Екінші топқа арба, таяқ сияқты көмекші құралдармен өз бетінше қозғала алатын балалар кірді. Олар сатыдан түсіп – шығу кезінде, кедергілерге ұшырағанда көмекке мұқтаж. Үшінші топқа өз бетінше жүретін (жүгіре алатын) балалар кірді. Бірақ қимыл – қозғалыс координациясы жеткіліксіз дәл емес, баяу. Ұсақ моторикалары да әртүрлі. Жалпы және ұсақ моторикаларының ерекшеліктері өзіне – өзі қызмет ету дағдыларына да өзара әсер етеді. Зерттеу барысында өзіне қызмет ете алмайтын 2 бала анықталды. Олар өз бетінше қатты, кесек тағамдарды жей алмайды. Ал өзге қатысушылар ересектердің көмегін жартылай қажет етсе, арасында өзіне қызмет көрсете алатындарда бар. Балалардың бейнелеу, сурет салу әрекеттеріне қарай отырып, олар суреттің таңба – белгілік, бейнелік сипатын жеткілікті түрде түсінбейтінін айта аламыз. Есту қабілеті зақымдалған тірек қимылында ауытқушылығы бар балалар суретті аз, әрі еш қалаусыз салады. Суреттің тематикасы тым кедей, кей балалар тіпті еш мағынасыз сызықтарды хаотикалық қозғалыс арқылы орындаса, кейбіреулері қағаз бетінің шегін де білмейді. Балалардың құрастыру әрекеттерінің жағдайын зерттеу барысы 2 тенденцияның бар екенін көрсетті. Бірінші жағдайда балалардың құрастыру әрекетіне еш қызығушылығы жоқ, олар өзіндік ойын барысында да қолданбайды. Көру моторикасының жетіспеушілігі, өз қимыл – қозғалысын басқарудағы қиыншылықтар олардың симметриясының да бұзылуына әкеліп отыр. Екінші жағдайда құрастыру әрекеті еркін ойын әрекетінің міндетті құрамдас бөлігі болып отыр. Олар үлгі бойынша түрлі құрастыру әрекеттерін орындай алады. Қиындықтар тек тапсырманы сөздік нұсқау арқылы бергенде туындайды. Балалардың танымдық әрекеттері көру, естіп, сипап сезу арқылы қабылдау, бейімделу – зерттеушілік әрекет, назар, есте сақтау, ойлау қабілеті сияқты үрдістермен сипатталады. Жалпы балалар үшін көріп қабылдауы арқылы бөлу, сәйкестендіру, объектіні ажырату толығымен қолжетімді. Олар затты түсі, формасы, көлемі бойынша салыстыра алады. Белгіленген белгілердің саны мен бейнелердің жалпылау деңгейлері оқытудың кезеңімен жасына байланысты. Сондықтан, біреулері заттың сыртқы бейнесін сипаттаса, біреулері 2 – 3 белгісін, үшіншілері көлемі мен пішініне орай ажырата алады. Балалардың естіп қабылдауы әртүрлі, ол балалардың оқу мерзімі мен ақыл – ойының даму жағдайына байланысты. Егер сурдопедагогпен сабақ үрдісі үздіксіз кемінде екі жыл жүргізілген болса, тілдік және тілдік емес деген дыбыстарға деген назар аударуы байқалады. Олар дыбыс күшейткіш аппараттың көмегінсіз – ақ дыбысталу нүктесін, таныс дауысты, 1 - 2 метрден 2 – 3 метрге дейінгі қашықтықтағы сипаты бойынша әртүрлі белгілерді қабылдай алады. Таныс және жаңа сөздерді көрнекі материалсыз бекіту мүмкін емес. Жеке есту аппараттарын қолдану тілдік сигналдарын қабылдау мүмкіндіктерін көбейтеді. Балалар аппараттың көмегімен сөздерді, қысқа текстерді артикуляцияға сүйене отырып ажырата алады. Егер оқыту мерзімі аз, әрі баланың психикасының дамуының тежелуі айқын түрде болса, естіп қабылдауы есту аппаратына байланысты болмайды. Есту қабілеті зақымдалған сал ауруы бар балалардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері көбінесе когнитивті процестердің жағдайымен анықталады. Зейін аудару сипатының ішінен негізгілерін бөліп көрсетуге болады: тұрақсыздық, эмоцияға тәуелділік, тез шаршау, т.б. Есту қабілетіне келетін болсақ, балалардың белгілі материалды есте сақтауы төмен, уақытпен шектелген болып келеді. Обьекті мен көріністі көп рет қабылдаудың арқасында көру информациясы арқылы есте сақтауы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет