А.Б. Дубинская [6] 6 жастағы ақыл-есі кем балалардың мінез-құлықтарының ерекшеліктері, олардың қозғалыс әрекетінің белсенділігі, ұсақ стереотипті әрекеттердің (қозғалыстардың) бар екенін және де оның клиникалық көрініс беруін зерттеді.
Ақыл-есі кем балалардағы моторлы жүйесіндегі ақаулықтардың болуы ертелі-кеш олардың оқу ісәрекетінде қиындықтар туғызады. Н.Г.Любушкина, М.М.Безруких [3] ерікті қозғалыстың дамымай қалуы, әсіресе мақсатқа бағытталған әрекет түрлерінде: жазу, сурет салу, т.б. анық көрінеді.
ЕБҚБ балалардың морфофизиологиялық негізінің маңызды элементі болып оралық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) физиологиялық бөліктерінің қалыптасуы болып табылады. В.Лубовский [2] осы балалардың жоғарғы жүйке әрекетінің ерекшеліктерін қарастыра келе, көп жағдайда орталық жүйке жүйесіндегі дисфункцияның көрінуі ерте балалық шақтан бастау алады.
Орталық нерв жүйесіндегі бұзылыстар алғашқы сатыдағы психикалық дамудың кешеуілдеуіне, ми системасының кейбір бөліктерінің дамымауына алып келеді.
Морфофизиологиялық зерттеулер баланың маңдай бөлігінің қалыптасуын ұзақ уақыттың постнаталды кезеңін анықтады. Маңдай бөлікке адамның бас миының 25% аумағы сәйкес келеді. Ал академик Анохин болса мидың жеке функцияларына маңдай бөліктің қатысы жоқ деп есептейді.
А.Р.Лурияның [46] бас миының маңдай бөлігі зақымданған ауру адамдарға жүргізген нейропсихологиялық зерттеулері мидың маңдай бөлігінің жеке құрамы қимыл-қозғалыс анализаторының жұмысының негізіне енетіндігін көрсетті.
Ми қабығының қимыл-қозғалыс орталығы бір-бірімен байланысты. Жұмыс жасайтын бөліктерден – постцентральді және прецентральді тұратын күрделі жүйе. Қимыл-қозғалыс анализаторының артқы орталық ядросына қатысты постцентральді бөлігіне тері сезімталдылығы орталығы орналасқан.
Постцентральді аймақтың алдыңғы жағындағы прицентральді аймақпен шекаралас бөлік ми қабығының қимыл-қозғалыс зонасы ретінде бізге мәлім. Ол мидың маңдай бөлігінің құрамына еніп алғашқы немесе моторлы поле және екінші перифериялық поляны ендіреді. Орталық немесе бірінші (алғашқы) поляның зақымдануынан қабылдау қабілетінің бірден төмендеуі айқын байқалады. Перифериялық поле әр түрлі анализаторларды функциональды байланыстыруда ерекше рольге ие.