Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып, балардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады



бет24/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып, балардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.

Сөйлесу әдісін – теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне сай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.

Қайталап айту әдісі. Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.

Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді, айтып береді немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздерікөрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «Өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді, немесе балалар көрмеген әлдебір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) Тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) Оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.

Қайталап айту әдісі еліктеу әдісне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерлерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұның бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті қабылдауы мен оның мазмұнын қайталап айту арасында біршама уақыт өтуі қажет.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру әдісінің мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын» олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін нақты обьектілерді – заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

Практикалық әдіс пен тәсіл ұғымы. Балаларды ана тіліне үйретудің жоғарыда келтірілген әдістері баланың тіпті өзін арнайы оқытып жүргенін аңғармай,тілді ішкі сезім арқылы игеріп, табиғи қарым-қатынаста үйренуін көздейді. Мұндай әдіс үйретудің практикалық әдісі деп аталады, оның теориялық әдістен айырмашылығы сол, мұнда балаларға және жасөспірімдерге лингвистика-тіл туралы ғылым жөнінде мәлімет беріледі. Теориялық әдіспен балалар мектепте, ана тілін іс жүзінде меңгергеннен кейін ғана танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет