35-дәріс Зияты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру Зияты бұзылған балалардың ерекшеліктері Зияты бұзылған балалардың санатына бас ми қабығының диффузды органикалық зақымдануы салдарынан танымдық іс-әрекетінің және эмоционалдық-ерік өрісінің тұрақты бұзылуы бар балалар жатады. Бұзылыс белгілерінің көрініс беру дәрежесі зақымдалудың ауырлығына, оны таратпау ерекшелігіне, сондай-ақ зақымдалу уақытына байланысты. Зияты бұзылған оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады. 1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (АХЖ-10 ДДҰ) қабылдаған жіктеуге сәйкес, зиятында бұзылысы барзерденің төмендеуінің төрт (негізгі) деңгейін қамтиды: жеңіл (F70), орташа (F71), ауыр (F72) және терең (F73). Мектепте оқыту жеңіл және орташа Зияты бұзылған оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жеңіл Зияты бұзылған балалар санатына танымдық қызметі мен ойлауының күрделі формаларының жетілмеуі жекелеген талдамалардың өрескел бұзылмаған және эмоционалдық-ерік өрісінің салыстырмалы түрде бастапқы сақталған дебильдіктің жеңіл және орташа дәрежелі олигофрениясы бар балалар жатады. Бұл балалардың айрықша ерекшеліктері – мінез-құлқының салыстырмалы сақталуы жағдайында оларға түсінікті тапсырмалар аясында мақсатты бағытталған әрекет ету қабілеті болып табылады. Есту қабілеті қалыпты болған жағдайда және сөйлеу органдарының құрылымында айқын ауытқулар болмаған жағдайда оларда экспрессивті және импрессивті сөйлеуінің дамуы тежеледі, моториканың ең күрделі түрлері дамымай қалады. 44 Осы топтағы балаларға психикалық процестердің бәсеңдігі және инерттілігі тән. Орташа Зияты бұзылған балаларда психикалық, сөйлеу және моторлық дамуының анағұрлым баяу қарқыны байқалады. Олар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеш дағдыланады. Қарапайым мектептік білімді барлығы меңгеруге қабілетті емес, тіпті оқу, есептеу, жазудың ішінара дағдыларын игерген балалардың өзіне әлеуметтік бейімделуіне мұның көмегі аз. Дегенмен, арнайы ұйымдастырылған оқытудың нәтижесінде орташа Зияты бұзылған балалардың көбі қажетті мінез-құлық нормаларын меңгеруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, арнайы жағдайларда өз бетімен еңбектенуге қабілетті. Мұндай адамдар әдетте қарапайым, білікті емес операцияларды қоршаған ортаның тұрақтылығы мен қойылатын талаптар өзгермейтін жағдайда, олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, тұрақты бақылау және басшылық болған жағдайда орындай алады. Олар тұрақты әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет етеді. Зияты бұзылған оқушылар танымдық қызметі мен жалпы тұлғалық айқын жетілмеуі салдарынан оқыту процесінде едәуір қиындықтарға ұшырап жатады. Арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеудің әсерінен балалар дамиды, белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгереді, алайда оқыту және дамытудағы бұл ілгерілеушіліктер әр оқушыда әр түрлі болады. Зиятында бұзылысы бар балаларды оқытудың алуан мүмкіндіктері даму бұзылыстарының тереңдігі мен таралуына байланысты. В.В. Воронкованың басшылығымен [10] КСРО Педагогикалық ғылым академиясындағы Дефектологияны ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің көп жылдық зерттеулері Зияты бұзылған оқушылардың арнайы оқу бағдарламаларының материалдарын меңгеру кезінде байқалатын типологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ алынған білім, білік және дағдылардың сапасына әсер ететін өзіндік қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеулер негізінде авторлар оқыту мүмкіндіктері бойынша оқушылардың 4 типологиялық топтарын айқындайтын оқушылардың педагогикалық классификациясын жасады. Бірінші типологиялық топқа фронталды оқыту үдерісінде бағдарламалық материалдарды ойдағыдай табысты игерген оқушылар жатады. Олар оқу тапсырмасын өз бетінше орындауға қабілетті. Өзгертілген тапсырманы орындау кезінде көп қиындықтарды бастан кешірмейді, негізінен жаңа жұмысты жасау барысында бар тәжірибені дұрыс қолданады. Бұл балалар есептеу тәсілдерін, есепті шешу амалдарын тез есте қабылдап алады, пәндік көрнекіліктерді сирек қажет етеді. Әдетте оларға белгілі бақылауларға, құбылыстартарға сөздік нұсқаулар жеткілікті. Олардың білімдерінің салыстырмалы беріктігі мен икемділігін айтуға болады. Оқушылар пайымдаулардың кері барысын меңгеруге қабілетті. Олар фразалық сөйлеуді қолданады, өз әрекеттерін еркін түсіндіреді, жұмысты, тапсырмаларды орындау тәсілдерін алдын ала жоспарлай алады.