Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты



бет3/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
зертханалық жұмыс

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: қоспаны сынауықта ақырындап жылытыңыз, cұйықтықтың шашырауынан сақтану үшін сынауықты бақылаушыдан қарсы бағытта ұстау, реактивтерді аз мөлшерде қолдану.
1.ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ РЕТІ:
1.Құралды 3 суреттегідей жина

Бөлінген сутегінің көлемін анықтау құралы:
А – газдық бюретка; Б – теңестіру шынысы; В – реакция сынауығы
2. Дистилденген суы бар екi бюреткалар мен жұмыс түтiгiнің тығыз бекiтiлгенiн, дәлдігін және жүйені, жұмыс сынауығын тексеру қажет. Тәжірибе сынауығынан тығынды алып газдық бюреткалардағы судың деңгейін нольдік бөлімге теңестіру керек. Сосын сынауықты тығынмен жауып салыстырмалы теңестіру шынысын 10-15см-ге қозғап, оны штативке бекітеді. Егер бюреткадағы судың деңгейі тұрақты болса жүйе гермектілігі тұрақтанды деп есептелінеді.
3. Тәжірибелік сынауықты алып теңестіру бюреткасы арқылы газдық бюреткадағы судың деңгейін нөлдік бөлгішке теңестіру керек. 
4. Аналитикалық таразыларда мырыштың бір бөлігінің 0,030 г-0,050г өлшемі 0,0001г дәлдікке дейін өлшенеді.
5. Тәжірибелік сынауыққа тұз қышқылының массалық үлесі 10% болатын 10 мл ерiтiндiсiн құйып және 2-3 тамшы кобальт хлоридінің-CoCl2 (катализатор) ерiтiндiсінен 2-3 тамшы тамшылатылады. Сынауықты қисайтып ішкi қабырғаның жоғарғы бөлiгiне мырыштың сынамасын салып, мерзiмiнен бұрын мырыш қышқылға түспеу үшiн сынауықты көлбеу қалыпта ұстауды жалғастыра, тығынды нығыздап жабады. Сосын сынауықты шайқап, мырышты қышқылға түсіреді.
ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ
1. Құрал суреті
2. Тәжірибедегі берілімдер, жазылуы реттілігі
а) мырыш массасы– mZn, г;
б) бөлінген сутегінің көлемі – V (H2), л;
в) атмосфералық қысым – Р, кПа;
г)бөлме температурасы – Т=273+t0C;
д) су буының қысымы – h, кПа;
е) бюреткадағы сутегі қысымы– Р – h, кПа. 
3. Мырыштың эквивалентік молярлық массасын есептеу:
а) Бөлінген сутегінің көлемін қалыпты жағдайға айналдыру;
б) Мырыштың эквивалентік молярлық массасын эквиваленттер заңына сай есептеу;
в) Мырыштың эквивалентік молярлық массасының теориялық мәнін есептеу;
г)Тәжірибенің салыстырмалы қателігін есептеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет