ҚҰРАЛДАР: 50 мл-лік 2 бюретка; сынауықтар; 10 мл өлшемдік цилиндрлар; қажетті реактивтер: Na2S2O3, H2SO4, H2O (дист), FeCI3, KCNS, KCI
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: Бірінші реакция барысында кішідисперстік күкірт түзілгенде өте мұқият болу қажет, себебі ол адам денсаулығына зиянды. Сол үшін пайда болған заттарды тез арада ыдысқа жинау керек.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ РЕТІ:
ТӘЖІРИБЕ 1 Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі
Натрий тиосульфаты күкірт қышқылы ерітіндісінде:
Na2S2O3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + S + H2O.
Ерітінділердің концентрацияларын мұғалім көрсетеді.
Бюреткадағы Na2S2O3 ерітіндісін және суды 5 нөмірленген сынауықтарға 1-ші кестеде көрсетілгендей берілген концентрациямен құямыз.
Көлем, мл
|
С (Na2S2O3)
моль/л
|
Лайлану уақыты,
t, c
|
ν=1/t,
С-1
|
К
|
Na2S2O3
(а)
|
H2O
(б)
|
H2SO4
(в)
|
1
|
4
|
5
|
0,01
|
|
|
|
2
|
3
|
5
|
0,02
|
|
|
|
3
|
2
|
5
|
0,03
|
|
|
|
4
|
1
|
5
|
0,04
|
|
|
|
5
|
0
|
5
|
0,05
|
|
|
|
Келесі 5 сынауыққа күкірт қышқылын 5 мл көлемінде C (H2SO4) = 0.1 моль/л -мен құямыз.
Дайындалған Na2S2O3 және H2SO4 ерітінділерін жұптастырып сәйкесінше құйып, әр сынауықтағы тұнбаның түзілу уақытын бақылаймыз. Нәтижені төмендегі кестеге толтырамыз:
1 кесте – Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі
Бұл тәжірибеде реакцияның жылдамдығы өлшенбейді, онда реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі уақыт аралығындағы нәтиже алынады. Бірақ бұл уақыт аралығы реакция жылдамдығына V пропорционал, сондықтан 1/t өлшемін шарттық жылдамдық (Vшарт.) деп атаймыз. Натрий тиосульфаты еру жылдамдығының концентрациясына қатынасына график саламыз. Реакцияның математикалық жылдамдығы мына теңдеумен өрнектелген: V=kCa∙Cb, мұндағы С(а) және С(b)- Na2S2O3 және H2SO4концентрациялары; К- пропорционалдық коффициенті, реакцияның жылдамдық тұрақтысы деп аталады. C(H2SO4 )= 0,5моль/л болса, V және К (1-ші кесте) берілген теңдікпен табамыз.
Бұл тәжірибеден қандай қорытынды шығаруға болады?
ТӘЖІРИБЕ 2 Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
Үш нөмірленген сынауыққа 5 мл C(H2SO4)= 0,1 моль/л-ін, ал басқа үшеуіне 5мл C(H2SO4)= 1 моль/л-ін құямыз. Сынауықтарды суы бар стақандарға салып, 10-15 минуттан кейін стақандағы судың температурасын өлшейміз де, сынауыққа осы жұпты H2SO4 , Na2S2O3 бір-біріне құйып, лайланғанға дейінгі уақытты өлшейміз.
Судың температурасын 200 -қа жоғарылату үшін: стақанға аз мөлшерде ыстық су құямыз.
Тағы да ерітінділерді осы температурада 5-7 минут ұстаймыз. Сынауықтардағы мына екі жұпты: H2SO4 , Na2S2O3 бір-біріне құйып, лайланғанға дейінгі уақытты белгілейміз. Соңғы тәжірибені біріншіден 400-қа жоғарылатып жүргіземіз.Нәтижені 2-ші кестеге толтырамыз.
2-ші кесте – Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
Реакция жылдамдығының температураға қатынасына график саламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |