ҰЛАҒат мамыр



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата06.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11184
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаты: білімділік – пән бойынша білім-білік дағдыларын 
қалыптастыру; 
тәрбиелік – адамгершілікке (анаға деген құрмет), 
мейірімділікке,  төзімділікке  тәрбиелеу; 
дамытушылық  – 
қиындықты жеңуге үйрету.
Түрі:  семинар  сабақ.  Көрнекілігі:    Ғ.Мүсірепов  өмірінен 
иллюстрациялық  фотосуреттер  көрсету  (техникалық  құралдар 
арқылы). Ана, әйел туралы жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: 
1)  Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
2)    Ғ.Мүсірепов  –  классик  жазушы,  көркем  сөздің  зергері, 
қоғам қайраткері. 
3) Ғ.Мүсіреповтің М.Горький шығармаларын аударуы. 
4) а) Ананың анасы; ә) Ашынған ана; б) Ананың арашасы.
в) Ер Ана; г) Ақлима; д) Әмина;
е) «Ұлпан» романы туралы оқушы пікірін тыңдау, талдау. 
5) Үзінді келтіру. 
Әйел,  ана,  арулар  тақырыбына  арналған    Ғ.Мүсірепов 
шығармаларының  ішіндегі  ең  көлемдісі  де,  көрнектісі  де 
–  «Ұлпан»  романы.  Бұл  роман  –  қазақ  әдебиетінің  нағыз 
классикалық туындысы. 
Ұлпан қасиеттері айтылады.
1)  Ұлпан – ел анасы.  2)  Ұлпан - күрескер ана.
3)  Ұлпан- қайратты, өткір, қаһармандық образ. 
4)  Ұлпан – тарихи, типтік образ. 
5)  Ұлпан – романтикалық характер. 

123
6)  Жазушы «Менің Джакондам» деп атаған Ұлпан бейнесі – 
қазақ прозасында даралық характерді тұңғыш жоғары дәрежеде 
суреттеген  бейне.  Жазушының  басқа  прозалық  шығармалары 
бір  төбе  болса,  «Ұлпан»  солардың  көшбасшысы.  Қазіргідей 
алмағайып  заманда  әсемдік  пен    адалдықтың  символы  болған 
Ғабиттің  «Джакондасы»  –  қазақтың  Ұлпанын  пір  тұтар  абзал 
аналар қатары көбейе бергей дейміз.  
Жарнаманы іліп таныстыру:
Жақсы жар,  ақылды ана, қадірлі әйел болуды Ұлпаннан үйрен. 
Ақылды қыз әкенің  жақсы атағын шығарады. 
Ақылсыз ұл абыройдан айырады. 
Ең қысқа әңгімені де Ғабит Мүсірепов «Ұлпанда» жазыпты. 
«Ұлпан» Ел анасына қойылған ескерткіш. 
«Ұлпан»  –  сөз  өнерінің,    әйел  технологиясының    көркем 
кестесі. 
«Ұлпан» – асқан байлық пен шынайы еңбекқорлықтың, адал 
еңбек пен адамға қамқорлықтың   шынайы көрінісі. 
Ұлпан қазақы қалжың, әдемі әзіл, жеңіл юморға бай.
Нағыз  достық,  шынайы  адамгершілік,  биік  парасат  туралы 
білгің келсе, «Ұлпанды» оқы. 
7)   Оқушылар шығармашылығы.
Анаға деген құрмет, мейірімділік  – әрбір адам баласы үшін 
мәңгілік.  Ендеше  өзіміз  де  жүрекжарды  жақсы  сөзімізді,  жыр 
жолдарымызды неге анамызға арнамасқа?!
8)      Қорытынды:  «Өмір  жыры»  (аңыз  негізінде  жазылған)  
әңгімесімен қорытындылаймын. 
Бағалау.
Тапсырма. Плакатқа жазылған сөздер
1) «Әйел – табиғаттың ең талантты туындысы».
2)  Ғ.Мүсіреповтың    ана,  арулар  тақырыбындағы  қай-қай 
шығармасы да туған әдебиетіміздің інжу-маржаны». 
                                                              Ә.Нарымбетов. 

124
Сыныптан тыс тәлім
Айнұр ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Ләззат ӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№155 жалпы орта білім беретін 
мектептің мұғалімдері.
ЖАУЫНГЕР, БАТЫР, ЖАЗУШЫ
(әдеби-музыкалық кеш)
Мақсаты:  балаларға  аты  аңызға  айналған  Ұлы  Отан 
соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан 
Момышұлының  азаматтық,  ерлік  істерін  таныстыру.  Отанын 
сүюге  баули  отырып,  ерлік,  батырлық  сезімдеріне  әсер  ету. 
Ойлы, пайымды, іскер, білімді, ынталы азаматты тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, әдеби-музыкалық монтаж, сахналық көрініс, 
викторина. Көрнекілік: интербелсенді тақта арқылы слайдтар, 
портреттер.
Кештің барысы:
Кіріспе сөз. Күй – «Көңіл толқыны».
Мұғалім:  –  Туған  жер  мен  оның  дүниеге  әкелген  ұлы 
перзенттерінің арасында ақылмен емес, сезіммен ғана түсінуге 
болатын бір құпия байланыс болады.
Аты  аңызға  айналған  әйгілі  батыр,  ел  жадында  мәңгі 
жатталып  қалған  даңқты  қолбасшы,  халқымыздың  қыран 
мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес біртуар биік тұлға, 
жастардың  ұлағатты  ұстазы,  көрнекті  жазушы  –  Бауыржан 
Момышұлының  өзіне  ғана  тән  көп  қырлы  қайталанбас  асыл 
бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.
Би.
1-оқушы: – Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсан 
күні  Жамбыл  облысы,  Жуалы  ауданы,  Көлбастау  ауылында 
қарапайым  мал  бағатын  шаруа  отбасында  дүниеге  келеді. 
Балалық  шағының  он  үш  жылын  өзінің  кіндік  қаны  тамған 
ауылында  өткізіп,  одан  кейін  кеңестік  дәуірдегі  интернатта 
тәрбие алады. Бауыржан Момышұлы бастан кешкен оқиғалар 

125
да мол. Мәселен, «Олар менің есімде» атты әңгімесі.
Көрініс – «Балалық шағы».
- Мен жасымда айтқанымды орындамай қоймайтын тентек 
болсам  керек  (Ол  күлді).  Тағы  да  бір  ойыннан  қайтып,  үйге 
келсем, әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды 
сығып, табаққа салып жатыр екен.
- Әже, май бер,- дедім мен қарыным ашып келген.
- Тұра тұр, қалқам!- деді әжем. Алдымен майды қылшықтап, 
тұздайын. Содан соң жейсің бе, алақаныңа салып жалайсың ба, 
өз еркің.
- Жоқ, маған қазір бер,- деп қиғылықты салдым.
-  Мә,  ендеше,-  деді  әжем  қатуланып,  май  салған  табақты 
маған қарай итере салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті.
Тұздалмаған,  қылшығы  алынбаған  майды  ал  кеп  жейін. 
Содан  не  керек,  кешке  қарай  ыстығым  көтеріліп,  лақ-лақ 
құсып, ауырмасым бар ма? Сонымен, жаңағы майдың кесірінен 
бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Далаға бір апта 
үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам 
да балдырғандардың өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді 
май  көрсем  жүрегім  айнитын  болды.  Әже  тілін  алмаған  бала 
осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып кетеді екен. Ал, 
сары май – адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар 
әрқашанда  әжелерінің  тілін  алып  жүрсін,  менің  қатем  оларға 
ғибрат болсын деп айтып жатырмын.
2-оқушы:  –  1929  жылы  «Әулие  Ата»  тоғыз  жылдық 
мектебін  бітіреді.  Мектепті  тәмамдағаннан  соң  шалғай 
аудандардың  біріндегі  ауылға  (Бетпақдала)  мұғалім  болып 
барады.  Коллективтендіру  кезеңінде  кеңестік  мекемелерде 
қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында 
мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.
3-оқушы: – 1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан 
алдындағы борышын өтейді. Әскери машықтану кезінде білім 
алып,  мергендік  өнерге  машықтанады.  1933  жылы  полктық 
мектепті  бітіреді.  1934  жылы  әскерден  келген  запастағы 
командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп 

126
(Ленинградтық қаржы академиясында қысқы мерзімдік курстан 
өтеді), банк саласында қызмет етеді.
4-оқушы:  – 1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир 
ретінде  қайта  шақырылып,  әскери  қызметтер  атқарады.    Ол 
Ортаазиялық  әскери  округтың  315-ші  атқыштар  полкына 
командир  болып  тағайындалады.  Бір  жылдан  кейін  оның 
полкы ерекше қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне 
қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.
5-оқушы:  –  Ұлы  Отан  соғысының  басталмай  тұрған 
кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар бөлімшесінің 
командирі қызметінде болады. 1940 жылы Украинаның Житомир 
қаласындағы  202-ші  арнаулы  танкке  қарсы  шабуылдайтын 
дивизионның командирі болып тағайындалады.
6-оқушы: – Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі 
сардар  Алматыға  қайтарылады.  Сол  жылдың  жаз  айларынан 
бастап  жаңадан  құрылған  316-шы  атқыштар  дивизиясының 
штабына  Қазақстан  мен  Қырғызстан  елінен  сарбаздар  жинай 
бастайды.  Бауыржан  қайта  жасақталған  дивизияның  1073-ші 
атқыштар  полкының  атқыштар  батальонына  командир  болып 
тағайындалды.
Мұғалім:  –  Әрі  қарай  қайнаған  соғыс  майданы  басталып 
кетеді («Священная война» өлеңі).
7-оқушы: – 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар 
кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 5 рет 
қоршауды  бұзып,  негізгі  жауынгерлік  құраммен  аман-есен 
дивизиясына  қосылды.  Ресейдегі  Волоколамск,  Горюнь, 
Матренино,  Лопастино,  Крюково,  Бородино,  Трашково,  т.б. 
қала, ауылдар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік 
көрсетті. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген 
міндеттерді  абыроймен  атқарғаны  үшін,  шешуші  кездерде 
жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин 
орденімен марапатталады.
Песня: «На безымянной высоте».
8-оқушы:  –  1942  жылдың  тамызынан  бастап  Панфи-
ловшылар  дивизиясында  командир  болады.  1942  жылдың 

127
қазанында  Бауыржан  подполковник  шенін  алады.  Ал  сегіз 
айдан  соң  полковник  шеніне  көтеріледі.  1945  жылдың  21 
қаңтарында  Бауыржан  Момышұлы  Бірінші  Балтық  жағалауы 
дивизиясының командирі болып тағайындалды.
9-оқушы («В землянке» әні ақырын ойнап тұрады):
-  Бауыржан  Момышұлы  –  личность  неординарная, 
многогранная, об этом говорят многие факты и примеры.
На  фронт  приехал  писатель  Александр  Бек,  ему 
порекомендовали  встретиться  с  Бауыржаном  Момышулы. 
Встретились  в  землянке,  сразу  нашли  общий  язык,  а  потом 
возник  спор.  Бек  утверждал,  что  не  должен  солдат  в  бою 
испытывать  страх.  Бауыржан  говорил:  «Страх  есть». 
Каждый оставался при своей точке зрения... И тут Бауыржан 
потихоньку, чтоб не видел Бек, вытащил из кобуры пистолет и 
без предупреждения сделал три выстрела: справа, слева и над 
головой писателя. Тот, конечно, упал на пол, закрыл голову... А 
Момышулы, так же спокойно сидя на стуле спрашивает у него: 
«Ну что, страх есть?» - «Убедил ты меня» - признался писатель.
10-оқушы: - Жаралғандай жалыннан
                       Жайсаң батыр Бауыржан.
                       Естігенде есімін 
                       Жау есінен жаңылған.
Бұзып-жарып қоршауды,
Жолсыз жерден жол салды.
Достар түгіл ерлігін
Қасы да естіп тамсанды.
11-оқушы:    –  Ұлы  Отан  соғысы  аяқталып,  Кеңес  үкіметі 
жеңіске  жетіп,  фашистік  Германия  тізе  бүккен  соң  Бауыржан 
Момышұлы  Қазақ  КСР-нің  Қарулы  Күштерінде  әскери 
қызметтерді  атқарады.  1948  жылы  Генералдық  штабтың 
әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап «Тыл және 
Кеңес  Армиясын  қамтамасыз  ету»  әскери  академиясында  аға 
оқытушы  болып  қызмет  етті.  1955  жылдың  желтоқсанынан 
бастап запастағы полковник Бауыржан Момышұлы Қазақ КСР 
Жазушылар одағының мүшесі болды.

128
12-оқушы:  –  Бүгінде  Ұлы  Отан  соғысы  майданында  аты 
шыққан Бауыржанның туындыларымен оқып танысып жүрміз. 
Оның  қаламынан  туған,  өмір  шындығын  арқау  еткен  тамаша 
романы мен әңгімесі, повестері қалың оқушының іздеп оқитын 
шығармаларына айналды.
13-оқушы: – Мен кім едім, мен едім,
                        Мен де – мыңның бірі едім,
                        Қызықпай баққа, атаққа,
                        Адал еңбек ұлы едім.
                        Қызмет еткен халыққа,
                        Ақ ниет мыңның бірі едім,
                        Атақсыз солдат бірі едім,
                        Ата аруағы қолдады,
                        Адал еңбек еткен соң.
                        Панфиловтан бата алдым,
                        Жау қаһарын төккен соң.
                        Артыма ерді мың солдат,
                        Тағдырын маған тапсырып,
                        Раузаға жеткен соң.
14-оқушы:  –  Бауыржан  Момышұлы  –  «Офицердің  күнде-
лігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда – Мәскеу» әңгімелері-
нің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаян-
дық  повесінің,  «Біздің  отбасы»  атты  повестер  мен  әңгімелер 
жинағы  кітабының  авторы.  «Біздің  отбасы»  туындысы  үшін 
1976 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 
1965 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын 
жазды.
15-оқушы:  –  Бауыржан  Момышұлы  –  туған  халқының 
ілгерішіл,  өміршең  дәстүрінен  тәлім  алған,  «атына  тұрман 
болсам  деп,  жұртыма  құрбан  болсам»  деп  қалтқысыз  қызмет 
еткен ойлы азамат. Бауыржан Момышұлы тіл туралы толғанған? 
тебіренген ұлт зиялыларының бірі.
1-оқушы:  – Мен қазақпын жаралған сүйек, еттен,
                      Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.
                     

129
                      Халқымның қарапайым бір ұлымын,
                      Жанымды арым үшін құрбан еткен.
2-оқушы:  –  ...Қазақ  тілі  –  ...  өткірлігімен  бой  балқытып, 
тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын 
қандырып,  ұғымыңа  қонымды,  жүрегіңе  тиімді  ...  қысылтаяң 
қатал жағдайда қайрап, егеп (сөз тапқанға қолқа жоқ) дегендейін 
ерге,  елге  медет  болып,  адам  түгілі  жағдайдың  көмейіне  құм 
құйып, ауызын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.
3-оқушы:  –  Бауыржан  Момышұлының  айтқан  отты  да 
ойлы  нақыл  сөздері  кейінгі  жас  ұрпақтың  бойында  Отанына, 
еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, патриотизмге 
баулиды.
4-оқушы: – Абыройлы анаң да – Отан, асқар таудай әкең 
де – Отан.
5-оқушы: – Ағаш өскен жерінде көрікті, адам туған жерінде 
қадірлі.
6-оқушы:  –  Ер  бақыты  –  ел  қолында,  ел  бақыты  –  ерлер 
қолында.
7-оқушы: – Ой жетпейтін жер болмайды.
8-оқушы: – Отан үшін отқа түс – күймейсің.
9-оқушы: – Ерлік – елдің қасиеті,
                      Жүректілік – жігіттің қасиеті.
10-оқушы: – Бауыржан Момышұлы – ең алдымен, Отанын 
сүйетін  нағыз  азамат,  сұрапыл  заманда  шыңдалған  қаһарман 
жауынгер,  ер  қолбасшы,  рухани  дүниесі  бай,  үлкен  жүректі 
адам.
1990  жылы  11  желтоқсанда  Кеңес  Одағы  құламай  тұрып 
ел  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  ұсынысымен  «Бауыржан 
Момышұлына Ұлы Отан соғысында атқарған орасан зор еңбегі 
үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы» 
жарлық  шықты.  Ел  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстан 
Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың 
жарлығымен  Бауыржан  Момышұлына  «Халық  қаһарманы» 
деген атақ берілді.
Қорытындылау. 

130
Гүлнар КЕНДІРБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№43 жалпы білім беретін мектептің
 бастауыш сынып мұғалімі.
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ!
Мақсаттары: білімнің сара жолы мектептен басталатынын, 
білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге 
деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру. Ақыл-ой 
өрісін дамыту. Бірлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің өтуі: 1. Ұйымдастыру; 2. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің  сөзі:  –  Сүйікті  шәкірттерім!  Сендерді  бар 
ғылымның  беташары  –  әліппені  табысты  аяқтауларыңмен 
құттықтаймын. Әліппені аяқтау – барлық әріптердің таңбасын 
тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Мен шәкірттеріме 
ризамын және шәкірттерімнің осындай жетістікке жетуіне ата-
аналардың қосқан үлесі зор. Сондықтан да құрметті ата-аналар, 
сіздерге де айтар алғысым шексіз. Қазір біз осы уақытқа дейінгі 
алған  білімдерімізді  ән-күймен,  өлеңдермен,  жұмбақ,  мақал-
мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
1-оқушы: – Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені 
біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
2-оқушы:  –  Біз  енді  өзіміз-ақ  кез  келген  сөздерді, 
сөйлемдерді, тіпті қызық әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.
Мұғалім: – Олай болса, балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан 
бастайын, сендер соған жауап айтыңдаршы.
- Іші толған әріпке, Білімдіге жарық не?
Хормен: – Болашаққа жол ашар, Ол – сүйікті «Әліппе!»
Мұғалім: – Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға 
шақырайық.
Оқушылар: – Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: – Сәлеметсіңдер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар, 
оқушылар!  Мерекелеріңіз  құтты  болсын!  Мені  жақсы 
меңгердіңдер,  таза  ұстадыңдар,  өздерің  оқып,  жаза  алатын 
болдыңдар.  Сендер  менімен  ғана  достасып  қоймай,  сонымен 
бірге математика, дүниетану оқулықтарымен де таныстыңдар.

131
Ән: «Әліппе».
3-оқушы: – Әр күнім алып келер жаңалықты,
                     Тоқимын оқып, біліп жаңа әріпті.
                     Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,
                     Жаным да сағат сайын жаңарыпты.
4-оқушы: – А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
                     Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
                     Күн сайын әріптердің атын біліп,
                     Сөз оқимын айырып, буынды енді.
Ән. «Ұстазым».
Мұғалім: – Төтеп беріп сынға,  Қайыспаған ауырға,
                     Адал болып досына, Бас имеген жауына,
                     Елдің аты кім?
Оқушылар: – Қазақ елі.
Мұғалім: – Таулары бар ең биік, Даласы бар – жерұйық
                     Бұл қай ел?
Оқушылар: – Қазақстан.
Мұғалім: – Қазақстанның астанасы қай қала?
Оқушылар: – Астана.
1-жүргізуші:    –  Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден 
балаға,-  деп  Абай  атамыз  айтқандай,  ұстазымыз  жыл  бойы 
білім  нәрімен  сусындатты.  Хат  танып,  еңбек  етуге  жетеледі. 
Әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың 
алғыс айтып, басымызды иеміз!
2-жүргізуші: – Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, 
тілінен бал тамған ақын да, егін салып, мал бағып, терін төккен 
шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі, бәрі ұстаздардан 
білім, тәрбие алған.
Ән. «Ақылшым - ұстазым».
Мұғалім:  –  Ал,  балалар,  келесі  кезекті  мақал-мәтелдерге 
берейік. Көрініс: «Әке мен бала». Сынып оқушыларының орын-
дауында вальс.
Мұғалім:  – Бүгінгі кеш – әр үйдің той басы деп саналар,
                      Балалардың есімі әулеттерге таралар.
                      Ырым етіп, сондықтан ертеңгілік соңында,
                      Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

132
Балабақша бағында
Айм САРСЕНБАЕВА,
 «Бота» балабақшасының
«Қаламқас» тобының тәрбиешісі.
Алматы облысы,
Қарасай ауданы,
«Үшқоңыр» ауылы.
ДОСТЫҚ ӘЛЕМІ
Мақсаты:  достық ұғымын, оның  құндылық ретіндегі мәнін 
түсіндіру.
Міндеттері:  достық,  татулық,  бірлік  ұғымдарын  түсіндіру; 
өзара  татулық  сезімдерін  дамыту;  достықты  қадірлей  білуге 
тәрбиелеу.
Заттың дамыту ортасы:  Хрестоматия және суреттер, музыка, 
плакат, жүрекшелер.
Әрекеттер 
кезеңі.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Баланың іс-әрекеті.
Мотива-
циялық 
қозғалыс.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, мен сендермен 
кездескеніме қуаныштымын. Кең, 
жарық, әдемі бөлмеде жиналып 
отырмыз. Шеңберге келіп 
тұрайық. Енді, барлығымыз мына 
өлең жолдарын бірігіп айтайық.
Достарды біз 
қолдаймыз, 
Қиын шақта қорғаймыз. 
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әңгі-
мелесу.
Балаларға «Жаман жолдас» 
әңгімесін түсіндіріп айту.
Екі адам келе жатып, бір аюға 
кездесіпті. Олардың біреуі 
әлсіз, ауру екен. Аюды көрген 
кезде сау адам ауру жолдасын 
тастап, бір ағаштың басына 
шығып кетіпті. Ауру, әлсіз 
адамның ағашқа шығуға дәрмені 
болмайды. Ол жерге етпетінен 
түсіп, өлген кісідей, дем 
алмастан, жата береді. Өйткені 
аю өлген кісіге тимейді екен. Аю 
жатқан адамның қасына келіп, 
иіскелеп, дыбысы білінбеген соң
жөніне кетеді.

133
Аю кеткен соң, жолдасы 
қайтып келіп, ауру жолдасынан 
сұрапты: 
-Достым, аю құлағыңа не 
сыбырлап кетті? – деп. Сонда 
ауру адам тұрып:
- Аю құлағыма: «Екінші рет 
тар жерде жолдасын жау 
қолына тастап кететін, өзінің 
ғана басын қорғайтын адаммен 
жолдас болма» деді, - депті.
Сұрақ-жауап:
1. Екі достың қайсысының 
іс-әрекеті дұрыс болды деп 
ойлайсыңдар, балалар?
2. Досыңды қиындықта тастап 
кетуге бола ма?
3. Ағаш басындағы досы ауру 
досынан «құлағыңа  аю не деп 
сыбырлап кетті?» деп сұрайды?
Балалардың жауаптары.
- Жоқ, әлсіз досын 
тастап кетуге болмайды, 
оған қамқор болу керек. 
- Ауру досы жолдасына 
аю маған: «Екінші рет 
тар жерде жолдасын 
тастап кететін адаммен 
дос болма» деп айтты,-
деді.
Дәйексөз.
«Дос – бәрінен де қымбат» 
мақалын сабақтың дәйексөзі 
ретінде түсіндіреді. 
Достар - қиналғанда қол ұшын 
беретін, алыста жүрсе сағынатын, 
қолындағысымен бөлісетін, 
үнемі бірге жүріп, қуаныштарын 
бөлісіп, қиналғанда бір-бірінің 
жанынан табылатын адамдар.  
Сергіту сәті.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Жүрегіміз не үшін керек?
- Ешкімнен де қаймықпау үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Тілім мен жағым не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
Ойын.
- Жақсы, балалар, орындарыңа 
отыра қойыңдар.
- «Достық неден басталады, 
достыққа не жарасады?».
- Балалар, менімен келіссеңдер 
«иә» деп қол шапалақтаңдар, 
келіспесеңдер шапалақтамаңдар.

134
- Достық танысудан бастала ма?
- Достыққа қамқорлық жараса 
ма?
- Достық төбелестен бастала ма?
- Достыққа мейірімділік жараса 
ма?
- Достық ренжісуден бастала ма?
- Достыққа адалдық жараса ма? 
- Достық күлуден бастала ма?
- Достық мазақтағаннан бастала 
ма?
- Достыққа татулық жараса ма?
- Достық ұйымшылдықтан 
бастала ма?
«иә»
«иә»
«жоқ»
«иә»
«жоқ»
«иә»
«иә»
«жоқ»
«иә»
«иә»
- Достыққа ауызбірлік жараса ма?
- Достық бірліктен бастала ма?
- Достыққа сүйіспеншілік жараса 
ма?
- Балалар, қандай тамаша! 
Достық әлемінде шынайы, адал, 
достыққа жарасатын құнды 
қасиеттермен таныстық.
«иә»
«иә»
«иә»
(«Ақ көгершін» әні орындалып 
тұрады)
-Балалар, мынау біздің әдемі 
достық ағашымыз. Біздің 
тақырыбымыз «Достық әлемі» 
болғандықтан достық ағашына, 
бір-бірімізге жылы тілектер 
айта отырып, көгершіндерімізді 
қондырайық.
(Баяу әуен ойналады).
Балалар өздері біртіндеп 
барып, көгершіндерді 
достық ағашына 
қондырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет