ҰЛАҒат мамыр



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата06.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11184
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§5.Г.Т.152-бет)
«Түртіп алу» 
стратегиясының 
элементтерін пайдалану.
3-деңг
ей
Эвристик
алық 
деңг
ей
Анализ-синтез.
1-4-сынып 
оқулықтарымен жұмыс.
Теориямен ұштастыру.
Білімді тексеру кезеңі: 
«Қазақ тілі» оқулығымен 
жұмыс, «Оқушы-оқу 
құралы-мұғалім» 
әрекетімен.
4-деңг
ей
Шығар
машылық 
деңг
ей
Баға (өзіндік сыни пікір)
Сарапшылар тобының 
пікірі. Өзіндік ой қорыту, 
«Бүгінгі сабақта не 
білдім?» жүйесі бойынша.
Бекіту кезеңі: «Сын 
тұрғысынан ойлау» 
стратегиясы элементтері, 
«Инсерт» стратегиясы.
Бағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Емле ережесін үйрету» (Г.Тұрдалиева, 149-152-бет)
1. Бір грамматикалық құрам қалай топталады? Сөздердің 
тәуелденуі.
I. Менің досым. Отан кітап, қазақ, жүрек.
II.
III.
Қайда, қандай өзгешелік бар?

108
2. Қай сыныптарда оқытылады?
Сөз соңындағы қ, ғ, п → ғ, г, б
3.  Емле  ережесін  еске  сақтау  үшін  ұйымдастырылатын 
жаттығулар.
Ұйқасын тап:
1) ......... .......... парағы
    ........... .......... жарағы
    ......... ......... .............
    .......... ........ жұлады.
2) ......... ....... , қарағым
    ........ ......... тарағым
    ....... ......... ............
    ........... .......... қарадым.
4. Қате бойынша жүргізілетін жұмыстар.
[ойу, ойу, оиуым бар-ды
Орындалмай ойымдағы
Ойылмастан ойуым қалды]
[Орман ішінде көп балалар келе жатты. Ақырған аиудың 
даусі естілды. Балалар көңүлдү әнге басты. Саз сырнай мен 
барабан үнү тоғайді жаңғыртті. Қорбаңбай қаша жөнөлді]
5. Жаттығу материалдарын талдауға қойылатын талаптар.
Менде бір аппақ арман бар
Ақтығы жауған ақша қар. (Мұқағали Мақатаев)
6. Грамматикалық ережелер оқулықтарда қалай беріледі?
7.  Әрбір  анықтаманы  сапалы  меңгеру  үшін  мұғалім 
қандай жұмыстар атқаруы керек?
- Апаң саған базардан
  Алма сатып әкелді.
  Ең үлкенін, тәттісін
  Саған таңдап әперді.
  Не деп барып жеу керек?
- Рахмет!- деу керек.
(Мәтінге кешенді талдау жасалады).

109
→Өлең жолдары бірінің астына бірі, жеке-жеке жазылады.
→Өлеңнің әр жолы бас әріппен жазылады.
→Сөйлем толық аяқталған соң соңында нүкте қойылады. 
(Мысалы: «Апаң базардан саған алма сатып әкелді»).
→Диалог  сөздер  әр  жолға,  алдына  сызықша  қойылып, 
жеке жазылады.
→Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады.
→Лепті  сөйлем  жоғары  леппен  айтылады,  адамның 
көңіл-күйін білдіреді.
III. Жан-жақты пысықтау:
1. Қазақ тілін оқыту технологиясының талаптары қандай 
еді?
2. Инновация сөзінің мағынасы.
3. Технология туралы ғалымдар пікірін қалай жинақтауға 
болады?
4.  Монахов  технологиясының  басты  мақсаты  не?  Жаңа 
буын оқулықтары қай технологияға негізделіп жасалған?
5. «Блум технологиясы» қай технологияға жатады? Автор-
лары  кім?  (Дұрыс  жауап  интерактивті  тақтадан  көрсетіліп 
тұрады).
6. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологияларының 
айырмашылығы неде?
   Дәстүрлі оқыту                       Дамыта оқыту
 мұғалім  оқу құралдары оқушы оқушы оқу құралы мұғалім
IV. Мақсат қою. Жаңа материалды меңгермес бұрын ҚР 
жалпы  бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  стандартына 
назар аударайық: 19-бет: «Қазақ тілі пәнін оқытудың басты 
міндеттері» (интерактивті тақтада)
V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Грамматикалық жаттығулар, оның түрлері:
а) Кіріспе кезең:
1.  Жаттығу  сабақтың,  көбінесе,  қай  кезеңінде  орында-
 
 

110
лады?
2. Жаттығу не үшін беріледі деп ойлайсыңдар?
ә) Бүгінгі сабақ жоспары:
1.  Грамматиканы  оқытудағы  жаттығу  жұмысының 
маңызы.
2. Жаттығу нәтижесінің оқушыға тиімді жақтары.
3. Грамматикалық жаттығудың түрлері.
4. Жаттығу түрлерінің міндеттері.
5. Жаттығуда қойылатын талаптар.
б) Лекция жазу сәті:
1. Грамматика сабақтарында жаттығу жұмысының маңы-
зы  зор.  Оқушылар  грамматикалық  материалдарды  оқулық 
пен  бағдарламаға  сай  білгендерімен,  жаттығу  жұмысы 
жүргізілмесе,  ол  ұзаққа  бармайды,  ұмытылып  қалады. 
Сондықтан  мұғалім  оқушыларға  грамматикадан  саналы, 
терең, тұрақты білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру 
жұмысын  жүргізу  керек.  Осы  арқылы  олардың  дағдылары 
қалыптасады  және  қалыптасқан  дағдыны  тілдің  ұқсас 
фактілеріне қолдана алатын әдістерін мұғалім білуі тиіс.
2. Жаттығу нәтижелерінде оқушылар теориялық білімде-
рін практикада қолдана алу білігін меңгереді. Сонымен қатар 
оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
3. Грамматикалық жаттығулар:
1. фонетикалық;   2. морфологиялық;
3. синтаксистік;   4. лексикалық.
4. Әр жаттығудың өзіндік міндеттері мен ерекшеліктері, 
өзіндік  атқарар  жұмыстары  баршылық  (4  жаттығудың 
міндеті, мысалы интерактивті тақтада көрсетіледі).
5.  Жаттығуды  орындау  барысында  қойылатын  талаптар 
мыналар: 113-бет, С.Р. (Тақтада көрсетіледі).
VI. Білімді тексеру кезеңі.
1. 1-4-сыныптардың «Қазақ тілі» оқулықтарына шолу.
2. Мысал келтіру.
3. Жаттығуды кешенді талдау үлгісі.

111
4.  Бөлінген  топтардағы  «мұғалім-оқушы»,  «оқушы-
мұғалім» әрекеті.
Сабақ үзінділерін көрсету.
2-сынып, 28-бет, 78-жаттығу.
84-бет, 109-жаттығу.
1-сынып, 50-бет, 44-жаттығу.
52-бет, «Әдептілік әліппесі».
3-4-сынып оқулықтары бойынша өз еріктерімен:
1. фонетикалық;
2. морфологиялық: а) сөз тұлғасына; ә) сөз табына.
3. синтаксистік;
4. лексикалық.
Лексикалық  жаттығу  түріне  «Сөз  мергені»  үлгісімен 
тапсырмалар орындату.
Оқушыға қойылатын талаптар:
1. Жаттығу түрлерін ажырата білу;
2. Жаттығуда қойылған талаптарды орындау;
3.  Жаттығу  шартын  оқушыға  түсінікті  етіп  таныстыра 
білу;
4. Жаттығу орындаудың тиімді әдістерін көрсету;
5. Өз ісіне сын көзбен қарауға үйрету.
Ескерту: 1. Жаттығудың ауызша, жазбаша түрі болатынын 
ескеру;  2.  Жаңа  буын  оқулықтары  бойынша  шартты 
белгілермен жұмыс жасай білу. Мысалы, 2-сынып оқулығы 
бойынша:
- сөйлем;
- ереже;
- мағлұмат;
- тілдік-грамматикалық жаттығулар;
- танымдық жаттығулар.
С – тіл дамыту жаттығулары.
Р – рефлексиялық жаттығулар.
VII. Білімді бекіту кезеңі.
«Бүгінгі  сабақта  не  білдім?»  тапсырмасы  бойынша  ой 

112
қорыту.
VIII. Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
«Инсерт» жүйесі бойынша:
1. Грамматикалық жаттығулар қай сабақта жүргізіледі?
2. Грамматикалық жаттығулар түрі – 4 (атап көрсет);
3. Әр жаттығудың өз міндеті болады (атап көрсет);
4. Жаттығу жұмыстары не үшін орындалады?
5. Жаттығулар берілу шартына, қызметіне қарай: тілдік-
грамматикалық,  танымдық,  рефлексиялық,  тіл  дамыту 
жаттығулары болып бөлінеді.
6. Жаттығуға қойылатын талаптарды білемін.
7. Жаттығулардың ауызша және жазбаша түрлері болады.
Бүгінгі сабақта не білдім?
1. Грамматикалық жаттығудың 4 түрі бар екенін білдім.
2.  Жаттығудың  әрқайсысының  өзіндік  міндеттері 
болатынын білдім.
3.  Жаттығуды  орындау  барысында  әдіс-тәсілдерді 
түрлендіріп отыру керектігін білдім.
4. Егер жаттығу орындалмаса, өтілген материалдар, емле 
ережелері ұмытылып қалатынын білдім.
5.  Белгілі  бір  жаттығуды  орындау  үшін  оқушының  сол 
жаттығуды  орындайтындай  білімі  болу  керек  екендігін 
білдім.
6. Жаттығуды орындауда тек жаңа өтілген материалдарға 
негізделмей,  бұрын  өтілген  материалдарды  да  қамту  керек 
екенін білдім.
7.  Шығармашылық  жаттығуларды  көбірек  орындату 
үшін қызықты грамматикаға негізделген ойын элементтерін 
пайдаланған тиімді екенін білдім.
8. Жаттығудың ауызша, жазбаша түрлерін қызықты етіп 
орындау үшін мұғалімнің шеберлігі керек екенін білдім.
9. Жаттығу бір сарында өткізілмеуі керек екенін, жаттығу 
оқушының қызығушылығын арттыруы керек екенін білдім.

113
Үміт АБЫЛҒАЗЫҚЫЗЫ,
Семей қаласындағы 
№7 орта мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
КҮЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Сабақтың мақсаты: білімділік – пән бойынша білімде-
рін тереңдету, табиғаттағы күзгі өзгерістер жөніндегі ұғым мен 
түсініктерді қалыптастыру; дамытушылық – оқушылардың 
сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын 
байыту.  Логикалық  ойлауын,  есте  сақтауын,  сауатты  жазу 
мәдениетін дамыту; тәрбиелік – тілге деген сүйіспеншілігін 
арттыру, табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, электронды оқулық, 
слайд-суреттер. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік 
жұмысы, суретпен жұмыс, тапсырмалар орындау, өлең, сөздер 
одағын құру. 
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін 
тексеру. Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі.
- Сыныпта кім кезекші?
- Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді).
- Қазір қай сабақ? (қазақ тілі)
- Қазақ тілі нешінші сабақ? (үшінші)
- Қазір қай ай? (ақпан)
- Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінші)
- Бүгін ақпанның нешесі? (бірі)
- Аптаның қай күні? (сейсенбі)
II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
III. Жаңа сабақ.
1.  Ойқозғау.  Өлеңді  оқып,  сұрақтың  орынына  керекті, 
дұрыс сөзді қойып оқиды. Өлеңге ат қояды.
Бұл қай кезде болады?
Берекесін сыйлауға

114
Өлкемізге не келді?
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
         Құстар қайтып ән салып,
         Бұлт шарлады аспанды.
         Қыс келеді жар салып,
         Қандай суық басталды?
2.  Сөздік  жұмысы:  а)  жаңа  сөздерді  мәнерлеп  оқиды, 
синонимдік  қатарымен  танысады;  ә)  жаңа  сөздерден  сөз 
тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.
Қаптау – көбею;       әзірлік – дайындық;
мезгіл – уақыт;         балбырау – пісу.
3. Тапсырмалар орындау.
а) Сөйлемдерді дұрыс құрыңдар (ауызша):
1. Күн, ұзарады, күзде, қысқарады, түн.
2. Жылы, ұшады, құстар, күзде, жаққа.
3. Қандай, алма, алмұрт, болды, шие.
4. Көрініс, күзгі, тамаша, қандай.
5. Егінді, күздігүні, жинайды, диқандар.
6. Жеміс, піседі, бақта, бақшада, көкөніс.
7. Жиі-жиі, жауады, жаңбыр.
ә) Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазыңдар.
Қыркүйек айында, жаңбыр жауады, аспан бұлтты, күн 
қысқа, жылы жаққа, жылы киім, жерге түседі, түрлі-түсті 
жапырақтар, қоңыр күз, суық жел, егін жинайды, адамдар 
дайындалады.
б)  Топпен  жарыс.  «Жазу»,  «сөйле»  етістіктерін  үлгі 
бойынша үш шаққа қойыңдар.
Өткен шақ       Нақ осы шақ           Ауыспалы келер шақ 
Мен сыздым                 Сызып отырмын           Сызамын
Сен
Сіз 
Ол
1. Болат, қайда кет... бар... жатырсың?
2. Асан сабаққа дайындалма... келді.

115
3. Мен кітапты оқы... бітірдім.
4. Әсем бақшаға кел... жатыр.
5. Айдар бақшадан алма жина... келді.
6. Мен ертең саяжайға бар... отырмын.
7. Саяжайда көкөністер піс... тұр.
4. Мәтінмен жұмыс.
а)  3  топ  оқушылары  мәтінді  оқып,  мазмұндайды,  мәтін 
бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді.
1-топ  «Ерте күз».
2-топ  «Алтын күз».
3-топ  «Қоңыр күз».
ә)  берілген  слайд-суреттерді  мәтіндердің  тақырыбы 
бойынша топтайды.
Қыркүйек (ерте күз)
Күздің бірінші айы. Суық түсіп, жайлаудағы мал қайтады. 
Ауа  салқындай  бастайды.  Шық  түседі.  Қайтқан  құстардың 
тобы  көбейеді.  Қыркүйектің  жиырма  екісінде  күн  мен  түн 
теңеледі.
Қазан (алтын күз)
Күздің  екінші  айы.  Қара  суық  басталады.  Жапырақтар 
қызыл, сары, қоңыр түске еніп, жерге түседі. Күздің сылбыр 
жаңбыры толассыз жауады. Үйрек пен қаз жылы жаққа ұшып 
кетеді.
Қараша (қоңыр күз)
Күн  қысқарады.  Қара  суық  басталады.  Шөпті  қырау 
басады.  Суық  аспан  жер  бетін  тоңазытады.  Құстар  жылы 
жаққа ұшып кетеді.               айлар
                            киімдер                  күндер
          
           ауа райы                КҮЗ                  құстар
             молшылық                             мерекелер
                                           еңбек
Үйге тапсырма: 1) 3-тапсырма, 142-бет, сурет бойынша 
әңгіме құрастырып жазыңдар; 2) «Күзде» өлеңін жаттау.
 

116
Жас маманға жәрдем
Раиса ҚАЗАТАЙҚЫЗЫ,
«Қалбатау» өнер мектебінің
домбыра сыныбының
оқытушысы.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы.
ҚҰРМАНҒАЗЫ КҮЙЛЕРІНІң 
ШЫҒУ ТАРИХЫ
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  Құрманғазы  күйінің 
шығу тарихымен, оның ерекшелігімен жеке таныстыру.
Түрі: лекция сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі:  оқушылармен  сәлемдесу,  сабақ 
барысы, тақырыбы туралы хабарлау.
-  Балалар,  мен  сендерге  өткен  сабақта  Құрманғазы 
күйлерінің шығу тарихы жайлы дайындалып келуге алдын ала 
тапсырма бергенмін. Қане, дайынсыңдар ма?!
  -  Ал,  Елнұр,  сен  Құрманғазы  Сағырбайұлының  қай  күйі 
жайлы айтпақсың?
- «Сарыарқа».
- Шілденің тас қайнатқан ыстығында астында ауыздығымен 
алысқан  құла  қасқа  ат,  үстінде  шидем  күпі,  бұтында  жарғақ 
шалбар, басында ақ жалғантыс, өткір көзді, маңдайы кере қарыс 
бір адам келе жатты. Бір нәрсесі түсіп қалғандай, мезгіл-мезгіл 
артына  қарап,  біресе  аяңдап,  біресе  желіп,  біресе  шоқытып 
алады. Жолаушының өкше ізі Сарыарқа да, маңдайы Сырдың 
бойы  сияқты.  Күн  төбеден  ауған  кезде  біздің  жолаушымыз 
бір  көгалға  келіп  тоқтады  да,  ауыздығын  алып,  Құлақасқаны 
отқа  жіберді.  Атының  қасына  барып  домбырасын  алды.Оң 
қолдың  шынтағымен  домбыраның  түбін  қолтығына  қысып 
тұрды  да,  бірнеше  қағып-қағып  жіберіп,  сол  қолдың  салалы 
саусақтарымен  домбыраның  мойынын  қуалай  жүгіртіп  алды. 

117
Одан  кейін  көп  тартпай,  домбырасын  қабына  қайта  салып, 
ерінің  қасына  қайта  іліп  қойды.  Бұл  келе  жатқан  жолаушы  – 
қазақтың ұлы композиторы, дарынды күйші – Құрманғазы еді. 
Оның мезгіл-мезгіл артына қарап, елсізде жалғыз жолбарыстай 
жалғыз жортып келе жатқаны – алыс сапардан, сонау Алатаудың 
ақбасын көріп, туған жерінің шөбіне де, желіне де риза болып, 
еркіндік жырындай етіп домбырасын алып күй шерткен еді. Ол 
күй еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға шейін білетін атақты 
«Сарыарқа» күйі болатын.
- Жақсы, «Сарыарқа» күйінің шығуы туралы жақсы мәлімет 
бердің. Ал, енді, өзің ойнап бер.
- Ерғалым,сен қай күй туралы мағлұмат бермексің?
- «Адай.Серпер»
Құрманғазы  жолаушылап  келе  жатып  бір  Адайдың  (бұл 
арада ру аты) үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. 
Қай  жерден,  қай  елден  келе  жатқанын,  толық  аты-жөнін 
Құрманғазы  ашық  айта  қоймай,  қазақ  әдетіндей  «сүйрей 
салмамен»  жүрген  жерінің  иттен-құстан  амандығын,  басқа 
«алды-салдының»  естілмегенін,  ат  көлігінің    аман  екендігін, 
«құдайы  қонақ»  екендігін  айтумен  тоқталады.  Үй  иелері  бір 
кезде  далаға  шығып  кетеді.  Осы  кезде  Құрманғазының  көзі 
керегенің  басында  ілулі  тұрған  үкілі  сары  домбыраға  түседі. 
Домбыраның үкісі – оның иесінің не қыз, не сал мен серінің 
бірі  екенін  ескертеді.  Ұзақ  жолдан  шаршаса  да,  домбыраны 
көрген  соң,  оны  ұстап  қарағысы  келіп  қолына  алып,  бір-екі 
қағып,  әдейі  «теріс  бұрап»  (қазақта  квинта  бұрауын  осылай 
дейді)  қайтадан  бұрынғы  орынына  іліп  қояды.  Біраз  уақыт 
өткен  соң  кемпір  мен  шал,  17-18  шамасындағы  қыз  кіреді. 
Қыздың аты – Ақмаңдай екен. Ол келісімен-ақ төрде отырған 
қонаққа  көзінің  қырын  да  салмай,  бірден  айналады.  Бір-екі 
қаққасын-ақ  домбыраның  бұрауының  өзгергенін  сезіп:  - 
Мынаған кім тиген?- деп әке-шешесіне қарайды. Олар не дерін 
білмей  «жазықты  осы  болар-ау!»  дегендей,  төр  алдындағы 
күйшіге  қарайды.  Ақмаңдай  домбыраның  бұрауын  өзгертіп, 
бір күй тартып кетеді. Ақмаңдай күйдің аяғына шыққан кезде, 

118
Құрманғазы қызға қарап: - Шырағым, күйдің шоғын тартпай, 
боғын тарттың ғой! Домбыраны бері берші!- дейді. Күтпеген 
жерден  мұндай  әңгіме  есіткен  Ақмаңдай  қалай  ұсынғанын 
сезбей де қалады. Құрманғазы бір күйді тартып болған кезде 
үй адамдары біріне-бірі сыбырлап, бұрын-соңды бұл айналада 
Ақмаңдайды  домбырадан  сүріндірмей  келгендерден  емес-ау, 
тартыс шоқтығы тым биік екен дегендей, бір жағынан жұмбақ 
қонаққа шырамытқандай, баяғы ашудан тыс жылы шыраймен 
күле қарап: - Шырағым, домбыра тартысың  біздің бұл араның 
тартысына ұқсамайды. Қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп 
еді,  сен  соның  өзі  емеспісің,  «аяқ  алысың»  әлей  екен  тым,- 
дейді.
Құрманғазы мұртынан күліп:
- Болсақ, болармыз,- деген екен. Енді үй іші болып қолқа-
лап, Құрманғазыға қайтадан домбыра тарттырып, бірнеше күн 
жатқызып,  қонақ  етіп,  сый-құрметпен  аттандырады.  Сондағы 
қыздың  тартқан  күйі  «Адай»  да,  Құрманғазының  тартқаны 
«Серпер» күйі екен дейді. Бұл әңгімені 1937 жылдың күзінде 
Алматыға бірінші рет келгенде марқұм Дина айтқан екен.
-  Ерғалым  «Серпер»  күйін  Өскемен  қаласында  өткен 
байқауда  орындап,  дипломант  атанды.  Қазір  сіздерге  де 
орындап берсін.
- Өте жақсы, тамаша, рахмет, өнерің өрлей берсін.
- Әйгерім, сен күйшінің қай күйіне тоқталасың?
- «Балқаймақ».
- Құрманғазы Жем бойынан қайтып келе жатып бір қараша 
үйге түседі. Үй жапан  далада жалғыз болады. Үйдің қасында 
бір сауулы інген боздап жүреді. Құрманғазы үйге кіргенде, бір 
бойжеткен қыз ибамен сәлемдеседі. Күйші алыстан келе жатқан 
жолаушы  екенін,  қатты  шөлдегенін  айтады.  Қыз  жалма-жан 
мосы ағашын көтеріп, күйе басқан қара шәйнекті асып, сауады. 
Інген сүтін құйып, қыз берген шай Құрманғазыға аса ұнайды. 
Шөлдеп келген жолаушы бір өзі бір шәйнек шайды еңсереді. 
Әбден  өзіне-өзі  келгісін  Құрманғазы  қолына  домбырасын 
алады. Қыз да қонағының тыныға бастағанын біліп, енді бір таза 

119
ауа жұтсын дегендей іргенің көлеңке жағын түреді. Құрманғазы 
күй шертеді. Аяқтап болған кезде қызға қарап: «Сіздің берген 
шайыңыз  әншейін  шай  емес,  маған  балқаймақтай  болды: 
Осы күйімді сізге арнадым. Балдан тәтті шай бергеніңіз үшін 
күйдің атын «Балқаймақ» қойдым,- дейді.» Сөйтіп, күйдің аты 
«Балқаймақ» аталады.
-  Балалар,  Әйгерімнің  орындауында  «Балқаймақ»  күйін 
тыңдайық.
- Күйді өз дәрежесінде ойнадың, рахмет.
- Кәнеки, Қуаныш, Құрманғазының қай күйін таныстырып, 
баяндап бересің.
- «Қызыл қайың». «Машина»
Халық  ауызында  Құрманғазының  «Қызыл  қайың»  күйінің 
шығуын  да  осы  бір  кезеңге  жатқызады.  Аңыз  бойынша 
Құрманғазы  қуғыншылардан  қашып  келе  жатқан  сапарында 
ен  далада  жалғыз  өскен  қызыл  қайыңның  бұтағын  жамылып 
отырып аман қалыпты дейді. Кейін: Менің елім де, жерім де, 
бұтам да, ағашым да – пана екен.
Анадай  қойынын  ашып,  жапырағын  жауып,  паналатқан 
қызыл қайыңға арнап едім,- деп орындаса керек. Күйшінің осы 
сапарынан туған  шығарманың бірі – «Машина».
Орынбордың  түрмесінде  біраз  уақыт  болып,  оның  үстіне 
басқа да үлкенді-кішілі қалаларды көріп, олардағы ірі өндіріс 
орыны  болмағанымен  диірмен,  ұсақ  ұлан  фабрикалар,  базар 
шуларын көріп, оның сақ құлағы солардың ішінен өзінің келесі 
шығармаларына  тақырып  іздейді.  Қазақтың  құлазыған  кең 
даласымен  салыстырады  да,  қаланың  өмір  ритмі  (ырғағы), 
қозғалысы, у-шуы, әрине, мүлдем басқа. Міне, Құрманғазының 
«Машина» күйі осы айтылған қала өмірінің суретін береді.
Арбаның доңғалағындай зырлап, тез өтіп жатқан қала өмірін 
Құрманғазы    машинаның  доңғалағының  айналуындай  тез 
жүріс ырғағымен береді. Әрине, күйде біз айтқандай турасынан 
тура сурет жоқ. Даланың асықпайтын, баяу өмір сазына қарсы 
келетін қозғалыс кейпі бар.
- Балалар, Қуаныштың орындауында «Қызыл қайың» және 

120
«Машина» күйлерін тыңдайық.
- Күйді өте тамаша және шебер, өз дәрежесінде орындадың, 
саған жетістіктер тілейміз, рахмет.
Сабақты бекіту:
- Төкпе күйдің шебері болған, асқан күйші Құрманғазы өзі 
өмір сүрген дәуірдің болған оқиғаларын көріп, күй арқылы бізге 
жеткізген.  Мысалы:  табиғат  туралы  қазақтың  «Сарыарқадай» 
кең даласын, өзінің достары жайлы, әсіресе, анасына арнаған 
көптеген күйлері бар.
Білімдерін бағалау:
Үйге  тапсырма:  «Қайран  шешем»,  «Аман  бол,  шешем, 
аман бол» күйлерін нотамен талдап, тыңдап келіңдер.
Нұрлыгүл СИСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, 
Атырау облыстық қазақ-түрік
лицейінің мұғалімі.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ    
АНАЛАР БЕЙНЕСІ
Ұлттың  өзін-өзі  сақтауы  мен  болмысын  биіктетуі  –  өзінің 
тіліне деген ниетіне, ықыласына тікелей байланысты. Қазақтың 
көрнекті жазушысы Ғ.Мүсіреповтің  «Ана тілі дегеніміз – сол тіл-
ді  жасаған,  жасап  келе  жатқан  халықтың  баяғысын  да,  бүгінгі-  
сін  де,  болашағын  да  танытатын  сол.  Халықтың  мәңгілігінің 
мәңгілік мәселесі» деп айтуында терең сыр бар.

121
Тіл  мен  әдебиет  –  қазақ  халқының  жаны,  қазақ  жанының 
қуаты.  Тіл  мен  әдебиет  –  егіз.  Егіз  болғанымен,  олар  бірінен-
бірі  айнымайтын  екі  нәрсе  емес,  шынында,  бір  нәрсенің 
айырылмайтын  екі  жағы.  Бірі  –  ұлттың  көкірегінде  қайнап 
жататын  терең  ойлар  толқыны,  екіншісі  –  соларды  жарыққа 
әсемдеп шығаратын жол.
Халқымыздың  біртуар  перзенті,  ғұлама  А.Байтұрсынұлы  – 
ана  тілінің  халық,  ел  тағдырындағы  мән-мазмұнына  терең  көз 
жіберіп: «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел 
бола алатынын ұмытпауымыз керек» деген. Ал мектептегі барлық 
пәндерден терең де баянды білім алудың негізі де ана тілін жеке 
меңгеруге келіп соғады». «Ана тілін жақсы білмейінше, – дейді 
белгілі психолог, педагог ғалым Ж.Аймауытов – басқа пәндерді 
түсіну мүмкін емес».
Әйтсе  де  халықтың  рухани  қазынасы  –  ұлттық  тіл 
қалыптастырудың бірден-бір қайнар бастауы саналатын ана тілі 
мен төл әдебиетін ата тарихтың, мәні мен мен маңызын дәлелдеп 
жатудың өзі артық. 
Ғұламалар «Әдебиет – халықтың санасы, оның рухани өмірінің 
бояуы мен жемісі» деп бағалаған. “Әдебиет тек асыл мұратпен, 
таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай” деген ұлылар сөзі 
бар. Жалпы адамзаттың әрбір жеке халықтың өмірлік тәжірибесі 
арқылы  айқындалған  қымбат  құндылықтар,  биік  адамгершілік, 
азаматтық, кісілік, Абай әспеттеген толық адамдық қасиеттердің 
сырын ашып, бағасын беретін, рухани асқарға жетелейтін асыл 
мұра - әдебиет, ал біз үшін қасиетті қазақ әдебиеті.
Балалардың  ана  тіліне  деген,  туған  әдебиетіне  деген 
сүйіспеншіліктерін    оятуы  үшін  ол  сезім  алдымен  мұғалімнің 
өзінде болуы керек.
Әдебиет пәнінің негізі – көркем шығарма. Ал, шынайы көркем 
туындыда  халықтың  арман-қиялы,  өмір  белестері,  әдет-ғұрпы, 
халық  психологиясы,  халықтың  тіл  байлығы  жинақталған, 
адамгершілік  ұғым  түсінігі  көрініс  тапқан.  Сондықтан,  ол  – 
оқушы  зердесіне  замана  келбетін,  өмір  тынысын  жеткізетін 
халқымыздың көркем тарихы – ұлттық сананы тәрбиелейтін өмір 

122
оқулығы.
Әдебиетті  талапқа  сай  деңгейде  оқыту  арқылы  баланың 
рухани  әлемін  қалыптастыру,  ізгілікке,  биік  адамгершілікке 
тәрбиелеу, ең бастысы – адам ретінде баулу – әдебиетші ұстаздың 
аса  мәртебелі  міндеті.  Сондықтан  оқушы  алдында  мұғалімнің 
мерейін биіктетер бір үлкен тұғыр бар. Ол – біздің ана тіліміздің 
әуезділігі,  әуенділігі,  сұлулығы.  Шын  мәнінде,  біздің  тіліміз  – 
көңіл  көкжиегінің  қай  биігіне  де  еркін  шарықтап  шырқай  алар 
сұңқар тіл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет