Пайдаланылған әдебиеттер:
1. З.Сабитова. Тілдердің лингвистика-мәдениеттану
феномені ретіндегі өзара әсері. А., «Жазушы», 2006,
496-б.
2. В.В.Давыдов. Теория развивающего обучения. М.,
1996.
3. А.К.Маркова и др. Формирования мотивации
учения. М., «Просвещение», 1990, 191-с.
4. А.Айғабылов. Лексиканы оқыту. / Қазақ тілін
оқыту методикасы. А., «Мектеп», 1988, 239-с.
Резюме
В данной статье рассматривается вопрос
о
психологических
аспектах
формирования
лингвистического мировоззрения учащихся на уроках
«Культура речи».
Summary
In this article considers the question of psychology
aspects in forming the pupils linguistic world out looking
on the lessons of «Culture speech».
31
Анар ИКРАМОВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
доцент міндетін атқарушы, п.ғ.к.
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИяЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУДІң ДАМУЫ
Сонау ерте заманнан адамзат баласы табиғат
қазынасын пайдаланып келгені, адамзат баласының
тарихи дамуы, ғылыми-техникалық жетістіктердің
жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара
қатынасты шиеленістіре түсуі, өндірістің дамуы, табиғи
ресурстардың азаюы, табиғаттың ластануы секілді
мәселелерді алып келді.
Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының
адамгершілік дәрежесін ашуда, ақыл-ой, сананы, сезімді
қалыптастыруда, әрине, экологиялық тәрбиеден істел-
ген, тарихи жағдайда бізге жеткен жұмыстар жетекші
орын алады. Оқу-тәрбие үдерісінде экологиялық тәрбие
беруге байланысты талаптарды ғалым-педагогтар
көрсеткен тұжырымдарды және ғылыми еңбектерді
зерттей келіп, экологиялық тәрбие беру, табиғатты
қорғау мәселесі – алға қойылған мақсатты іс болып
саналып, әр пән тұрғысынан қаралғаны, мектептен тыс
жұмыстарда қарастырылғаны, Қазақстанда табиғатты
қорғаудан қандай жұмыстар жасалғаны туралы
материалдардан көрдік.
Елбасы Н.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін
баянды ету, халықтың ұлт болып өркендеуіне жол
ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына
мүмкіндік туғызу мақсатында жасаған Жолдауында
«Адам – елдің ең басты байлығы, жастар – біздің
32
болашағымыздың негізі» екендігі туралы баса айтылып,
жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға
жауап беруі тиіс екендігіне үлкен мән берген.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау мен қалыптас-
қан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған
бірнеше заңдар мен тұжырымдар қабылданды. Ең
маңыздысы – «Қазақстан Республикасының 2004-
2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы, көпшілікке экологиялық білім мен
тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап
берді. Бұл тұжырымдама еліміздің «Қазақстан
Республикасының Конституциясы», «Білім туралы»
заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім
мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші
құжаттардың бірі болды.
Елімізде «Білім туралы» заңдарды жетілдіру және
білім сапасын әлемдік кеңістіктің білім деңгейіне
көтеру міндеті көзделіп отыр, ал бұл өз кезегінде
нәтижеге бағытталған экологиялық білім мен тәрбиенің
өміршеңдігін дәлелдейді.
«Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасында» Республика
аймақтарында
тәрбие
беру
ісіндегі
шешімі
табылмаған көптеген проблемаларды қарастыра
келіп, тұжырымдамадағы айқындалған тәрбиенің
басым бағыттарында «экологиялық тәрбиені адамның
бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған
қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи
ресурстардың
жағдайына
жеке
жауапкершілік
сезімін және адамдардың табиғатпен парасатты іс-
әрекеттерін болжайтындығы, экологиялық тәрбиенің
негізі қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын
қорғауы, елімізде экологиялық жағдай туралы
33
халықты ақпаратпен қамтамасыз етудің көзделуі»- деп
түйінделген.
Жастардың
экологиялық
ой-өрісін
дамыту,
экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің
өзектілігі күннен-күнге арта түсуде. Ғалымдардың
пікірінде экологиялық білім мен тәрбие барлық
тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік пен парызды
дамытуы қажет, себебі тіршілік ортасын сақтау мен
адамның денсаулығы қоғамдағы құндылық жүйесінде
маңызды категориялардың бірі болып саналып, олардың
еңбектерінде экологиялық проблема жалпы адами
тұрғыда қарастырылады. Сондықтан да экологиялық
тәрбие заманымыздың кешенді проблемасы ретінде
философиялық,
педагогикалық,
психологиялық,
әлеуметтік зерттеулердің объектісінен ешқашан түскен
емес. Дей тұрғанмен, қоршаған ортаның құндылығын
түсіне білген қазақ халқы табиғатты қорғауға ертеден
көңіл бөлген.Табиғатты адамзат өмірі мен тіршілігінің
бөлінбес бір маңызды бөлшегі ретінде қарайтынын
халықтың тәлім-тәрбиелік мақал-мәтелдеріндегі, аңыз-
әңгімелеріндегі, ертегілеріндегі, жырларындағы, қырық
өтірік шумақтарындағы, жұмбақ-жаңылтпаштарын-
дағы философиясынан танимыз. Экологиялық тәрбие
туралы қарастырғанда М.Қашқаридың «Диуани лұғат
ат түрік», Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбектеріне
тоқталмай өте алмаймыз. «Құтты білікте» әлем төрт
түрлі элементтерден (Жер, Су, От, Ауа) құралған,
олардың тепе-теңдігі дүниедегі заттарды бір-бірімен
үйлестіріп тұрады деп негіздесе, «Диуани лұғат ат
түрік» атты еңбекте табиғат сұлулығы бейнеленген.
Қазақстанда табиғатты қорғау заңы алғаш 1961 жылы
қабылданды. Біз осы мақаламызда табиғатты қорғау
заңынан кейінгі мектепте, мектептен тыс уақыттарда
34
жасалған жұмыстарды негізге ала отырып, мақсат-
міндеттерді қарастырдық.
1960 жылдардың алғашқы 2 жылында пионерлер
мен оқушылардың көмегімен көптеген гүлдер, жасыл
өсімдіктер отырғызылған. Оларды паразиттерден
қорғау жолын қарастырып, қолға алған. Комсомолдар
табиғатты қорғау жөнінде насихат жұмыстарын
оқушылар мен жергілікті халықтардың арасында
көптеп жүргізіп отырған. Мұндай жұмыстарға өз
еркімен табиғатты сүйетін жастар келгенін атап өткен.
Олар жергілікті халықтардың арасында насихаттауды
жүргізе отырып, өздерінің қызығушылығы мен
белсенділігін, табиғатты қорғауда саналы өмірін
арттыра түскен. Сондықтан да олар 1964 жылы жасыл
өсімдіктерді көптеп отырғызудан көзге түсті, мектеп
директоры мен биолог мұғалімдерінің көмегімен
«Жасыл жасақшылар» ұйымы құрылды. Олардың
мүшелері отырғызылған өсімдіктерді қорғау, күту,
браконьерлерді, зиянкестерді ұстау, олармен күресу
жұмыстарын жүргізуді міндетіне алды. Мұндай жұмыс
баланың табиғатты қорғауға белсенді араласуына,
өзіне және өзінің жұмысына сенімді қарауға пайдасы
тиді. Балалар мұғалімнің айтуымен жұмыс істесе де,
кейін бойларына сіңіріп, дағдыға айналдырды.
1970 жыл Лениннің мерейтойы болып, табиғатты
қорғауда табиғаттың жасөспірім достары әрі қарай
нәтижелі жұмыс істеген.
1980 жылдары жаппай қорық ашылу керектігін
көрсеткен жыл болып есептелді. Республика жерінде
ұйымдастырылған мемлекеттік алты қорық туған өлке
табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауындағы
бар байлығын сақтап, көркейту тұрғысында табиғат
қорғауды ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп қалғандығы
35
байқалды. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде алты-ақ
қорықтың болуы кімге болса да ой салады. Оның
үстіне бұл қорықтардың алып жатқан жалпы көлемі
577,2 мың га немесе бұл республика аумағының
0,21% деген сөз. Ал, мәселен туысқан Әзербайжан,
Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1-2%-ке
тең екен. Республика аумағының үштен екі бөлігін
далалы, шөл және шөлейт жерлер алып жатса да,
бізде осы аймақтарда бірде-бір қорықтың болмауы –
қынжыларлық жай. Республикамызда жер құнарын,
орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-
көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер
дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа
алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – 1980
жылдың міндеті болды. Қазақ ССР Ғылым Академиясы
Президиумының жанындағы “Қазақстандағы қорық
ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі” мәселесі жөніндегі
комиссия республикамызда әр түрлі географиялық
аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыру
туралы қорытындыға келді.
1990 жылдары оқушыларға экологиялық тәрбие
беру формалары мен әдістерін барынша кең қолдану
негізінде әрбір оқушылардың бойына үнемі оқып-
үйренсін деген қасиетті дарыту, оларға білімді өздігінше
тереңдету тәсілдерін үйрету, оқушыларды адам, тәрбие
және қоғам туралы қажетті жалпы базалар, білім
базаларымен қаруландыру – білім берудегі экологиялық
бағдарды күшейту болды.
Қазақ
орта
мектебінің
білім
мазмұнын
анықтайтын принциптер мен оған қойылатын негізгі
талаптарында: білім мазмұнының оқушының ішкі
даму заңдылықтарына, оның сыртқы дүниемен жеке
символдық жүйе “Адам – қоғам”, “Адам – қоршаған
36
орта” жүйелері арасындағы қарым-қатынастарға сәйкес
келуі болып табылды.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмысының
бірі “Атамекен” бағдарламасы негізінде жүргізілді.
“Атамекен” бағдарламасының жалпы білім беру
мүмкіндігі оқу-тәрбие кезеңінің сыныптан тыс
жұмыстарының өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
айқындайтын. Төменде тарихи мұрағат, мағлұматтарды
талдай отырып алынған жылдар арасындағы Қазақстанда
экологиялық тәрбиенің дамуын қарастырдық.
Қазақстанда экологиялық тәрбиенің дамуы .
1960-1970 1980-1990 1990-2000
Мақсаты
Табиғатты қорғау Экологиялық білім мен Табиғатты қорғау,
шаралары туралы тәрбие берудің концеп- үнемді пайдалану,
білім, тәрбие беру. циясының негізгі бағы- қайта қалыптас-
Табиғатты қорғау ты - талапқа сай білім бе- тастыру.
шараларының ріп қана қоймай, тұлға
жүзеге асуы. бойында белгілі бір қа-
сиетті қалыптастыру.
Міндеттері
Табиғатты қорғау Табиғаттың байлығын Экологиялық білім
барысында әр ба- тиімді қорғауға мен тәрбие беруді
ғытта клубтардың, мүмкіндік жасау. барлық салада
үйірмелердің ашылуы. негіздеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
37
1.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2010 ж. Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесін-
дегі тәрбие Тұжырымдамасы. А., 2009.
3. Қазақстан Республикасының «Білім Заңы», 2009.
4.А.Ш.Икрамова. Қазақстанда оқушыларға экологиялық
тәрбие берудің дамуы (1960-2000 ж.ж.)
Резюме
В этой статье рассматриваются проблемы экологического
воспитания в ВУЗе.
Summа ry
This article discusses the problems of environmental educa-
tion in university.
Гүлжиян ДЖОНИСОВА,
Батыс Қазақстан гуманитарлық
академиясының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты.
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫң
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАяРЛАУ
Қандай қоғам болмасын онда дүниеге келген баланың
бойында ұлттық рухты, ұлттық сипат пен өзіндік сананы
қалыптастыру сол қоғамдағы ересектердің, атап айтқанда,
ата-ананың, мұғалімнің міндеті болып табылады. Бүгінгі
бастауыш сынып мұғаліміне тәрбие жұмысы бойынша
қойылатын басты талап – сол тәрбие үдерісін ұйымдастыру
арқылы тұлғаның біліктілігін, өмірде кездесетін түрлі
38
жағдайларды жеңуге көмектесетін қажетті күш-жігерді,
анықталған құндылықтық бағдарларын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағ-
дарын қалыптастыру жұмысы мұғалімнің осы бағыттағы
атқаратын тәрбие жұмыстарына тәуелді. Оқушылардың
ұлттық құндылықтар туралы білімін молайтып, белгілі
бір құндылық бағалау, қатынас қалыптастыру үшін
мұғалімнің шығармашылық сипаттағы іс-әрекеті, тұлғалық
бағыттылығы, рефлексиялық қабілеттілігі мен осы жұмысқа
дайындығы ерекше рөл атқарады.
Оқушының тұлғалық жетілуінде оның өзін ұлт өкілі
ретінде сезінуі отбасы көлемінде ғана емес, мектепте,
қоғамдық орталарда көрініс тауып отырады. Баланың
адамдармен қарым-қатынасының ұлттық құндылық негізде
болуы қандай құндылықтардың ең басты құндылық ретінде
ұғынылатынына байланысты.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушының психикалық
қасиеттерінің өзгеріске ұшырауымен қатар, әлеуметтік
статусының да өзгеруімен ерекшеленеді. Енді ол ойын
баласы емес, оқушы болды. Бұл жастағы балалар сөз бен
іс-тің сәйкесті болуын талап етеді, жөнсіз кінәлаудан жерке-
ну сезімі туады, үлкен адамдардың жіберген қателерін тез
байқайды, арманшыл, қиялшыл болады, өзіне сенімді серік
іздейді, т.б. Осы кезеңде тұлға бойында жалпы мәдениеттің
негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады,
дербестілігі дамиды. Бастауыш мектеп жасы құндылық
бағдар қалыптастыру жұмысын тиімді іске асыру үшін
біршама мүмкіндіктердің бар екендігімен ерекшеленеді.
Балалардың осындай қасиеттері ретінде эмоциялық көңіл-
күй көтеріңкілігі, сыртқы әсерлерге берілгіштік қасиеттері,
жағымды құндылықтар әлеміне бағытталғандығы сияқты
ерекшеліктерін қарастыруға болады.
Сондай-ақ, бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда жас
ерекшелігіне сәйкес мынадай жаңа құрылымдардың да
39
маңызы зор деп есептейміз:
- білімді қажетсінуі және жаңа әсерлерге деген
қажеттіліктері;
- тұлғаның жоғары эмоциялық-мотивациялық аясы;
- қарым-қатынасқа түсуге даярлығы;
- әлеуметтік әрекеттерді және әлеуметтік рөлдерді
меңгерудегі жетістіктері.
Бастауыш сыныптарда қаланған құндылық негіздер бала
тұлғасының бұдан кейінгі жас кезеңдеріндегі қалыптасуына
әсерін тигізетіндігі туралы В.В.Давыдов, В.С.Мухина сынды
ғалымдар еңбектерінде жазылған [4, 5]. Алғашқы кезекте
баланың жас ерекшелігіне сәйкес, ұғына алатын, меңгеруге
мүмкіндігі жететін ұлттық құндылық таным-түсініктерінің
көлемін анықтаудың маңызы зор. Ұлттық құндылықтарды
тану адамның іс-әрекетін белгілі бір деңгейде бағыттап,
әлеуметтік тәртібін анықтайды.
Ұлттық құндылық бағдар қалыптастыруда оқушы-лардың
балабақша қабырғасынан қалыптасып келген еліктегіштік,
әсершілдік, белсенді іс-әрекетке құш-тарлық сияқты
қасиеттерін ұлттық құндылық бағдар қалыптастыруда
есепке ала отырып, жасы есейген сайын ол қасиеттерді
дамыта түсуге, ал бұрын қалыптасып қалған ұнамсыз
әдеттерді жоюға бағытталған жұмыс түрлері оқу үдерісі
барысында жүзеге асырылды.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық
бағдарын қалыптастыруда мұғалім төмендегідей міндеттерді
жүзеге асыруы тиіс:
- бастауыш сынып оқушыларына қазіргі уақыт тала-бына
сай, қоғамымыздың саяси дамуына жауап беретін ұлттық
құндылықтар жөніндегі таным-түсініктерінің жиынтығын
меңгерту (білімділік, ақпараттық);
- оқушылардың өздерінде қалыптасқан дүние-танымдық
қағидалар негізіндегі қоғамның әлеуметтік құндылық
идеяларына бағытталған, ұлттық құндылық бағалауын
қалыптастыру (қатынас, эмоциялық);
40
- бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде ұлт-
тық құндылықтарды меңгеруінің нәтижесі ретіндегі
оқушылардың
әлеуметтік
құнды
біліктіліктерін
қалыптастыру (әрекеттік).
Бастауыш сыныптарда бұл жұмысты жүзеге асырудың
төмендегідей мүмкіндіктері айқындалып отыр:
- ана тілі, дүниетану және музыка сабақтарындағы ұлттық
құндылықтарға бағыттап отыратын шағын мәтіндерді
таңдап, талғап пайдалану;
- арнайы факультатив курсын жүргізу;
- сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру;
- электронды оқу құралын пайдалану.
Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларын қоғам талабына
сай біліммен қаруландыра отырып, әлеуметтік тәжірибені
меңгертуді көздеген оқыту технологияларын орнымен
қолдана алатын мұғалімнің оқыту іс-әрекеті мен оқушының
оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Осыны ескере отырып,
бастауыш сыныптарда «Құндылық бастаулары» атты
факультатив курсын жүргізуді ұсынамыз.
Қай уақытта да білім берудің міндеті оқушылардың білім,
білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, оның тұлғалық
жетілуі тұрғысынан да қарастырылады. Бұл ретте біз
ұсынып отырған факультатив курсының тиімділігі тәжірибе
барысында анықталып отыр.
Өзің мен өз халқың арасында өзара рухани байланыс
орнату, ұлттық мәдениетке тән болу сезімінен әсерлену, оның
құндылықтарын өзінің санасында қабылдау, өзіндік пікір
қалыптастыру – баланың құндылық бағдарын оқу-тәрбие
үдерісінде жүзеге асыра отырып, қол жеткен нәтижелер
демекпіз. Біз таңдаған тәрбие сағаттарының мақсаты –
оқушылардың Отан, туған жер, отбасы, ана тілі, ел тарихы,
рәміздері туралы түсініктерін кеңейте түсу арқылы белгілі
бір құндылық қатынас қалыптастыру. Соның нәтижесінде
ұлттық құндылықтарды тани білетін, оларға ұмтылатын,
оларды таңдайтын өзіндік сана-сезімі жетілген тұлғаны
41
тәрбиелеу. Олай болса, бастауыш сыныпта жүргізілетін
тәрбие сағаттарының негізгі бағыттарын төмендегідей
топтастыруға болады:
•
Отан, туған жер, отбасы, ана тілі, ел тарихы, рәміздері
туралы қызықты мәліметтермен, ақын-жазушылардың
шығармаларымен таныстыру арқылы бұл ұғымдардың мәнін
ашу, білімін тереңдету;
•
Осы ұғымдардың құндылығын түсініп, бағалауға
үйрету, сыни ойлауын жетілдіру;
•
Ұлттық құндылықтарды тануға, таңдауға мүмкіндік
туғызу;
•
Ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың
белсенділігін арттыру, тұлғалық жетілуін қамтамасыз ету.
Отан, туған жер, ана тілі, ел рәміздері туралы түсінікті
1-сыныптан бастап таныстыруға бағытталған жұмыстардың
кешенді жүйесі құрыла отырып, оқушылардың бұл
түсініктерді біртіндеп тереңдету мүмкіндіктері ескеріледі.
Психологтардың тұжырымдары бойынша, бастауыш
сынып оқушылары сыртқы әсерді тез қабылдағыш, ай-
тылған нәрсенің шынайылығына иланғыш, адамгершілік
нормалардың қажеттігіне сенгіш. Сондықтан оқушыларға
берілетін мәліметтер өмірмен байланысты, күнделікті
тұрмыста басшылыққа алу мүмкіндігі бар дүниелер болғаны
жөн. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық
қатынасы ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарасы, туыстық
парызды ұғынуы, ұлттық намыс, достық, жолдастық, ар, ұят
сезімдері арқылы және ана ті-лін қастерлеуі арқылы көрініс
тауып отырады. Сондықтан ана тіліне деген саналы көзқарас
қалыптастыруға көмектесетін тәрбиелік шараларды түрлі
формаларда ба-ла тәжірибесі мен мүмкіндігін ескере отырып
жүргіземіз.
Сыныптан тыс өткізілетін шаралардың мақсаты –
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін
ескере отырып, күнделікті өмірде болып жатқан дүниелерге
қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтар туралы
42
білімдерін жетілдіру, ұлттық құндылықтарға бағыттау.
Сонымен қатар, рухани жетілуіне мүмкіндік беріп, ұлтымыз
қастерлейтін адами қасиеттерді санасына сіңіру арқылы әр
оқушының өзін-өзі тәрбиелеуінің мүмкіндіктерін кеңейту.
Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына отбасы
құндылықтарын меңгертуді жүйелі түрде, кешенді жүр-
гізуді қамтамасыз ететін бағдарлама жасақталды. Не-ғұрлым
кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылса, со-ғұрлым
тұлғаның ұлттық құндылықтар әлемі байи түседі.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық
бағдарын қалыптастыруда тиімді әдістер деп рөлдік
ойындар, пікірсайыс, бейне-әдіс, этикалық жағдаяттар,
өнеге-үлгіні ұсынамыз. Мұғалім мен оқушының атқаратын
іс-әрекеттерін талдай келе, олардың өзара белсенді әсерін
ақпараттық технология арқылы қамтамасыз етуді көздейміз.
Мұғалім ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысында
электрондық оқу құралын көмекші ретінде пайдалану
нәтижесінде балалардың қызығушылығын, ақпараттарды
бағалау іскерлігін жетілдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамы-тудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
(өзгертулер және толықтырулармен 2008 жылдың 10
наурызында берілген), Алматы, 2008.
2.
К.Ж.Қожахметова.
Теоретико-методологические
основы казахской этнопедагогики: дисс...док. пед. наук. А.,
1998, 431-с.
3. С.М.Төрениязова. Бастауыш мектеп оқушыларын
сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың
педагогикалық негіздері. П.ғ.к. автореф. А., 1999, 22-б.
4. Г.Қ.Джонисова. Құндылық бастаулары. Факультатив
курсының бағдарламасы. Орал, 2006, 12-б.
43
В мире педагогики
Раушан КАМЕТОВА,
педагог.
г.Актау.
СЮЖЕТ И КОМПОЗИцИя
В ЛИРИчЕСКИХ цИКЛАХ
Н.чЕРНОВОЙ
Лирические циклы (в дальнейшем - ЛЦ) совре-
менного казахстанского поэта Надежды Черновой,
опубликованные в её книге стихов и эссе «Картины
бытия» (1), организованы, преимущественно, сюже-
тами воспоминаний. Приблизительно с 2000-х годов
ностальгия по безвозвратно ушедшим становится
доминирующей в тематике, образности, сюжетике
и интонации стихов поэта. Эволюцию творческого
мироощущения очень точно «прокомментировала»
поэт Л.Шашкова: «...Надежда Чернова выходит на
совершенно новый уровень постижения бытия... И
здесь существенен не столько ... развал огромной
державы, утрата общего культурного и литературного
поля... За эти глубины в поэзии ... дорого заплачено. Но,
лелея и любя свои потери, не расставаясь с ними, душа
её умиротворяется, расцветает и крепнет...» (1, с.4).
Какая же литературная форма, как не поэтический
цикл, может наиболее полно отразить картину бытия,
собранную по крупицам памяти? Названия циклов
информируют в первую очередь о типе ведущей
сюжетики: «Благодатный дом», «Былые дни», «Сны
над бездной», «Звезда Марии (фантазии о Пушкине)».
44
Прихотливые ассоциации «ведут» лирическую
героиню по лабиринтам памяти. Интересно построен
в этом отношении ЛЦ «Благодатный дом». Сюжет
цикла образует череда конкретно-биографических
воспоминаний, где есть место бытовым деталям,
географическим наименованиям, картинкам из детства:
...о том поет Иртышская вода (1, с.7),
...в горах золотого Усть-Камня... (1, с.20),
...Белый конь с холодной кличкой Север... (1, .14).
Примечательно, что художественный мир данного
произведения пытается уравновесить, признать
одновременность существования двух реальностей:
прошедшей и настоящей. Об этом свидетельствует
рефлексия лирической героини в режиме так
называемого «реального времени», то и дело
нарушающая течение сновидческих событий:
Пьет чай семья: отец и мать, и дети,
И тетушки приезжие – на свете
Ещё нас много, мы ещё родня... (1, с.6),
Помимо реалий одной судьбы хронотоп цикла
Н.Черновой определяют и исторические события,
значимые для каждого современника ХХ века.
Каждый текст в сжатом виде отображает масштабный
исторический ряд событий. Если это стихотворение
о детских воспоминаниях, то в кульминации
его информация-картинка – ядерный взрыв на
Семипалатинском полигоне (текст 5); или реалии
1950-х годов; или портрет Сталина, под взглядом
которого детям приходилось отбывать наказание в углу.
Собранный из 22-х пронумерованных стихотворений,
контекст имеет выраженную кольцевую композицию:
первый и последний тексты между собой тесно связаны
45
образами, темами, мотивами. Первое стихотворение
задает «ключ» к пониманию контекста, последнее
– обобщает, «закругляет» сюжет. Примечательно,
что элегическая и радостно-сонетная тональности
равно сопряжены в строках первого и последнего
стихотворений.
Традиционно структура построения лирического
цикла определяется семиотическим знаком круга
(М.Дарвин) или спирали (Ж.Толысбаева). Сюжет
каждого цикла образует движение по звеньям спирали:
так в каждом стихотворении, входящем в циклический
контекст, манифестируется идея незавершенности,
открытости событийного ряда. В сюжетопостроении
ЛЦ Н.Черновой проявляется настойчивое желание
поэта «закруглить», гармонизировать художественное
пространство в каждом отдельном стихотворении.
О чем бы ни размышлял автор, к каким печальным и
даже трагическим страницам истории ни обращался,
он всегда радостно итожит эту картину бесконечного
бытия:
...И вновь трава сырая
Ликует летним бесконечным днем... (1, с.7),
...Июль продолжался в огне золотом.
И сани взлетали кленовою птицей! (1, с.19)
Так циклический контекст выражает самую важную
мировоззренческую ипостась поэта Н.Черновой – её
абсолютное доверие жизни во всех проявлениях.
Достарыңызбен бөлісу: |