ҰЛАҒат мамыр



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата06.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11184
1   2   3   4   5   6   7   8   9

өнер.  Жасөспірімдерді  музыка  әлемін  түсініп  қабылдауға, 
талғампаздығын  тәрбиелеуде,  эмоциялық  сезімталдығын 
қалыптастыруда,  білімді,  мәдениетті  болып  өсуіне  әсер 
етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орыны ерекше. 
Тәрбиенің  басты  саласының  бірі  –  эстетикалық  тәрбие. 
Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, зерттеу 
салалары – табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалау 
және  түсінуге  тәрбиелеп  оқыту.  Ал,  музыка  тәрбиесі
әдістемесі, әсіресе, әдебиет, бейнелеу өнері, тарих пәндері-
мен  тікелей  байланысты.  Тек  осындай  өзара  сабақтастық 
болғанда  ғана  жас  жеткіншектерді  биік  мәдениетті,жан 
дүниесі  бай,  ой  парасаты  кемелденген,  білімді  маман  етіп 
тәрбиелей аламыз. Балалардың  музыкалық өрісін кеңейтіп, 
талғамын  тәрбиелеуде    алған  репертуардың  (шығарма,  т.б) 
мәні  өте  зор.  Оқушыға  берілген  шығарманы    тәрбиелік 
принциптік  жағдайда  үйрету  қажет.  Мысалы:  1.  Саналық 
принципі.  2.  Көрнекілік  принципі.  3.  Қызығушылық  пен 
белсенділік принципі. 4. Ұғымдылық принципі. 5. Жас және 
жеке ерекшеліктерін ескеру принципі. 6. Білімнің берік болу 
принципі. 7. Ғылыми принципі.
Музыка тәрбиесінің теориялық негізі музыкатану болып 
табылады.
Егер  жас  бүлдіршін  кішкентайынан  музыканы  шын 

77
ықыласпен тыңдап, түсіне білсе, ән салып, би билесе, ұлттық 
аспаптардың бірінде ойнауды үйренсе, онда ол рухани ләззат 
алып,  өмірге  деген  көзқарасы  қалыптасып,  шынайы  биік 
армандар мен мақсаттарға ұмтылып, өнерлі де тәрбиелі адам 
болып өсері хақ.
 Музыка мен ән-күй балалардың мінез-құлқына, пейіліне, 
сезіміне өте үлкен әсер етеді.
Гүлзада АСҚАРБЕКОВА,
«Шәлкөде» орта мектебінің 
шағын орталық тәрбиешісі.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ  
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі  кезеңде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 
беру  жүйесінің  жаңаруына  жан-жақты  жетілген,  ұлттық 
психологиялық  нышандары  қалыптасқан,  рухани  байлығы 
дамыған  ертеңгі  азаматты  тәрбиелеу  –  балабақшалар  мен 
мектепке  дейінгі  шағын  орталықтардың  үздіксіз  жүзеге 
асыратын міндеттері екені баршаға аян.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты 
–  баланың  белгіленген  шеберліктері  мен  дағдыларын 
дербестік  тұлғаны  белсендіретін  дамытудың  барлық  
түрлерін,  айналадағы  іс-әрекеттерді  тануға  деген  тұрақты 
ықыласын қалыптастыру.
Мектепке дейінгі шақта өз-өзіне баға беруді қамтамасыз 
ету,  танымдық  үрдістерін,  қызығушылықтарын  дамыту, 
баланың  жеке  тұлғасын,  жеке-даралығын,  әлеуметтенуін 
қалыптастыру, түсініктері мен мінез-құлықтарын дамыту.

78
Педагогтар  іс-әрекетіндегі  негізгі  мақсат  –  балалардың 
жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Жеке тұлға қалыптасуының бірінші фазасы: адам топтағы 
(адамгершілік, оқу, өндірістік) нормаларды меңгермей, жеке 
өз мұқтаждығын іске асыра алмайды.
Екінші  –  жекешелендіру  фазасы.  Мысалы,  адам  жаңа 
ұжым  ішінде  алдымен  бөлектенбей,  сол  ұжымның  қарым-
қатынас нормаларын меңгеруге тырысады.
Үшінші  –  интеграция  фазасы.  Тұлғаның  өзін  жақсы 
көрсетуге  тырысуы  және  тұлғаны  қоршаған  ұжымның 
өздеріне ұнаған құндылықтарын қабылдау қайшылықтары.
Жеке  тұлғаның  осындай  даму  фазалары,  яғни,  оның 
біртіндеп,  адымдап  басып  ұзақ  мерзімге  жылжу  үрдісі. 
Сонымен,  тұлғаның  даму  үрдісі  әр  жас  сайын  өзгеріп 
отыратын топтарда қалыптасады. Жеке тұлғаның, баланың 
дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады. Балаға 
оны сезінуге түрлі ойындар көмектеседі.
Бағдарлама  бойынша  өтілетін  әрбір  сабақтың  кіріспе 
бөлімі  топты  бірлескен  іс-әрекет  жасауға  бағыттайды.  Іс-
әрекеттің негізгі түрі – амандасу, есімдерімен танысу ойыны, 
тыныс алу жаттығулары жасалады.
Сабақтың  негізгі  бөлігі  баланың  эмоциялық-тұлғалық, 
танымдық  саласын  дамытуға,  түзетуге  арналған  этюдтар, 
айналамен таныстыру, жаттығулар мен ойындардан тұрады.
Бала  сабақтың  қаншалықты  ұнағанын,  көңіл-күйін  
сурет  салу,  түспен  ажырату  арқылы  немесе  құрбысының 
жетістіктерін  атау  арқылы  білдіреді.  Жақсы  баға  баланы 
талпындырады,  сенімділік  туғызады.  Ұжымда  іс-әрекет 
рөлі  артады.  Жалпы,  танымдық  қуанышы,  жаңа  бірлескен 
жетістіктері өседі.
Сабақ  соңында:  балалар  шаршап,  зейіндері  тұрақсыз 
болмауы үшін тыныс алу жаттығулары, қимылды ойындар 
жүргізіліп отырады.

79
Өз  іс-тәжірибемде  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
бағытында балалардың белсенділігін, сапалы ойлауын, тілін 
дамыту үшін халықтық педагогикалық модульді пайдалана 
отырып,  шығармашылығымды  арттырамын.  Ұлттық  ойын 
және дамытушы ойындар: «Бес тас», «Сиқырлы асықтар», 
«Бәйге» ойындары арқылы ұлттық салт-дәстүрді де қамтып 
өтемін.  Халық  мәтелінде  «Баланы  ойын  өсіреді»  деген 
сөз  бар.  Ойынды  шағын  орталықтағы  баланы  алдандыру, 
ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың 
көзқарасын,  мінез-құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  
бағалауға болады.
Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  бағытында  ұлттық 
ойындарды пайдалану – елді таныту бағытындағы жұмыстың 
бірі.
Гүлдариға КЕНЖЕБАЕВА,
Абай атындағы Қазақ  ұлттық
педагогикалық университетінің 
аға оқытушысы, п.ғ.к.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІң 
ҚАЙНАР КӨЗІ  – ҰЛТТЫҚ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
Кез  келген  ұлттың  толыққанды  ұлт  болып  қалыптасып 
дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және 
ұлттық  мүддесі  болуы  керек.    Олай  болса,  ұлттық  сана, 
ұлттық  құндылық,  ұлттық  мүдде  деген  ұғымдарға  талдау 
жасайық.    Біріншіден,  ұлттық  сана  дегенде  біз  ұлттық  
идеология,    психология,  менталитет,  патриотизм,  тәрбие 
мәселелеріне тоқталуымыз қажет.

80
Өткенімізге  көз  жүгіртсек,  қазақ  халқы  өз  алдына 
дербес  мемлекет  болып,  көшпенді  өмір  сүргенде  рулық 
сана  басым  болды.  Ата-бабаларымыздың  аталас,  рулас 
болып  топтасып  өмір  сүруі  Ресейге  отар  болғаннан  кейін 
де  жалғасты.  Тек  жиырмасыншы  ғасырдың  бас  кезінде 
большевиктік  жүйенің  басымдығы,  тоталитарлық  жүйенің 
интернационалдық идеологиясының салдарынан рулық сана 
әлсіреп,  космополиттік  сана  күш  ала  бастады.  Сондықтан 
ұрпақтарымыздың  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңіріп, 
ел  қамын,  жер  қамын  ойлайтын  азамат  етіп  тәрбиелеуіміз 
керек.  Ұлттық  тәрбиені  ұрпақ  бойына  дарытуда  Елбасы 
Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: 
«Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашыса,  азаматтық 
намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз  мемлекетінің 
нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек 
ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».
Ұлттың  ұлт  болып  қалыптасып  дамуы  үшін  ұлттық 
құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа – 
ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, 
салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым 
бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады 
және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, 
өзені мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының  аңыз-
әңгімелеріне, өлең-жырларына,  шығармашылығына  арқау 
болған.  Соның  негізінде  қазақ  халқы  өз  алдына,  тәуелсіз 
мемлекет  болып  өмір  сүргенде  оның  тілі,  мәдеинетімен 
қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған. 
Біздің  ұлттық  мұрамызда  халықтың  ғасырлар  бойы 
басынан  өткерген  тарихи  тағдыры,  арман-мұраты,  мұң-
мүддесі жатыр.
Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде ұлттық өнер 
ерекше  дамыған.    Өнердің  дамуы  сол  ұлттың  күнделікті 
өмір салтына байланысты  халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі 
қажеттіліктен  туындайды.  Сол  сияқты  күнделікті  тұрмыс 

81
қажеттілігінен  туындаған  қолөнерін  айтуға  болады.  Оның 
ішінде  –  ағаштан,  теріден  жасалған    ыдыс-аяқ;  жүннен, 
теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, 
алтын,  күмістен  жасалынған  зергерлік  бұйымдар;  кілем, 
алаша тоқу, киіз басу, т.б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани 
мәдениетіне  байланысты  –  сөз  өнері,  күй  өнері,  сән  өнері 
сияқты өнердің басқа да түрлері жоғары дәрежеде дамыған. 
Осы  асылдарымыз  қазақ  халқының  бірнеше  ғасыр  бойы 
Ресейдің  бодандығында  болып,  өмір  салтына  өзгерістер 
енгеннен  кейін  (қазақтың  төл  ұлттық  қолөнері)    басқа 
рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, 
көбі ұмытылып кетерлік күйге жетті. 
Қазақ  халқының  рухани  мәдениетінің  бірі  –  музыка 
өнерінің  алатын  орыны  ерекше.  Себебі,  музыка  халық 
өмірінің әр кезеңінің тыныс-тіршілігінен хабар береді. Халық 
ән-күйдің әуен-сазы арқылы өзінің күнделікті өмір салтын, 
тарихи уақиғаларды келесі ұрпаққа жеткізіп отырған. Жаңа 
шыққан  ән-күй  халыққа    ұнап,  адамдардың  жүрегіне  жол 
тапса,  ол  өнерді  шебер  орындайтын  талант  иелерін  халық 
өте  жоғары  бағалап,  үлкен  құрмет  көрсетіп,  оларды  «Сал-
сері» деп атайтын болған.
Ұлттық  құндылықтарымыздың  бір  тармағы  –  дәстүр. 
Дәстүр – ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін 
өрнектеп,  көрсетіп  тұратын  сипаттардың  бірі.  Алдымен 
«дәстүр» сөзінің мағынасын біліп қойғанның еш артықтығы 
жоқ.  «Дәстүр» арабтың «дүстүр» деген сөзінен парсы тілі 
арқылы  келген  сөз.  Егер  мағынасына  үңілсек  «орныққан», 
«тұрақты»  деген  мағынаны  білдіреді.  Сондықтан 
ұрпағымызға  сәби  кезеңінен  бастап  ата-анасы,  ұстаздары 
олардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ұлттық 
дәстүрлерімізді бойына дарытып отыруға міндетті.
Ұлтымыздың  келесі  құндылықтарының  бірі  –  спорт. 
Қазақ  халқы  бұрын  көшпенді  мал  шаруашылығымен 
айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген 

82
спорттың түрлері қалыптасқан. Көбіне ол ойындар жылқы 
малымен байланысты – бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, 
теңге  алу,  т.б.  болды.  Сол  сияқты,    қазақша  күрес,  жаяу 
жарыс,  асық  ойындары,  ойлау  қабілетін  жетілдіретін 
тоғызқұмалақ,  т.б.  ойындар  болды.  Осылардың  ішінде 
ұлттық  ойындар  жайында  қазақтың  ағартушы  ғалымы 
Ж.Аймауытов:  «...Баланың  жасындағы  икемдігі  сыртқа 
шығуға  ақылға  сыймайтын  ырымшылдық  бөгет  қылады. 
«Жер  қазба,  қора  соқпа,  жаман  сұмдықты  бастама»  деп 
кейбіреулер  баланы  ойыннан  тыяды.  «Қарақұлақ  ойнаса» 
қасқыр  келеді  деп  сұмдық  көреді.  Тіпті  асық  ойнағанды 
әуейілік  деп    тыятындар  бар.  Мұның  бәрі  баланың 
еліктегіштігінен,  іске  икемділігінен  туады,  үлкен  кісі  не 
істесе, бала да соны істеймін деп талпынады. Балаға «жер 
қаздырмаймын», «қарақұлақ» ойнатпаймын десе, үлкендер 
құдық қазып, мал суармасын. Қасқырдан мал күзетуді қою 
керек.  Әйтпесе,  баланы  тыю  жолы  емес,  асық  ойнаудың 
сан,  есеп  үйренуге,  денесі  оңтайлы  болуға,  ұйымдасуға, 
қоғамдық,  әділдік  сезімін  күшейтуге  зор  пайдасы  барын 
білген әке-шеше еш уақытта ойыннан тыймас еді...»,–дейді. 
Ғалымның  ойын  ары  қарай  сабақтар  болсақ,  спорттық 
ойындар  тек  дене  шынықтыру,  денсаулықты  күшейту  ғана 
емес, қоғамдағы адамның сана-сезімінің өсуіне ықпал етеді, 
саяси  көзқарасы  қалыптасады,  бүгінгі  техникалық  артта 
қалушылықтың  орынын    толтырып,  адамдармен  қарым-
қатынас жасау, белгілі бір ортада өзін еркін сезіну дағдысы 
қалыптасатындығы сөзсіз.
Ұлттық  тәрбиенің  қайнар  көзінің  бірі  –  ұлттық  мүдде.  
Ұлттық  мүдде  дегеніміз  –  сол  ұлттың  рухани,  әлеуметтік, 
қоғамдық  дамуында  шешуші  рөл  атқаратын  оның  басты 
белгілері.  Бүгінгі  күні  қазақ  халқының  мемлекет  құрушы 
ұлт ретіндегі басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің нығаюы, 
жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, 
салт-дәстүріміздің, тіліміздің өркендеуі. 

83
Сондықтан  осындай  ауыр  жүк  арқалаған  ұлттық 
мүддемізді  болашақ  жас  ұрпақ  бойына  сіңіру  –  ұстаздар 
алдындағы  абыройлы  міндет.  Ол  үшін    ұстаздар  өз  пәнін 
теориялық  тұрғыдан  жетік  білумен  қатар,  өз  ұлтының 
ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан ұлттық тілін, ділін, дінін, 
болмысы  мен  психологиясы,  менталитетін  терең  меңгеріп, 
ауыз  әдебиеті  үлгілері  мен  ақын-жазушылардың  көркем 
шығармаларындағы  айтылған  айшықты  ойларын  сабақ 
үрдісінде де, сабақтан тыс жұмыстарда да үнемі басшылыққа 
алып,    түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  білім  алушылардың 
бойына дарытып отыру керек. Оған дәлел Ж.Аймауытовтың 
төмендегі айтқан ой-тұжырымы болмақ: «Ұлтын шын сүйіп, 
аянбай  қызмет  қылған  азаматы  көп  жұрт  күшті,  өнерлі, 
білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елітіп 
отыр.  Ұлт  үшін  қызмет  қылмай,  бас  қамын  ойлап  жүрген 
азаматтардың елі артта қалып отыр... «...Естеріңізде болсын: 
қара  халықтың  мәдениетті  болуынан  мәдениетті  кісінің 
қазақ болуы қиын. Баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, 
қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін 
алған бала ұлт қызметкері бола алмайды».  
Ғалым Мұхтар Арын белгілі бір ұлттың өкілі болу үшін 
адам  бес  түрлі  шартқа  сай  болу  керек  дей  келіп,  оларды 
таратып  айтып  береді:  «...Грек  ғұламаларының  айтуына 
қарағанда, адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін 
айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі тиіс. 
Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білу қажет. Екіншіден, 
сол  ұлттың  дінін  терең  меңгерген  жөн.  Үшіншіден,  сол 
ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіру тиіс. Төртіншіден, сол 
ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, 
сол ұлт мекендеген жердің ой-шұқырын жақсы білуі парыз...» 
дей  келіп,  осылардың  ең  бастысы  тіл  екендігін  былайша 
түйіндейді: «...тіл дегенің  – адамның ойын құраушы органы 
болғандықтан, бүкіл ойға байланысты дүниенің бәрі тілден 
басталады. Демек, математиканы оқысаңыз, мейлі физиканы, 

84
химияны болсын, кез келген пәнді немесе ғылымды игеремін 
дейтін  болсаңыз,  ең  бірінші,  соны  игеруге  пайдаланатын 
құрал – тіл. Осылайша, тіл – ғылымға апаратын жол сияқты. 
...Ұлт  пен  тіл  –  ешуақытта  ажырамайтын,  бірімен-бірі 
кірігіп,  бөліп  алуға  болмайтын  нәрсе.  Ұлттың  ең  негізгі 
қасиеті  –  қабілетінде,  ал  қабілет  ойлаумен  байланысты, 
өз  кезегінде  ойлау  деген  нәрсені  құрайтын    –  тіл.  Осыдан 
тиісті қорытындылар жасауға болады. Ұлттың рухы тілдің 
мазмұнын  рухтандырып  тұрады.  Рухсыз  тіл  –  тіл  емес. 
Мысалы, дүние жүзінде жасанды тілдер бар.
Ұлттық  рухтың  ең  бір  абыройлы    қызметі  –  тілді  
рухтандыру.  Тілдің  рухты  бойына  сіңіріп  алып,  ұлттық 
дүниетанымдық,  психологиялық,  басқа  да  толып  жатқан 
ұрпақтан-  ұрпаққа  беріліп  жататын  қажетті  қасиеттерін 
бойына  жинаушы,  кезең-кезеңімен  кейінгі  ұрпаққа 
жеткізуші құралға айналатын себебі де сондықтан. Ұлт пен 
тілді ажырату мүмкін емес». Осы пікірмен сабақтас классик 
жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Бұл  дәуірде  өз  тілін,  әдебиетін 
білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес 
деуге де болады, себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса, 
рухани ой-тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Тегінде, қай 
мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент 
дәрежесіне жету үш әдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт.  
Ана  тілінен  бірнеше  жағдайлар  себеп  болып  ажыраған  ел 
«азған» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша 
бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып 
кеткенін  тарихтан  кездестіруге  болады.    Ондай  сормаңдай 
ел  бұрынғы  кезде  аз  болмағандығына  тарихта  дәлелдер  аз 
емес», – дейді. 
Алаш  ардақтыларының  бірі  Жүсіпбек  Аймауытов: 
«Ана  тілін  біліп  тұрып,  бөтенше  жақсы  сөйлесең,  бұл  – 
сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, 
бұл  –  күйініш»  деп,  өзінің  ұлт  тіліне  деген  құрметін, 
жанашырлығын білдіреді. 

85
Әрине, 
қазіргі 
қоғам 
дамуында, 
ақпараттық 
информациялар  легінің  көп  кезеңінде,  әлемдік  қарым-
қатынас заманында, үш тұғырлы тіл ұраны көтеріліп тұрған 
кезеңде көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен, алдымен өз 
тілімізді терең меңгеріп, жанашыры болуымыз керек-ақ. Бұл 
жөнінде Елбасымыз Н.Назарбаев еліміздің бас газеттерінің 
редакторларымен  кездесуінде:  «Қазақ  тілі  үш  тілдің  біреуі 
болып  қалмайды.  Үш  тілдің  біріншісі,  негізгісі,  бастысы, 
маңыздысы бола береді» деп, мемлекеттік тілдің басымдығын 
айқындап берді. Бір Елбасының айтқан осы  пікірін ата-ана 
да, мектеп мұғалімдері де біржақты қабылдайтыны өкінішті. 
Ең бастысы қазақ тілін жетік білу, оны қадірлеу, өзгелерге 
сыйлата  білу  отбасынан  бастау  алады.  Сондықтан  ата-ана 
баласының  ұлт  тілін  ұлықтауға  ерекше  қызмет  етуі  тиіс. 
Сонда ғана тіліміз  өз мәртебесіне ие бола алады. 
Ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Орысша  оқығандар 
орыс  сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген,  ноғайша 
оқығанда  ноғай  сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген. 
Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол 
нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас 
үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде 
жазу-сызу  үйретіп,  өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын 
танытып,  балалар  әбден  дағдыланғаннан  кейін  басқаша 
оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, 
өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша 
оқытуға  тиіспіз»  деп  ұрпақтың  ұлттық  тәрбие  алуының 
негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте 
қолданған  тіл  елге  ақырында  сіңбей  қалмайды.  Мектеп 
пен  баспаның  тілі  дұрыс  тіл  болса,  елдің  тілін  көркейтіп, 
байытып,  гүлдендіреді;  мектеп  пен  баспада  қолданған  тіл 
шатасқан  тіл  болса,  ол  ел  –  сорлы  ел,  мұндай  елдің  тілі 
бұзылмай қалмайды»  деп  тілдің сақталуы мен дамуындағы 
мектептің ерекше рөлін атап өтеді.

86
Ұлттың  болмысын,  басқалардан  ерекшелендіріп  тұра- 
тын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерле-
рі әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, 
А.Байтұрсынұлы  «Ұлттың  сақталуына  да,  жоғалуына  да  
себеп  болатын  нәрсенің  ең  қуаттысы  –  тіл.  Сөзі  жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын 
дегендер,  әуелі  сол  жұрттың  тілін  аздыруға  тырысады. 
Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз 
ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар 
ойлауымыз  керек»  десе,  М.Шоқай  «Ұлттық  рухтың  негізі 
–  ұлттық  тіл»,  М.Жұмабаев  «Ұлттың  ұлт  болуына  бірінші 
шарт  –  тіл.  Ұлт  үшін  тілінен  қымбат  ешнәрсе  жоқ»  деген 
құнды ой-тұжырымдар жасайды. 
Қорыта айтқанда, бір үлкен ғалым айтқандай: «Келешек 
туралы көп уайымдап, келешекті жасаймын деп әуре болудың 
қажеті жоқ, келешек біздің ешқандай ісімізсіз-ақ өзінен-өзі 
келеді, бірақ келетін ертеңді немен толтырамыз, соны бүгін 
ойлау керек». Бүгіннің өте қажет екендігі даусыз. Өйткені, 
келешек дегенің бүгін басталады. Келешектің түбірі бүгінде 
жатыр.  Ал  бүгіннің  баюы,  рухтануы,  нығаюы  –  кешеге 
байланысты, кешегіні бүгінге алып келіп, бүгінді байытып, 
рухтандырса,  бізден  сұрамай-ақ  келетін  ертеңді  дұрыс 
мағынамен, мазмұнмен қарсы алуға дайындалуымыз керек». 
Сонда ғана біз ұлтымыздың алдындағы борышымызды адал 
атқарамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Жұмабаев. Педагогика. А., «Ана тілі», 1992, 154-б.
2. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том, 
А., «Ғылым», 1999, 301-б.
3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-том, 
А., «Ғылым», 1998, 446-б.
4.  А.Байтұрсынов.  Тіл  тағылымы,  А.,  «Ана  тілі»,  1991, 
444-б.

87
Педагогикалық әдістеме: озық тәжірибе
Алма ҚАЛИБЕКҚЫЗЫ,
Жамбыл облысының
Байзақ ауданындағы
«Қазақстанның 40 жылдығы»
орта мектебінің
жаратылыстану пәндері 
бірлестігінің жетекшісі.
ЛОГИКАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ 
ТАПСЫРМАЛАРДЫ 
АПРОБАцИяЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕН 
ӨТКІЗУ
Химиядан логикалық есептер:
1. Көміртек адам денесінің 18% құрайды. 50 кг адамның 
бойында қанша килограмм көміртек бар?
2. 1 га аудандағы бидай тәулігіне 0,6 тонна көмірқышқыл 
газын  сіңіреді.  Өсімдікке  тәулігіне  көміртектің  қанша 
мөлшері қажет?
3.  Толығымен  тотықсыздануы  үшін  16  г  мыс  оксидіне 
көміртектің қанша мөлшері қажет?
4. 5 м

этанды С
2
Н
6
 жағу үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) 
қажет?
5. Сутек пен оттектің әрқайсысынан 1 грамнан берілген. 
Қайсысында құрылым бөлшектері көп болады?
6.  90  г  су  мен  80  г  метанның  СН
4
  қайсысында  сутек 
атомдары көп болады?
7. 1,5· 10 
23
 молекула аммиак  пен 5,6 л аммиактың моль 
саны бірдей бола ма?
8. Берілген арнайы ыдысты кезекпен әр түрлі газдармен 

88
бірдей жағдайда толтырып, таразыға тартқан. Сонда азотпен, 
аргонмен  және  белгісіз  газбен  толтырылған  ыдыстың 
массасы сәйкесінше 47,6 г, 50,0 г және 50,8 г болған. Белгісіз 
газдың молярлық массасын анықтаңыздар.
9. 15%-тік NН
4
ОН ерітіндісін дайындау үшін оның 200 г 
10%-тік ерітіндісіне қанша литр (қ.ж.)NН
3
 еріту керек?
10.  Калий  селитрасының  қаныққан  ерітіндісінің  еріген 
заттың массалық үлесі: 68
0
С  кезінде – 40,3%, 8
0
С кезінде - 
3%. Егер массасы – 48 г ерітіндінің температурасын 68
0
С-тан 
8
0
С-қа дейін суытса, қанша грамм тұз тұнбаға түседі? 
11. Бірдей (көлемі мен массасы) үш ыдыстың іші бірдей 
жағдайда  әр  түрлі  газдармен  толтырылған.  Сутекпен 
толтырылған  бірінші  ыдыстың  масасы  –  24,8.  Оттекпен 
толтырылған  екінші  ыдыстың  массасы  –  36,8  г.  Көлемі 
бойынша  40%  азоттан  және  белгісіз  газбен  толтырылған 
үшінші  ыдыстың  массасы  –  33,28  г.  Белгісіз  газды 
анықтаңдар.
12.  15 г азот (ІІ) оксидін оттекпен толтырғанда 20 г азот 
(ІV)оксиді  түзіледі.  Азот  (ІІ)  оксидінің  реакцияға  түгел 
түспегенін табыңдар.
13.  Күкірттің  көмірдің  3  г  қоспасын  жаққанда  күкірт 
оксиді мен көміртек (ІV) оксидтерінің 9 г қоспасы түзілді.
Бастапқы  қоспадағы  күкірт  пен  көмірдің  массаларын 
есептеңдер.
Биология пәнінен логикалық тапсырмалар:
І. Дәрумендердің организмдегі биологиялық маңыздарын 
кесте арқылы көрсет:
Дәруменнің 
атауы
Химия-
лық 
атауы
Дәруменнің ағзада 
кездесетіні
Адам 
өміріндегі 
маңызы
Өсімдік-
тер
Жануар-
лар
А витамині
В

витамині

89
В

витамині
В

витамині 
В
12 
витамині
Д витамині
Е витамині 
Н витамині 
К витамині 
2. Ми, жұлын, сезім мүшелері. Осылардың байланысын 
көрсет және нақты мысалдар келтір.
3.  Алдыңғы  ми  сыңарлары  қай  жануарларда  жақсы 
дамығанын  көрсет.  Соған  орай  сол  жануарлардың  мінез-
қылығының өзгеруіне дәлелдеме жасаңдар.
4. Ағзалардың көбею түрлері, оларға мысалдар келтіріп 
дәлелдеңдер. 
5.  Митоз,  мейоз.  Ұқсастықтары  мен  ерекшеліктері. 
Биологиялық маңызы.
6. Онтогенез және филогенез.
ІІ.  Макро  және  микроэлементтер  тобына  жататын 
минералды элементтерді анықтаңдар.
1.  Кальций.
2.  Калий.
3.  Темір.
4.  Азот.
5.  Магний.
6.  Молибден.
7.  Фосфор.
8.  Мырыш.
9.  Күкірт.
I. Макроэлементтер.
II.  Микроэлементтер.
ІІІ.  Ағзаның  өсуіне  және  көбеюіне  әсер  ететін  сыртқы 
жағдайлар.
ІV.  Өрмекші  тәрізділер  класына  жататын  отрядтар 
өкілдерін, оларға тән белгілерін анықтандар.
Отрядтар өкілі:
1. Инеліктер. 2. Өрмекшілер. 3. Қандалалар. 4. Қыршаян-
дар (Скорпион). 5. Жалғанқыршаяндар. 6. Сольпугалар.
Тән белгілері мен ерекшеліктері:

90
а) Педипальпалары жүру аяқтарына ұқсас; ә) Денесі ұзын, 
құрсағы екі бөліктен тұрады, ірі омыртқасыздар; б) Денесі 
қысқа, сопақтау, жалпақ, құрсағының ұшы дөңгелектеу, ұсақ 
омыртқасыздар; в) Баскөкірек пен құрсағы жіңішке сабақпен 
жалғасқан; г) Денесі бас және көкіректен тұрады; ғ) Денесі 
баскөкірек пен құрсақтан тұрады.
1
2
3
4
5
6
(10-сынып)
1. Адам ұрпағының дамуы. Улы заттардың ұрпаққа әсері.
2. Партеногенез. Оның түрлері. Дәлелдеме беріңдер.
3.  Автотрофты  қоректену  гетеротрофты  қоректенуге 
қарағанда  қолайлы  деген  тұжырымдама  бар.  Бұл 
тұжырымдама неге негізделеді?
(11-сынып)
1.  Қоршаған  ортаны  радиоактивті  заттармен  ластайтын 
көздер.
2.  Жергілікті  ағзалардың  табиғаттағы  маусымдық 
өзгерістерге  бейімделуі.
3.  Бактериялар  –  қоршаған  ортаның  әр  түрлі 
жағдайларында тіршілік  ететін прокариоттық организмдер. 
Бактериялардың  лабораториялық  жағдайда,  белгілі  бір   
температурада  өсуі,  тірі  клеткалар  санының  логарифмінің 
инкубациялану уақытына қатынасы.
Химиядан логикалық тест тапсырмалары:
1. 5 моль заттың массасы ең үлкен болатын қосылыс:
а) ВеСО
3
;   ә) МgСО
3
;     б) СаСО
3
; в) SrСО
3
;    г) ВаСО
3
.
2. Оксидтегі бейметалдың  валенттілігі күкіртсутектегі 

2
S) күкірттің валенттігінен екіге артық қосылыс:
а) СО
2
;       ә) РbО
2
;         б) СО;      в) Н
2
О;       г) SnО
2
.
3.  Оттектің  алдындағы  коэффициенті  мышьяктың 
жоғары валенттігіне тең болса, фосфор  оттекте жанғанда 
түзілетін өнім:
а) Р
2
О
5
;   ә) Р
2
О
3
;     б) Н
3
РО
4
;     в) Р
4
О
6
;    г) Н
3
РО
3
.

91
4.  Темірдің  алдындағы  коэффициент    44,8  л  (қ.ж.) 
көмірқышқыл  газының  зат  мөлшеріне  тең  болса, 
темірдің оттекпен әрекеттесу өнімі:
а) Ғе
2
О
3
;     ә) Ғе
3
О
4
;     б) ҒеО;     в) Ғе
2
О;      г) ҒеО
2
.
5.  Оксидінде  оттектің  массалық  үлесі  60%  болатын, 
оттекпен бір топшада орналасқан элементтің химиялық 
таңбасы:
а) S;     ә) Se;        б) Cr;         в) Te;       г) W.
6.  Жоғарғы  оксиді  R
2
О
7
,  сутектік  қосылысындағы 
сутектің массалық үлесі 5% болатын элемент:
а) Nа;       ә) Ғ;        б) СI;         в) К;         г) І.
7.  Молекуласында  коваленттік  байланыстарының 
саны барий оксидіндегі катионның заряд санына сәйкес 
келетін заттың формуласы:
а) Сl
2
;       ә) Н
2
;       б) N
2
;       в) О
2
;          г) Br
2
.
8.  Тотығу  дәрежесі  магний  оксиді  түзілгенде  
тотықсыздандырғыштың  берген  электрон  санына  тең 
болатын азоттың қосылысы:
а) NO;      ә) N
2
O;         б) NO
2
;       в) N
2
O
3
;      г) N
2
O
5
.
9.  А+В=D  реакциясының  жылдамдығы  ең  жоғары  
болады, егер 30 секундтан кейін өнімнің массасы ... болса:
а) 11 г;     ә) 23 г;       б) 28 г;       в) 32 г;         г) 37 г.
10.  Ерітіндісінің  ортасы  қышқылдық,  сілтілер  және 
барий хлоридімен ақ тұнба түзетін тұздың формуласы:
а) СаСl
2
;    ә)
  
Zn(NO
3
)
2
;    б) ZnSO
4
;   в) CaSO
4
;   г) ZnCl
2
.
                   
NaOH               
t          c
11.   ZnSO


    
A   →  B  →  Zn  өзгерістер тізбегіндегі 
С заты:
   
а) S;        ә) Cl
2
;        б) N
2
;        в) Ag;           г) H
2
.
12. Негіз+ қышқыл → негіздік тұз+су  сызбанұсқасы-
на сәйкес келетін әрекеттесу теңдеуі:
а) lCu(OH)
2
+ HCl;        ә) Cu(OH)
2
+2HCl;

92
б) Cu(OH)
2
+ H
2
SO
4
;     в) Cu(OH)
2
+2HNO
3
;
г) Cu(OH)
2
 +2HI.
13.  Еріткенде  судың  электрөткізгіштігін  өзгертетін 
газ:
а) азот;                 ә) азот (ІІ) оксиді;       б) оттек;              
в) аммиак;           г) сутек. 
14. Хлордың сумен әрекеттесу жағдайы:
а) жарықта;                           
ә) қалыпты жағдайда;
б) қысымды арттырғанда
в) температураны төмендеткенде;
г) катализатор қатысында.
15.  Фторсутектің  сутек  бойынша  салыстырмалы 
тығыздығы 40  фторсутектің нақты формуласы:
а) НҒ;        ә) (НҒ)
2
;        б) (НҒ)
4
;   в) (НҒ)
5
;    г) (НҒ)
6
.
16.  Органикалық  қосылыстарға  сапалық  реактив 
ретінде қолданылады:
а) мыс (ІІ) гидроксиді;      ә) темір (ІІ) гидроксиді;
б) хром (ІІ) гидроксиді;    в) мырыш гидроксиді;
г) натрий гидроксиді.
17.  Химиялық  беріктігі  «асыл»  металдардан  да  ар-
тық:
а) политетрафторэтилен;   ә) полиэтилен;
б) фенолформальдегид;     в) полистирол;
г) полихлорвинил.
18.  Төмендегі  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  сәйкес 
келетін
 
А→В→С→ D→Е өзгерістер қатары:
а) Fe(OH)
2
→FeSO
4
→ZnSO
4
→Zn(OH)
2
→ZnO;
ә) H
2
SO
4
→CuSO
4
→Cu(OH)
2
→CuO→Cu;
б) CuSO
4
→Cu(OH)
2
→CuO→Cu(NO
3
)
2
→CuO;
в) CaCO
3
→CaO→Ca(OH)
2
→Ca(NO
3
)
2
→Ca(NO
2
)
2
;
г) CuO→H
2
O→H
2
CO
3
→CaCO
3
→CaO.

93
19.  Үш    көміртек  атомы  бар  альдегид  күміс 
оксидімен тотыққанда түзілетін заттың салыстырмалы 
молекулалық массасы:
а) 45;           ә) 56;          б) 63;         в) 74;             г) 84.
Химиядан    логикалық  тест  тапсырмаларының  жауап  
кілттері:
Сұрақ

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Жауап
кілттері
г
а
а
б
а
ә
в
а
г
б
Сұрақ

11 12 13 14
15
16 17
18
19
Жауап
кілттері
г
а
в
а
б
а
а
г
в
Тұрсынкүл ЖОЛДАСОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Қырбалтабай ауылы.
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІң 
СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың тұйық 
етістік туралы түсінігін дамыту, тұйық етістіктің өзіне тән 
ерекшеліктерін  ұғындыру,  тұйық  етістіктің  жасалу  жолы, 
оның сөйлемдегі қызметі жайлы толық мәлімет бере отырып 
олардың  ой-пікірін  қалыптастыру;  дамытушылық  – 
етістік түрлерін, қолдану жолдарын үйрету, грамматикалық 
категориялардың мәнін түсініп пайдалануға, байланыстырып 
сөйлеуге  жаттықтыру;  тәрбиелік  –  оқушыларды  ой 
еркіндігіне,  ізденімпаздылыққа,  шығармашылыққа  баулу, 

94
сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Түрі:  білім  дағдысын  қалыптастыру  сабағы.  Әдісі: 
сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясы,  түсіндіру,  суреттеу, 
салыстыру,  сұрақ-жауап,  сөздікпен  жұмыс.  Көрнекілігі: 
дидактикалық  материалдар,  кестелер,  кеспе  қағаздары, 
тірек-сызбалар. Формалары: жеке баламен, топпен жұмыс. 
Типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа 
сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы.
1.  Ұйымдастыру  кезеңі:  сәлемдесу,  кезекші  мәлімде-
месі, жұрнал бойынша түгелдеу; жаңа сабаққа дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты 3 топқа бөліп, сабақтың мақсатын түсіндіру.
1-топ.  Көсемшелерді  тауып,  қызметін  түсіндіру:  Қарт 
марқа көңілмен жұмсақ орындыққа келіп отырды.
2-топ.  Есімшелерді  тауып,  қызметін  түсіндіру:  Үлкен 
білмесе кішіден сұра.
3-топ. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау: Құландай 
ойнақтаған құлынымның тықыры естілді.
3.  Жаңа  сабақты  түсіндіру.  Мақсат  қою  кезеңі: 
«Бүгінгі  сабақта  нені  білуіміз  керек?».  Сұрақ  барысында 
оқушылардың  болжау  пікірлерімен  таныса  отырып, 
сабақтың негізгі мақсаты кесте арқылы көрсетіледі.
1. Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.
2. Өтілген материалдарды, тақырыптық байланыс жасау.
3. Жаңа материалдың мазмұнымен таныстыру.
Зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты 
болмай,  қимылдың,  іс-әрекеттің  атын  білдіретін  етістіктің 
ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз.
Керек, қажет, тиіс, керек емес тәріздес модаль сөздермен 
тіркесте келіп, қимыл үрдісін білдіретін тұйық етістік үнемі 
баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Нұрсұлтанға 
мұны айту қажет емес.

95
-у  тұлғалы  етістік  тәуелденіп  керек,  мүмкін,  тиіс 
сөздерімен тіркескенде, іс-әрекет, қимыл белгілі бір жақтық 
мағынаға  ие  болады.  Мысалы:  көруім  керек,  көруің  керек, 
көруі мүмкін, т.б.
4.  Сабақтың  маңызды  белгілері  мен  ерекшеліктерін 
ажырату.
Түрленуі
Қосымша
Септеледі
Тәуелденеді 

5. «Кітап – досың, ақылшың». Оқулықпен жұмыс.
Міне,  осылайша  жаңа  сабақты  түсіндіріп,  қосымша 
тапсырмалар  орындату  арқылы  алған  білімдерін  тексеріп 
болған  соң  жаттығу  жұмыстарын  орындатамын.  Алғашқы 
тапсырманы ауызша түрде орындатамын. Сөйлем жаздыру. 
Етістіктерді  тауып,  сұрақ  қою  арқылы  сөйлемнің  қай 
мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер. Жаттығу 
жұмысын орындап болған соң қосымша тапсырма беремін.
6. Логикалық тұжырым, қорытынды жасау.
Тұйық етістікті тауып, түрленуін түсіндіру.
1-топ. 
Ағаш кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай.
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
2-топ. 
Артық ғылым – кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
3-топ. 
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
7.  Оқушыларды  өз  бетінше  жұмысқа  баулу. 
Алгоритмдік деңгей.

96
1-топ. Кестедегі тапсырма.
2-топ. Түрленіп тұрған тұйық етістікті тауып, түрленуін 
түсіндір.  Сұлтан  Бейбарыс  оқуын  бітіруге  жақын  қалды. 
Олардың ең басты борышы – оқуды жақсы оқу.
3-топ. Синтаксистік талдау жаса. Мақсат – оқу және білу.
Эвристикалық деңгей.
1-топ.  Тұйық  етістігі  бар  мақал-мәтел  тауып  жаз.  Үлгі: 
уәдені бұзу – ұяны бұзумен тең.
2-топ. Нақыл сөздерден тұйық етістіктерді табу.
3-топ.  Көркем  әдебиеттен  алынған  мәтіннен  тұйық 
етістіктерді табу.
Шығармашылық деңгей.
1-топ. Есімше, көсемше, тұйық етістік қатыстырып өлең 
құрастыру.
2-топ. Есімше, көсемше, тұйық етістік қатыстырып өлең 
құрастыру, әңгімелеу сипатындағы мәтін құрғызу.
3-топ.  Әрі  зат  есім,  әрі  тұйық  етістік  ретінде  сөйлем 
құрастыру.
Содан кейін «Кім жылдам?» ойынын ауызша орындата-
мын. Ол үшін 3 топты ойын шартымен таныстырамын. Мен 
әр топқа сұрақ қойып отырамын, қай топ көп сұраққа жауап 
берсе, жеңімпаз атанады да, топ мүшелері бағаланады.
ЕТІСТІК
Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2.  Оқушылардың  берген  жауаптарына  қарай  білімдерін 
бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: «Сыйлы оқушы деген 
кім?»  деген  сұрақтың  төңірегінде  ойланып,  пікірлеріңді 
жазып келіңдер.
 

97
Мәрия МАРАТҚЫЗЫ,
М.Бейсебаев атындағы 
Талғар агробизнес және менеджмент 
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
М.ЖҰМАБАЕВТЫң «БАТЫР  
БАяН» ПОЭМАСЫ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  М.Жұмабаевтың 
«Батыр  Баян»  поэмасын  сатылай  кешенді  талдай  отырып, 
интербелсенді  тақтада  электрондық  оқулықты  пайдалану 
арқылы  сол  кездегі  заман  ағымын,  тарихи-әлеуметтік 
жағдайды  ұғындыру,  жалпы  білімдерін  теориялық  талдау 
арқылы  тереңдете  түсу;  тәрбиелік  –  сабақ  барысында 
поэмадағы тарихи мәселелерді көтере отырып, студенттерді 
ұлтжандылыққа, Отанды сүюге, адамгершілікке, поэмадағы 
сөзбен  сомдалған  көркем  сөздер  арқылы  сұлулыққа, 
намысқойлыққа,  жауапкершілікке,  батырлыққа  тәрбиелеу; 
дамытушылық – поэма арқылы оқушы бойындағы өмірге 
деген  көзқарасын,  сатылай  кешенді  талдау  арқылы  жатық, 
мәнерлі, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, өз ойын еркін 
жеткізе білуге дағдыландыру.
Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту  сабағы.  Технологиясы: 
сатылай  кешенді  талдау.  Әдістері:  талдау,  баяндау, 
түсіндіру,  электрондық  оқулық.  Көрнекілігі:  компьютер, 
интербелсенді  тақта.  Қосымша  кітаптар:  қазақ  әдебиеті 
(11-сынып).  Хрестоматия.  М.Жұмабаевтың  шығармалар 
жинағы.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа әзірлігін байқау, 
түгелдеу, аудиторияның тазалығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

98
5. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Авторы: М.Жұмабаев.
2. Шығарманың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы.
Баянның батырлық ерліктері арқылы сол кездегі халықтың 
тарихи-әлеуметтік жағдайын көрсетеді.
3. Әдеби жанр түрі.
Поэма.  Эпос  жанрына  жатады.  Себебі  өмір  шындығын 
мейлінше  мол  қамтып,  кең  суреттеп,  адам  мінездерін 
мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр.
4. Эпикалық жанр түрі.
Орта көлемді поэма. Өйткені өмірде болған құбылысты, 
алуан-алуан  адам  тағдыры  мен  заман  шындығын  көлемді 
суреттеп берген.
5. Шығарманың идеясы.
Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы 
оқырманына ой салу. Алаш халқының намысын ояту.
6. Шығарманың басталуы.
Поэма  оқиға  өтетін  жер  –  Көкшетаудың  әсемдігін 
суреттеумен  басталады.  Көкше  түрлі  аң,  бөрі,  бұғы,  ма-
ралдың мекені екенін, Оқжетпеске қанша қарасаң көзіңнің 
тоймайтындығын,  Бурабай  көлінің  дөп-дөңгелек  айға 
ұқсайтындығын, мөп-мөлдір екенін суреттеумен басталады.
6.2. Шығарманың дамуы.
Сол  Көкшетау  жерінде  Абылай  хан  батырларын  жиып, 
бір  талас  болады.  Ол  талас  –  қазақ  батырларының  қолға 
түскен тұтқын, сұлу қалмақ қызын әйелдікке алу таласы еді. 
Қалмақ қызы өзіне күйеу таңдап алу үшін Абылайдан рұқсат 
алып, үш шарт ұсынбақ болады.
6.3. Шығарманың байланысы.
Оқжетпестің неге Оқжетпес аталуының себебі ашылады. 
Қыздың  бірінші  шарты  бойынша  ең  биік  шыңның  басына 
ілінген қыз орамалын қазақ жігіттері садақпен атып түсіру 
болады.  Бірақ  қазақ  батырларының  атқан  оқтары  қыздың 

99
ілінген  орамалына  жетпей,  бірінші  сыннан  ешкім  өте 
алмағандықтан екінші шарт қойылады. Бұл шарт бойынша 
бір  жігіт  4  жігітті  арқалап,  40  қадам  жерден  жүгіріп  өту. 
Аталған сыннан 8 жігіт қатар келеді. Сонымен қалмақ қызы 
3-шартта жұмбақ жасырмақ болады.
6.4. Шығарманың шиеленісі.
Қалмақ  қызының  қиын  да  күрделі  жұмбағын  жасыруы. 
Сол  жұмбақты  жасырған  жер,  қыздың  сол  тастың  үстінде 
тұруына  байланысты  жердің  жұмбақ  тас  аталу  себебі 
анықталады. Құстардың кейпімен өз өмірін баяндауы.
6.5. Шығарманың шарықтау шегі.
Қыздың  жасырған  жұмбағын  Адақ  батырдың  шешуі. 
Адақтың ерлігі. Аққу балапанын алып бара жатқан бүркітті 
атып,  артынан  қыздың  ілген  орамалын  атып  түсіруі. 
Жұмбақтың шешуі. Кептер өзі, ата-анасы, қарақұс – қалмақ 
жауы,  лашын  –  қалмақ  батыры,  сұңқар  –  қыздың  жігіті,  3 
жапалақ  –  ұрылар,  тау  бүркіті  –  қазақ  әскері,  Абылайдың 
қолы.
6.6. Шығарманың шешімі.
Адақтың  өзінің  сүйікті  аты  –  Керкөжекке  қызды  мінгі- 
зіп, өз еліне жіберуі.
7. Кейіпкер келбеті.
7.1. Басты кейіпкер – Адақ.
Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ,
Денесі көк құрыштай, өрдем – шалқақ.
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,
Қақпақтай қозы жауырын, топшы жалпақ.
Батыр әрі ақын. Ержүрек жауынгер. Әр нәрсені өз ақылы-
мен  саралап  істейді.  Адақтың  бірден  жарысқа  түспеуінен 
оның  сабырлығын  көреміз.  Және  де  барлық  батырлардың 
ішінен  суырылып,  ақылдылығымен,  мергендігімен  көзге 
түседі. Адақ өз халқының намысын ойлаған. Қалмақ қызы 
өзіне  тиесілі  болып  тұрса  да,  ағалық  аяушылық  сезімімен 

100
өзінің сүйікті атына мінгізіп, еліне жібереді. «Егер біздің ару 
қызымыз аш қасқырға таланып жатса, елдің ерлігі, азамат-
тық қасиет қайда?» деп ақылдылықпен бұл істі шешеді.
7.2.  Абылай  хан  –  сол  күнде  елінің  қорғаны  болған  
басқарушы. Ішкі, сыртқы саясатты шешіп отырған. Поэмада 
бейнесі толық ашылмай қалған. Тек ел басқарушы екендігі 
ғана айтылады.
7.3. Қалмақ қызы –
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шашы бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған
Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен Айды.
Қалмақ қызының сұлулығы осылай суреттеледі. Ақылды, 
ақылына  көркі  сай  парасатты.  Ақылдылығымен  өз  өмірін 
құстардың кейпіне салып, жұмбақ етіп жасырады. Көп жау 
қолына  түссе  де,  қорқақтамай  өз  батылдығын  көрсетеді. 
Әйтеуір  бір  амал  тауып,  тығырықтан  шығудың  жолын 
қарастырады.
Егер осы елде қалатын болсам, осы тастан секіріп өлейін 
деген оймен жұмбағын тастың үстінде тұрып жасырады.
8. Әдеби теориялық ұғымдар:
1. Жібектей желмен қарап төңіректі.
2. Сары алтын Көкшетаудың ерте кеші.
3. Қап-қара қарлығаштың қанатындай.
4. Жауласып бір қыз үшін қалың әскер.
5. Сұңқардың баласындай қолға түскен.
6. Құланның құлынындай орға түскен.
7. Түбектей айнала тау, берік қорған.
8. Үзілген қызғалдақтай өңі солғын.
9. Бәрінің жүректері аттай тулап.
10. Қалың қол тым-тырыс боп тұрып қалды.
11. Жас өмір туып-өскен еліндегі
12. Ышқынып жолбарыстай күшін өлшеп.

101
13. Қос аққу шыр айналып, мұңлы үнмен
14. Қос бұрым, сүмбіл шашын беліне орай.
15. Тағы әнші, керней дауыс, ерен ақын.
9. Түсіндірме сөздік.
1. Үлеске олжаларын салды жиып (түскен пайда)
2.  Ала  алмай  бір-бірінен  сұрап  сауға  (салт  қалаған 
нәрсесін сұрау)
3. Я, тақсыр, өтілім бар-қабыл айла (сөз сұрау)
4. Қыз сөзін шайпау болса, кешер болсаң (артық болса)
5. Кебіндей сұлу айтқан әнге салып (қыздың назы)
10.  Қорытынды  (шығарманың  негізгі  түйіні,  тәрбиелік 
мәні, өз ойым)
VI. Өтілген сабақты бекіту.
Сұрақтар мен тапсырмалар беру:
1. Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2. Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3. Неге Мағжанды эпик ақын дейміз?
VII. Білімдерін бағалау.
VIII.  Үйге  тапсырма  беру.  Баян  бейнесіне  сипаттама 
жазу, поэмадан үзінді жаттау.
Анар АЛМАБЕКОВА,
Алматы қаласындағы 
№155 жалпы білім беретін 
мектептің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ СУРЕТШІЛЕРІ
Сабақтың    мақсаты:    оқушыларға  қазақ  суретшілері 
туралы түсінік беру, көсемше туралы алған білімдерін еске 
түсіріп, жаттығу.

102
Сабақтың  мәселесі:  білімділік  –  оқушылардың  осы 
тақырыпқа  байланысты  түсінікті  меңгеруіне  қол  жеткізу; 
дамытушылық  –  оқушылардың  ой-өрісін  дамыту, 
тақырыптық, грамматикалық жаттығулар мазмұны арқылы 
өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілін 
дамыту,  сауатты  сөйлеу,  жазу  дағдыларын  қалыптастыру; 
тәрбиелік – оқушыларды мәдениетті, жан-жақты дамыған, 
парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Түрі:  іс-әрекеттердің  тәсілдері  және  білімді  кеңейту. 
Ұйымдастыру  тәсілі:  сұрақ-жауап,  сөйлесу,  түсіндіру. 
Көрнекіліктер: Айша Ғалымбаева мен Орал Таңсықбаев-
тың  портреттері,  сөзжұмбақ,  Т.М.Артықова  «Қазақ  тілі» 
5-11  сыныптар.  №18  тірек-сызба  «Көсемше»,  үлестірмелі 
парақшылар. Орал Таңсықбаев. Альбом. А., «Өнер», 2004. 
Айша Ғалымбаева. Альбом. А., «Өнер», 2004.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшімен тілдесу.
3. Сабаққа назарын аудару.
II. Актуализация.
1.  Өткен материалды пысықтау.
Сұрақтар:
-  Қазақстан  Республикасында  бейнелеу  өнері  қалай 
дамыған?
- Қазақ кәсіби өнерінің негізі қай ғасырда қаланған?
-  Қазақстан      Республикасының      бейнелеу      өнерінің   
көшбасшысы және мақтанышы кімдер?
- Олар шығармаларында нені бейнелеген?
-  Қазақ  бейнелеу  өнерінің  негізін  салушылардың  бірі 
кім?
- Ол қай жылдары өмір сүрген?
- Әбілхан Қастеевтің шығармаларын ата.

103
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әбілхан Қастеев туралы диалог құрастырып, жатқа айту.
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Достар, мен сіздерге бір қызықты сөзжұмбақ дайындап 
әкелдім.  Сөзжұмбақта  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы 
жасырылған. Кім жылдам шешер екен? Іске сәт!
С
У
    
Р 
Е
                          Т
Ш
I
1. көшбасшы;
2. развиваться;
3. мастерски;
4. изобразительное искусство;
5. личность;
6. деепричастие;
7. художник ... Қастеев.
III.  Жаңа  түсініктердің  қалыптасуы  және  оның 
қолдану аясы:
1. Қазақ суретшілері туралы жалпы түсінік беру.
Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  шеберлері:  Әбілхан 
Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Әубәкір Ысмайлов, Евгений 
Сидоркин, Орал Таңсықбаев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус 
Исмаилова.
2.  Орал  Тыңсықбаев  туралы  мәліметпен  таныстыру. 
Оқушыларға оның суреттерін көрсету.

104
Орал Таңсықбаев
Орал Таңсықбаев 1904 жылы, көп балалы қазақ отбасын-
да Ташкент қаласында дүниеге келді. 1928 жылы суретші 
өзінің Мәскеуге бірінші сапарына шығады. Ол жақсы білім 
алды, сол заманғы орыс және батыс еуропа өнерімен жақсы 
таныс  болды.  Орал  Таңсықбаев  шығармашылығының 
алғашқы кезеңіне табиғатты қызықтау, адам тұрмысы, 
қоршаған  әлемді  тану  сипаты  тән  еді.  1929  жылы 
«Ауылда»,  «Ұсталар»,  «Тоқымашылар»  суреттерін 
салады. 1935 жылы Қазақстан суретшілерінің Алматыда 
өткен бірінші көрмесіне қатысты. 1938 ж. Қазақстанның 
бірінші  ұлттық  балеті  «Қалқаман-Мамырды»  қою  үшін 
суретші   ретінде   Алматыға   шақырылады.    1942   жылы   
Ұлы   Отан соғысының майданына аттанады. Сол кезде 
«Соғыс ізімен» деген суреттер топтамасын жазады. 1957 
жылы  суретшінің  ең  атақты  шығармасы  «Таңертеңгі 
Қарақұм  ГЭС-і»  дүниеге  келеді.  Орал  Таңсықбаев өнері –  
ешбір  меншікке,  саясатқа  бағынбайтын,  тау  шыңындай 
биік, бұлақ суындай таза, қыр гүліндей сұлу мәңгі рухани 
байлық.
3. Айша Ғалымбаева туралы жалпы түсінік беру.
Айша Ғалымбаева
Айша  Ғарифқызы  Ғалымбаева  1917  жылы  29 
желтоқсанда  Алматыға  таяу  жердегі  Есік  селосында 
туған.  1943  жылы  Алматы  көркем-өнер  училищесін 
бітірген  соң,  ол  1949  жылы  Бүкілодақтық  мемлекеттік 
киноматография  институтында  суретші-көркемдеуші 
деген мамандық алып шығады. Айша Ғалымбаева еңбегінің 
өзекті  арқауы  –  қазақ  әйелінің  образы.  «Қазақстан  әні» 
(1962  ж)  суреті  өзінің  нәзік  музыкасымен,  живопистік 
нақыштарымен  көз  тартады.  «Қыздар  бригадасы» 
атты  суреті  –  тұнып  тұрған  терең  лирика.  Суретші, 
әсіресе,  халықтың  той-думан,  мерекесінің  рухын  жақсы 

105
түсінеді.  «Қостанай»,  «Қуанышты  күн»  суретті  де 
мерекелік  тақырыпқа  арналған.  Айша  Ғалымбаеваны 
әрқашанда үлкен қоғамдық мәні бар, халық өмірімен тығыз 
байланысты  тақырыптар  көп  толғандырады.  Айша 
Ғалымбаева  еңбегінде  портрет  жанры  көрнекті  орын 
алады. Айша Ғалымбаева жазған шамалы ғана ер адамдар 
портретінің ішінде жазушы Ғабиден Мұстафиннің суреті 
де  бар  (1965).  Айша  Ғалымбаева  халықтың  тұрмыс-
тіршілігін,  қолөнерін  ғана  емес,  ән-күй,  аңыз-ертегілерін 
де жақсы біледі.
IV.  Білім,  білік  дағдыларының  қалыптасуы, 
қолданылуы.
Тапсырма:  Мәтіннен  етістіктерді  теріп  жазыңдар.    
Олардан көсемше жасаңдар.
Үлгі: дамыған-дамып келеді.
V. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі.
-  Үй  тапсырмасын  орындауға  нұсқау  беру- 
«Қазақ суретшілері» мәтінін мазмұндау.
-  Оны  орындау  тәсілдерін  түсіндіру  (жазу,  ауызша 
талдау).
VI. Сабақты қорытындылау.
1. Жұмыс қорытындысын шығару (сынып қалай жұмыс 
істеді, оқушылар қандай жаңа нәрсені үйренді).
2. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VI. Рефлексия кезеңі.
-  Достар,  көңіл-күйлеріңіз  қалай?  Бүгін  барлығыңыз 
сабақта тамаша жұмыс істедіңіздер.
Мұғалім 
«Сиқырлы 
таяқшаны» 
оқушылардың 
біріне  ұсынады  да,  мақтау  сөз  айтады,  келесі  оқушы  әрі 
жалғастырады, ең соңында таяқша мұғалімге келеді.

106
Панар СЕЙДАЛЫҚЫЗЫ,
Есік гуманитарлық-экономикалық 
колледжінің оқытушысы.
Алматы облысы.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР, 
ОЛАРДЫң ТҮРЛЕРІ
Сабақ мақсаты: 1) грамматикалық жаттығулар,  олардың 
түрлері, жаттығудың берілу мақсаты, міндеті, грамматикалық 
жаттығуды  орындату  жолдары  туралы  түсінік  беру;  2) 
ойлау,  елестету,  қиялдау,  сезіну,  табу,  талдау-жинақтау 
қабілеттерін шыңдау; 3) адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, 
инабаттылыққа, шыншылдыққа, қанағатшылдыққа баулу.
Түрі: аралас сабақ. 
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу, оқушы ынтасын сабаққа аудару.
Педагогикалық жағдай: Атымды адам қойған соң,
Қайтіп ... ... ?
Жұртым надан болған соң, Қайда ... ... ?
Кімнің сөзі? Неге айтылған? Қазіргі адам қандай адам? 
Қандай ұрпақ?
Деңгейлеп оқыту технологиясы.

107
1-деңг
ей
Оқушылық  
деңг
ей
Білім, түсінік.
«Емле ережесін үйрету»
1. Есте сақтауға 
байланысты жаттығулар 
ұйымдастыру.
2. Емлені меңгерту 
кезеңдері.
3. Қатемен жұмыс 
кезеңдері.
4. Анықтаманы саналы 
меңгерту жолдары.
5. Жан-жақты пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау, 
бекіту кезеңі:
1. Көру диктанты.
2. «Қатесін тап» ойыны.
3. Кешенді талдау.
4. Дамыта оқыту 
технологиясының 
принциптері.
2-деңг
ей 
Алг
оритмдік  деңг
ей
Қолдану.
1.Грамматикалық жаттығу 
түрлерімен таныстыру.
2.Міндеттерін айқындау.
3.Жаттығуға қойылатын 
талаптарды меңгерту.
Жаңа білімді меңгерту 
кезеңі:
«Грамматикалық 
жаттығулар» (С.Р. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет