ҰЛАҒат мамыр


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата06.04.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11184
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Использованная литература:
1. Н.Чернова. Картины бытия. Стихи, эссе. А., 2009,           
312 с.

46
Өнер өлкесінде
Аякөз НҰРСҰЛТАНОВА,
Қазақ ұлттық өнер 
университетінің оқытушысы.
Астана қаласы.
АҚБАЛАНЫң КҮЙЛЕРІ
Қазақ  музыка  мәдениетін  қалыптастыруда  халық 
композиторларының  өмірі  мен  шығармашылығын 
жинастырып,  жан-жақты  зерттеу  қолға  алынды.  Бұл 
салада  аянбай  еңбек  еткен  белгілі  академик  Ахмет 
Жұбанов,  Мұқан Төлебаев,  Б.Ерзакович,  Е.Брусилов-
ский  сияқты  музыка  мамандарының  қажырлы  еңбегі-
нің арқасында музыка мәдениеті біршама жетістіктерге 
жетті. Осы уақытта Ахмет Қуанұлы Жұбановтың «Қа-
зақ халық композиторларының өмірі мен шығармашы-
лығы» атты көлемді еңбегімен қатар «Замана бұлбұл-
дары», «Ғасырлар пернесі» атты еңбектері жарық көрді.
Біз сөз еткелі отырған қазақтың күйшілік дәстүрінде 
халыққа  кеңінен  танылмаған,  өзінің  күйшілік  мұрасы 
артынан  ерген  бір  ғана  шәкірті  арқылы  жеткен 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  туып  өскен  күйші 
Ақбала  Жаңқабылұлын  оқырман  қауымға  кеңінен 
таныстырмақпыз.
Ақбала  Жаңқабылұлы  1884-1945  жылы  Оңтүстік 
Қазақстан  облысы,  қазіргі  Жетісай  ауданына  қарасты 
Қараөзек  деген  жерде  туған,  кейін  Шардараның 
Қызылқұм  деген  жеріне  қоныс  тебеді.  Ақбала  бала 
күнінен  ерке  өскен,  сол  елге  аты  шыққан,  кейін  өз 
бойындағы  өнерін  шыңдай  келе  сол  өңірге  белгілі 
күйші атанған. Ақбаланың атының Ақбала аталуының 

47
себебі  бар.  Оны  бала  күнінде  жеңгелері  «аппақ  бала, 
ақ бала» деп еркелетіп Ақбала атанып кеткен. Ақбала 
күй ойнағанда көзін жұмып тартатын болған. Тыңдап 
отырғандар  «Күй  тартқанда  көзіңді  неге  жұмып 
тартасың?»  деп  сұрағандарға  «Күй  –  жауып  тұрған 
қара  бұлт  секілді  болып  келеді,  көзімді  жұмбасам 
болмайды»  дейді  екен.  Бір  күйді  бірнеше  рет 
түрлендіріп  тартатын  болған.  Ақбала  Әлзақ,  Шолақ, 
Әлшекей  атты  күйшілермен  бірге  үзеңгілес  жүрген, 
күй  тартудың  қыр-сырын  үйренген,  ұстаз  тұтқан. 
Әлшекейдің «Терісқақпай» атты күйін тыңдап, өзі де 
«Терісқақпай» деп күй шығарған. 
Ақбаланың  келбеті  ақ  сары,    дөңгелек  жүзді,  көзі 
алақандай  қап-қара,  әдемі  кісі  болған.  Қазіргі  таңда 
Ақбаланың  төлқұжатындағы  суреті  сақталған.  Ол 
домбырада,  қобызда,  шаңқобызда  ойнаған.  Соғыс 
жылдарына дейін барлық аспаптарды тастамай тартып 
жүрген.  Қызылқұм  елінде  қобыз  тартатындар  көп 
болған, бірақ  соғыстан кейін қобызда ойнауға тыйым 
салған.
Ақбаланың арғы аталары да күйші  болған. Негізінен 
Семей  жерінен  көшіп  Түркістан  жеріне,  кейін  жері 
құнарлы  күнкөріске,  малға  отты  жер  болғандықтан 
Қызылқұм  еліне  қоныстанған,  руы  –  Тобықты. 
Ақбаладан бастап қолдан жасалған аштықтан қырылған. 
Ақбаланы бай тұқымынан шыққан деп қудалай берген 
соң Тәжікстан жеріне көшіп кетеді. 
Ақбаланың 1960 жылы туған Жолдасбай деген ұлы, 
1942 жылы дүниеге келген Тұрған атты қызы болған. 
Екеуі де қайтыс болып кеткен, бірақ қазір немерелері 
Мақтарал  жерінде  бұрынғы  аты  Киров,  қазір  Фрунзе 
деген  ауылда  тұрады.  Ақбаланың  Хадиша  атты  әйелі 
болған. Кейін Күлән атты қызға үйленеді.

48
Ақбала  күйші  туралы  белгілі  күй  зерттеушісі 
Ақселеу  Сейдімбек  былай  дейді:  «Ақбала  күйлерінде 
негізінен  өз  басынан  өткен  уақиғалар,  өзі  куә  болған 
тарихи-әлеуметтік жағдайлар арқау болып отырған. 
Ақбаланың күйлері туралы сөз қозғау өзінен-өзі оның 
ғұмыр жолын қыдыра шолу болып шығады» (1). 
Ақбала  күйші  жайында  Ілия  Жақанов  «Аққудай 
қонған айдын көл» атты мақаласында мынадай әңгіме 
жазады:
Ақбала  күйшінің  есімін,  Қайыпназар  атты  күйшіні 
Сарыағаш елінде тұратын жездем Тоқта Диханбаевтан 
естігенмін. Ол кісі ертеде Қызылқұм жағында қызмет 
етіп, Қайыпназар күйшіні көп тыңдаған екен.
Қайыпназар  Оразқожа  сөзіне  ілтипатпен  илігіп, 
жайлап  күй  шерте  бастады.  Көкейдегі  ойы  кемеліне 
келіп,  әлденеге  іштей  буырқанып,  шабыты    толқып 
атып,  пәк  сезімді  шымырлатады,  мөлдіретеді.  Бір 
таңғажайып тып-тыныш тылсым сәттің әуені төгіледі. 
- Бұл қандай күй, ақсақал?- деуге лаж болмады. 
- Ақбаланың «Құлақ күйі»-деді ол.
- Ақбала? 
- Е, Ақбала – ерен күйші еді, бір отырыста елу-алпыс 
күйді тоқтаусыз ағылтатын. Өзі орта бойлы, ақ сары 
өңді, сөзі майда, ақылға зерек, кішіпейіл, көргенді кісі 
болатын.  Алдына  бес  жасар  бала  келсе  де  домбыра 
шертіп  беретін.  Қайыпназар  домбыра  шанағына 
лықылдап келіп құйылғалы тұрған  күйлерді тежегісі 
келмеді. 
- Мына бір күйлерді тыңдап көріңіздер,- деп шерте 
жөнелді. 
Ұзақ шертті. Бірінің үні тәтті, сырлы, бірі күрсініс 
лебі,  тағы  бірі  серпілген  көңілдің  тамылжыған       
шуағы ...

49
Бұл  –  Ақбаланың  «Аянкеш»,  «Құлақ»,  «Терісқақ-
пай»,  Бегман,  Әлшекей,  Еспан,  Әлжақ,  Шолақтың 
күйлері.  Осы  күйлердің  барлығы  –  Сыр  еліне  белгілі 
күйлер.  Ел  оларды  неше  түрлі  аңыз  етіп  айтады. 
Қайыпназар Ақбаладан он екі күй үйренген. Келе-келе 
төртеуін ұмытыпты. Қалған сегіз күйін қаз-қалпында 
қаймағын  бұзбай  сақтапты.  Әңгіме  ағысы  Ақбала 
жағына  ойыса  беріп,  беймәлім  сырлардың  ұшығы 
білінейін деді. 
- Жаңағы күйшілердің күйлерін Ақбала ғана келтіріп 
тартатын. Ақбаламен 1932 жылы таныстым, - деп 
Қайыпназар  өткен  күннің  елесіне  көз  тіккен  жанша 
ойға кетті. 
-  Қалай  таныстыңыз?  -  деймін  әңгіме  желісін 
бұзғым келмей. 
Қайыпназар  ойлана  жымиған  күйі  сөзін  жалғай 
берді ... 
-  Ол  кезде  таңды  таңға  ұрған  алабұртқан  жас 
кезіміз, ауданда қызмет етемін. Бір жолы жазда уәкіл 
боп он екінші ауылға шыға қалдым. Көкейімде Ақбала 
күйшіні көрсем деген ой жүретін. Ақбаланы бұл өңірде 
білмейтін  жан  жоқ,  «Шіркіннің  шертісі-ай»  деп 
құлдық  ұрып  таңғалысып  жатқан  жұрт.  Бәрі,  «Е, 
Ақбаланы  Ахмет  мәшинесінің  құдығынан  табасыз» 
дейді.  Мен  қасымда  ауыл  жігіттері  бар  сол  жерге 
қарай тарттым. Ақбала осы жерде дүкенге қарауыл 
екен.  Таныстық.  Тез  шүйіркелесе  кеттік.  Қалақтай 
ғана домбырасын ал «сөйлетсін» кеп ...
Сол сапар Ақбаланы, оның төңірегіндегі Қалдарбек, 
Керімбек деген домбырашыларды  тыңдаумен болдым. 
Ол – өмірдің бір ләззатты күндері екен ғой,- дейді (2)
Ақбала  күйлерінде  негізінен  қобыз  сарыны 
басым  болып  келетінін  айта  кеткен  жөн.  Ақбала  күй 

50
тартқанғанда оның оң қолының қағысы еш білінбейді, 
домбыраның бет қақпағын қатты қақпаламай тартады 
екен.
Заманында  Ақбала  Ұлмекен,  Айжан,  Аянкеш  атты 
күйші  қыздармен  күй  тартысқан.  Олардың  тартқан 
күйін  Ақбала  шаңқобызбен  бұлжытпай  қайталап 
тартып беретін болған. Сонда қыздар  «Шаңқобыздың 
дыбысы  ма,  домбыраның  дыбысы  ма?»  деп  ажырата 
алмай қалған деген сөз де бар. 
Ақбаланың  әйелдер  бейнесін  бейнелейтін  күйлері: 
«Айжанның  жүрісі-ай»,  «Аянкеш»  атты  күйлер. 
Осындағы  «Айжанның  жүрісі-ай»  атты  күйі  мына 
жәйтке байланысты шығарылған: 
«Ақбала  күйші  қыздармен  күй  тартысып  жүріп, 
сол елдегі бір сұлу қызды ұнатып қалады. Өзі ұнатқан 
қызбен  кездесіп,  сөз  байластырғысы  келеді.  Ол  кезде 
қыздар аяғына кебіс киетін болған. Кебістің дыбысы 
түнгі  жаңғырықпен  қатты  естіледі.  Содан  әлгі 
қыз  аяғындағы  кебісін  шешіп  алып,  қара  тікеннің 
үстімен  жалаң  аяқ  жүреді.  Қыздың  жүрісіне  арнап 
«Айжанның жүрісі-ай» деп күй шығарады.
Ақбала  күйші  1945    жылы  Жизақ  облысы,  Фарыш 
ауданындағы «Қызылқұм» совхозында дүние салады.
Ақбала  күйші  жайындағы  деректер  жазбаша  түрде 
қалдырылмаған.  Күйші  жайында  ел  ішінде  естелік 
сөздер мен әңгімелерді көп кездестіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  А.Сейдімбек.  Қазақтың  күй  өнері.  Астана, 
«Күлтегін», 2002, 670-675-б.
2.  Ілия  Жақанов.  Аққудай  қонған  айдын  көл. 
«Жұлдыз», 1987, №2, 172, 173-б. 
3.  Күйші  Шағдар  Ақылбековтың  жеке  қорындағы 
материалдар.

51
4.  Аралбай  Хожабеков.  «Ақбала  күйші».  Қазақ 
әдебиеті. 1986, 14 қараша. 
5.Бөрі  Иса.  Мырзашөл  өңірінің  күйлері.  Шымкент, 
2009.

52

53
Самат МӘЛІМБАЙ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетінің музыкалық білім 
және хореография кафедрасының
оқытушысы, дирижер-композитор
ҚР Мәдениет қайраткері.
ҚАЗАҚТЫң САЗ АСПАПТАРЫ
Қазақ халқы – еуразияның ұлы даласында бірнеше 
мың жылдар бойы көшпелі өмірді бастан кешіп, төлтума 
мәдениет  қалыптастырған  және  жалпыадамзаттық 
өркениетте  алар  өзіндік  орыны  бар  халық.  Халқы-
мыздың,  ең  алдымен,  сөз  өнері,  музыка  өнері  және 
қолөнері  мәдени-рухани  құбылыс  ретінде  назар 
аудартады. Қазақ даласында сонау VIII ғасырдың өзінде-
ақ  музыкалық  мәдениет  ән  түрінде  (вокалды  музыка) 
және  күй  түрінде  (аспаптық  музыка)  көрініс  тауып, 
музыкалық  жанрлар  сараланып  үлгерді.  Тал  бесіктен 
жер  бесікке  түскенге  дейінгі  дала  жұртшылығының 
жан  серігі  болған  ән  өнерінің    қоғамдық-әлеуметтік  
сипаты,  тәрбиелік    мәні  халқымыздың  санасынан  бір 
сәт тысқары қалған емес. Өйткені ән қанатында халық 
ойының  тереңдігі,  шексіз  қиялы,  кестелі,  орамды 
шешен  тілі  берік  сақталып,  заманның  алдын  орап, 
кейінгіге  тарап  отырды.  Ұрпақ  тәрбиесіне  айырықша 
мән берген ата-бабамыз сұлу ән, асыл сөздің кестесімен 
сәби  жүрегін  тербеп,  ой-санасын  игі  адамгершілікке  
жетеледі.  Қазақ    күйлерінің    тарихи    пайда    болу, 
даму  жолдары,  күйдің  өмір  шындығын  бейнелеудегі 
өзіндік  ерекшеліктері  қазақ  күйлерінің    сөз  өнерімен 
шендесіп  жататын  синкретті  сипатын  танытады  [1. 

54
А.Сейдімбек.  «Күй  шежіре»].  Қазақтың  әншілік 
өнерінде де, күйшілік өнерінде де, би өнерінде де саз 
аспаптары ерекше орын алады. Өйткені саз аспаптары 
адамның ой-қиялын, көңілдегі айтайын деген тылсым 
сырларын  бейнелейтін  бірден-бір  құрал.  Қазақтың 
саз  аспаптары  қымбат  мәдени  құндылықтар  ретінде 
бүгінгі  күнге  терең  ғасырлар  қойнауынан  жетті. 
Оларды  ұрпақтан-ұрпаққа  халықтан  шыққан  өнер 
майталмандары  жеткізіп  отырды. Көне  замандарда саз 
аспаптары  балшықтан,  ағаштан,  түрлі  өсімдіктерден, 
жануарлар терісі, сүйектері мен мүйізінен, құстардың 
қауырсындарынан,  ішектері  мен  ыспасы  жылқының 
қылынан,  тарамысынан    жасалған.  Ал,  дамыған 
ұсталық  өнері  аспаптардың  бөліктерін,  әшекейлерін 
темірден,  күмістен  жасауға  мүмкіндік  берген.  Саз 
аспаптарының түр-тұрпаты  туралы  жазбаларды қазақ 
жерінде болған саяхатшылар мен ғалымдардың жазба 
еңбектерінен,  батырлық  эпостардан,  аңыздардан, 
халық    поэмаларынан  кездестіруге  болады.  Көптеген 
тарихи  ескерткіштер,  археологиялық  қазбалар, 
шығыс  ғалымдарының  трактаттары,  саяхатшылар 
мен  этнографтардың  жазбалары,  қазіргі  заманғы 
зерттеушілердің    ғылыми    еңбектері    қазақтың  саз 
аспаптарының  алуан  түрлілігін  көрсетеді.  Көне  саз 
аспаптары жайлы құнды деректер орта ғасырларда өмір 
сүрген ұлы ағартушы ғалым Әбу Насыр әл Фарабидің, 
шет елдер мен орыс этнограф ғалымдары А.Левшиннің, 
И.Липатовтың, 
А.Эйхгорнның, 
В.Беляевтың, 
В.Виноградовтың, А.Затаевичтің және т.б. еңбектерінде 
кездеседі.  
Қазақтың  саз  аспаптарын  Мәскеу,  Петербор, 
Алматы,  Семейдің  мұражайларынан  табуға  болады. 
Қазіргі  кезде  көне  саз  аспаптарының  40-тан  астам 

55
түрі  белгілі  болып  отыр.  Қазақтың  саз  аспаптарын 
зерттеу мен қалпына келтіруде теңдессіз еңбек сіңірген 
–  профессор  Болат  Сарыбаев.  Б.Сарыбаев  қазақтың 
саз  аспаптарын  үрлемелі  –  аэрофондар,  топтары: 
сыбызғылар,  тілшіктілер,  мундштуктілер;  ішектілер  – 
хордофондар,  топтары:  шертпелі,  ыспалы;  ұрмалылар 
–  мембранофондар,    топтары:  мембраналы,  ұрмалы, 
өздігінен  дыбысталатындар – идиофондар деп негізгі 
үш  топқа  бөлген  [2.  Б.Сарыбаев.  «Қазақтың  ұлттық 
аспаптары»].
Қазақтың  саз  аспаптарын  дыбыстау  тәсілдеріне, 
дыбыс ерекшеліктеріне қарай  5  топқа  бөлуге  болады: 
I топ  үрлемелі аспаптар тобы:
1. Сыбызғылар: шыңырау, ысқырық, сыбызғы, қурай.
2. Уілдектер: үскірік, тастауық, уілдек.
3.  Сарнамалылар:  сырнай,  ауыз  сырнай,  қамыс 
сырнай, қауырсын сырнай, мес сырнай немесе желбуаз, 
қос сырнай, мүйіз сырнай, керней, ұран, бұғышақ. 
ІІ топ  шертпелі-ішекті аспаптар тобы:
1. Шіңкілдек. 
 
 
2. Шертер.  
 
 
 
 
3.  Домбыралар:    қуыс    мойын    домбыра,    тұмар  
домбыра,  үш  ішекті  домбыра, қос  саз  домбыра,  кең  
шанақты  домбыра.
4. Көп ішектілер:  жетіген, адырна. 
ІІІ топ  ыспалы ішекті аспаптар тобы:
1. Сым ішекті қобыз. 
2. Жез қобыз.
3. Қыл қобыз.
4. Нар қобыз.
5. Егек.
6. Сазген.
7. Бозаншы. 

56
IV топ: тілшікті аспаптар – шаңқобыз тобы. 
V топ  ұрмалы аспаптар тобы:
1.  Дабылды  аспаптар:  дауылпаз,  даңғыра,  дабыл, 
кепшік, дудыға, дүңкілдек, шыңдауыл.
2. Тоқылдақтар: тоқылдақ, шартылдақ, тұяқ тас.  
3. Қоңыраулылар: қоңырау, жыланбас.
4.  Сылдырмақтылар:  асатаяқ,  салпыншақты, 
күлдіреуікті, шығыршықты. 
5.  Шыңылды  аспаптар:  шың,  тай  тұяқ,  қой  тұяқ, 
сиыр көз.
Енді,  әрбір  аспаптар  тобын  жеке-жеке  саралап, 
сараптап  көрейік.  Жоғарыда  біз  саз  аспаптарын 
дыбыстау  тәсілдеріне  және  дыбыс  ерекшеліктеріне  
қарай  топтастырылатынын  айтып өткенбіз. Үрлемелі 
аспаптар тобының  өзін  дыбыс  ерекшеліктеріне  қарай 
үш  топқа  бөлуге  болады:  1)  сыбызғылар  –  дыбыс  
биіктігі  жоғары аспаптар;   2) уілдектер –  дыбыс бояуы 
нәзік аспаптар; 3) сарнамалылар – дыбыс биіктігі төмен 
және дыбыс бояуы сарнамалы аспаптар тобы. 
Қазіргі  кезде  барлық  фольклорлы  ансамбльдердің 
аспаптық  құрамында  кездесетін    уілдектер  тобына 
жататын  саз  сырнай  аталатын  аспап  бар.  Біздіңше,    
аспаптың    атауы    аспаптың    заттық    құрамына    да,  
дыбыс  бояуына да еш сәйкес келмейді. Яғни, аспапқа 
атауы  дұрыс  берілмеген.  Енді  осы  көзқарасымызға 
талдау жасап көрейік. 
Саз сырнай атауы қайдан пайда болған? Аспап көне 
Отырар қаласына археологиялық  қазба  жұмыстарын  
жүргізу кезінде табылған. Табылған жәдігер саз аспабы 
екендігі    анықталған    соң    ғалымдарға  ол  аспаптың 
атауын  табу  керек  болды.  Ол  атау  халық    жадында 
сақталмағандықтан,  аспапқа  ат  қоюға  тура  келген. 
Сөйтіп,  аспап  –  саздан  жасалған  сырнай,    яғни,  саз-

57
сырнай атауына ие болды. 
Қазақ  ешқашан  саз  аспаптарына  заттық  құрамына 
қарай атау бермеген. Олай  болған  жағдайда  домбыра – 
ағаш  домбыра,  шертер – тері  шертер болып аталатын 
еді. Қыл қобыз атауы да дұрыс емес. Негізінде қобыз 
ғана болған.  
Саз  сырнайдың  заттық  құрамына  келетін  болсақ, 
аспап  атауының  бірінші  бөлігі  –  саз  деген  сөз  нені 
білдіреді?    Біріншіден,    саз  –  музыка,  әуен  деген  
мағынада бола  алады.  Екіншіден, саз – топонимикалық 
мағынада, сазды жер.  Яғни, сулы, батпақты, балдырлы, 
өсімдікті  жер.  Тірі  жәндік,  жануарлар  түсіп  кетсе, 
тартып    әкететін,  батып    кететін    жер.  Ондай  саз 
батпақтан ешқандай  зат,  бұйым,  аспап  жасалмайды.  
Керамикалық    бұйымдыр,  ыдыс-аяқ,    саз  аспабы 
арнаулы иленген балшықтан жасалады. Оған кез келген 
балшық  жарамайды, яғни,  заттық  негізі, құрамы – саз 
емес балшық.  
Ал, енді аспап атауының екінші бөлігі – сырнайды 
сараптап көрейік. Жоғарыда айтып өткендей, үрлемелі 
аспаптарды дыбыс ерекшеліктеріне, бояуына қарай үш 
топқа бөлдік.  Саз сырнайдың дыбысы, үні сырнайдан 
гөрі    уілдекке    жақын.    Аспаптың    дыбысы    уілдеп,  
үскіріп    шығады.  Ал,  сырнай  –  сарнамалы    аспап. 
Абай  атамыздың  «Қыс» деген өлеңінде «Дем алысы 
– үскірік,  аяз  бен  қар» деген жолдар кездеседі. Біздің  
аспабымыздың  үні  сол  аяз  бен  қар  секілді  үскіріп 
шығады. Сондықтан да аспаптың атауы үскірік деуге 
әбден тұрарлық. Аспаптың  атауын  заттық  құрамына  
қарай атағаннан гөрі дыбыстық қасиетіне қарай атаған 
әлдеқайда  маңыздырақ.  Оның  үстіне  үскіріктің 
үнін  сырнайдың,  мес  сырнайдың,  қамыс  сырнайдың 
дыбысымен салыстыруға еш келмейді. 

58
Осы  тұста  айта  кетерлік  жай,  үскірік  аспабын 
қалпына  келтіртіп,  оркестрлер  мен  ансамбльдердің 
аспаптық құрамынан ойып тұрып орын алып берген – 
Болат Сарыбаевтың еңбегі.
Қазақ  даласына  оркестр  ұғымы  XX  ғасырдың 
отызыншы жылдары келді. Академик  Ахмет Жұбанов 
ең  алғаш  1934  жылы  орыстың  В.Андреев  атындағы 
халық аспаптар оркестрі үлгісінде және симфониялық 
оркестрдің  негізінде  қазақтың  халық  аспаптар 
оркестрін  ұйымдастырды.  Оркестрдің  аспаптық  
құрамын    қалыптастыру    үшін    барлық    аспаптарды 
классификациялау  қажет  болды.  Міне,  сол  тұста 
домбыра  прима,  домбыра  секунда,    домбыра  альт,  
домбыра тенор,  домбыра бас,  домбыра контрабас, сол 
сияқты  прима қобыз,  альт қобыз,  бас қобыз,  контрабас 
қобыз атауларымен  бірге  қыл қобыз  атауы  да  пайда  
болды.
Жоғарыда көрсетілген мұражайда тұрған алпыс екі 
түрлі аспаптың республикамыздың  барлық  оркестрлері  
мен  ансамбльдері  жиырма  шақтысын ғана  қолданады. 
Өйткені,  ол  аспаптардың  басым  көпшілігі  әлі  жете 
зерттелмеген  және  оркестрлер  пайдаланатын  қалыпқа 
келтіріліп, жетілдірілмеген. Мысалы, керней, бұғышақ, 
мес сырнай  аспаптарын елімізде жасайтын шеберлер 
жоқ.  Себебі  ол  аспаптардың    жасалу  технологиясын, 
тіпті, дыбысын шығару тәсілдерін білмейді.  Сондықтан 
ол аспаптарды шет елдерден алдыруға мәжбүрміз.  Ал, 
егек,  сазген,    бозаншы    аспаптарын    зерттеген    адам  
жоқ.    Жетіген    мен  адырна    аспаптары  әлі  де  шегіне 
жеткізілмеген. Өйткені  аспаптарды  қолдану  кезінде  
кемшін тұстары байқалып  жатады. 
Қорыта    келгенде,    байқап    қарасаңыз,    қазақтың  
ұлттық  саз аспаптарында әлі де зерттелмеген, орыны 

59
толмаған  ақтаңдақтар  бар  екендігі  көрініс  табады. 
Осы  ақтаңдақтардың  орынын  толтыру  –  болашақтың 
еншісіндегі атқарылатын киелі міндет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  А.Сейдімбек.    Күй  шежіре.  Алматы;  КРАМДС. 
Яссауи, 1992.
2. Б.Сарыбаев. Қазақтың ұлттық аспаптары. А., 1980.
Резюме
Данная  статья  рассматривает  классификацию 
фольклорных  и  оркестровых  инструментов,  а  так  же 
рассматривает  не  правильность  названия  духового 
фольклорного инструмента саз сырнай.  
Summary
This article examines the Kazakh folk instruments, folk 
instruments and classificatsion of orchestral instruments and 
does not consider the correctness of folk wind instrument 
saz syrnai.
Ләтипа ЖҮКЕНҚЫЗЫ,
Шығыс Қазақстан облысының
Жарма ауданындағы
«Қалбатау» өнер мектебінің
теория-солфеджио сыныбының мұғалімі.
ИНТЕРВАЛДАР
Ұстанымы:  «Музыка  –  дыбыстың  бір-бірімен 
үйлесім табуындағы ғажап өнер».
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: білімділігі – 
оқушыларды музыкалы мәдениетті, теориялық сауатты 
болуға үйрету, музыкалық дыбыстарды ажырату және 

60
елестету  сезімдерін  жетілдіру;  дамытушылық  – 
өзіндік  ішкі  мүмкіндіктерін  толық  пайдалана  білуін 
қалыптастыру,  музыкалық  қабілетін  өсіру,  іздену  мен 
шығармашылық  ойлауға    жағдай  туғызу;  тәрбиелік 
–  оқылған  материалдарды  қайта  жаңғырту  әдісімен 
берік игертіп, оны қолдануды іске асыру, өнерге деген 
талғамын қалыптастыру.
Мақсаты:  әуендік  құбылыстар  мен  түсініктерді 
таныту,жазба әуендерді көзбен оқу арқылы сараптама 
жасау;  қандай  әуен  беретінін  аспапсыз-ақ  анықтай 
білуге  дағдыландыру;  сольфеджио  нәтижесінде 
шығарманы аспапта сараптап шығару.
Типі:  ізденіс  сабағы.  Түрі:  білімді  бекіту  және 
іскерлікті  қалыптастыру.  Әдіс-тәсілдер:  комму-
никативті  әдіс,  музыканы  саралау  сұрақтарын  қою, 
оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  музыка  тыңдау,  ән  айту, 
талдау, кестелермен жұмыс.
Дидактикалық  көрнекілік  құралдары:  аудио 
аппаратуралары, 
репродукциялық 
(көрсетпе) 
кәртішкелер, зертханалық-тәжірибелік оқу құралдары: 
ноталық материалдар, музыкалық аспаптар, таблицалар 
мен блок схемалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: музыкалық сәлем, оқушы-
ларды түгелдеу, ұжымдық топпен  орналастыру.
Сабақ жүйесінен хабарлама.
ІІ. Үй жұмысын тексеру (әдісі: сұрақ-жауап).
ІІІ. Ізденіс тәсіліндегі топтық жұмыс. Оқушыларға 
алдын-ала  берілген  шығармашылық  жұмыстану 
шартындағы тапсырмалар орындалады.
Іс-әрекет түрі: 
1.  Мұғалім  көрсетпе  құрал  қолдану  арқылы    әрбір 
топтың өз интервалдарын еске түсіруін талап етеді.

61
2.  Әрбір  топ  ізденіс  әрекетінде  дайындаған 
музыкалық шығармаларын орындайды.
а)  таңдалған  шығарма  түрі  мен  интервалдық 
дыбыстар  туралы мәлімет, талдау;
ә) шығарманың сауатты түрде орындалуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет