Интервал
түрлері
Топ
атаулары
Орындалатын
музыкалық
шығарма
Жанрлық
түрі
Прима
Секунда
«Әуен»
Орыстың халық әні
«Белая березенька»
Укр.халық әні
«Ой,ты, дивчино»
Екі
дауыстағы
вокал
Терция
Кварта
«Ырғақ»
Соловьев-седой
«Подмосковные
вечера»
Вокал
Квинта
Секста
«Сазгер»
Операдан үзінді
«Пан Коцкий»
Сүйемел-
деумен
орында-
латын ария
Септима
Октава
«Өнер»
Украин халық әні
«Ой, ты, дивчино»
Аспаптық
шығарма
ІІІ. Ізденіс тәсіліндегі топтық жұмыс.
Іс-әрекет түрі: әрбір топтың атауы мен эмблемасы
негізінде өз топтарын қорғауы.
Ойын технологиясы тәсіліндегі жұмыс.
Тапсырма
әдістері
Топ
атаулары
Тапсырма
мазмұны
Жауаптары
Тірек-
сөздер
беріледі.
«Әуен»
«ән-күй»,
«интервал-
дардың қа-
лыптасуы»,
«музыкалық
шығарма»,
«эстетикалық,
көркемдік»
тірек-сөздері
арқылы тақы-
рыптық
ұғым туралы
баяндау.
Интервалдар-
дың жүйелі
қалыптасуы
әрекетінде
көркемдік-
эстетикалық
қалыптағы
ән-күйлер мен
т.б. музыка
жанрлары
туындайды.
62
Жұмбақ
сұрақ.
«Ырғақ»
Интервалдар
музыкалық
шығармалар-
дың қай
жерінде
кездеспейді?
Интервалдардың
музыкада кез-
деспейтін жері
жоқ. Музыка
құрылысындағы
әрбір буын
интервалдардан
тұрады.
Көрнекілік
құрал
арқылы
сандарды
көрсету.
«Сазгер»
Сандық құ-
ралда көрсе-
тілген мәлімет
бойынша
интервал
түрін атау.
Прима, секунда,
терция, кварта,
квинта,
секста, септима,
октава
Музыка-
лық дыбыс
(нота) бел-
гіленген
кәртішке
беріледі.
«Өнер»
Берілген
дыбыс
негізінде
интервал құра
және мысал
келтір.
Ми,фа,ре,си,до
ноталарынан
К3, Т4, Т8,
Б3, К6, т.б.
интервалдарды
құру.
ІV. Бекіту әдістері.
Әр топтың алдына И.Нүсіпбаевтың «Жас дәуірдің
түлегіміз» әнінің толық нота жазбасы таратылады.
Әрбір топ сол әннен өз интервалдарын тауып,
интервалдық музыка сараптамасын жасайды.
4 топ бірігіп 2 ширектік өлшемде дирижерлеп, әнді
сауатты түрде орындайды.
Мұғалімнің ой-түйіні: - Музыка дыбысы – өзіндік
мәні мен маңызы бар дыбыс екендігі әр уақытта
жадыларыңда болуы тиіс.
«Мемлекетіміздің мәдени болашағы-жас ұрпақтар
қолында» десек, ол – сендерсіңдер.
V. Үйге тапсырма: а) ля, фа; соль, ми; си, фа; ре,
до; ми, соль; фа, си интервалдарын дәптерлеріне жазу;
ә) «Жас дәуірдің түлегіміз» әнінің ноталарын жаттау.
VІ. Оқушылар білімін бағалау.
63
Қорлан МӘУЛӘБИҚЫЗЫ,
«Қалбатау» өнер мектебінің
фортепиано сыныбының мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы.
ЛЕГАТОМЕН ОЙНАУ
Сабақтың мақсаты: 1) үйрету, меңгеру, түсінік
беру; 2) оқушының аспапта ойнау белсенділік қабілетін
дамыту, технологиясын жетілдіру. Өздік жұмыс арқылы
оқушының аспапта ойнау, нотаны тез оқып үйренуін
дамыту; 3) оқушының өнерге қызығушылығын арттыру,
өнерге баулу.
Түрі: аралас, қорытынды сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,
бірігіп ойнау, шығармашылық жұмыс. Көрнекілігі:
кітаптар, музыкалық аспап.
Сабақтың барысы:
1. Оқушымен амандасу, дұрыс отырғызып, сабаққа
әзірлігін тексеру (қойылым).
Қолды, саусақтарды дұрыс қою.
64
2. Кәртішкемен жұмыс. Жаттығулар арқылы оң мен
сол қолды жүргізіп үйрету.
Бірінші саусақты дұрыс қою;
• Гамма дегеніміз не?
• Гамма – до мажор, әр қолмен бөлек ойнау (екі октава).
• Соль мажорды қалай табамыз? (квинта шеңбері)
• Фа диез қайдан шықты? (екі тон, жарты тон, үш тон,
жарты тон)
• Соль мажордың гаммасын ойнау.
До мажор, соль мажор-екі қолмен бірге ойнау, екі жаққа
бөлініп ойнау (расходящееся). Саусақтарды дұрыс алу.
3. Аккорд дегеніміз не? Тұрақты және тұрақсыз
дыбыстар. Аккордты толық алу: до мажор, соль мажор.
4. До мажордың хроматикалық гаммасын үйрету (оң
қолды).
5. Этюд дегеніміз – арнаулы аспапқа жазылған шығар-
ма. Этюд қолдың техникасын (тез ойнау) арттырады.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз “Легатомен ойнау”. Қазіргі
ойнайтын А.Николаевтың «Этюдында» да легато кезігеді.
6. А.Николаевтың «Этюд» шығармасын жатқа ойнау.
Жаңа сабақ: Легатомен ойнау. Вариация. «Во саду ли
в огороде», И.Беркович.
1.Вариация – өзгерту, берілген бір әнді неше түрге
65
салып құбылту, өрнектеу, әдемілеп әсерлеу. Бірақ әрбір
вариацияда берілген әннің әуені естіліп тұрады.
«Во саду ли в огороде» шығармасының вариациясы-
ның бірінші бөлімін жатқа ойнау (стокатто) екінші бөлімін
(легато) нотамен ойнап шығу, бөліп, фразамен ойнау.
2. «Нидерландский танец» шығармасын аяғына дейін
жалғастырып, бөліп, фразамен жаттау.
3. «Идет дождь» шығармасын ортасына дейін
жалғастыру.
Үй жұмысын тексеру:
Бас кілтінің нотасын, кіші және үлкен октаваның,
2-октаваның ноталарын атап ойнау (кәртішке).
«Сулико» грузин халық әнін легатомен ойнау. Паузада
қолды көтеру.
«В мире животных» шығармасында аккордты толық
алу, ауыстырғанда пауза жасамау.
Өткен шығармаларды қайталау, ойнау:
«Осенняя песенка», Абелев – легатомен ойнау.
«Ой ті дівчіно» украин халық әнін легатомен ойнау.
Легатоның стокатодан айырмашылығын көрсету.
«Янка» беларус халық биін оқушыға ойнап беру.
Айырмашылығын көрсету.
Ансамбль «Тень-тень» мұғалімімен қосылып ән ай-
тып ойнау.
Парақтан оқу: татар халық әнін легатомен ойнау.
Е.Юцевичтің «Колыбельнаясын» легатомен ойнау.
Қорытындылау:
А.Николаевтың
«Этюд»
шығармасын тоқтамай ойнау. Вариация «Во саду ли в
огороде» шығармасының екінші бөлімін жаттау. Өткен
шығармаларды мәнерлеп, дыбыстарын таза, әндете, өзіңді
тыңдап, нюанстармен ойнау.
Бағалау: баға қою, күнделікке үй жұмысын жазу.
66
Жас ғалымдар отауы
Гүлзат САҒЫНДЫҚОВА,
«Қайнар» университетінің
аға оқытушысы,
филология магистрі.
ОңТҮСТІК ӨңІРІ
ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРІНІң
ЛИНГВОПОЭТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі уақытта гуманитарлық ғылымдардың зерттеу
аясы барынша кеңи түсті. Тіл білімінің бір саласында
зерттеу жүргізу үшін мәдениеттану, өнертану, құрылымдық
әдебиеттану, әлеуметтану, тарих, антропология, т.б. сынды
ғылым салаларының жетістіктеріне де тоқталмай кете
алмайсыз. Мұны, ең алдымен, тілдің тек қарым-қатынастық
ерекшелігінен өзге мәдени, рухани арналарын тереңдеп
зерттеу қажеттілігі де алға шыққандығымен түсіндіруге
болады. Бұл тұрғыда сөзімізді лингвомәдениеттанымдық
зерттеу еңбектері нақтылай түседі. Лингвомәдениеттанулық
зерттеулердің негізгі бағыты ғасырлар бойындағы рухани
концепт жетістіктері мен тәжірибелерін, адамзаттық ақиқат
белгілерін таңбалайтын тұрақты тілдік бірліктерді зерттеу.
Бұл, әсіресе, көркем мәтіндерде айырықша көрініс табады.
Көркем мәтін табиғатын зерделеу мәселесі өз кезегінде
лингвопоэтикалық өлшемдермен тікелей байланысты.
Ахмет Байтұрсынов тілдің міндетін, оның көркем
әдебиетке қатысты ара-қатынасын сөз еткенде оның
«ақылға, қиялға, көңілге» барып тірелетінін айтады.
Ғалым бұл классификацияны тілдің мағыналық тереңдігіне
байланыстыра отырып түсіндіреді: «Тілдің міндеті
– ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзегенін
меңзегенше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау».
67
Себебі, көркем сөз – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық
психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру
тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін
таныстыратын біртұтас дүние.
Лингвоелтанымдық зерттеулер мәдени константаларды
екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық
нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін,
халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін
ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді
зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі
бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта
жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер
болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде белгілі бір ұғымды
ауыспалы мағынада түсіндіру үшін өздері күнделікті көріп
жүрген, болмысы әбден танылған ұғымдарды қолданады.
Бұл бағыттың іргетасы В фон Гумбольдт, Я.Гримм, Ф де
Соссюр, Р.Раск, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня, Г.Штейнталь,
Ж.Вандриес еңбектерінде қаланды.
Осы тұрғыда мақалада еліміздің оңтүстік өңірінен
шыққан жазушылардың туындыларындағы жергілікті тіл
ерекшеліктерінің танымдық мәні, этнолингвистикалық
табиғатын қарастыруды мақсат тұттық. Тақырыпқа қатысты
зерттеулерді айтқанда М.Атабаеваның, Ж.Мұхамбетовтың,
А.Есенбайдың еңбектерін арнайы атауға болады.
М.Атабаеваның еңбегі қазақ тіліне ортақ
этнодиалектизмдерге арналса, Ж.Мұхамбетов кандидаттық
диссертациясында
Батыс
Қазақстан
аймағындағы
тұрғындар тіліндегі этнодиалектизмдерді талдауды мақсат
еткен. Анар Есенбайдың кандидаттық жұмысында Сыр
өңірі тұрғындары тіліндегі лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық ерекшеліктерін материалдық мәдениет
атауларының ұлттық-мәдени этнолингвистикалық сипатын
арнайы қарастырған.
68
Тіл білімі ғылымында тілдік мағыналық қатынастар
соңғы кездері арнайы зерттеу нысанына айналуда. Тіл – ой
мен сананың айнасы болғандықтан толыққанды мағыналық
бірлік қалыптастыратын қасиетке ие. В.И.Постовалова бұл
туралы: «Обращение к теме человеческого фактора в языке
свидетельствует о важнейшем методологическом сдвиге,
наметившемся в современной лингвистике – о смене
ее базисной парадигматике и переходе от лингвистики
«имманентной» с ее установкой рассматривать язык «в
самом себе и для себя» к лингвистике антропологической,
предполагающей изучать язык в тесной связи с человеком,
его сознанием, мышлением, духовно-практической
деятельностью»,- дейді. [1, 16б.]. Академик Р.Сыздық
көркем әдебиеттегі лексикалық нормалардың басты
белгілері ретінде тоғыз ерекшелігін анықтап берді:
1) диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұм-
салуы, көркем әдебиет тіліндегі көрінісі, күй-қалпы,
өріс алу бағыты; 2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі
(образды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің
сөгілуі; 3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздердің
жұмсалуы; 4) синонимдерді таңдау, идеографиялық және
стильдік синонимдердің қолданысы; 5) лексикалық жаңа
қолданыстардың орын алуы (қажетсіз тұста жаңадан
сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған жаңа
қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы); 6) штамп сөздер мен
тіркестерді қолдану, сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы
сөз мағыналарын жаңғырту; 7) лексикалық варианттардың
қолданысы, яғни, морфологиялық, орфографиялық,
семантикалық, генезистік, т.б. жарыспалы элементтердің
дұрыс-бұрыс жұмсалуы; 8) белгілі бір сөз тудырушы
элементтердің және синтаксистік тәсілдердің көркем
әдебиет тілінде активтенуі; 9) көркем әдеби тіл арқылы
лексиканың стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер,
69
канцеляризм, т.т.) ажыратыла түсуі [2, 228-б.].
Осыған байланысты С.Аманжолов: «Диалектная
лексика подчиняется внутренним законам художественной
структуры произведения и находится в сложных
системных отношениях с разными ее уровнями. Поэтому
ее контекстуально-художественное назначение можно
вскрыть лишь при выявлении этих отношений о позиций
внутренних законов построения произведения» [3, 45б.],-
деп жазады. Б.Қалиев: «Диалектизм болу үшін лексикалық
единицаның, ең алдымен, әдеби тілімізде баламасы болу
керек, одан кейін оның таралу шегі (изоглоссасы) болуы
шарт. Мұны айтып отырған себебіміз – кейбір жолдастар
диалектілік белгілердің ең негізгі таңбасы – оның
территориялық сипаты деп түсінеді» дегенді баса айтады
[4, 152б.].
Көркем сөздегі жергілікті тіл ерекшеліктері өзіндік ішкі
құрылымдарымен айқындалады. Ол, ең алдымен, авторлық
ұстанымдардың кейіпкер тілімен берілуі. Төмендегі
келтірілген мысалдардан осыны байқауға болады.
Мысалы: - Жас төлдерді ішіктіріп алатын болдыңдар –
деп тұрмын.
- Ішіккені несі?- деді завхоз онша түсіне қоймай. [5,
18-б.] /«ішіккені» - ішқұса болғаны/
- Ішіккен төл суға жарымаған пәлек сияқты пүш болып,
буылып қалады. [5, 18-б.] /«пәлек»- қауын-қарбыз сабағы/.
- Өркениеттер шарықтауына шәк келтіруге бола ма? [5].
/«шәк» - күмән /
- Нең кем?- деп, оған Әбду мысқылдай қарады,- Бірдемең
кем деп жатқан біреу бар ма? Қасқа, ондай сөзді қой.
Өзіңмен өзің сөйлесіп, немене, жын көрінді ме? [7, 121-б.].
Және бір айта кетер жайт, көбіне авторлық мәтіндерде
де диалект сөздердің қолданылуы айырықшаланып
тұратыны мәлім.
70
Мысалы: Жамантаевтан жұрт бөжек көргендей
қорқатын еді. [5, 5-б.] /«бөжек» - қорқынышты /
Түс ауа екі аяқты «Иж» мотоциклін шайланың астынан
сүйреп шығарып, жылтыратып сүртті. [5, 14-б.] /«шайла» -
үйшік /
Үстіне көк жібектен тіккен қытайлық «Адидас»
формасын киіп, басына әлгі Қалиевтікіне ұқсас айуаны
қалақтай ақ телпекті самайы сәл ашыла бастаған сопақ
басына басып қондырып алды. [5, 14-б.] /«айуаны» - төбесі/
Дәптерді жауып, ыстық шайды бір пиаладан бір пиалаға
сапырып, шақпақ қанттан шырт тістеп қойып, сораптап
ішті [5, 16-б]. / пиала - кесе/
Шопанға алың-келің деген жоқ. [5, 16-б.] /«алың келің»
- өзбек халқының ұлттық мәдени ерекшелігін негізге алып
айтылған сөз/
Лексика-фонетикалық таңбалар жүйесін құратын
аталмыш сөздерді уәжді қолданыстар қатарына жатқызуға
келмейді. Себебі, бұлар белгілі бір деңгейде кейіпкер мінезін
ашуға қызмет етіп тұрғанымен, мәтіннің жалпы стратегия-
лық мазмұнын ашуды көздеп тұрған жоқ. Аймақтық сөйлеу
ерекшеліктерінің теориялық әрі іс-тәжірбиелік мәнін арнайы
зерттеген ғалым Анар Есенбай: «Көркем мәтінде кездесетін
кейбір диалект сөздердің орынсыз қолданылуын да арнайы
зерттеп, көркем мәтінде жалпыхалықтық әдеби тілдің
нормасын сақтау қағидаларын негіздеу керек» екендігін
баса айтады. Бұған дәлел ретінде ғалым Ш.Сарыбаевтың
көркем әдебиеттердегі кейбір диалектизмдердің орынсыз
қолданылуынан болатын кемшіліктерін мысал ретінде
келтіре кетеді: «Кейбір жазушылардың әдеби тілімізде
қалыптасқан сөздердің орнына жалпыхалықтық сипат
алмаған, тосаң естілетін сөздерді өз баяндауларында жиі
қолдануын біз құптай алмаймыз» дей келе, «Ақ Жайық»
романындағы жар (қабырға), шаттауық (жаңғақ),
71
қалай-солай (қалай болса солай), мадықтау (мадақтау)
сөздерінің мәтінге көркемдік сипат бере алмайтынын
көрсетеді. Сонымен қатар көпшілікке мүлде түсініксіз
диалектизмдердің де көркем әдебиеттерде берілмеуін
ескере отырып, осындай қолданыстардың Ғ.Сланов пен
Ә.Нұрпейісов шығармаларында кездесетінін дәйектеп
көрсетеді: жуырқан (көрпе), жары (жартысы), келе-
жағында.
Қызылорда
өңіріндегі
жазушылардың
көркем
туындыларынан әдеби баламасы бола тұра белгілі бір
семантикалық міндет жүктелмеген сөздерді кездестіруге
болады. Мұндай қолданыстар өз кезегінде көркем
мәтіннің мағыналық және көркемдік бүтіндігіне кері
әсерін тигізіп жатады. Себебі, төменде берілген мысалдар
диалог не монолог барысындағы мәтіндер емес, авторлық
баяндауларда берілген.
Мысалы: Қозылар аяқтана келе, ауылдардың
біразы батысқа, Торғай өзеніне қарай беттесе, біразы
Жезқазғандағы Қаракеңгірге құлдайтын болған. [8, 14-б.]
/«құлдайтын» – орналастыру/.
Ақ тақырдың бетін шиырлап тастаған көне сүрлеудің
санынан мана әзірде-ақ жаңылғам. [8, 16-б.] /«мана» –
бағана/.
Кәнігі жүргізушілер табаны ойылып кеткен қара
жолдардан гөрі көне сүрлеу, сара соқпақтардың сорабын
қолайттайды. [8, 16-б.] /«қолайттау» - дұрыс көреді/.
Тас жолдың екі беті – қорыс қар. [8, 35-б.] /«қорыс» –
қалың/.
Зор ашудан қолы қалтырап, үйіне шаққа жетті [7, 152б.].
/«шаққа» - әзер/.
Автордың диалектілерді қолдану ерекшелігіне қарай
оның поэтикалық, әдеби норманы қалыптастыру немесе,
керісінше, бұзу тұрғысында академик Р.Сыздық нақты
72
мысалдармен дәлел келтіреді: «Диалектизмдерді көбірек
қолдану өзге жазушыларды да, әсіресе, соңғы ширек ғасыр
ішінде жарық көрген үлкенді-кішілі проза үлгілерінде
орын алады. Мысалы, Б.Алдамжаровтың «Қара нөсер»
атты шағын шығармасында («Жазушы» баспасы, 1981)
кейіпкерлер тілінде де, автордың өз баяндауында да ояғын
(ол жағын), анаяқ (ана жақ), іжқайда (ешқайда), ақ куілділік
(ақ көңілділік), еге (ие), ауыш (ауыс), бәте (бата), кәйтсін
(қайтсын), дайра (дария), ыңғи (ылғи), сояқ (сол жақ), құдағай
(құдағи), отқан (отырған), аял (әйел), жүрәт (жұрағат),
ешек (есек), пәт (бет), бір буат қағаз (бір бума қағаз),
бүймәлім (беймәлім), жаңғыз (жалғыз), тиыш (тыныш),
лайқат (лайық), сүгірет (сурет), ірә (тіпті), енапат (ағыл-
тегіл), баратса (бара жатса), кәдірлі (қадірлі), бір күншідей
(бір күнгідей) сияқты ондаған сөз стильдік мақсатта да
(мүмкін, айталық, кейбір кейіпкерлер тіліндегісі), ешбір
зәруліксіз де молынан қолданылған. [2, 242-б.]. Сонымен
қатар, автордың әдеби тілдің спецификасына сай деп білген
диалектизмдер тізбегі (
ақсөңке, жарма, мұрап, қырқым,
дақыл, дәнді дақыл, омарта, бақ, бағбан, құбыр, аула,
дәліз, зембіл, мөлдек, оман арықты, қасат, қормал, жап,
қылағай, қыңа, салынды, шабыра, т.б.) орын алады. Бұл
сөздер, көбіне, шаруашылық, кәсіптік диалектілерде жиі
ұшырасады. Әлбетте, көркем сөздегі диалектизмдердің
орынын айқындау кешенді филологиялық талдауды қажет
етеді. Бұл жерде бізге лингвистикалық поэтиканың міндетін
тереңірек тануға тура келеді. Себебі, жергілікті тілдік
ерекшеліктердің мәтіндегі көрінісі туындының көркемдік
бүтіндігіне, автордың стилдік ерекшелігіне байланысты.
Бүгінгі тіл білімінде интеллектуалдық лексика, дәстүрлі
диалектикалық лексика, мәдени топтар, әлеуметтік
лексикалық топтар сынды ұғымдар жиі қолданылып жүр.
Әрине, біз бұл жерде диалектикалық лексика аясындағы
73
деңгейде ғана айтып отырмыз. Осының өзі жергілікті тілдік
ерекшеліктердің көркем сөздегі поэтикалық ерекшелігін
ескере отырып, этнолингвистикалық жүйеде зерттеу
қажеттілігін көрсетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
М.Постовалова,
Б.А.Серебренников.
Роль
человеческого фактора в языке. Язык и мышление. М.,
1988, 306-с.
2. Р.Сыздықова. Сөз қолданыс және әдеби норма //
Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1983, 149-б.
3. С.А.Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории
казахского языка. А., Учпедгиз. 1959, 451-с.
4. Б.Қалиев. Өсімдік атауларының құрамындағы жергі-
лікті ерекшеліктер // қазақ тіліндегі аймақтық ерекшелік-
тер. А., «Ғылым», 1990, 141-154-б.
5. Ж.Кеттебеков. А., «Арна», 2009, 400-б.
6. С.Жұбатырұлы. «Ұлы Дала: тамыры терең өркендер
бастауы». «Қазақ әдебиеті» газеті. №51. 23.12. 2011.
7. Б.Алдамжаров. Жықпыл. А., 1986, 356-б.
8. С.Байхонов. Бетпақдала шөл емес. Астана., «Фолиант»,
2003, 272-б.
9. «Әдебиет танытқыш» (1926) // А.Байтұрсынұлы.
5 томдық шығармалар жинағы. Т. 1, А., «Алаш», 2003,
408-бет.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются этнолингвистические
особенности диалектов южного региона Казахстана. Автор
анализирует теоретические концепты диалектологии,
основываясь в специфику художественных текстов и
определяет общие закономерности лингвистического и
поэтического анализа художественного произведения.
74
Тәлім-тәрбие қырлары
Мергүл СЕКЕНҚЫЗЫ,
«Қалбатау» өнер мектебінің
домбыра сыныбының мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы.
МУЗЫКА – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ
БЕРУДІң БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Музыкалық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың
шығармашылық ой-өрісін және жеке қабілеттілігін дамыту,
халық музыкасы мен классикалық шығармаларды түсіне
отырып қабылдай алатын, музыка өнері арқылы әсемділікті,
сұлулықты сүйсіне білетін,ішкі рухани дүниесі бай, жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу-тәрбие міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-
дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу,
қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін
қамтамасыз ету.
2) Туысқан халықтардың музыкасына құрметпен
қарауға, оның қазақ халқының музыкасымен өзара байла-
ныстылығын түсіндіру.
3) Дүниежүзілік өнер маржандарымен, атақты өнер туын-
дыларымен, қайраткерлерімен, дарынды орындаушылар-
мен таныстыру, солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыкалық іс-әрекеттер барысында музыкалық
көркемдік жағын түсіне отырып, мәнерлі орындауға
баулу, біліктілігін сезіне білу қасиетін дамыту, талғамын
қалыптастыру.
5) Музыкалық білімін,сауаттылығын дамыту.
Өнер – халық тарихының шежіресі.
75
Музыкада адамның күйініші мен сүйініші, қуанышы
мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнерде адам
өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертіледі.
- Адам дүниеге келген күннен бастап адамзат
тіршілігіндегі оқиғаларды,алуан түрлі ойларды ән-әуенмен
жеткізе білген. Сондай-ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін,
ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да
өздеріне, ең алдымен, әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену
тойлары, халықтық ойын-сауықтар – барлығы да ән-күй
аясында өтеді.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт,
Асан қайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен
жеткізген. Одан бері Құрманғазы, Тәттімет, Дәулеткерей,
т.б. дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет,
тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
Музыкалық әуендер сан алуан. Музыка адамның көңіл-
күйін, ой-арманын, қоршаған ортаға деген өзінің қарым-
қатынасын білдіре алады. Музыка – ғылымның бір саласы
екені баршамызға аян. Ол – өмірдің бір бөлігі. Күнделікті
өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. Айналаға бір
сәт құлақ түрейікші. Жеңіл ескен самал тербеген жапырақтар
сыбдыры, қыр мен ойды қуалаған жел гуілі, аққан бұлақ
сылдыры, бұлбұлдың үні, бозторғайдың шырылдаған
дауысы, тұлпар тұяғының дүбірі, бәрі – дыбыс, бәрі – үн.
Бірақ дыбыс атаулының бәрі музыкалық дыбыс емес. Ал,
дыбыстың ең жоғары қызметі – адамға эстетикалық ләззат,
рухани азық сыйлау. Музыкалық дыбыстың өзіндік мәні,
маңызы бар. Мәні – адамның аңсаған арманы,қуанышы мен
күйініші, өмір құбылыстарын сан алуан сиқырлы иірімдер
арқылы да сүйкімді ырғақтарымен, тербелістерімен адамды
дүние сырын түсінуге жетелейді. Музыка туа біткен
дарындылық пен инстинкт түсініктердің нәтижесінде дами
келе ғылым дәрежесіне жетті. Музыка ғылымына тереңірек
76
үңілер болсақ,ол жеті қабат аспан әлемінің қозғалысындағы
үндестікті түсіндіреді, қозғалыс бар жерде жарық, жарық
бар жерде дыбыс бар екенін дәлелдейді. Жеті музыкалық
нота аптаның жеті күні, жеті қат аспан әлемі, жеті қат жер
қыртысына теңеледі.
Тіршілік әлеміндегі ең жоғарғы ақыл иесі – адам. «Адамзат
дене және жан деп аталатын екі бөлімнен тұрады,тәрбие
дегеніміз – сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету
деген сөз». Ал, тәрбиенің аса маңызды құралы – өнер. Оның
ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтитын – музыкалық
Достарыңызбен бөлісу: |