Тыныштық
сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап,
бастарыңды көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
аламыз. Тыныс алуымызды
бақылай отырып, бақытқа,
махаббат пен тыныштыққа толы
шипалы ауаның тұла бойымызға
толғанын сезінесіңдер.
Көздеріңді ашсаңдар да болады.
«Достық шеңбері»
Балалар көздерін
жұмып, тәрбиешінің
айтқанын елестетеді.
Шығарма-
шылық,
ұжымдық
жұмыс.
- Енді, балалар,
алақандарымызды түрлі- түсті
бояуға салып, үлкен ақ қағазға
бастырып шығайық.
Қараңдаршы, қандай түрлі –түсті,
үлкен, әдемі, жылы шеңбер пайда
болды. Үнемі біздің достығымыз
үзілмей, шексіз бола берсін.
Біртіндеп барып
шеңберге қол таңбасын
түсіреді.
135
Ғажайып
сөздер.
Осы ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетімізде айтып үйренген
өнегелі сөздерді қайталап айтып
жіберейік.
1. Шынайы достық қуаныш
әкеледі.
2. Адал достар үнемі бір-біріне
көмекке дайын болады.
Қорытын-
дылау.
3. Достарың көп болсын десең
өзің жақсы бол.
- Біз «Өзін-өзі тану» әлемінің
«Достық» аялдамасында
көптеген жақсы қасиеттермен
таныстық. Ол жақсы қасиеттер
бір-бірімізбен татулыққа,
достыққа, түсінушілікке,
бірлікке, кешіруге үйретті.
Жүректен-
жүрекке.
Жүректен-жүрекке шыққан
жылы лебізімізді білдіру үшін
шеңберге келіп тұрайық.
Е. Өтетілеуовтың өлең жолдарын
айтайық.
- Келген қонақтарға рахмет!
Балаларамыз кішкене
жүрекшелерді сый ретінде
сіздерге сыйға тартсын.
Сау болыңыздар!
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар, бір-бірімізге
Сенімді боламыз.
Екі деген - екі дос,
Бірін-бірі қимайтын.
Артық-кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.
Дәмеш ТОҒАЙБАЕВА,
Алматы қаласындағы
№166 «Арман» бөбекжай
балабақшасының тәрбиешісі.
ЖАН АНА
(Мектепке даярлық тобының іс-шарасы)
Тәрбиеші: - Құрметті қонақтар, аяулы аналар, әжелер және
балалар! Бүгінгі аналарға арналған «Жан ана» атты ертеңгілігі-
мізге қош келдіңіздер! Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесі-
136
мен құттықтап, бақыт, шаттық, береке, бірлік тілейміз!
Қабағыңа қараған,
Көңіліңді таба алған.
Ең ақылды адам да
Ол – өзіңнің жан анаң.
«Көгершін» тобының «Жан ана» атты сіздерге арналған іс-
шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: - Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Аналарға арналмақ
Бүгінгі ән-жырымыз!
2-жүргізуші: - Аналалардың құрметіне «Анашым» әнін қабыл
алыңыздар, орындайтын – хор.
Тәрбиеші: - Кеңсің дала, туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.
Жан беретін, тән беретін
Мейірімді ана – сен ғана!
Балалардың сіздерге арнап жасаған сыйлығын қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші: - Тиіп кетсе жырлаған,
Дауысы көпке ұнаған.
Ендігі кезекте ұлдардың «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: - Балалар анаға арналған өлеңдерін оқуға дайын
тұр. Халайық, балалардың жатқа айта білу өнерін тамашалайық.
Бекзат: - Анам менің, ақ мамам,
Мен де өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.
Ақ төсекке жатқызсаң,
Көзімді жұма саламын.
Рахат: - Өлең айтып беремін,
Нан да алып келемін.
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін.
137
Елжас: - Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тілегің.
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің – мөлдір аспаның.
Фариза: - Үлкенмін ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді.
Аналарға арналған
Жаттап алдым өлеңді.
Дидар: - Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Аяжан: - Тіс ауырса, іш ауырса,
Шешем дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
1-жүргізуші: - «Әнді сүйсең – менше сүй» деп ұлы Абай
атамыз жырлағандай, келесі кезекте Жания қыздарыңыздың
орындауында «Анашым» әні, қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: - «Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол игі» деген.
Енді, балалар, «Бантик байлау» ойынын ойнайық.
(Екі ұл, екі қыз шығады. Берілген бантикті екі қыздың шашына
тағады. Ұлдарымыз бантикті жылдам әрі әдемілеп тағудан
жарысады).
2-жүргізуші: - Мәди, сен «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»
деген мақалды білесің бе?
1-жүргізуші: - Иә, мен білемін, олай болса «Әжелерге көмек»
көрінісін көрсетейік.
Екі жақтан үш бала тез жүріп келіп бір-бірімен амандасады.
- Бекзат, қайдан келесің?
- Тойдан келемін.
- Әлібек, қолыңдағы не?
- Ол – жұмбақ, мен жасырамын, өзің тап. Бүк түсті, шік түсті,
Алшы тұрды, тәйке тұрды. Шеше аласың ба сен бұны?
- Иә, ол асық екен ғой, кел, ойнайық.
138
Осы кезде әже келе жатады, қолында ауыр сөмкесі бар. Әженің
келе жатқанын көрген Самғат жүгіріп келіп:
Алдан әже жолықса, Бөгелем кеп әдейілеп.
Сәлем берем сол тұста. «Есенсіз бе, әжей» деп.
Әже: - Амансың ба, шырағым!
Самғат: - Әже, сөмкеңізді маған беріңіз, мен жаяу жүргінші
жолымен бағдаршамнан өткізейін.
Әже: - Ата-анаңның көзі бол,
Сөнбейтұғын нұры бол.
Кім болсаң да әйтеуір,
Бірліктің туын көтерер
Адамзаттың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!
Көп-көп рахмет, балам.
Самғат: - Сау болыңыз, әжей (Балаларға қарап айтады).
Сүйкімді бала атанғын,
Сүйсінткің келсе кісіні.
Жіберме үлкен қателік,
Жәбірлей көрме кішіні!
Үшеуі бірге: - Анадан артық дос бар ма?
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.
2-жүргізуші: - Енді, барлық балалар хормен «Тәй-тәй» әнін
орындап береді.
1-жүргізуші: - Тақпақтарға кезек берейік.
Еркін: - Кигіземін өзім киімін,
Әкеліп беремін таяғын.
«Әже, қайда барасың?» деп
Сұрап та қоямын.
Ол қаласа әр гүлге
Апарамын жетектей
Орындаймын бәрін де
Айтқан ісін екі етпей.
Нәзік: - Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Мейрамбек: - Қанша бала, қанша қыз,
139
Бір шоқ гүлміз – баршамыз.
Ойын-күлкі ордасы –
Біздің балабақшамыз.
2-жүргізуші: - Мың бұралған бишіміз – Айдана кыздың үнді
биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: - «Көктем келді, шуағы құбылалы,
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады» дей келіп, көктем
мезгілін қарсы алайық.
Көктем келеді. Халық әні «Секіртпе», орындайтын – Әйгерім.
Тәрбиеші: - Көктем, біздің балаларымыздың өнерін
тамашалаңыз.
Еркежан: - Бірге күліп, бірге жүрген Күнімізді қимаймыз.
Арнайы жасап сіздерге Гүлімізді сыйлаймыз.
Шамшинур: - Біз доспыз гүлдермен ,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз», орындайтын – Еркін Саятқан.
Тәрбиеші: - Ойлы күлгін, сүп-сүйкімді бүлдіршін,
Келешекте кім боларын кім білсін?
Десек те біз ата-анасын әрқашан,
Тәтті осындай қылығымен сүйдірсін.
Қыздардың орындауында «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: - «Анамызға мың алғыс» әні, орындайтын – хор.
1-жүргізуші: - Ананың, баланың
Сый толы құшағы.
Балпаңдап, томпаңдап
Балапандар ұшады.
Балапандар биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: - Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі»деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Гүлдей жайнап құлпырып жүрсін деген ниетпен қыздарға
сыйлық берейік.
Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі Роза Майдан-
қызына және аналарға сөз кезегі беріледі.
140
Ел тұлғасы - қайраткер ғалым
Эльмира АБДРАМАНОВА,
Т.Ибрагимов атындағы
жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІң ҰЛТТЫҚ
ИДЕОЛОГИяЛЫҚ ОЙЛАРЫ МЕН
ҰСЫНЫСТАРЫ
XXI ғасыр тарих сахнасына жаһандану ғасыры болып енді. Ол
әлемнің тұтастығын, өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара
икемділігін қоғамдық санаға сіңірді. Шындығында, бұл үдеріс бүкіл
әлемді бір қалыпқа салу емес, біріктіру, топтау, әр текті ұлттық,
діни, саяси мүдделер мен өркениеттердің ықпалдасуы болып
табылады. Қазіргі таңда «көлік, коммуникациялық және ақпараттық
технологиялар негізінде кеңістік барынша тығыздалынып, уақыт
жеделдетіледі. Аяқ жетпейтін алыс жақындап, күдікпен қарайтын
жатқа бой үйренді. Мерзім өлшемі де өзгерді, бұрын күндер, айлар,
жылдарды талап ететін іс-әрекет енді қас-қағымда жүзеге асатын
болды. Мемлекетаралық байланыстар тереңдеді» [1]- деп жазады
ғалым А.Айталы.
Адамзатқа бірлесуден, ықпалдасудан өзге жол да қалмады.
Десек те, жаһандану көптеген мемлекеттердің тәуелсіздігіне,
ұлттың мемлекеттігіне қауіп төндіруде. Бұл проблема өзіміздің
зиялы қауым өкілдерін де толғандыруда. Себебі, Ө.Жәнібектің
пікіріне сүйенсек, «имандылықтың адам бойында ұлттық
нышанды дүниежүзілік рухани қазынамен ұштастыру арқылы
қалыптасатыны мәлім. Ал біздегі тәлім-тәрбие көп жылдар бойы
ұлттық ерекшеліктерді, баланың өсіп-жетілетін ортасындағы хал-
ахуалды ескере бермегендіктен, бір жағынан, жеткіншек ұрпақтың
ұлттық сана-сезімінің оянуына түрткі бола алмаса, екінші жағынан,
оның жалпы дамуына пәрменді әсер ететін, оның жан дүниесін
141
байытатын, ұлттық тарихты зерттеп білуге, мәдени мұраны,
халық дәстүрлерін игеруге ынталандыратын, өнер туындыларына
құштарлығын арттыратын, ізгілік қасиеттерді қалыптастыратын
іс-әрекеттер мүлдем жоқтың қасында болады. Жастардың едәуір
бөлігінің тарихты, ана тілін білуге ден қоя бермейтіні, ізгі салт,
әдет-ғұрып, ұлттық дәстүрлерден беймағлұм болып өсетіні де,
міне, осыдан» [2, 104-б.]
Өзбекәлі Жәнібектің пікірін социолог-ғалым М.А.Ертаев
та қолдап, адамның өзі қолдан жасаған өркениеттің адамзатты
өзінің көлеңкесіне айналдырғаны жайлы: «Тарихи жолмен
қалыптасқан дәстүрлердің, адамгершілік құндылықтардың
құлдырай бастауы - Батыста пайда болып, дамып, әлемге тараған
техногендік өркениеттің нәтижесі. Бірақ техногендік өркениеттің
нәтижелеріне біржақты қарауға болмайды»,- дей отырып, оның
өркениеттің даму заңдылығынан туған, адами қоғамның алға
жылжуының алғышарты екенін айтады: «сонымен бірге өркениетті
жасаған адам көлеңкеде қалып қойды. Ол мақсат емес, мақсатқа
жеткізуші күш болып қалды. Бұл санада қалыптасқан дәстүрлі
мәдениетті өзгертті. Өзінің ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында қол
жеткізген табыстарымен өзіне зиян келтірді. Адамдар өз білгенін
қанағат тұтпай, «өзгені» білсем деп алға ұмтылуда» [3, 293-
б.]. Бұл проблемаға бүгінгі таңдағы жаһандану үдерісін қоссақ,
ұлтымыздың болашағы кез келген азаматты алаңдататыны анық.
Өзбекәлі Жәнібек ұлттық идеология жайлы жазған
жазбаларында мемлекет атынан жүргізілетін ұлттық идеологияға
былай деп анықтама береді: «Идеология деп отырғанымыздың
өзі белгілі бір қоғамның өмірлік мүдделерін білдіретін әлеуметтік
сана, саяси, құқықтық, пәлсафалық, моральдық, сезімталдық
және діни көзқарастардың мөлшері» [4, 148-б.]. Соңғы кезде
баспасөзде, зиялылар арасында ұлттық идеология туралы көбірек
пікір айтылуда. Бұл оның кез келген жағдайда қоғамның озық ойлы
күштерін біріктіруде маңызды рөл атқаратындығымен байланысты
болса керек. Бірақ ұлттық идеяны әсіре ұлтшылдықпен шатастыруға
142
болмайды. Қазақстан сияқты көпұлысты жас мемлекеттің
алдына қойған негізгі міндетін, мақсатын жүзеге асыруда оның
төңірегіне халықты топтастыру үшін де ұлттық идеология қажет.
Кезінде «ұлттық идеологияның қағидаттарын Қазақстандағы
ұлттық демократияның көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтар да пайдаланған» [5]. Бірақ
кеңес үкіметі тарапынан оларға нақақ жала жабылып, «ұлтшыл»,
«халық жауы» деген айыптар тағылып, асыл азаматтарымыз өздері
бастаған ұлы істі аяқтай алмай мерт болуы сол кездегі кеңестік
идеология жауыздығының айғағы еді.
Ө.Жәнібек комсомол-партия қызметінде жүрген кездің
өзінде идеологиямен тікелей айналысты. Мемлекеттік саясатқа
сәйкес ол кезде жан-жақты дамыған, оның ертеңгі күні өсіп келе
жатқан жас ұрпақтың саналылығы неғұрлым жоғары болса,
коммунистік құрылыс жоспарларының солқұрлым ойдағыдай
жүзеге асырылатыны сөзсіз. Ендеше, жаңа адамды тәрбиелеу
– партияның, коммунистік құрылыстағы басты міндеттердің
бірі. Оны дәйектілікпен шешуге әрбір партия ұйымы, өндірістік
ұжым өзінің үлесін қосуға тиіс» [6, 35-п.],- дейді «Комсомолдың
пәрменділігі – партия басшылығында» деген мақаласында.
Дегенмен, Ө.Жәнібек іскер, саясаткер, басшы ретінде жастармен
идеялық-тәрбиелік жұмыстар жүргізу барысында ұлттық салт-
дәстүрлерді жаңартып, байытып, сол кезеңнің саясатына бейімдей
білді. Мысалы, «Жастарды ерлікке баулу - қасиетті борышымыз»
атты мақаласында: «Біздің идеялық-тәрбие жұмыстарымыз форма
жағынан көңілге қонымды, мазмұны жағынан мәнді болуға тиіс.
Соңғы жылдары Қазақстан комсомолы жас ұрпақты патриоттық
ерлік дәстүрлеріне тәрбиелеуде бірқатар тәжірибелерге ие болды.
Жұмысшы сапына тұру, шопандар қауымына қосылу, кәмелетке
толған күн, комсомолдық той, жастардың еңбек мерекесі, оқуға,
Совет армиясының қатарына салтанатты түрде шығарып салу
сияқты, т.б. көптеген істер, азаматтық әдет-ғұрыптар, ритуалдар
комсомолдың күнделікті практикалық жұмысынан берік орын
143
алып отыр» [7, 9-п.],- деп жазады. Сонымен бірге жаңа дәстүрлерді
өмірге енгізу - ескі дәстүрді ұмыту деген сөз емес, оны заман
талабына сай етіп жандандыру, ұлттық нақышын жоғалтпау
қажет екендігін үлкен трибуналардан айта білді. Сөзімізге дәлел
келтірейік. Қазақстан комсомолының XII съезінде жасаған есеп
беру баяндамасында былай дейді: «Сонымен бірге кез келген
жаста істің өз проблемасы болады. Кейбір қызметкерлер ғасырлар
бойы қалыптасқан салт-дәстүрді жаңа сценарий бойынша
ауыстыра салуға болады деп ойлайды. Жоқ, құрылысшылар
біледі, жаңа дәстүрді «шөлден емес», халықтың ақыл-ойы мен сан
ұрпақтың тәжірибесі негізінде қалыптасқан салт-дәстүрдің інжу-
маржанынан теріп алуымыз керек» [8, 29-30-п.п.].
Ө.Жәнібек жастарға идеялық-эстетикалық тәрбие беруде
көптеген қиындықтардың кездесетінін, тек қана комсомол
ұйымының бастамасымен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
мүмкін еместігін, шығармашылық одақтардың көмектесуі қажет
екендігін айтып, мынадай мысал келтіреді: «Мен жақында
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында бір мектепте
комсомол жастардың кешіне қатыстым. Кештің басынан аяғына
дейін «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Ақтамақ», «Ақерке»,
«Махаббат түні», «Махаббат вальсі» сияқты махаббат жайлы әндер
шырқалды. Бұл әндердің кереметтігінде сөз жоқ. Бірақ мектеп
оқушыларының кештерінде тек махаббат әндерінің орындалуы
дұрыс емес қой. Кеш соңынан ұйымдастырушыларды жинап,
осы жайлы айтқанымда, олар: «Б.Байқадамовтың «Комсомолдар
жырын» кештің басында айттық, басқа әндер болмаса не істейміз?
Сіз композиторларға сәлем айтыңызшы, біз олардан жақсы
патриоттық әндерді күтеміз» деді. Сол сияқты жазушылар,
суретшілер, кинематографистер одақтары, «Қазақфильм»
киностудиясы, жастар сіздерден патриоттық сезімге баулитын
бүгінгі күннің батырлары жайлы әдеби шығармалар, суреттер,
кино туындыларын күтеді дегіміз келеді» [9, 11-12-п.п.].
(Жалғасы бар).
144
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Ұлағат” - екі айда бір рет шығатын республикалық
ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым.
Құрылтайшы және шығарушы: “Қазақ тілі мен әдебиеті”
және “Ұлағат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.
Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды.
Авторлардың мақалаларындағы ой-пікірлер
редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және
мұрағат комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың тамыз
айының 25-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №6552-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 08.06.2012 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 9.0.
Есептік баспа табағы – 8.68. Таралымы – 480.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75821.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және
бөлімдер: 256-06-46. Факс: 256-13-41.
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43.
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУчНО-ПСИХОЛОГИчЕСКОЕ
И ПЕДАГОГИчЕСКОЕ ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА
С ОГРАНИчЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ
“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ” ЖӘНЕ “ҰЛАҒАТ”
© «Ұлағат», №3, 2012 ж., 144 бет, Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |