Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»



бет21/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
treatise110635

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ғабитханұлы Қ. Қазақ жазуының қазіргі жағдайы және болашағы \\ Қазақ тілі мен әдебиеті туралы зерттеулер. - Пекин: Орталық Ұлттар университеті, 2015ж.


2. Ғабитханұлы Қ.Ұлттық рухтың ұлы тіні \\ А.Байтұрсынұлының 100 жылдығына байланысты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: 2003 ж.
3.Ғабитханұлы Қ. Қазақ тілінің қытайдағы зерттелуі \\ Терминологиялық хабаршы. 2002ж. №3. -110-118 бб.
4. Мамырханова Ж.Т. Қытай қазақтарының тілі мен жазуы \\ Л.Н.Гумилев ат ЕҰУ хабаршы ғылыми журналы. 2015ж № 3. І бөлім, 175-178 бб.




5 Күдеринова Құралай Бимолдақызы ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ Оқу құрал (қазақ тілі мен әдебиеті, филолог мамандығы студенттеріне арналған)
6 Әуелқанұлы Ә. Келеге салар келелі іс әліпби жәйлі, http://www.kazakh.ru/
7 Toqtar Е. Латын әліпбесіне көшу орындалмай қоймайтын тарихи мақсат. http://www.tilortalyq.kz/
6 С.Мұстафаұлы Қытай қазақтары тілінің тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер авторефетат-А,2002.-26б.
7 Ел ертеңі және латын әліпбиі, Егемен қаз 18.01.2013


ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ


Қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесі


Ф.ғ.к., доцент Зайсанбаев Төлеубек
Күнделікті өмірде адам баласы бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Қоғам үшін аса маңызды бұл құбылыстың сырын ашуға адамзат ерте кезден бастап-ақ талпыныс жасаған. Тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттеу бірден қалыптаса қалған жоқ. Тіл дыбыстарының жасалуын жолдарын, дыбысталу ерекшеліктерін зерттеуде бір-біріне қарама-қайшы пікірлер көп болды. Ондай талас-тартыстар қазақ тілін зерттеуде де орын алды. Мәселен, қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың саны, жасалу жолдары туралы пікір қайшылықтары әлі де бар. Бұл мәселелерді ашып көрсету үшін қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы бұрын-соңды жазылған зерттеулердің негізгілеріне аз-кем тоқтала кетейік.
Қазақ тілін ғылыми түрде зерттеу XIX ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысынан басталды. Ресей империясы қазақ жерін саяси-әскери басқарудың бір жолы ретінде қарап қазақ тілін зерттей бастады. Миссионерлік мақсатта жазылса да, бұл еңбектердің қазақ тілі білімі үшін маңызы зор. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп жіктеуде бұл еңбектерде көптеген кемшіліктер болғанына дауысты, дауыссыз дыбыстарға арнайы тоқталу барысында көз жеткізуге болады. Ал қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуде бірден-бір дұрыс жолда болған адам – ұлы ғалым А.Байтұрсынұлы болды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Е.Омарұлының, Кемеңгерұлының, Х.Досмұхамедұлының т.б. қазақ тілі туралы жазғандарынан А.Байтұрсынұлының еңбектеріне сүйенгенін байқауға болады. Әсіресе Х.Досмұхамедұлы өзінің еңбегінде «Тіл – құралда да осыны айтады» деген сияқты сөйлемдер арқылы сілтеме жасап отырған. Сол кездегі қазақ зиялылары әр түрлі мамандық иелері болса да, қазақ тілін, әдебиетін зерттеуге, халықтың сауатын ашуға барынша ат салысқан. Олардың тіл, әдебиет жайлы, ғылымының түрлі саласында терминдерді қалыптастыру туралы жазған еңбектері әлі күнге дейін маңыздылығын жойған жоқ, себебі олардың ұстанған бағыты – ұлттық бағыт еді. Сол кездегі қазақ зиялылары ұлт тілінің тазалығын сақтауға тырысты, ғылыми терминдерді ұлт тілінің негізінде қалыптастырмақшы болды, басқа тілден кірген сөздерді ұлт тіліне бейімдеп алуды қолдады.
Орыстандыруды мақсат еткен Кеңес Өкіметінің өктем саясаты қазақ тілі фонетикасын зерттеуді де, қазақ жазуын да мүлде басқа бағытқа түсіріп жіберді. Тіліміздің табиғатына келмейтін дыбыс-әріптердің әліпбиімізге ендірілуіне байланысты қазақ тіліне жат дыбыс тіркесімдері пайда болды. Бұл өз кезегінде сауатты жазуға қиындық келтірді, қазақ сөзінің дыбысталу әуезін бұзды. Еліміз тәуелсіздік алғалы тіл мамандары осы кемшіліктерді жою жолдарын қарастыруда. Оның бірден-бір жолы – әліпби ауыстыру екені көптен бері сөз болып келеді. Әліпби ауыстыра салумен мәселе шешілмейтіні белгілі. Ол үшін қазақ тілінің дыбыстық құрамын дәл беретін әліпбимен қатар, саяси-экономикалық тұрғыдан да дайындық керек. Мемлекеттік тіл мәселесі оң шешімін тауып, қазақ тілі қоғамның барлық саласында қолданылатын деңгейге жеткен кезде бұл мәселе шешілетіні анық. Бірақ оған дейін қазақ тілінің төл әліпбиі дайын болуға тиіс. Ал төл әліпбиімізде қазақ тіліне тән емес дыбыстарға орын болмауы керек. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздерді орыс тіліндегідей етіп жазу үшін қажет деп қазақ тіліне күштеп ендірілген дыбыстар шын мәнінде қазақ тіліне сіңісті ме, қазақ тілінің дамуына ықпал етті ме деген мәселелерге де қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне шолу жасау барысында тоқтала кетпекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет