Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»


Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар



бет23/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
treatise110635

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар

Қай тілде болмасын дауыссыздардың санының дауыстылардан әлдеқайда көп болуы және олардың жасалу жолының күрделілігі оларды жіктеуде біраз қиындықтар келтіреді. «Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысуынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз» [1, 316]. Профессор К.Аханов дауыссыздарға осындай анықтама берсе, профессор Мырзабектен Сапархан дауыссыздар салдырдан жасалады, тонның қатысуы да қатыспауы да мүмкін, дауыссыздарды айтқанда ауа кедергіге ұшырап қарқынды шығады, дыбыстау мүшелерінің кейбіреулері ғана қатысады, дауыссыздар буын құрай алмайды деп дауыссыздардың басты-басты ерекшеліктеріне осыларды жатқызады [2, 11-12]. Ал қазақ тілі дыбыстарын зерттеуге мүлде жаңа қырынан келіп жүрген профессор Ә.Жүнісбек дауыссыз дыбыстарды дыбыс шымылдығының қатысуына байланысты жіктейді, яғни дауыс шымылдығы тербеліссіз, жартылай тербелімді және мол тербелімді қалыпта болады. Осыған байланысты жасалым (артикуляция) тұрғысынан тербеліссіз (қатаң), тербеліңкі (ұяң) және тербелімді (үнді) деп атаған жөн деп есептейді [3, 75]. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жасалуы туралы негізінен осындай көзқарастар бар деуге болады.


Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны мен сапасы әлі күнге дейін толық анықталған жоқ деп айтуға толық негіз бар. А.Байтұрсынұлы қазақ тілінде 17 дауыссыз дыбыс (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н), екі жарты дауыссыз (шолақ у, шолақ й) бар десе [9, 270], Қ.Жұбановтың пікірінше 19 дауыссыз бар (б, ш, ж, д, г, ғ, й, к, л, м, н, ң, қ, р, п, с, т, у, з) [6, 170]. Яғни, ол А.Байтұрсынұлы жарты дауыссызға жатқызған у мен и-ді дауыссыз дыбыстарға жатқызады. Жоғарыда айтқанымыздай ұу/үу мен ый/ій-ді қосынды дауысты деп таниды [6, 170-171]. Дауыссыздан кейін айтылатын и мен у дыбыстарының жасалу ерекшелігін І.Кеңесбаев былай түсіндіреді: «И фонемасы тіл алды таңдайға жүйткуінен пайда болады. Бұл фонеманы және шолақ у арқылы жазылатын фонеманы айтқанда, екі дыбыстау мүшеміз бір-біріне жабысып та айтылмайды, жуысып та айтылмайды: и мен уды айтқанда (тау сияқты позицияда) екі мүшенің бір-біріне таяу тұруы шарт (жабыса немесе жуысы айтылуы шарт емес)» [8, 250].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет