Латынша қазақ әліпбиі: талдау, таңдау, даралау Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жшс «Мемлекеттік тілді дамыту институты»



бет20/37
Дата16.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#43427
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
treatise110635

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Түсіпбекұлы Ж. Түркітілдес елдердің латын әліпбиіне көшу тәжірибесі // Алаш айнасы, 24 желтоқсан 2011 жыл.


2. Шәріпбай А. Қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру негіздері // Tobolinfo сайты.
3. Алдашева А., Сүлейменова Э.., Авакова Р. Түркі тілдері. Хресто-матия-оқулық. – Түркістан: ХҚТУ баспасы, 2004. 62-63 бб.
4. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы / Ред. алқа: К.Ш. Хұсайын, Ә. Нысанбаев, К.Н. Бұрханов, С.А. Қасқабасов, М.Қ. Әбусейітова, Н.Қ. Нұрланова, М. Айдарханов, С. Құнанбаева. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б.
5. Смайыл Е. Ұлт тірегі – тіл. (М.Құлмұхамбетпен сұхбат) // Егемен Қазақстан, 14 мамыр 2003 жыл.
Қытайдағы қазақтардың латын әліпбиі

Ф.ғ.к., доцент Cұлтанова Б.


Жер бетіндегі қазақтар әр елде өмір сүріп жатқаны секілді, тілі бір бола тұра қолданатын жазуы бөлек-бөлек, әр алуан. Айталық, Қазақстан Республикасындағы қазақ халқы және Ресей, Моңғолия қазақтары кирилл әріптерін, Қытайдағы қазақтар төте жазуды, Түркиядағы, Өзбекстандағы қазақтар латын жазуын қолданады.


Ислам дінінің түркі тілдес халықтарға таралуына байланысты Х ғасырлардан бастап көне түркі жазуының орнын араб жазуы біртіндеп иелене бастады. М.Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігі» т.б. әлемге әйгілі шығармалар осы жазумен жазылды. Араб жазуы 28 әріп және бірнеше шартты белгілерден тұратын дауыссыз дыбыстарды негіз еткен әліппе болатын. Ұзақ жылдық қолдану барысында түркі халықтары осы әліппеге парсы жазуынан да таңбаларды қосып қабылдап (мысалы:), өзінше жазу дәстүрін қалыптастырды. Бұл бүгіндері ғылыми әдебиеттерде шартты тұрде «Кітәби тіл», «Шағатай тілі» немесе «Орта Азия әдеби тілі» делініп осы тілдерді жазуда қолданылған «Шағатай жазу емлесі» жазу дәстүрі болатын. Бұл жазу дәстүрі А. Байтұрсынұлының жазу емлесі жарыққа шыққан XX ғасырдың басына дейін қолданылды.Түркі тілдердің табиғатына сай келмейтін, 1000 жылдың жазу дәстүріне түбегейлі реформа жасаған А. Байтұрсынұлының емлесі тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың рухани өміріне зор өзгерістер әкеледі. Бұл туралы белгілі ғалым Р.Сыздықова: «Сөйтіп, А.Байтұрсынұлының реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрес­сивтік құбылыс болды. А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесі сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларына реформалар жасай бастады» [1, 18-б], – дейді.
Әліпбеміздің 1924 жылға дейін қоғамдық жағдайға байланысты өзгерсе, ал 1929 жылдан кейін саяси жағдайларға байланысты өзгергерістерге жолыққанын байқаймыз.
1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуы үлгісіндегі төте жазуды қолданысқа шығарды. Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиін Шынжаң қазақ­тары да жаппай осы жазуды қолданды. Қазақтар ғана емес қытайдағы ұйғырлар да, қырғыздар да Ахмет Байтұрсынұлының жүйеге келтірген төте жазуын күні бүгінге дейін қолдануда. Бұл жайында қытайдағы қазақтардың жазуын, тілін зерттеуші ғалым Қ.Ғабитханұлы «1924 жылы Орынборда өткізілген қазақ-қырғыз зиялыларының тұңғыш сиезінің 15 маусымындағы мәжілісінде Араб графикасы негізінде жасаған Ахмет Байтұрсынов әліпбиі ресми қолданысқа енетін болып бекігені, сонымен бірге осы негізде, Қырғыз, Татар, Өзбек, Ұйғыр қатарлы туысқан түрік тілдес халықтарда бірінен соң бірі өз әліпбилерін жасағаны белгілі. Бұл өзгерістер әрине тез арада көршілес жатқан қытай жеріндегі қазақ, қырғыз, ұйғырларға да әсер етпей қоймады. Осы тұста ХХ ғасырдың 20 , 30- жылдары Кеңес одағында болып жатқан түрлі саяси науқандар, атап айтқанда ұлт азаттық қозғалыс, байларды компескалау, ашаршылық т.б салдарынан Қытай жеріне бас сауғалап өткен зиялы қауым өкілдері Байтұрсынов әліпбиін Шынжаңдағы қазақтарға ғана емес Ұйғыр, Қырғыз қатарлы түркі тілдес халықтарға да таратты. Осы жылдары Алтайда Кәрім Дүйсенбайев «Әліппе астары» деген кітап шығарса, Шәуешекте «Жаңа әліпби», Құлжада «Әліппе» кітаптары жарық көрді. Содай ақ қазақтар шоғырлы қоныстанған Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі өңірлерінде әр түрлі курстар ашылып сабақтар өтілді» [1, 23-б.], дейді.
Қытайдың Гоминдаң өкіметі кезінде (1911-1949 ж.) Ахмет Байтұрсынұлының жүйеге келтірген төте жазуын Мемлекет ресми түрде төте жазуды үш ұлтқа ортақ пайдалануға рұқсат берді. Бұл жазу Мәдениет зор төңкерісіне дейінгі кезеңде (1949-1966 ж.), яғни 17 жыл қолданыста болды. Бұл мәселе туралы қытайдағы қазақтардың жазуын, тілін зерттеп жүрген белгілі ғалым Қ.Ғабитханұлы «А. Байтұрсынұлының төте-жазу емлесі Шыңжаңда тұратын қазақтарға 1930 жылдары тарала бастап, сол тұстардағы баспасөзде қолданылғанымен, әр жерде әрқалай өзгеріске түсіп бір ізде болмаған. 1952 жылға келгенде сол кездегі Шыңжаң өлкелік үкіметтің басқаруында құрылған ұлттардың тіл-жазуын қолдану мен зерттеуге жетекшілік ету комиссиясының тапсыруымен Әнуәр Көкейұлы қатарлылар 1954 жылы А.Байтұрсынұлының емлесі негізінде «Қазақ тілінің емлесін дұрыс қолдану ережелерін» жазған. Бұл ереже Шыңжаң өлкелік халық үкіметінің әкімшілік істері жайындағы 136-ретті жиналысында ресми бекітіліп, жер-жердің атқаруына жіберіліп, біртұтас қолданысқа түскен.
1954 жылы А.Байтұрсынұлы әліппесі негізінде толықтырылған «Қазақ тілінің емлесін дұрыс қолдану ережесі» жарыққа шықты. Осы кезеңдегі оқу-ағарту, ғылыми-техника, мәдениет т.б. салаларды дамытуда, әрине, тіл-жазудың ерекше орын алғандығы даусыз.
Өкінішке қарай, бұл кезеңнің кейбір көлеңкелі жақтары жеткілікті болды. 1950 жылдардың соңына қарай қытайдағы қазақтардың кейбіреулері – славян жазуына көшуді ұсынды, бұл пікір өз дәуірінде едәуір қолдау тапты. Олардың көздегені сол кездегі заман ағымына орай, тұтас қазақ жазуын бір арнаға көшіру болса, енді бір жағынан шеттен кірген ғылыми терминдерді сол қалпында бұзбай жазу мақсатын көздеді. Бұл, қытайда әрине, іске аспайтын нәрсе еді. Өйткені Шыңжаңдағы ұлттардан ұйғыр, қырғыздардың тілін, жазуын да ескерусіз қалдыруға болмайтын еді. Ал ғылыми термин саласында алуан сорақылықтар орын алды. Баспасөзде, ақпарат құралдарында, радиода жалпы халық ұға бермейтін, дыбыстап дәл айта алмайтын жат терминдер қаптап кетті. Мысалы: оппортунизм, председатель, революция, ревизионизм т.б.
Қытайда тұратын туысқан қырғыз халқы 1955 жылы біртұтас төте жазу әліппесін жарыққа шығарғанға дейін шағатай жазуы емлесін қолданып келген. Ол жазумен газет-журналдар шығармаған. Жазу тарихы Қытайда тұратын қазақ, ұйғыр халықтарының жазу тарихымен сабақтас, бір ізде келеді. Жазу дәстүрінде А.Байтұрсынұлының емлесін пайдаланғаны анық байқалады» -деген мәлімет келтіреді ғалым Қ. Ғабитханұлы [1, 24-б.].
Қытайда Мәдениет төңкерісі басталып, төте жазу ескіліктің, діннің сарқыншағы саналып сынға, қудалауға ұшырайды. Осылайша «Жаңалықтың жаршысы» деп латын графикаксы енгізілді. 1965 жылдан бастап Қытай жазуының дыбыстық бейнеленуі негізіндегі латын әліпбиі жасалып, ол 1982 жылға дейін пайдаланылды. Қытай халық республикасы үкіметінің ресми шешімімен 1981 жылдан бастап төте жазуды қайта қолданысқа енгізді
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында Қытай халық республикасында да қытай жазуын дүниежүзі халықтарының көпшілігі қолданып отырған латын жазуына көшіру мәселесі күн тәртібіне шықты. 1959 жылдан кейін қазақ жазуын кириллицаға көшіру мәселесі тоқтап қалды. 1962 жылдан бастап Шыңжаң қазақтары тілінде тоқыраушылық пайда болды. Тіл жүйесі бұзыла батады. Латын жазуы түрлі себептерге байланысты кең тарала қоймады. Тек баспасөз, ақпарат құралдарында, оқу орындарында, мектептерде қолданылды. Мемлекеттік қызметтегі қызметкерлерге, іс жүргізушілерге латын жазуымен жұмыс жүргізу тым қиынға соқты. Қытай қазақтарына латын әліпбиін енгізу барысында өрескел сорақылықтарға жол берілді. Әліпбиде «біздің фонетикалық дыбыс заңдылығымызға үйлеспейтін ханзу әріптерінен гһ, сһ, һ әріптерінің тықпалап енгізілгендігі болды. Сонымен ұлттық тілдің жазу заңдылығы өрескел бұзылды» [5, 44 б.] деп есептейді
Сонымен 1960 жылдардан басталған әсіре солшылдықтың және мәдени революцияның кесірінен қытайдағы қазақ тілінің шұбарланып, тоқырау күйінде қалғандыған айтады қытайдағы қазақ тілін зерттеуші ғалымдар. Қазақ тілінде баламасы бола тұрса да, қытай тілінің термин-атаулары орынсыз тықпаланды. Тіпті кейбір терминдерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғамауды ұсынған әсіре солақайлар пікірлер де айтылып, жазу барысында солай қолданылғандығы тәжірибеде болды.
ҚХР үкіметі 1957 жылы Маоның «Біздің білім беру бағдарымыз - білім алушыларды моральды, білікті және физиологиялық жақтан жетілген социалистік санадағы мәдени еңбекшілерге айналдыру» деген нұсқауын мемлекеттік білім беру бағдары етіп белгіледі. Осы жылдан бастап қазақтар қолданып келген араб графикасындағы төте жазуды латын әрпіне ауыстыру жоспары жасалды. 1960 жылдан бастап қазақ, ұйғыр мектептерінде қытайдың тілші ғалымдары латын әрпінде дайындаған оқулықтары қолдануға енгізілді. Сонымен, Шынжаңда көне жазу (төте жазу) және жаңа жазу (латын әрпі) қатар қолданылды. Қазақ тілінің ерекшелігі ескерілмей жасалған латын әліпбиі балалардың білім алуына көп қиыншылықтар тудырды.
Жаңаша (жаңа жазу) – 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалған дәуірде пайда болды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен «Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Іле қазақ автономиялы облысын мекендейтін қазақтарға арнап латын (қытайда мұны пинйін жазу деп атаған) негізіндегі жазу енгізілді. Ал латын (пинйін) жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған қытайдың латын әліпбесі болатын. «Жаңа жазу әліпбесіне зер салып қарасақ, оның кезіндегі А.Байтұрсынов әліпбесінің тағы бір латынша нұсқасы екендігін аңғару қиын емес. Бірақ, ол «жаң әліптен» әлде қайда дұрысталған. «Төте жазудан» әрі қарай бір саты дамытылған әліпби» [7 ] екендігін жазады Е.Тоқтар . «Оның жетістігі Ww, Yy таңбалары [у] [й] дыбыстарына тек қана дауыссыз күйде қолданылып, дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркескендігі болды. М: keliw [келу], kiymelew [кимелеу], tiy [ти], tey [тый], teyelew [тиылу], tuwesᶄan [туысқан], suw [су], süwret [сурет], jetisiw [жетісу], Jetisuw [Жетісу]. Осы жолмен ол тіл-жазудағы нақтылығын арттыра білді. Оның сәтсіздігі – латын таңбаларын тек қытай пинйінінің аясында ғана қолданғаны болды. Пинйіндегі өзгеше дыбыстарға берілген Qq-[ч], Xx-[ш], Hh-[х], Ee-[ы], Cc-[ц] таңбаларын бұлжытпай қабылдаған. Ал қазақ дыбысы мен сөздерін бейнелеу жағынан бұл әліппе «төте жазудан» бір саты жоғарылаған» [7 ] деген пікір айтады Е.Тоқтар.
Қазақ зиялылары осы сәтте қытай елінің саяси жағдайын ұтымды, тиімді пайдаланып , қазақ тіліндегі ала-құлалықты жөнге салуға жедел кірісті . «Қазақ тілінің шырқын кетірген отарлаушыларды , ендірмелерді аластаудан бастады . Тіпті төркіні бір ұйғыр ұлтынан кіріп кеткен сөздерді де мекеніне қайтарды . Қазақ тілі бай тіл екендігі бірден аңғарылды... Атау терминдерді аударғанда ең алдымен қазақ тілінен толық қарастыру , аударып , қазбалап , таппағанда туысқан түркі халықтарының тілінен алыу , ләжісіз болғанда ғана ағылшын , қытай тілінен төте қарыздап алу деген тамаша принциптер белгіленді» дейді Ә. Әуелқанұлы.
Бұл әліппе 1983 жылы үкімет қаулысы бойынша қолданыстан алып тасталынып, орнына «төте жазу» қайта қабылданды. «Жаңа жазудың» түбіне қытайдағы ескішіл қарттарымыз жетті деп ойлаймын. Себебі, олардың бұдан бұрынғы жазылған көптеген шығармалары «төте жазуда» жарық көрген болатын. «Жаңа жазу» оларға еңбектерін аяққа таптаған тажалдай болып көрінді білем. Сол себепті мен бұны қазақ тарихындағы тағы бір кері шегініс және трагедияға балаймын» [7] деп өз пікірін одан әрі жалғастырады Е.Тоқтар.
Өткен ғасырда жасалған әліпбилердің ішінде Ахмет Байтұрсыновтың «Төте жазуы» өте сәтті жасалған әліпби еді. Ал қалған әліпбилерден қытай қазақтарының «жаңа жазуы» өте үлкен саяси қысымның ықпалымен жасалғанымен қытай қазақтарының тілін, жазу мәдениетін белгілі бір өреге көтере білді. «Сондықтан менім ойым – ендігі латын әліпбесін Ахмет Байтұрсынұлы идеаларын негіз ете отырып, қытай қазақтарының «жаңа жазу» әліппесі негізінде жасау керек деп ойлаймын» деп [7] өз пікірін аяқтайды, Е.Тоқтар.
Сондай-ақ осы мәселеде Ә. Әуелқанұлы жоғарыдағы пікірлерімен қатар «өзім аңғарған қытай қазақтарымен отан қазақтарында бірдей қордаланған , кезінде ескерілсе де елеулі мәселеге жатқызылмаған , өзге ұлт үшін де , өзіміз үшінде , бастысы өзіміз үшін риал маңыз алатын ЕКІ ДЫБЫСТЫҢ басын аша кетуді жөн көріп отырмын» [6 ] -дейді де бұл мәселеде дұрыс шешім қабылдау болашақ ісі екендігне тоқталады. 
«Қазақ тіліндегі Ш фонемасы мен Ж фонемасы сөз басында тұрып дыбысталғанда , тіл тіс түбіне тиіп дем недәуір күшті шығатыны баршамызға аян. Қазақтың “Ш” фонемасы орыс пен қытайдың Ч , СН фонемасымен ұқсас дыбысталғанымен , бірақ біздің Ж дыбысымыз олардың Ж, ZH фонемаларынан айқын парықталады. Әсіресе орыстың Ж фонемасындай сүзіліңкі қайырылмайды. Алайда , тіліміздегі бұл екі фонеманың екеуі де дауысты дыбыстарымыздан кейін келгенде , тіл таңдайға жанасалай тиіп екуі де сүзіліңкі дыбысталады. Яғни орысша Ш, Ж фонемасымен ұқсас дыбысталады. Қазақ ұлтын былай қойғанда , басқа түрік тілдес ұлттардың тілінде де Ш, Ж фонемаларының сүзіліңкі вариантын өздерінің меншікті тіл дыбыстарының қатарына енгізген. Өкінерлігі мейлі қытайда болсын , әлде өз отанымызда болсын, сүзіліңкі қайырылатын бұл екі дыбыс санатқа қосылмағандықтан, бірге жасасқан кей ұлттардың тілін жазғанда , немесе дыбыстағанда , дәлдік дәрежесі көңіл көншітпей жүр. Ал сабақ болары сол, отандағы орыс тілді қандастар бұл екі дыбысымызды қатаң қайыра алмай , айна қатесіз орысша Ш Ж бойынша дыбыстап , ана тіліміздің әу бастағы сарынымен сазын бұзуға себепкер болуда. Іс жүзінде тілімізде қатты қайырылатын бұл екі дыбысымыздың сүзіліңкі вариантын кезінде санатқа қоспағанымыз болмаса , ауыз екі тілімізде ежелден сақталып келгені ақиқат. Яғни бұл Қ дыбысымен К дыбысының дауысты дыбыстардың қақ ортасында келіп , не Ғ ға , не Г ге , мысалы , жоқ , ЖОҒАЛ , көк КӨГЕР болып аунағаны сияқты заңды тіл құбылысы болатын. Сондықтан ендігі жерде ол екеуін мойындамай , жазылым мен айтылым арасындағы парық ғана деп елеусіз қалдыру , тіл-жазу қимылдарымызға қиғаш деп білемін. Сол үшін тіліміздегі , Шаншу , Шамшырақ , Шешу , Шөміш , Жоқ-жітік, Жекпе-жек, Қажу, Ожау, Мұқтаж, т.б сөздер “Чанчу, Чамчырақ, Чешу , Чөміш , Қажу ,(сөз аралығындағы Ж орысша қайырылады) Ожау , Мұқтаж” болып жазылып, айтылумен бірдейлігін сақтауға тиіс. Сонда ғана өз тілімізді дұрыс жазып , дұрыс дыбыстап қалмастан , ағылшын , орыс , қытай және басқа ұлттардың тілімізге жасаған ықпалынан, сарынынан тілімізді арылтуға мүмкіндік жасалады . Сондай-ақ , орыс , қытай, түрік текті ұлттардың тіліндегі осы дыбысты да дұрыс жазып , қаз – қалпынша дыбыстаған болар едік. Сөзіміз дәлелді болу үшін , өз тілімізбен өзге тілдерден мисал алып үңіліп көрейік; Чаруашылық , Чәшәу ,Чымчу ,Чымчық ,Чақ , Шах , Жау-жапырақ , Құжынау , қажы , (сөз аралығындағы Ж сүзіліңкі қайырылады)жорнал , бюжет , ШаңЧаң , ЧаңШан , ЖаңЧың , ЧинШыХуаң , Чаруачіліқ ,Чақ-чақ ,Чіш ,Чашлық ,Ішчі , Ташчі , бұл мисалдарды ортаға салып көрсету арқылы , біз өз тілімізді ӨЗІМІЗШЕ өзге тілдерді ӨЗДЕРІНШЕ жазуға және сөйлеуге болатындығын айқын аңғара аламыз. Сол үшін, біз ауыз- екі тілімізде жйі ұшырайтын сүзіліңкі Ш мен Ж фонемасын тіл даму заңдылығының төл жемісі ретінде қарап, ендігі әліпбиіміздің қатарынан орын беруіміз әбден орынды деп қараймын» деген орынды ұсынысын да айтады. Әмуал Әуелқанұлы сонымен қатар мына жәйітті қай уақытта да ұмытпауы керектігін , дүниедегі қандай алпауыт ел, ұлт болса да, басқа тілдерді дұрыс айтып , дұрыс жазу мақсатына бола , өз тілінің даму заңдылығына келмейтін, үйлеспейтін бірде - бір бөтен, бөгде дыбысты қабылдай салмайтынын айтады. Мұны алдағы уақытта ескерсек ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Автор одан әрі «қазақ әліпбиінің санын 35 ке тұрақтандыруға болады» деген көзқарасын» айта отырып, «бірлі-жарым өзгерістерді дүниеге әкелу 5—6 жылымды жегендей болды» дейді . «Бұл 35 харіптің ішінде жоғарда айтылған сүзіліңкі Ш Ж сынды екі фонема мен орыс қытай ағылшын және арап тілдерін дұрыс айтып дұрыс жазу үшін қабылдаған 4 хәріпте қамтылып отыр , олар мыналар:

Аа Оо Uu Ee Mm Bb Pp


Әә Өө Üü Ee Іі Dd Tt 
Ңh Гğ Kk Gg Yy Jj Qq
Ss Zz Ww Rr Иm Ll Nn 
Xx Žž x Hh Vv Ff Cc
Бұлардың оқылуы мынадай: а, о, ұ, ы, ем, бе, пе; 
Ә, ө , ү , е , і , де, те; 
Қа, ға, ке, ге, іи, же, че;
Ес, зей, ыу, ар, ың,ел,не; 
Еш, еж, іһ, ха, вей, еф, це;»
Одан әрі Әмуал Әуелқанұлы «бұрынғы әліпбилерімізде, сондай-ақ компьютердегі әріптердің реті бұзылғанын «автор айта отырып алдағы уақытта латын графикасына көшу барысында осы мәселелерге назар аудару керектігіне баса назар аударады. Сонымен қатар автор «Қол байлауыштарды азайту , жазыу қарқынын тездету, сөз-сөйлемдердің қағаздағы сыйымдылығын жоғарлату мақсатымен CH ZH SH сяқты қос харіптен тұратын дыбыстардан бойды аулақ салу керектігін айтады. Жаңадан жасалар әліпбилерді жасау барысында, барлық қазақтар қоныстанған мемлекеттердің жазу таңбалары ескерілуі қажет-ақ. Шет елде қоныстанған қандастарымызбен бөгде ұлттардың тілімізді тезірек игеруіне де назар аудару қажеттігі тәрізді маңызды мәселеелрді қозғайды. Тілімізде бас әріп болып сөз жасай алмайтын Ң, және кірме сөздер үшін қабылданған әріптерге назар аудару керектігін айта отырып «бұл жерде айта кететін жәйіт , тіл дыбыстарымыздың қатарына ірге тепкізбек болған Сүзіліңкі Ш мен сүзіліңкі Ж дан кірме сөздер жасалғанымен қазақ сөздері жасалмайды . Бірақ , ол екеуінің сөз аралығындағы сүзіліңкі қайрылуы , жазу барысындағы ұшырасуы екінің бірінде болатын болса да , өзінің қатаң қайрылатын варианты Ч Ж мен қанаттас жайғаса алмауы өкінерлік жәйіт болды» [6 ] деген өкінішін де білдіреді.
1958 жылдың ақпап айында бүкіл қытайлық халық құрылтайында бекітілген қытай тілінің латын транскипциясы (pinyin) жобасы жер жерде жүзеге аса бастады. Жобаның басты мақсаты қытай ероглифтерін латын транскрифциясы арқылы оқыту, ероглифтерді үйренуге қолайлылықтар тудыру болатын. Бұл расында да қытай тілін игеруге жасалған игі қадам еді. Бұл бір-бірін түсінбей әр түрлі диалектіде сөйлейтін халықты ортақ тілге ( putonghua ) көшіру, ортақ тілдік норманы сақтау мен халықты жаппай сауаттандыруда орасан зор ықпал етті. Деседе, осымен бір уақытта Қытайда тұратын өзге халықтардың жазуын қытай тілінің латын транскипциясы (pinyin) жобасына жақындастыру, тілі бар жазуы жоқ халықтардың жазуында осы негізде жасау науқаныда басталып кетті.
Қытайдағы қазақтардың жазуын, тілін зерттеуші ғалым Қ.Ғабитханұлы «1959 жылдың 25 қарашасынан 11 желтоқсанға дейін Үрімжіде ашылған екінші кезекті өлкелік тіл-жазу жиналысында « районымызда (өлкемізде) қазір қолданылып отырған араб жазуы негізіндегі Ұйғыр, Қазақ ұлттарының көне жазуын күшінен қалдырып, оның орнына ханзу (қытай) тілі әліппе жобасы (pinyin) негізінде жасалған латын жазуын қолдану жөніндегі ұсынысты» мақұлдады. Жиналыста сол кездегі Шынжаң өлкесі төрағасының орынбасары Сәйпиден Әзези: « Отанның тұтастығын қорғау, ұлттардың ынтымағын онан әрі күшейту, ұлттардың шаруашылық, мәдениет, оқу-ағарту және ғылым-техника саласын дамыту үшін, барлық ұлттар өзара жақындасуы, әсіресе жан саны аз ұлттар ханзулардан(қытайлардан) үйренуі ханзу тілінен атау терминдер қабылдап өз ұлтының тілін дамытуы және байытуы, сонымен бірге аз санды ұлттардың жазу реформасы қытай тілінің дыбыстық әліпбиі жобасы(pinyin) негізінде жүруі тиіс» , « Ұйғыр, қазақ жазуларын қытай тілінің дыбыстық әліпбиі жобасы(pinyin) негізінде жасауды қаламау деген ұлттар тілінің ханзу тіліне сүйеніп дамуын қаламау, ханзу тілін шетке қағу, Шынжаңдағы аз ұтттардың сотциализм, комунизм ұлы нысанасын жүзеге асыруды қаламағандық, халықтар достығы мен отанның тұтастығын қаламағандық» деді. Осылайша «ұлттардың тіл-жазуы өзара жақындасуы, әсіресе ханзу халқының тілі мен жазуына жақындасуы керек» деген берік саяси ұстаным негізінде жазу реформасы тағы басталды» [1, 215-б] деген аса құнды мәліметтер келтіреді.
Одан әрі ғалым «Аздаған дайындықтан соң «Шынжаң газетінің»1960 жылғы 2 науырыздағы санында Қытай тілінің латын транскрипциясы жобасына негізделген қазақ латын жазуының жобасы жарық көрді. Бұл жазу бастапқыда сынық ретінде қолданылып 1964 жылдың 23 қазанында орталық үкіметтің бұйрығымен ресми бекіді. 1965 жылдың бірінші қаңтарынан бастап атқарылды. Бұйрық мәтіні:
Шынжаң ұйғыр автономиялы райондық(өлкелік) халық үкіметінің
бұйрығы
Ұйғыр жаңа жазуының фаңанын(жобасын), Қазақ жаңа жазуының фаңанын(жобасын) Гуо ви юан (орталық үкімет)1964 жылдың 23 қазанында бекітті, қазір жариялансын.
Шынжаң ұйғыр автономиялы районның(өлкесінің) төрағасы Сәйпиден Әзези
1965 жылдың бірінші қаңтары» » [1, 216-б. ] тәрізді ғылым үшін маңызды құжаттық деректерді келтіреді.
Жаңадан жасалған қазақтың латын әліпбиінде 9 дауысты 24 дауыссыз дыбыс бар, бұдан басқа 4 қосар әріп, бір буын айру таңбасы қолданылады делінген Латын жазуындағы 26 әріп өз реті бойынша тізіліп, қазақ тілінінің ерекшелігіне сай Ғ, Қ, Ә, Ө,Ү, Е сияқты дыбыс таңбалары әліпбидің соңына тіркелгендігін айта отырып қазақ латын әліпбиіне егжей-тегжейлі тоқталады.
«Латын жазуын қытайдағы қазақтар 20 жылдай қолданды. Осы әліпбимен дәл қазір ондағы қоғамдық ортада белсенді қызмет атқарып отырған бір ұрпақ тәрбиеленді. Осы әліпбимен милиондаған тиражбен оқулықтар шықты, мыңдаған көркем әдебиеттер мен көпшік қауымға арналған басылымдар жарық көрді, ондаған газет жұрналдар басылып тұрды.
1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басындағы «Мәдениет зор төңкерісінің» қателерін түзету, ұлттар тіл жазуын қапына келтіру т.б ұлттарға берілген саяси еркіндіктен пайдаланған Шынжаңдағы қазақ , ұйғыр, қырғыз халықтары 1982 жылы қайтадан жиырма жыл бұрын қолданысын тоқтатқан Байтұрсынов әліпбиі негізінде жасалған әліпбиге көшіп алды.
1978жылы сонда латын жазуында жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «қазақ әдеби тілінде 37 дыбыс бар. Бұл дыбыстарды бейнелеу үшін 33 әріп қолданылған; zh, ch, sh, ng әріптері тек екі таңбаны қосар қолдану арқылы жасалған, сондықтан оны қосар әріптер деп атаймыз. Қосар әріптер екі дыбыстың таңбасы емес, бір дыбысты бейнелеу үшін қолданылған қосар таңба. Қазақ жаңа жазуындағы әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары бар. Әріптердің бас әріп, жол әріп түрлері бар. Сонымен қатар әр әріптің аты болады» » [1, 219-б. ] дей келіп Қытайдағы қазақтардың қолданған латын әліпбиін мақала соңына толығымен оқырмандарға ұсынады
:

A a
а

B b


C c


D d


E e
e

F f
êf

G g


H h
ha

I i
i

J j


K k


L l
êl

M m
êm

N n


O o
o

P p


Q q
qiu

R r
ar

S s
ês

T t





U u
u

V v


W w
wa

X x
xi

Y y
ya

Z z





Ƣ ƣ
ƣa

Ң h


Қ қ
қa

Ә ә
ә

Ө ө
ө

Ǖ ü
ü

Ȇ ê
ê

Қосар әріптер:


ZH Zh zh CH Ch ch SH Sh sh NG ng
zhe che she ngê
Қазақ алфавитіндегі бұл әріптердің ішінде V әрпі халықаралық атауларды жазуда ғана қолданылады, zh, ch, sh, c, q, f әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, тек ханзу(қытай) және басқа ұлттар тілінен ауысқан осы дыбыстары бар сөздерде ғана қолданылады деп белгіленген.

Қытайдағы қазақтардың қолданған латын әліпбиі



Негізгі таңбалар

Латынша

Кирил-қазақша

Басылуы

Жазылуы

Аталуы

Оқылуы

A a

A a

а

а

B b

B b

бе

б

C c

C c

се

ш

D d

D d

де

д

E e

E e

е

е

F f

F f

еф

ф

G g

G g

ге

г

H h

H h

һа

һ

I i

I i

і

і

J j

J j

же

ж

K k

K k

ке

к

L l

L l

ел

л

M m

M m

ем

м

N n

N n

не

н

O o

O o

о

о

P p

P p

пе

п

Q q

Q q

чиу

ч

R r

R r

ар

р

S s

S s

ес

с

T t

T t

те

т

U u

U u

ұ

ұ

V v

V v

ве

в

W w

W w

уа

у

X x

X x

ши

ғ

Y y

Y y

йа

й

Z z

Z z

зе

з

Ƣ ƣ

Ƣ ƣ

ға

ғ

Ң h

Ң h






Қ қ

Қ қ

қа

қ

Ә ә

Ә ә

ә

ә

Ө ө

Ө ө

ө

ө

Ǖ ü

Ǖ ü

ү

ү

Ȇ ê

Ȇ ê

е

е




Қосар әріптер







ZH zh

ZH zh

жы

ж

CH ch

CH ch

чы

ч




SH sh

SH sh

шы

ш

NG ng

NG ng

ңе

ң

`

`

Дыбыс айру белгісі







Қорыта айтқанда, латын жазуына қайта көшу – еліміздің, ұлтымыздың ұлттық рухын көтеретін ұлағатты шаруа, әрі заман талабы. Ол мемлекеттілігіміздің, өз тілімізді басқа тілдермен шұбарламай байытуымыздың құралы.Ғылым-білім тілін тезірек негіздеуіміздің кілті. Ал латын әліпбиінің өзі қытайдағы қандас бауырларымыздың қолданысқа салған жазуы. , Оның баспа нұсқасы болсын , әлде оның жазба нұсқасы болсын, көрер көзге көркем, қағазға ықшам, жазуға жылдам, көзге жеңіл қасиетімен жер бетіндегі көптеген ұлттар қолданып отырған жазу екені белгілі. Мықты да құдіретті Ұлт ретінде жетілдірудің берік ірге тасы деп санайды көпшілік. Болашаққа бастар сара жолдың бірі осы Латын әліпбиі.
Латын әліпбесіне көшу орындалмай қоймайтын тарихи мақсат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет