Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет19/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx

Қазақ жүздері. «Жүз» деген атау тарихи шаруашылық-аймақ деген мағынаны береді. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей тарап қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерді мекендеген халықтар үшін жүзге бөлінді.
Ұлы жүз.
Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас).
Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.
Орта жүз.
Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).
Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта жүзі Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз.
Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы).
Тайпалар: әлім, байұлы, жетіру, солардан тарайтын табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, шекті, төртқара, тама, серкеш т.б. Кіші жүзді Жанарыс деп те атайды.
2. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылып, тарих сахнасына көтерілуі қарсаңында, яғни XV ғасырдың орта шенінде бұрынғы Алтын Орда жерінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер - ­ Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары пайда болып, Хорезм Темір әулеті мемлекетінің құрамына енді.
Саяси және әлеуметтік-экономикалық талас-тартыстың шиеленісіп шегіне жеткен жері, Әбілхайыр хандығы болды. Билік үшін күрес барысында Дешті Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері Керей және Жәнібек сұлтандар 1456 жылы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың өздеріне тәуелді тайпалар топтарын біріктіріп Шу өзенінің бойына көшіп кетті.
Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай қазақ хандары билігінің нығаюына және дербес саяси бірлестіктің құрылуына көмектесті. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек пен Керейдің билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылуынан ештеңе шыққан жоқ. 1468 жылы қыста Әбілқайырдың Жетісуға жасаған жорығы оның өліміне байланысты үзілді.
Қазақ хандығының нығаюы ұлғаюына «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырған көрнекті қазақ хандарының бірі Қасымның ролі зор болды. 1509/10 жылдарда Мұрындық хан бола тұрса да, хандықты билеу және бүкіл билік Қасымның қолында болды. 1511 жылда биліктен айрылған Мұрындық Дешті Қыпшақтан кетті де, Самарқандқа барып, сонда өлді. Осы кезден бастап Қазақ хандығындағы жоғары хандық билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.
XVI ғасырдың екінші он жылында Қасымхан қазақ территориясының ұлан-байтақ далалық өңіріне өз үстемдігін түпкілікті орнықтырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жақ жағалауына шығып, Түркістан қалаларының көпшілігін қамтыды, оңтүстік-шығыста ол Жетісудың тау баурайы мен алқаптарының едәір бөлегін алып жатты, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлі төңірегі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларына дейін жетті, солтүстік-батыста Жайық өзені бассейніне дейін барды. Қасымханның қол астындағы адамдардың санын замандастары бір миллион адам деп мөлшерлеген.
Қасымхан кезінде Қазақ хандығы едәуір нығайғанына қарамастан, әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады. Мұның өзі Қасымхан өлгеннен кейін бірден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың сеператизмі сезіліп, қырқысу басталды. Өзара қырқысу кезінде Қасымханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасымханның немере інісі Тақыр (1523-1533) хан болды. Өз бодандары жөнінде өте қатал болған оның айрықша дипломатиялық және әскери дарыны да нашар болған. Тақырдың інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқтаған жоқ. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығыйтып, біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) әрекет жасады. Сырдария бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар 70-ші жылдардың аяқ шенінде Абдулла ханның, Ташкент үлестік әміршісі, Бұхара хандығынан бөлінгісі келген Бабасұлтанға қарсы күресін өз мүдделері үшін пайдаландып қалуға тырысты. Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы (Жәнібек ханның немересі - Ә.Ө.) қартайып қалған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598) бірге Бабасұлтанға қарсы күресінде өзбек ханы Абдулланы қолдап отырды, бұл үшін «Хажант жерін иқта ретінде» сыйға алды. 1582 жылдың маусымда Тәуекел Ясы қаласының маңында Баба сұлтанның әскерлерін талқандап, оны өлтірді. Абдулла бұл үшін Самарқанд өңіріндегі Африкент уәлаятын (қазіргі Самарқанд област Жамбай туманы) үлес қылып сыйға тартты.
Қазақ хандарының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі Түркістан мен оның қалаларын және – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет