Корпоративтік (ұйымдық) мəдениет, оған ешкім мақсатты түрде əрекет жасамағанда, бірақ ұйымда саналы, мақсатты, жүйелі түрде өскенде өзімен-өзі өмір сүруі мүмкін. Алайда, осы жəне басқа жағдайда, ол едəуір дəрежеде ұйым басшысының этикалық нұсқауларына, оның орынбасарлары мəжбүрлеген адамгершілік кəсіби нормаларды қалай қабылдайтынына, оның ішінде, қызметкерлерге деген көзқарасына, осы нормаларды өзі басқарушы қызметіне қалай енгізетініне байланысты.
Ұйымға жəне оған кіретін адамдарға қатысты корпоративтік мəдениет бірнеше маңызды қызметтерді атқарады.Олар:
адамдардың тəртіп нормалары мен ережелері кіретін, реттейтін қызмет, оның көмегімен қажетті əлеуметтік-психологиялық ахуалды ұстап тұрады, қиын жағдайларда бағдарлар жүзеге асырылады, қажеті жоқ шиеленістердің басым бөлігі бейтараптандырылады;
нормаларды шектейтін жəне қажеті жоқ сыртқы əрекеттер үшін кедергі жасайтын, əртүрлі тыйымдар арқылы жүзеге асырылатын күзет қызметі;
адамдарды біріктірумен байланысты жəне оларда ұйымға деген мақтаныш сезімін қалыптастыратын, өзін онымен теңдестіретін, біріктіретін қызмет;
ұйым ішіндегі адамдар арасындағы байланыстарды жеңілдету мен тəртіпке келтіруге бағытталған байланыс қызметі, бұл ақпараттар ағынын жəне интеракция процесін жетілдіреді;
белгілі бір түсінікті, серіктестер алдында ұйым бейнесін, тұтынушылар, қызметкерлердің өздерін, т.б. жасауға бағытталған, имидждік қызмет.
2.Басқару этикасы. Эмпатия. Кері байланыс Қызметкерлер жөніндегі менеджердің табысты жұмысы үшін қажетті құзыреттіліктер: этикаға сəйкестік; жайдарлылық; тыңдай білу; байланыстылық; ұжымдық бағдар; адалдық; парасаттылық; нəтижелілік; қайсарлық; өзіне деген сенушілік; ұйымға деген берілгендік жəне іскерлік бағдар (69-сурет).
Басшының этикалық бағдарымен оның саналы немесе түйсікке жүгінетін басқару стилі де байланысты. Басшылық стиль – менеджердің практикалық қызмет түрлері, əдістер мен тəсілдерінің тұрақты жүйесі.
Басқару стилінің жіктемесі психологиялық əдебиетте, менеджмент жөніндегі басылымдарда, педагогикалық басқарудакең таралған. Оның авторы негізгі үш стильді: өктемшіл, демократиялық жəне бетімен жіберуді (либералдық) белгілеп берген Курт Левин болды.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Қарым-қатынас – топ не ұжым мүшелері арасындағы өзара байланыс жүйесі; адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс.