Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары



бет10/27
Дата22.09.2023
өлшемі103,44 Kb.
#109692
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Лекция№4
Лекция жоспары:
Дидактика – оқыту теориясы.
Оқытудың негізгі категориялары.
Оқыту үдерісінің мәні.
Оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін ғылымының саласы.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. XVIIғ. швейцар Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), XIXғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервектер (1790-1966) оқыту дидактикасының негізін жасады. К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий үлкен үлес қосты.Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов өз уақыттарында еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Дидактика ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы В. Ратке (1571 - 1635).
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқыту мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, принциптері, және т.б.
2.Дидактиканың негізгі категориялары.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Оқыту - мұғалім мен оқушылар арасында белгілі дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған іс - әрекет.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет