Қысқаша теориялық мәлімет. Талпыну – жеке адамның өмірлік мақсаттарын нақты анықтап, соған жету жолында өзінің табиғи және әлеуметтік белсенділігінің көрінісі. Талпыну- жеке адамның мотивация негізінде туындайды, яғни адамдар өзінің өмірге деген көзқарасын, қызығушылықтарын , бағыт- бағдарын анықтау негізінде өмір қиыншылықтарын шешумен орындалады.
Сендіру (иландыру) – әлеуметтік психологияда иландыру әдісінің эквивалентті тұрғысынан қарастырады. Бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсаттарда, оның санасына , еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.
Сендіру: 1) адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс- әрекеті. 2) бір нәрсеге сенімділік. 3) баланың сана- сезім, тәжірибесіне бағытталған тәлімдік әсер әдісі. 4) ақпараттық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.
Сену (сенім)-наным адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі. (религия) илану, діншілдік, наным. Сену, нану. Сену- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
Сендірудің 9 құпиясы:
- берілуі;
- бейнелену;
- шектеу;
- өзара айырбас;
- уақытты дұрыс таңдау;
- сәйкестік;
- сенімді сөйлеу;
- табындық инстинкт;
- достық және билік ;
Іс-әрекет – адамның ақиқат дүниесімен өзара белсенді әрекеттестігінің барлығы (ойын, оқу, т.б) еңбекпен тығыз байланысты. Іс- әрекет құрамына іс- әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтижесі, іс- әрекетті жүзеге асырушы құралдар жатады.
Іс-әрекет адамның қажеттілігіне, қызығушылығына, жауапкершілігіне байланысты.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі – социологиямен, психологиямен және адамды зерттейтін басқа ғылымдармен жасалған әдістер мен тәсілдердің әртүрлі арсеналын пайдаланады. Осы әдістерге анкета толтыру, тестілеу, сұрастыру, интервью және т.б жатады. Әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдану рухани сылтаурату бойынша қалыптасқан білімге негізделеді. Менеджментте пайдаланылатын әлеуметтік- психологиялық әдістер екі аспектіде қарастырылады- оның дәстүрлі аспектісі басқару қызметкерлеріне басшылық жүргізгенде қолданылады, ал сатып алушылардың жүріс- тұрысын басқару көзқарасы кәсіпорынның әлеуметтік нысанасын таңдағанда, жарнама жұмысын жүргізгенде және т.б пайдаланады. Әлеуметтік-психологиялық әдістер көптеген кәсіпорынның менеджерлерімен персоналды қалыптастырғанда, формальды және формальсыз топтарды басқаруда, жанжалдан және ашу кернеген ахуалдан өтіп шығу жолында кеңінен пайдаланылады.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету бөлімінің іс-жұмысы кәсіпорындарда негізгі үш бағытта жүреді.
- Ұжымды және жеке топтарды зерттеу, проблеманы қою, байқау жұмыстарын жүргізу, сұрастыру және жинақталған мәліметтерді талдау.
- Әлеуметтік жобалау – ұжымның әлеуметтік даму бөлімі бойынша ұсыныстарды әзірлеу және т.б.
- Консультациондық іс-қызметтерін өндіретін басшыларына көмек көрсету, жұмыскерлерді оқыту.
Басқарудың экономикалық әдісі материалдық сылтауратуға бағдарлы. Осы әдістерге жоспарлау, ынталандыру, коммерциялық есеп және басқарудың макро және микродеңгейінде пайдаланылатын басқа экономикалық тұтқалар жатады.
Экономиканы басқару – бұл ең алдымен адамдарды басқару, яғни жеке адамдар қатынасының күрделі торын реттеудің үрдісі. Қандай ұйым болмасын, ол өндірістік-экономикалық билік болып саналады, онымен бірге жұмыскердің қалыптасуының ортасы болып саналады. Басқару әдісінің баланстық, нормативтік және талдау түрлері әдетінше өзара тығыз байланыста болады. Отандық басқаруға тән коммерциялық есеп ерекше экономикалық әдіс болып табылады.
Коммерциялық есеп- бұл шаруашылықты жүргізудің әдісі, ол кәсіпорынның өзінің шығындарын табыстарымен жауып қана қоймай, онымен бірге өзінің іс- қызметінің нәтижесі ретінде пайда алуын ұйғарады. Коммерциялық есеп кәсіпорындардың экономикалық оқшаулануын және дербестігін онымен бірге олардың жұмысының
рентабельді болуын көрсетеді.