Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Лекция №2.9 Лекцияның тақырыбы



бет13/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Лекция №2.9
Лекцияның тақырыбы: Қазіргі қазақ тілінің лексикографиясы. Сөздіктердің түрлері
Жоспар:
1.Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.
2.Қазіргі сөздіктер және олардың сипаттамасы.
Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана көбейіп қойған жоқ, сапа жағынан да жақсарды. 40-шы жылдары шыққан сөздіктерге қарағанда соңғы жылдары жарық көрген сөздіктер тек көлем жағынан ғана емес, сапа жағынан да жақсарды.
Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақты әрі тыңғылықты зерттемей тұрып, сапалы ғылыми сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазақ лексикографиясын бұдан әрі кемелдендіріп дамытуда тіл мамандарының алдында мынадай келелі міндеттер тұр:
1.Байырғы ата-бабамыз қолданған сөздерді көзін тауып жинастырумыз керек.
2.Сауаттылық – тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нәтижесі, биік мәдениет көрсеткіші. Жазуымызда бір ізділіктің сақталмай отыруы бұл салада зерттеу жұмысының жоқтығынан деуге болады.
3.Қазақша-орысша аударма сөздіктің толық түрі жасалуы керек.
4. Әр кезеңде жарық көрген салалық терминологиялық сөздіктерді жинақтап, сұрыптап, Терминкомның қабылдаған соңғы материалдарымен толықтырып, үлкен «Қазақ тілінің терминологиялық сөздігін» шығаруды ойластыру қажет.
5. Үлкен «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мен «Синонимдер сөздігін» шығаруды жеделдеткен мақұл.
6. Шығып жатқан үлкенді-кішілі сөздіктерді жан-жақты зерттеп, олардан теориялық қорытындылар шығару ең кезек күттірмейтін келелі мәселе деп есептелуі керек.
Аударма сөздіктер. Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдыңекінші жартысынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В.В.Радловтың «Түркі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе» (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі мен проф. Н.И.Ильминскийдің «Қазақ тілін зерттеудегі материалдар» (1861)деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қазақша -орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954ж. Бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50.000 сөз, редакциясын басқарған проф. Н.Т.Сауранбаев, 1978, 1981жылдары екі том болып қайта басылды, ред. Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев басқарды), 1954ж. Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабаевтың шағын «Қазақша-орысша сөздігі» басылып шықты.
Шағын түрде болса да «Ағылшын-қазақ сөздігі»(1960), «Монғолша-қазақша сөздік» (1954, 1977), «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» (1969,1984), «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» (1974) шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет