Байланысты: Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны
Жоспары: 1. Қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы.
2.Матаса байланысу түрі.
3. Меңгере байланысу түрі.
3. Қабыса байланысу түрі.
3. Жанаса байланысу түрі.
Сөздердің байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары (түрлері) деп атаймыз.
Қазақ тілінде синтаксистік байланысу формалары:
Қиысу
Матасу
Меңгеру
Қабысу
Жанасу
Қиысу – бағыныңқы және басыңқы сөздердің грамматикалық мағынасы мен тұлғасына қарай бейімделе байланысуы. Қазақ тілінде қиыса байланысу – бастауыш пен баяндауыштың арасындағы грамматикалық жақ жағынан және сан жағынан байланыс. Бастауыштың баяндауышпен қиысуы екі түрлі болады.
жалғаулы қиысу; Мен келдім – I жақ, жекеше
Сендер келдіңдер – II жақ, көпше.
Жалғаусыз, мағыналық қиысу:
Сен бар – II жақ, жекеше
Ол келді – III жақ, жекеше
Мен – студент, ол – оқушы.
Матасу – сөз тіркесіндегі басыңқы және бағыныңқы сыңардың бір – бірінің тұлғасына бейімделе, іліктесе байланысуы. Мұндай құрылыстағы сөз тіркестерін матастырып тұратын граматикалық тұлғалар – ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары.
Матасудың бірінші сыңары Ілік септігінде тұрып, басыңқы сөздің тәуелдік жалғауы болуын керек етеді, ал басыңқы сөздің жақтық тұлғасы бағыныңқының қай жақта болуымен байланысты.
Мысалы: мектептің оқушысы – I.с. – III ж.
сенің дәптерің – I.с. – II ж.
біздің үйіміз – I.с. – I ж.
Меңгеру – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы.
Меңгерілетін сөз: Б.с.,Т.с., Ш.с.,К.с.жалғаулары;
Меңгеретін сөз: етістік, есім не есім мен етістіктің ортақтасқан тобы.
Мысалы: сабақты түсіндік (Т.с.), тауға шықтық (Б.с.), қаладан алыс (Ш.с.), шаруаға икемді (Б.с.), досына уәде берді (Б.с.), осыны мақұл көрдік (Т.с.). Сөз тіркесінде басыңқы сөздің мағынасына қарай бағыныңқы сөз белгілі бір септік жалғауында тұрып байланысады. Қазақ тілінде атау және ілік септіктен басқа септіктер меңгеріледі. Меңгеру ортақ меңгеру және дара меңгеру болып бөлінеді. Дара меңгеру – меңгеруші сөзді тек етістіктің не есімнің меңгеруі. Меңгеруші сыңардың есім мен етістіктің ортақтасқан тобынан болуы ортақ меңгеру деп аталады. Мысалы: маған уәде берді, көктемді жақсы көремін, алысқа жол жүрді.
Қабысу – сөздің ешбір жалғаусыз тек іргелес орын тәртібі арқылы байланысу формасы. Әдетте қабыса байланысқан тіркестер анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Мысалы: жаңа үй, қызық кітап, оқыған бала, жиырма студент. Жанасу – сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарының жалғаусыз, алшақ та,іргелс те тұрып байланысуы.
М.Балақаев жанасуды сөздің орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі есебінде қабысу деп тауып, қабысуға басыңқы мен бағыныңқы мүшенің бір – бірімен ешбір жалғаусыз тіркесуі деген анықтама береді.
Қиысу. Қиысу сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқы сыңарының басыңқы сөзге икемделе, грамматикалық мағыналары мен тұлғасы жағынан үйлесіп тұратын сөздер арасында болады. Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде қиысу бір – біріне бағынышты тіркестегі бастауыш пен баяндауыштың арасында болады. Қазақ тіліндегі баяндауыштың қиысуы жақтық не сандық қиысу болады.
Жақтық қиысыу. Баяндауыштың белгілі мағынада, жақтық тұлғада айтылуын еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді. Бастауыш болатын негізгі сөздер – зат есім мен жіктеу есімдіктері. I, II жақтық бастауыш болады да, олардан басқалар бастауыш қызметінде тек III жақтық мағынада айтылады. Бастауыш қай жақта тұрса, баяндауыш та сол жақта қиысатын бірнеше сөз бар. Өз есімдігі тәуелдік жалғауы қай жақта болса, бастауыш мағынасы да сол жақта болады: өзім келдім, өзіміз келдік. Бұдан басқа бәрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деген есімдік пен сан есімдерге тәуелдік жалғаулары меншіктілік, жақтық ыңғайда, үйлесіп жалғанады: Бәріміз барамыз, үшеуміз барайық.
Сандық қиысу. Баяндауышты бастауышпен сандық мағынады қиыстыру үшін жіктік жалғаулары мен көптік жалғаулары жұмсалады.
Бастауыштың баяндауышпен қиысуының екі түрі бар:
жалғаулы қиысу; 2) жалғаусыз, мағыналық қиысу.