Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет11/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
НостокNostoc туысы әр түрлі формасы, көлемі бар, табиғатта көп тараған қауымды балдыр. Бұл балдыр суда да, құрлықта да жиі кездеседі. Қауымы микроскопты мөлшерден диаметрі 30см дейін жететін табанан пішіндес болып келеді. Носток жіпшелері дөңгелек шар формалы клеткалардың моншақ тәрізді тізбек телуінен құралады. Бір келкі вегетативтік клеткалардың арасында бірен-сараң ірі клетка – гетероцисталары болады. Шар тәрізді клеткалар тізбегінің сыртын кілегей қоршап жатады. Кілегейдің іші матасып иілген жіптерден тұрады. Ондай қауымның үлкендігі торғай жұмыртқасындай, тіпті одан да ірі келеді. Бұл батпаққа айналып келе жатқан көлдерде жиі кездеседі. Қауым кілегейінен айырылғанда гормогонияға ыдырайды.
Анабена – Anabaena туысы ностокқа ұқсас, бірақ кілегейлі қауым құрамайтын организмдер. Анабена клеткалары жұмыр, дөңгелек, сопақ және сақина пішіндес моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, жекелеген болмаса шумақталған жіпшелер түрінде тұщы суда плангтон не бентос жағдайында кездеседі. Жіпшелері түзу не иректеліп жатады. Тізбектеліп жатқан клеткаларымен бірге ірі споралар және гестероцисталар болады, бұлар өсіп көбейер кезде гетероцисталар бойынан үзіледі. Гетероцисталары интеркалярлы орналасады. Сонымен бірге гормогониялы жолмен де көбейеді. Гормогония клетканың көлденең бөлінуі арқылы өседі. Көпшілік түрлерінде спора вегетативтік клеткадан өзінің мөлшері арқылы айырылады. Анабенияның плангтонды тіршілік ететін түрлерінде көптеген газ вакуолялары болады. Анабена ауадағы бос азотты бойына сіңіретін балдыр.
Ревулярия (Rivularia) және Глеотрихи G (Cloeotrichia) носток сияқты толломы клегейленіп келетін организм. Қауымы шар, жарты шар, эллипсоид пішіндес іркілдеген кілегейлі болады. Жіпшелері ассиметриялы, клегеймен қапталған орталық радиустан күн көзінің шағымдары сияқты жан-жаққа тарамдалған. Қауымның орталық бөлімінде гетероцистасы бар ірірек базалды клетка орналасады. Шетке қарай клеткалары жіңішкеріп шаш пішіндес жіңішке түкке айналып кетеді. Гормогония арқылы көбейеді. Көбейер алдында шаш пішіндес жіңішке клеткалары түсіп қалады да, одан төмен жатқан клеткалар гормогония құруға қатысады, тек ең төменгі бірнеше базалді клеткалар ғана қатыспайды. Көбінесе су түбіндегі төсемікке бекініп тіршілік етеді. Кейде суда бос жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет