Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Стигонемалықтар – Stigonematales қатары



бет12/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Стигонемалықтар – Stigonematales қатары жіптесінді бір не бірнеше қатарлы тармақталған трихомалы, апикальды, кейде интеркалялық жолмен өсетін табиғатта кең тараған балдыр. Трихомалар бір, не көп қатарлы. Кейде матасып өсіп әр түрлі формалы болып келеді. Бұл қатарға морфологиялық жағынан аса күрделі көк-жасыл балдарлар жатады. Олардың трихомалары төселіп жататын жатаған және тік өсетін жіпшелерден құралады. Жіпшелері нағыз бүйірлік және дихотомды жолмен де тармақтанады. Нағыз тармақтанумен қатар жалған тармақтануы да болады.
Стигонема – Stigonema жан-жақты бүйірлік тармақталумен бірге жоғарғы ұшынан өсуі арқылы сипатталады. Негізгі жіпшелеріне қарағанда бүйірлік тармақтары жіңішке келеді. Стигонема балдыры жиі қара-қоңыр түсті, жастық пішінді не қыртысты қабықшалар құрайды. Бұлар дымқылды жартастарда, ағаш түбірлерінде, батпақтарда, сирек көлдерде, өзендерде кездеседі.
Көк-жасыл балдырлардың таралуы мен маңызы. Көк-жасыл балдырлар басқа өсімдіктер өспейтін, тіпті тіршілік болмайды ау деген жерлерде, жартастарда құздарда алғаш рет тараған, азотты және азотсыз органикалық заттардың қорын жинап келешекте сапрофиттік және автотрофтық тау жынысын бұзушы микроорганизмдердің таралуына жағдай туғызады. Кейбір көк-жасыл балдырлар судың гүлденуін туғызып су қоймаларында қаптап өсіп, әр түрлі улы заттар бөліп шығарып, суда тіршілік ететін организмдерге опат келтіреді және қаулап өсуі турбиналардың тоқтап қалу қаупін туғызады. Көк-жасыл балдырлар саңырауқұлақтармен бірігіп симбиоздық тіршілік ету арқылы қына құрайды. Көк-жасыл балдырлар барлық континетте кез келген жерлерде тұщы, ащы, суда, құрлықта тіршілік ете бере алады.
Табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Көк-жасыл балдырлар жалпы шаруашылықта бір жағынан пайда келтірсе, екінші жағынан зияны тиеді. Көк-жасыл балдырлар ақпайтын суда, бөгеттерде, ағысы жәй өзендердегі суды көк-жасыл түске бояп, сүйкімсіз иіс шығарады. Мұндай жағдайларда судың бетіне көк-жасыл балдырлардың матасқан жіңішке жіпшелері судың бетін жауып кетеді де, ауаның жетіспеуінен балықтар қырылып қалады. Кейінгі кездерде судың «гүлденуі нәтижесінде» адамдардың, малдардың улануы жиі кездеседі. Мұның негізгі себебі, өзендер мен су қоймаларының ауыл шаруашылығы және өндіріс орындарының қалдықтары мен ластануынан. Көк-жасыл балдырдың бір ерекшелігі бойына токсин заттарын көп мөлшерде сіңіреді. Топырақтың беткі қабатында тіршілік ететін кейбір көк-жасыл балдырлар ауадағы бос азотты бактериялар сияқты бойына сіңіріп, жерді азотпен байытады да топырақтың құнарлылығын арттырады. Мұндай балдырларды күріш өсіруде қолданады.
Көк-жасыл балдырлардың дамуы. Көк-жасыл балдырлар өте ерте заманда пайда болған организмдердің бірі. Бұлардың қазба қалдықтары кембр дәуіріне дейінгі заманнан белгілі. Ал, палезой заманындағы қалдықтардан осы уақытта тіршілік ететін көк-жасыл балдырлардың туыстары табылған. Алғашқы көк-жасыл балдырлар бір клеткалы, клетка қабығы жоқ организм болуы мүмкін. Салыстырмалы онтоморфологиялық анализге және басқа белгілеріне қарағанда алғашқы трихомалды көк-жасыл балдырлар аздаған клеткалардан құралған бір қатарлы болуы тиіс, оның айқын байқалатын кілегейлі қынабы болмаған, алғашқы құралған кезінің өзінен бастапқы төсемікте жағалай жылжымалы қозғалысы болған. Осындай көп клеткалы формадан осы уақыттағы әр түрлі барлық гормогониялы балдырлар шыққан олардың эволюциялық даму жолының алғашқы біреуінен бастапқы трихомалардың барлық клеткаларынан бір келкі жетілуі нәтижесінде осы уақыттағы әр түрлі осциллториялардың шығуына әкеліп соғуы ықтимал. Бұдан басқа даму жолының болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет