Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Осцилляториялықтар - Oscillatoriales қатары



бет10/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Осцилляториялықтар - Oscillatoriales қатары. Бұл топқа тарамдалмаған не жалған тарамдалған жіптесінді балдырлар жатады. Жіптері бір келкі вегетативтік қысқа цилиндр формалы клеткалардан тұрады. Трихомалары бір қатарлы, тармақталмаған, есейген уақытта гомоситті симметриялы, тек кейде соңғы клеткалары өздерінің пішіндері арқылы айырылады. Гетероцистары мен акинеттері болмайды.
Осциллятория – Oscillatoria жіптесінді, тармақталмаған көп клеткалы организм. Осциллятория трихомасы бір қатар орналасқан цилиндр формалы клеткалардан тұрады да, жіптері жіңішке келеді. Осциллятория жіпшесінің өсуі клетканың көлденең бөлінуі арқылы болады. Осциллятория жіптерінің өсетін ұшы аздап иіліп тұрады. Жіптер кілегейлердің бір жақты бөлінуінің арқасында қозғалуға, екі жағына теңселіп тұруға және жылжуға қабілетті келеді. Бұл туысқа жүз шақты барлық жерлерде таралған түрлер жатады. Олардың ішінде улылары да болады. Осцилляторияның біраз түрлері су бетінде не су астындағы төсемікте, дымқыл топырақта көк-жасыл қабыршықтар түрінде трихомалары матасып жатады. Кейде ақпайтын суларда қалың қабатты қабық түрінде қалықтап тұрады.
Спирулина – Spirulina туысы осцилляторияға жақын көп клеткалы, трихомасы тармақталмаған жіптесінді, денесі спиральды иректелген, соған орай көпшілігінің көлденең перделері әрең көрінеді, сирек топталып қыртыс құрайды. Кейбір түрлерінде 60-68 процентке дейін протеин болады. Бұл балдырды Африка елдерінің кейбір аудандарындағы халықтары ертеден тамаққа пайдаланады. Кейінгі уақытта көпшілік мемлекеттерде, оның ішінде ТМД-да көптеп өсіруде. Мексика сияқты мемлекеттерде әр түрлі тағамдарға қолданады.
Лингбия – Lyngbya туысы осциллятория құрылысындай жіптесінді көп клеткалы, басқа жіптесінді балдырлардан айырмашылығы, денесінің сыртын мықты кілегей сауыты қаптап жатады. Бұл балдыр басқа көк-жасыл балдырлар сияқты тұщы суларда, кейде топырақта, қайнар бұлақтарда, ащы суларда да таралған.
Ностокалықтар – Nostocales қатарына трихомалары тармақталмай, бір қатарлы тізбектеліп орналасқан клеткалардан құралған қауымды балдырлар жатады. Клеткалары формасына, атқаратын қызметіне қарай дифференцияланған, вегетативтік клеткалармен қатар гетероцистері және акинеттері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет