Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы



бет15/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Балдырлардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңірт, оттегін бөледі. Онымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріл отырып, суды тазартады. Ал азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді. Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері де қоректенеді. Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады. Ерте заманда (шамамен 1,5 млрд жыл бұрын) фотосинтездеуші балдырлар ауаны оттегімен байытып, өздері құрғаққа шыққан өсімдіктердің бастамасы болды. Содан кейін біртіндеп жер бетінде өсімдіктермен қоректенетін, оттегімен тыныс алатын жан-жануарлар пайда болды. Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады. Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортала өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады. Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады. Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан йод, спирт» сірке қышқылы, жасунық, агарагар (ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта) алынады. Агарагарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады. Теңізде толқындық әсерінен жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. Оларды келтіреді де, топыраққа араластырады. Әсіресе бау-бақша өсімдіктері мен жүзімнің түсімі артады. Кладофора жасыл балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады. Егістіктен шыққан, құрамында ерітінді күйінде тыңайтқыштары бар сулар және қаладан, елді мекендерден шыққан сулар өзен, көлдерді ластайды. Лас көлдердегі жасыл балдырлар біртіндеп түгел жойылып кетеді де, тек бактериялар, көк-жасыл балдырлар және диатом балдырлары ғана қалады. Олар су жәндіктері мен балықтардың қорегіне жарамайды. Алматы қаласынан шыққан лас сулар жеті тазартқыштан өтіп, Сорбұлақ көліне құяды. Содан соң үш тазартқыштан өтіп, Іле өзенше қосылады. Адамзаттық алдында тұрған міндет — өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту. Теңіз суында қоңыр және қызыл балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар - ядролы төменгі сатылары өсімдіктер. Қоңыр балдыр теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Олардың ұзындығы 30-50 метрге дейін жетелі. Қызыл балдырлардың 4 мыңға дейін түрі белгілі. Олардың 200-ге жуығы тұщы суқоймалары мен топырақта өседі. Ұзындығы 2 м шамасында болады. Балдырлардың жоғары сатыдағы өсімдік тамырына сәйкес ризоиды бар және сабақшасы мен жапырақ тақташасы айқын көрінеді. Бұлар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Балдырлардың (жасыл, қоңыр, қызыл) табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы зор. Сула жәндіктер мен жануарларға қорек болады, топырақты құнарландырады (жасыл балдырлар). Сондай-ақ қағаз өндірісінде пайдаланылады (кладофора). Ал теңіз балдырларын шикізат есебінде қолданады. Олардан спирт, йод, сірке қышқылы, жасунық, агарагар алынады. Тағамға пайдаланылатын да балдырлар бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет