Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет16/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Әдебиеттер тізімі
1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
3. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
4. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
5. Рейвн П.Современнея ботаника. -Москва., 1990.
6. Курсанов Л.И. и др. Ботаника . -Москва, 1966.

Лекция № 5,6


Тақырыбы: Диатомды балдырлар бөлімі. Сары-жасыл балдырлар бөлімі


Мақсаты: Диатомды және сары-жасыл балдырлардың құрылысы, систематикасы, жер бетіне таралуы, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білім беру.


Жоспары:
1. Диатомды балдырлар класының құрылысы, пигменттері, қор заттары, қозғалуы, көбеюі.
2. Сары-жасыл балдырлар бөлімі. Көбею жолдары, аса кең тараған өкілдері.


Лекция мәтіні:
Диатомды балдырлар – DIATOMOPHYTA
Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінде қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайрылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері-поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор.
Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен-каратиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.
Вегетативтік көбеюі протопластың митодикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірімен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осыдан бірінен бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка-тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір-бірімен қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны «өсу спорасы» (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары-диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде-динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағанда, металдардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қжетті материал ретінде пайдаланады.
Классификасы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пенатталылар класы (pennatophyceae), центрикалық диатопдылар класы (Centrophyceae). Бірінші класқа 4 қатар екінші класқа 5 қатар жатады.
Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пинаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңгы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екінші ұшында және ортасында түйін деп аталатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесіне пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның бірыңғай тігіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоіыр түсті хромотофорасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет