Әдебиеттер тізімі 1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2005 ж.
2. Агелеуов Е.А. және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы, 1998 ж.
3. Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. Москва: «Колос», 1982 г.
4. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва: «Высшая школа», 1976г.
5.Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. Ленинград: «Наука», 1987г.
Мақсаты: Студенттерге бұршақ тұқымдастарының шығу тегі, морфологиялық және анатомиялық құрылысы, ұрықтануы мен дамуы туралы мәлімет беру.
Жоспары:
1.Бұршақтар тұқымдасын құрылысы мен таралуы.
2. Гүлінің құрылысы
3.Туыстарға жіктелуі
Лекция мәтіні: Бұршақ тұқымдасының 120-мыңдай түрі, 490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық,сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабындысының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар,бұталар,көпжылдық және біржылдық өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы: олар, түйнек бактерияларымен симбиоз тузіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді) . Күлтесі зигоморфты, 5- күлте жапырықшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан
( желкенше,немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы: жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталықтарының оны да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) тутік түзеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының тоғызы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталыгы бос орналасады ( екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар яғни нектарниктер бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуіне пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейді бірмүшелі апокарпты, гүл түйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай: Са (5) Co 3+(2) A (9)+1 G1.
Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір біріне ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырымайтын болып келеді. Дәндердің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың порценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох-Pisum ) 34% дейін, ноқатта (нут- Cicer) 31%, люпинде (Lupinus) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица) тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.
Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халақ шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жем- шөптік, балжинайтын, сәндік, дәрі-дәрмек т.б өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.