Педагогикалық оптимизм принципі адамның ерекшеліктеріне және өмір сүру мүмкінішіліктерінің шектелуіне тәуелсіз, әр адамның білім беру процесіне қатысуына құқығының бар екендігін қолдайтынқазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға басқаша қарауды көздейді. Ол әлеуметтік құндылығы аз индивид емес. Ол жағымды дамып келе жатқан және әлеуметті толық тұлға, егер де қоғам қажет етсе, егер де қоғам ол үшін қажетті жағдайларды жасаса.
Ерте педагогикалық көмек(жәрдем) беру принципіалғашқы айлардан бастап және адамның бүкіл өмірі бойынша арнайы білім беру қызметін ұсынуда уақытша шекараларын кеңейтіп, баланың дамуында алғашқы бұзылысты анықтау кезеңімен мақсатталған түзету-педагогикалық көмектің басталуының арасындағы үзілістің максималды қысқаруын көздейді. Оқытуда және тәрбиеде іс-әрекетті ыңғай жасау принципі психологиядағы «жетекші әрекет» ұғымына сүйенеді. Арнайы білім беру жүйесінде заттық-сарамандық іс-әрекет, дамуында түрлі ауытқуы бар баланың компенсаторлық дамуын қамтамасыз ететін (бұзылған психикалық функцияларды түзету мен толықтыру (компенсация) құралы болып), білім беру мен еңбек әрекетінің қажетті элементтерінің пропедевтикасын қамтамасыз ететін спецификалық (ерекше) құрал болып саналады. Қалыпты баланы сөз арқылы оқытуға болса, білім ауда ерекше қажеттіліктері бар балаға арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағытталатын өздік іс-әрекет процесінде ғана түсінікті болады.
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі принципі.Тек арнайы педагог, баланың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін және танымдық мүмкіншіліктерін, бір жағынан, және оған берілетін түзету мен толықтыруға бағытталған көмектің (жәрдемнің) мүмкін жолдары мен әдістерін білу – екінші жағынан, оқу-танымдық іс-әрекеті процесін ұйымдастырып, осы процесті басқара алады. Көптеген жағдайда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуының күрделі ерекшеліктеріне байланысты олардың өздік оқу-танымдық іс-әрекеті қиындатылған немесе мүмкін емес.
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.