Лекция №4 Ұлттық тағам атаулары шығу тарихы Тағам атауларының салт дәстүрлердегі көрінісі



бет18/24
Дата31.12.2021
өлшемі101,91 Kb.
#22708
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ бренд

Оңтүстік Қазақстан. Ұлттық ет тағамдарын ұнататын болсаңыз, ет дайындаудың шеберлері ұсынған астың дәмін тату үшін міндетті түрде еліміздің оңтүстігіне келуіңіз керек.

  • Сірне – елімізде кеңінен тараған тағам түрі болғанмен, оңтүстік өңірлерде ерекше танымалдылыққа ие. Оны кілегей немесе бие сүтіне тұндырылған, жасқа толмаған қозы етінен жасайды. Баяу отта ұзақ қайнап жұмсарған етті, тіпті сүйегінен еш қиындықсыз бөліп алуға болады.

  • Қытаймен шекаралас аумақтардың тұрғындары соғым кезінде нәрлі сорпадан дайындалатын кісе қуырдақтың дайындалу әдісін бұлжытпай сақтап келеді. Бұл тағам қазанда жақсылап тазартылған, ұсақтап туралған өкпе, бауыр, бүйрек, ішек-қарынды қуырып, ерекше дәм беру үшін түрлі дәмдеуіштер мен көп мөлшерде сарымсақ қосып әзірленеді.

  • Бес ғасырлық тарихы бар балық тағамдарымен мақтана алатын оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтар да, Батыс Қазақстанмен қатар ертеден балық аулау кәсібімен айналысып келеді. Қарма тағамы мұның айқын дәлелі. Көненің көзіндей болған тағамның дайындалу әдісі өте қарапайым: қайнатылған балықты (жұмсақ, сүйексіз сазан немесе көксерке) бөлшектеп, ұсақталған қамыр қосып, молынан май құйып араластырады. Кейде балық сорпасы да қосылады. Өте тойымды және дәмді тағам.

  • Тау жоталарының құшағында жайғасқан оңтүстік-шығыс өңірде аңшылардың сүйікті асы – жаубүйрек. Оның дайындалуының өзі тамсандыратыны сөзсіз: жаңа ауланған арқар немесе тау ешкінің бауыры мен бүйрегін өткір таяқшаларға тізіп, хош иісті пиязбен араластырып отқа қақтайды.

  • Қазақша ет – бар қазақстандықтардың сүйікті асы. Үйреншікті түрде, ет үстінен тұздық құйылып, жайма нан немесе кеспе салынады. Бірақ Қызылорда өңірінде кеспе орнына күріш ұсынылады.

  • Әйгілі әрі дәмді бауырсақтарды дайындауда да бұл аймақтың өзіндік сырлары бар. Оңтүстікте қамырға жұмсақ сүзбе қосылады. Бірден тәбетті ашатын бауырсақтар өте-мөте дәмді болады!



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет